Хіх ғасырға дейінгі тіл білімі Орындаған: Бисенбай Д



Дата24.10.2022
өлшемі6.55 Mb.
#463312
жалпы т б

ХІХ ғасырға дейінгі тіл білімі

Орындаған: Бисенбай Д

Абдолмәжитқызы Д

Аманбаева А

Орта ғасыр тіл білімі

Орта ғасыр – адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір.Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөліп қарауға болады.


3-5 ғасырлар арасы.
6-10 ғасырлар аралығы
11-16 ғасырлар аралығы.
Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады.Канондық тіл бірден-бір дұрыс тіл деп жарияланды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де қонандық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы – құранның тілі болды. Европа халықтары үшін канондық тіл – латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланды..

Араб тіл білімі

Орта ғасырлық арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезі – халипат дәуірі деп аталып, 7 ғасырмен – 15 ғасыр аралығын қамтиды. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттауда араб ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашуды көздеді.

Тіл білімнің мектептері араб мемлекетінің бірнеше қалаларында дамыды: Бағдат, Басра, Куфа, АнтоложияБасра мектебінен оның алғашқы кезеңінен, қазіргі бізге жеткен еңбек Ибн Ахметтің «Айн кітабы». Бұл оқулықта араб тілінің фонетикасы барынша жүйелі дыбыстардың сипаттамасы және өзгерестері толық баяндалған. VIII ғасырдағы көлемді еңбек Сивабейхидің «Әл-китаб» деген еңбегі.

Тіл білімнің мектептері араб мемлекетінің бірнеше қалаларында дамыды: Бағдат, Басра, Куфа, АнтоложияБасра мектебінен оның алғашқы кезеңінен, қазіргі бізге жеткен еңбек Ибн Ахметтің «Айн кітабы». Бұл оқулықта араб тілінің фонетикасы барынша жүйелі дыбыстардың сипаттамасы және өзгерестері толық баяндалған. VIII ғасырдағы көлемді еңбек Сивабейхидің «Әл-китаб» деген еңбегі.


Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы-лексикография. Арабтың әл-Фирузабади деген лингвисі «Хомус» (мұхит) атты 60 томдық сөздік жасаған.
Араб ғалымдары ғылым тарихында бірінші болып, әртүрлі тілдер материалын бір-біріне салыстыра, салғастыра зерттеу тәсілін қолданған.Осы тәсілді қолдана отырып, олар түркі, монғол, парсы тілдерін зерттеп, олардың салыстырма сөздіктерін, шағын көлемді грамматикалық еңбектерін жазған.

Қайта өркендеу дәуірі


Бұл- қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезі.14 ғасырдан бастап, алдымен Италияда қалыптасқан «Қайта өркендеу» деген термин феодалдық қатынастың орнына келген капиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты болды. Өйткені қайта өркендеу дәуірі озық ойдың еркін дамуына мейлінше кедергі жасаған, гуманизмді уағыздайтын жаңа дәуір мәдениетіне өтеу болып табылады.
    • а) ұлттық тiлдердiң қалыптасып, дамуы;
    • ә)бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу;
    • б)ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көркейтіп қайта дамыту.

Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмipiнiң басқа да салалары сияқты тiл ғылымы үшiн де жаңа, даму дәуiрi болған. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы:
Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе - орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И.Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р.Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы»
Нормативтік, практикалық грамматикалармен қатар, нормативтік сөздіктер де жарық көре бастайды. Ондай сөздіктер қатарына 1612 жылы Италияда шығарылған «Круск академиясының сөздігі» деп аталатын түсіндірме сөздікті, 1694 жылы Францияда жарияланған «Француз академиясының сөздігін», 1726-1739 жылдары ішінде әзірленіп жарияланған «Россия академиясының сөздігін», түркі тілдерінің әр түрлі мақсатта жасалған бір, екі тілді сөздіктер жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет