Алдашева камар сагингалиевна


- білім алушының қазақ əдеби тілі жəне қазақ сөз мəдениеті бойынша  білім деңгейі жоғарылайды; -



Pdf көрінісі
бет76/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- білім алушының қазақ əдеби тілі жəне қазақ сөз мəдениеті бойынша 
білім деңгейі жоғарылайды;
- қазақ тілін коммуникативті актіде қолдану құзыреттілігі жоғарылайды;
- оқушының тілдік тұлғасы – лингвомəдени құзыреттілігі жетіледі;
- білім берудің интеграциялық талаптары қанағаттандырылады;
- оқушының тіл тазалығы мен тіл мəдениетін сақтау сауаттылығы артады.
Осы аталғандардың нəтижесінде жаңа сөздерді қалыптандыру мен 
нормаландыруға мүмкіндіктер жасалады.
Жалпы алғанда жаңа сөздерді орта білім беру жүйесіндегі барлық дерлік 
пəндермен интеграциялық тұрғыдан меңгертуге болады. Қазақ тілі жаңа 
сөздерді теориялық тұрғыдан меңгерудегі негізгі пəн болса, басқа пəндер 
оларды практикалық жағынан меңгерудің негізгі құралы болуы тиіс. Бұл жалпы 
ғылым дамуындағы, соның ішіндегі білім берудегі интеграциялық үрдістің 
жəне үдерістің өзектілігін айқындай түседі.
3.2 Жаңа сӛздерді меңгертуде қолданылатын әдістер-тәсілдер кешені 
 
Қазіргі білім беру жүйесінде жекелеген бағыттар бойынша жəне пəннің 
мақсаты мен міндеттеріне сəйкес интербелсенді əдістің түрлерін белсенді түрде 
енгізудің өзектілігі туралы алдыңғы тарауларда айтылды. Қазір кеңінен 
қолданыс тауып жүрген интербелсенді əдістердің ішінде жаңа сөздерді 
меңгерту үдерісі үшін мынадай түрлері іріктеліп алынды:
- топтық жұмыс; 
- пікірталас; 
- интербелсенді дəрістер (мини-дəріс, пресс-конференциялық дəріс); 
- ойға шабуыл; 
- жобалау жəне т.б. 
Осы аталған əдіс түрлерінің жаңа сөздерді меңгертуге бағытталған оқыту 
үдерісінде тиімділігін былайша көрсетуге болады:


150 
Топтық жұмыс. Бұл – интербелсенді əдіске негізделген сабақтағы оқу-
танымдық əрекетті ұйымдастырудың бір формасы. Оқушыларды топқа бөлу 
оқушылар арасындағы келісілген өзара əрекетті жүзеге асыруға жəне өзара 
жауапкершілік пен ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік 
береді. 
Шағын топта жұмыс жүргізу үшін мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы, 
оқушы – мұғалім арасындағы тығыз қарым-қатынас қамтамасыз етілу керек. 
Бұл ретте мұғалім мен оқушылар оқыту үдерісін бірге ұйымдастырады. 
Осылайша оқушы белсенді серіктеске айналады. Ал оқушылар жұмысты 
жұмыла орындайды. Шағын топқа бөлу арқылы оқыту зерттеуге жəне 
мəселенің шешімін бірге табуға бағытталуы тиіс.
Оқушыларды шағын топқа бөліп оқыту төмендегідей белгілерді қамтиды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет