Алакөл көліндегі көксерке популяциясының репродуктивті биологиясы



Дата04.07.2016
өлшемі108.41 Kb.
#178542


УДК 597
АЛАКӨЛ КӨЛІНДЕГІ КӨКСЕРКЕ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ БИОЛОГИЯСЫ
Жаркенов Д.Қ., ихтиология лабораториясының меңгерушісі

Шарахметов С.Е., кіші ғылыми қызметкер

ЖШС «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»
Республикамыздың аумағындағы суқоймаларда балық шаруашылығын тиімді пайдалану мәселелері, суқоймаларда мекендейтін құнды кәсіптік балық түрлерінің өнімін дұрыс пайдалану және олардың қорын сақтап қалуда балықтарды көбейту процесін күшейту маңызды болып табылады.

Мұндай міндеттерді шешу балық шаруашылығы саласының қызметкерлерінен балықтардың популяциясының көбеюі және санының өзгеруі, сонымен қатар жекеленген топтардың өмірлік циклін толық зерттеуге байланысты жалпы биологиялық сұрақтарды қамтитын жан-жақты тереңдетілген зерттеулерді талап етеді.

Қазіргі кезде сыртқы және ішкі нарықта көксеркелерге сұраныс өте көп, сондықтан да республикамыздың әртүрлі суқоймаларында бұл түрге кәсіптік аулау күшінің әсері қатты қысым түсіріп жатыр. Антропогендік фактордың себебінен болған жағдай көксерке популяциясына, нақты айтар болсақ олардың санының азаюына, ұзындық-жастық құрылымдарының қысқаруына, сондай-ақ алғашқы жыныстық жетілген даралардың көп мөлшерде аулануы, уылдырық шашатын өндірушілердің азайып, олардың көбеюіне мүмкіндігі шектеулі болып тұр. Осындай жағдай Алакөл жүйесінің барлық көлдерінде байқалып жүр.
Материалдар мен әдістемелер
Бұл жұмыста 2008-2010 жж. көктем және жаз айларында Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметкерлімен бірге, экспедиция кезінде жүргізілген зерттеулерден жинақталып алынған материалдар қарастырылады. Ихтиологиялық материалдарды жинау мен өңдеу, ихтиофаунаның түрлік құрамын зерттеу жалпыға бірдей қабылданған әдістермен жүргізілді [1]. Балықтардың жасы олардың қабыршағы арқылы лабораторияда МБС-10 бинокулярымен анықталды. Вариациялық-статистикалық өңделу негізінен Pentium – IV компьютерінің MS Office 2007 пакетінің «Excel» программасында жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері
Алакөл көлінде көксерке кәсіптік бағалы балықтың түрі болып есептеледі. Алакөлге, ол 1963 ж. Жайық өзенінен әкелініп жерсіндірілген. 1964 жылы Ұржар өзенінде көксеркенің алғашқы уылдырық шашуы байқалды. 1970 жылы барлық көлдер жүйесіне таралып, Алакөлде кәсіптік балықтың біріне айналды [2].

Әдебиет көздерінің мәліметтері бойынша, әртүрлі ареал бөлігіндегі орта режимінің ерекшеліктеріне байланысты көксерке әр түрлі жаста, денесінің әртүрлі ұзындық-салмақтық көрсеткіштерінде жыныстық жетілетіндігі жазылған [3, 4].

Көксерке балығының жыныстық жетілуі бірнеше жылға созылады. Бірінші рет уылдырық шашaтын өндірушілердің мөлшері жасына емес, өсу жылдамдығына байланысты және 17-тен 47 см-ге дейінгі ұзындықта ауытқиды [5].

Алакөл көлдер жүйесінде көксеркелердің жыныстық жетілуі 3-4 жасында жетіледі [6]. Бұрынғы деректерде Алакөлге құятын Ұржар өзенінің сағасында 22 см дене ұзындығындағы көксеркелердің жетілетіндігі байқалған, бірақ көп жағдайда 23 см дейінгі ұзындықта жыныстық жағынан жетілмеген дарақтар көп кездеседі [2]. 1998 жылдың мәліметтеріне сүйенсек дене ұзындығы 28-36 cм болатын аналықтардың жартысы және аталықтардың 70-80% жыныстық жетілгені анықталған болатын [7]. Дене ұзындығы 36 см асқан аталықтардың барлығы барлығы пісіп жетілген. Тек ұзындығы 28 ден 31 см-ге дейінгі аналықтардың 25%-ының гонадасы II жетілу стадиясында қалған, 44 см жоғары болатын барлық аналықтар жыныстық жетілген [2].



2009-2010 жж. зерттеулерде көксерке популяциясының алғашқы жыныстық жетілетіндерінің жасы 3 жасында (кесте 1), дене ұзындығы 27-35 см аралығында болса, жаппай жетілуі 6 жастан асқан дараларда байқалды, олардың орташа дене ұзындықтары 42 см құрады.
Кесте 1 - 2009-2010 жж. көктемгі мәліметтері бойынша Алакөл көлдер жүйесіндегі көксерке популяциясының жыныстық жетілудегі жасы, % бойынша


Көрсеткіштері

Балықтардың жастық топтары

2010 жыл

2+

3

4

5

6

7

8

Жыныстық жетілмеген

-

-

50

50

-

-

-

Жыныстық жетілген

-

100

50

50

100

-

-

Саны, дана

-

1

2

2

3

-

-

2009 жыл

Жыныстық жетілмеген

100

100

66,7

35,7

5,0

-

-

Жыныстық жетілген

-

-

33,3

64,3

95,0

100

100

Саны, дана

1

6

3

14

20

14

2

Алакөлде көксерке сәуір айының ортасы мен аяғында су температурасы 9-11 0С уылдырығын шаша бастайды. Жаппай уылдырық шашуы мамыр айының бірінші декадасында аяқталады. Алайда, IV жәнеVI даму сатысындағы жыныстық жетілген аналықтарының жеке данасы мамыр айының соңына дейін ұсталынады. IV даму сатысындағы жыныстық жетілген аталықтары маусым айының басына дейін аулауда кездеседі. Алакөлде көксерке популяциясының негізгі уылдырық шашу орны Ұржар, Бесқопа, Еміл және Қатынсу өзендерінің көлге құятын атырауы және олардың төменгі ағыстары болып табылалды. Ұржар өзеніндегі көксеркелердің уылдырық шашатын орны тереңдігі 2-3 м болатын, өте әлсіз ағысты жерлерде орналасқан. Уылдырықтарын жоғары сатыдағы су өсімдіктерінің қалдықтарына, арнайы аталықтарымен жасалынған ұяларға шашады және осы кезде аталықтары жетіліп келе жатқан уылдырықтарын қорғайды. Аталықтарының осы мінез-құлығы, олардың қорының азаюына себепші болады, яғни көктемгі уақытта кәсіптік балық аулау құралдарына аталықтары көп мөлшерде түсіп қалады. Осының нәтижесінде қараусыз қалған уылдырықтары дұрыс жетілмей, өліп қалады.

Табиғи популяцияда көксеркелердің жынысы бойынша ара-қатынасы бір-біріне жақын келеді. 1997 ж. Ұржар өзенінде көксеркелердің жыныстық ара-қатынасы 1:1,5 болып, аталықтарының үлесінде болған. Көктемгі уақытта аталық пен аналықтың ара қатынасы суқойманың түрлі участоктарында әртүрлі болуы мүмкін, яғни уылдырық шашқаннан кейін аталықтары ұядағы уылдырықтарына күтім жасауға қалса, ал аналықтары ұясын (уылдырық шашқан орнын) тастап кетеді [7]. Алакөлдегі көксерке популяциясының жыныстық құрылымы, бірнеше жылдың бақылау ауларының мәліметтері бойынша аналықтарының басымдылығымен сипатталып келеді (кесте 2).
Кесте 2 – 2008-2010 жж. Алакөлдегі көксерке популяциясының аналықтары мен аталықтарының ара қатынасы


Жыл

Аналық

Аталық

Ювенальді

n

2008

95,5

4,5

-

67

2009

73,75

25,5

1,25

80

2010

81,05

18,95

-

95

Аулаудың басым бөлігін гонадасы II –III жетілу стадиясындағы аналық дарақтар құрайды, сонымен қатар 2010 жылдың бақылауы бойынша популяцияда 4+ - 5+ жастағы және 28-36 см ұзындықтағы модальды кластар көп кездеседі. Бұл дегеніміз, популяцияның көбеюіне қабілетті бөлігі болып табылады. Алайда, көксерке популяциясында негізгі уылдырық шашатын топтардың саны едәуір азайып бара жатқандығы байқалады (сурет 1).


Сурет 1 – Алакөл көліндегі көксерке популяциясының жастық және ұзындық құрылымы


Көксеркелердің тұқымдылығы жайында мәліметтер аз. Алакөл көліндегі көксеркелердің тұқымдылығының көрсеткіштерінің тербелуі, Қазақстанның суқоймаларындағы осы түрдің көрсеткіштеріне сәйкес келеді. 2008 жылы жүргізілген зерттеулерде Алакөлде көксерке аналықтарының тұқымдылығы анықталды. Зерттеу кезінде жалпы 36 проба алынды, уылдырықты жинау наурыз айының басында өтті. Барлық зерттелген уылдырықтар IV жетілу стадиясында болды. Алакөл популяциясы үшін жасы 5+ - 10+ аралығындағы дараларының абсолютті тұқымдылығы 91- 501 мың уылдырық аралығында болып, олардың орташа тұқымдылығы 310 мың уылдырықты көрсетті. Талдау мәліметтері 3-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 3 – 2008 ж. Алакөлдегі көксеркенің тұқымдылығы


Жас

АИТ, орташа

мың уылд.



Салыстырмалы тұқымдылық, орт. мың уылд.

Уылдырық диаметрі, мм

Балық үлесі,

%


N

уылдырық/г

уылдырық/см

5+

91,0

0,14

2,41

0,80-1,0

5,6

2

6+

116,5

0,15

2,93

0,73-0,99

30,6

11

7+

194,1

0,19

4,54

0,73-1,00

41,7

15

8+

468,9

0,22

8,91

0,73-1,00

11,1

4

9+

486,4

0,20

8,76

0,8-1,2

2,8

1

10+

501,0

0,21

9,34

0,69-1,00

8,3

3

Барлығы













100

36

Кестеде көрсетілгендей, көксеркенің тұқымдылығы аналықтарының ұзындығына, сонымен қатар ұзындық-салмақтық көрсеткіштеріне тікелей байланысты болды. Жүйедегі көлдер бойынша Алакөлдегі көксеркенің орташа салыстырмалы тұқымдылығында айырмашылықтар байқалмады.

Жылдағы үш айлық (наурыздан-маусым айына дейін) көктемгі балық аулауға тыйым салуды енгізу, көксеркенің уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасайды. Соңғы жылдың есебі бойынша ғылыми аулауда, кіші жастағы дарақтардың маңызды үлестері белгіленді. Көктемгі тыйым салуды басқару көксеркенің биологиясына негізделген, яғни осы балық уылдырық шашуға мұз ерігеннен кейін шығады. Осыған байланысты көксерке популяциясының санын көбейту мен сақтап қалуда, көлдерде балықтардың уылдырық шашу кезінде, көксеркенің өрістеуінің басталу мерзімі уақытында балық аулауға тыйым салу ұсынылады. Бұдан басқа бақылаушы органдармен кәсіптік өлшемнен төмен көксеркені аулауға (37 см) қатал бақылау жүргізу қажет, бұл өз кезегінде осы популяциядағы жыныстық жетілмеген бөлігін сақтауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қортындылау барысында Алакөлде көксерке популяциясының негізгі уылдырық шашатын бөлігін құрайтын үлкен жастағы дараларының мөлшері аз, ал популяцияның негізгі бөлігін әлі жыныстық пісіп-жетілмеген және көбеюге қабілеті бар алғашқы рет уылдырық шашуға қатысатын топтар құрайды. Осы аталған нақты деректер Алакөлде көксерке популяциясының қауырттылық жағдайда тұрғандығын айқындайды, осыған байланысты олардың популяциясының қорын сақтап қалуға және қорғауға аса көңіл аудару қажет.



Жалпы айтқанда Алакөл көлдер жүйесінде көксеркелердің жыныстық жетілу мерзімі және өрістеу уақыты жерсіндірілу процесінен кейін де өзгермей қалған.
Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб (преимущественно пресноводных). М.: Пищевая промышленность, 1966. С. 376.

  2. Амиргалиев Н.А. , Тимирханов С.Р. Ихтиофауна и экология Алакольской системы озер.- КАПЭ «НПЦРХ» Алматы-2007.-c. 367

  3. Кошелев Б.В. Экология и размножения рыб. - Москва., 1984. С.308

  4. Вирбицкас Ю., Гярулайтис А., Мисюнене Д., Синявичене Д., Биология и промысел судака в водоемах Литвы. Издательство «МИНТИС» Вильнос -1974.-270 c

  5. Рыбы Казахстана: В 5 томах. - Алма-Ата: Наука, 1988. - Т. 4. - 312 с.

  6. Биоэкологический мониторинг главных рыбопромысловых водоемов Казахстана и реализация его результатов с учетом приоритетов рыбного хозяйства за 1993 год. Отчет о НИР (промежут.) / КазНИИРХ - Алматы, 1993. – 112 с.

  7. Оценить состояние рыбных ресурсов главных рыбопромысловых водоемов Казахстана, разработать эффективные природоохранные мероприятия и рекомендации по рациональному использованию их биоресурсов. Раздел: Алакольская система озер: Отчет о НИР/НПЦРХ. – Алматы, 2000. -57 с.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет