34
немесе қажеттілік
ұстанымы; 2) сəйкестік ұстанымы; 3) эстетикалық ұстаным
[37].
Зерттеуші былайша түйіндер жасаған: өзектілік / қажеттілік ұстанымы
сыртқы лингвистикалық факторларға байланысты: қазақ тіліне мемлекеттік
мəртебе берілген тұста жəне одан сəл алдыңғы
кезеңдерде қазақ тілінің
өміршеңдігін сақтап қалу мүддесінде басталған қарқынды шаралардың
нəтижесінде, қоғам мүшелерінің белсенді араласуы мен қолдауы нəтижесінде
идеологемалар – саяси-қоғамдық терминдердің орыс тілінде активті
қолданылып келген баламалары дереу қазақыландырылды,
олар тіл
қолданысының барлық тармақтарында нормаланды. Бұл қатарда 1990
жылдардың бас кезінде семантикалық айқын сыйымдылығымен, ұғымдық
əлеуетімен қолданысқа қайта оралған жəне сөзжасам тəсілдері арқылы жаңадан
түзілген
егеменділік, жарғы, жарлық, ӛркениет, бағдарлама, ақпарат, құжат
сияқты сөздерді атауға болады.
Сəйкестік ұстанымы бойынша жаңа сөз өзі атайтын заттың, құбылыстың,
ұғымның басты сипаттарына семантикалық құрылымы жағынан сəйкес келсе,
сөзжасам тəсілдеріне жəне стильдік тармақтардың стильдік ерекшеліктеріне
сəйкес келсе, нормалану дəрежесіне көтеріле алады. Мысалы,
отбасы / жанұя /
әулет сөздері бір ұғым үшін ұсынылған
варианттар болғанымен, олардың
стильдік айырым-мүмкіндіктері бар.
Эстетикалық ұстаным бойынша пайда болған жаңа сөз қабылдаушыда
жағымсыз ассоциация тудырмауы керек. Бұл ретте автор
аларман (покупатель),
ішірткі (рецепт) типтес сөздердің нормалануына кедергі болатын жайттарды
нақты көрсетіп, дəлелдеген [37, 10-13].
Жаңа сөздердің нормалану үдерісіне қатысты
анықталатын жайттардың
тағы бірі – жаңа сөздердің коммуникативтік-прагматикалық қызметі немесе
жаңа сөздердің тіл қолданысына түсуінің деңгейі.
Бұл жайт коммуникативтік орта ұғымымен тығыз байланысты.
Коммуникативтік орта əлеуметтік лингвистика саласында адамдардың
аумақтық шоғырлануына қарай тұрақты жəне ұдайы жиілікпен қолданылатын
тілдік қарым-қатынасты сипаттайтыны белгілі. Бұл аталымды тар мағынасында
да қарастыруға болады. Қазақстандағы көптілділік жағдайына қарай əртүрлі
тілдік ұжымда қазақ тілінің қолданылу деңгейі біркелкі емес. Бұл заңанамалық
құжатта – Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасында проблемалық ахуал ретінде аталып өтіледі. Шын мəнінде,
еңбек қарым-қатынастарына қарай топтастырылатын əртүрлі ұжымдарда,
əсіресе қоғам өмірінің аса маңызды салалары – білім беруде, ғылымда,
бұқаралық коммуникацияда, əлеуметтік-саяси
салаларда қазақ тілінің
пайдаланылу дəрежесі мен қарқындылығы тең қалыпта емес.