Алдашева камар сагингалиевна


Қазақстандағы тіл саясаты



Pdf көрінісі
бет4/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Қазақстандағы тіл саясаты – мемлекеттік ішкі саясаттың аса маңызды 
құрамдас бөлігі. Тұтастай алғанда, тілдің жəне тілдің ішкі жүйесінің 
əлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі функционалдық таралуын өзгерту 
немесе дамыту үшін, тілдің өміршеңдігін сақтау мақсатында мемлекет, үкімет, 
қоғамдық ұйымдар тарапынан жүргізілетін іс-шаралар кешені. Тіл саясаты 
ұғымы көпұлтты Қазақстан Республикасының жағдайына қарай жаңа 
мазмұнмен толықтырыла түседі. Қазақстан үшін тіл саясаты – ұлтаралық 
келісімді сақтауға ықпал етуі тиіс, ұлтты ұйыстырушы, қоғам мүшелерін 
патриотизмге тəрбиелейтін фактор. Тіл саясаты – тілдің қызметіне, тіл 
дамуының барысына тілді жоспарлау субъектілерінің саналы жəне нысаналы 
ықпалының теориясы мен практикасы.
Қазақыландыру – Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының басым 
бағыттарын жүзеге асыруға байланысты пайда болған жаңа термин. Бұл термин 



қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін ғылым мен техника тіліне 
айналдыру, білім беру, заң жəне сот ісі салаларына белсенді енгізу 
мүдделерінде тілдің төл əлеуетін сарқа пайдалану деген ұғымды білдіреді.
Лингводидактика – тілді оқытудың жалпы теориясы; тілді оқытуды жəне 
меңгертуді қарастыратын қолданбалы лингвистикалық пəн; тілді оқытудың 
жалпы заңдылықтарын зерттейді; дидактикалық мақсатқа сəйкес белгілі бір 
тілді оқытудың əдістері мен құралдарын жетілдіреді; біртілділіктің немесе 
қостілділіктің тілді меңгертуге əсерін зерттейді.
Лингвомәдени қҧзыреттілік – қазақ əдеби тіліндегі жаңа сөздерге 
қатысты жеке адамның лингвомəдени құзыреттілігі деп төмендегіні тану қажет: 
жеке тұлғаның мемлекеттік тілге, оның ішінде жаңа сөздерді танып-білуге 
мүдделілігінің, сұранысының артуы, қоғам мүшесі ретінде жаңа сөздерді 
қолдануға деген саналы көзқарасының қалыптасуы, олардың қажеттілігін 
мойындауы. Лингвомəдени құзыреттілік жоғары деңгейде болған жағдайда 
коммуникативтік құзыреттілік кедергісіз жəне шапшаң қалыптаса бастайды.  
Норма  қоғамның нақты бір даму кезеңінде тіл құралдарын қолдану жəне 
іріктеу қағидаларының, тіл құрылымына сəйкес келетін, дəстүрлі сипат алған
коммуникативтік актіде пайдаланылатын, барынша тұрақты тілдік бірліктер 
жиынтығы. Тілдік норма – қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде қоғам 
мүшелерінің тілді қолданысында тіл дамуының тарихи жəне табиғи 
заңдылықтарының көрінісі, қоғам дамуының нақты бір кезеңінде тіл 
практикасы үшін қоғам қабылдаған жəне мойындаған, əлеуметтік бағалаудан 
өткен фактілердің көрінісі. 
Нормалану – əдеби тілде пайда болған жаңа тілдік бірліктердің (ауызекі 
сөйлеу тілі, жергілікті тіл ерекшеліктері, кəсіби лексика элементтерінің əдеби 
тілге қарай өтуі, жаңа сөздердің пайда болуы, сөз семантикасындағы өзгерістер, 
сөзжасам белсенділігі) жазба тілде, ресми-іскери тілде, мақсатты стильдерде 
мақсатты-стильдік жағынан жіктеле отырып, жоғары жиілікпен жұмсалуы 
нəтижесінде əдеби тілде қалыптасуы, осы қалыптасудың лексикографиялық 
сөздіктерге тіркелуі арқылы ресімделуі мен дəлелденуі жүзеге асырылатын 
үдерістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет