Исабек Бауржан Түркістани
экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІН ИНТЕНСИВТІ ДАМЫТУ ИНДУСТРИАЛИЗАЦИЯЛАУ КАРТАСЫ
Постиндустриялық қоғамның негізгі ерекшеліктерінің бірі экономика салаларына инновациялық жаңалықтарды барынша кеңінен енгізу.
XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда - жаңалык енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаңа өндірістік үрдісті, өнімді немесе қызметті игеру, әйтпесе жаңалықты инвестициялау деген ұғымды білдіреді. Ал, бұл термин латын тілінде жаңару, өзгеру сөздерімен баламаланып, бұдан бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсінікті ұғындырады.
Қазіргі уақытта әлемдік ғылыми-техникалық прогресті инновациялық қызметтің интеллектуалдық өнімінсіз елестету мүмкін емес екендігіне байланысты, бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі қалыптасуда. Бұған орай кейбір ғалымдар: «Инновация - жаңа техника мен технологияға салынған капиталдан алынған материалдық игілік, қызмет көрсету, басқару және тағы басқа да жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формалары» деген анықтама береді, яғни, осы сипаттамаларды қорыта келе, инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми іздестірудің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда.
Инновацияны технологиялық сипаттарына байланысты өнімдік және үрдістік деп екіге бөледі, өнімдік инновациялар жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алуға негізделсе, үрдістік инновациялар өндірісті жаңа технологиялар арқылы ұйымдастырудың тәсілдері болып табылады. Сонымен бірге, өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету аясына қарай инновацияларды әлемдік салалар үшін, елшілік салалары үшін және белгілі бір кәсіпорын үшін деп жіктелінеді. Бір есте болатын жай, саланың басты сипаты ғылыми-техникалық ізденістердің нәтижесі болып табылатындықтан да, өнім түсінің, түрінің өзгеруі сияқты жаңашылдықтар инновацияға жатпайды. Өйткені, өнім ішінара өзгерістерге ұшырағанымен, ол өндірісте бұрын болмаған жаңалық емес. Жалпы инновациялық жаңалықтар 1992 жылы Осло қаласында кабылданған шешім бойынша оның технологиялық сипаттары мен нарықтық ұстанымдарын айқындайтын халықаралық стандарттарына сәйкес келуі керек.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа ие болады. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді екен.
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімді өмірге әкелу үрдісін жеті қадамменен жіктейді екен. Ол инновациялық пікірдің тууынан бастап, оны өткізу нарығын анықтау, өнімді шығару, сату болып жалғаса береді. Соның ішінде әуелі жаңа тауарды аз көлемде шығарып, оны жарнамалау, сауда үрдісін ұйымдастыру арқылы оның өміршеңдігін немесе өмір сүру жасын анықтау болып табылады. Бұл орайда инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру, сұранысын молайтуда тауар бағасын төмендету, тұтынушыға қосымша сыйлықтар, түсім сияқты қосымша тәсілдерді қолданудың қажеттілігі туады. Сонымен бірге белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген инновация мүлдем ескіріп кетпеу үшін, оны келесі аймаққа немесе басқа нарыққа көшіру қажеттігімен анықталады.
Нарықтық экономикада инновациялық пікірлерді жүзеге асыру үрдісінің ұзақ мерзімге созылып кетуі оның құндылығын жоюыменен пара-пар. Өйткені, «ақша-инновация» ережесінен негізделген жүйеде тезірек табыс алу үшін басқа кәсіпорында біраз уақыттан бері жүзеге асырылмай келе жатқан жобаға ұқсас нұсқаларды ойлап табу арқылы оның алдын алып кету оқиғалары да кездеседі. Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
Қазақстанның мұндай маңызды қадам жасауына әлемдегі экономикалық даму қарқыны да негіз болып отыр. Қазіргі уақытта елдер арасында жан-жақты тұрақты байланыстар қалыптасып келеді. Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялар сияқты институттардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп келуі, Қазақстан сияқты дамушы елдерге тезірек инновациялық игіліктерді игеруге түрткі болуда. Өйткені әлемдік шеткері жатқан дамушы елдер шикізат жеткізуші қызметін атқарып, ал аталмыш институттардың құрылуына негіз қалаған орталықтағы іргелі мемлекеттердің оны өңдеп, оларға қайта сату болашақта шикізатқа бағытталған мемлекеттердің әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайларға тәуелді болып қалу қаупін туғызады. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, шикізат қорына бай кейбір елдер осы сектор арқылы едәуір табысқа ие болады да, индустрияның жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Алайда, шикізат қоры бір кездері сарқылатындықтан да, тұрақты даму тұрғысынан алғанда шикізатты ел елеулі проблемалармен кездесуі мүмкін. Бастапқыда шикізаттық мемлекеттер саналатын Латын Америкасы, Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері инновациялық саясаттарды қолдану, яғни сервистік-технологиялық экономикаға өту арқылы өркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді. Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін қабылдау Қазақстан үшін тиімді болатынын нақты жағдай байқатып отыр.
Индустриялық-инновациялық стратегияға сәйкес өңдеуші саланы дамытудың алғашқы қадамдары қазірдің өзінде қолға алынды. Атап айтсақ, жоғары технологиялық және ғылыми өндірістерді құру жобаларын дамыту, оларды қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкі, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды. Даму банкі құрылғалы бері, жалпы құны 400 миллион АҚШ доллары тұратын 35 инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды жүзеге асыруға қатысты. Сонымен бірге, бүгін де аталған даму институттарына республикамыздың жеке кәсіпкерлік секторына халық тұтынатын тауар түрлері бойынша жүздеген жобалар келіп түсті. 2002 жылдан бастап жаңа өнім түрімен сапасына жасалған сараптамадан өткен жобалар қаржыландырыла бастады. Осы орайда отандық инновациялық жобаларға нарықтағы бәсекелестікте төтеп беру үшін қатаң талаптар қойылып, оларды мемлекеттік емес, даму институттары арқылы ғана инвестициялау қарастырылып отыр. Қазақстандық мамандар мұндай шешімге 1979 жылы Филиппин үкіметінің елде жаңа мүмкіндіктерді туғызу ниетімен толық талданбаған «ірі индустриялық жобаларды» қаржыландыруда еш нәтиже шығара алмаған, тәжірибесі негізінде іргелі істерге келді. Мысалы, Алматы қаласының маңындағы Алатау кентінде ақпараттық технологиялар саласында экспортқа бейімделген және импорт алмастырумен айналысатын, «Ақпараттық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағы іске қосылды.
Сонымен қазіргі күнде 2015 жылға дейін болашақты құру үшін индустриялдық-инновациялық қызметтің басты мақсаттары төмендегідей түрде ұсынылады:
- егеменді елдің экономикасын нығайту;
- нарықтық жағдайларда халық шаруашылығы кешеніндегі дағдарыстық құбылыстарды толығымен жою;
- индустрия өндірісін тұрақтандыру;
- индустрия салаларының радикалды құрылымдығын қайта құрылуын жүзеге асыру, импортты алмастырушы технологияларды дамыту, өндірістік-экономикалық әлуетін ұлғайту;
- индустрия жүйесінде өзін-өзі дамытушы шаруашылық-экономикалық құрылымдарды құру;
- сақтандыру валюта қорын құру;
- Республикадағы индустрияны және достастық елдерінің экономикасын және әлемдік экономиканы тиімді интеграциялау;
- индустрия кешендерін, салаларын, аймақтарды және бүкіл республиканы тездетілген әлеуметтік-экономикалық ретінде дамыту.
Алдағы болашақ үшін индустриалдық-инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасын өзара қарым-қатынастағы жүйелі іс-әрекеттердің блоктары арқылы көрсетуге болады (сурет 1):
Сурет 1 - Индустриалдық-инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасы
1. Базалық индустрия салаларына айқын дағдарыстық құбылыстардың алдын алу іс-шараларын дайындау (сурет 2):
Мақсаттары: базалық индустрия салалардың жұмыстарын максималды қорғаумен қамтамасыз ету және мемлекетаралық қатынастар материалдың өндіріс пен экономика, кездейсоқ апаттар, ішкі республикалық жағдайлар саласындағы жағымсыз сипаттағы үрдістердің мүмкін жағдайларында дағдарыстық құбылыстарды жою.
Сурет 2 -Базалық индустрия салаларына айқын дағдарыстық құбылыстардың алдын алу іс-шараларын дайындау
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- дағдарыстық құбылыстар мен үрдістердің даму жобалау-сценарийін дайындау, осындай шарттарда индустриялық өндірістің қызмет ету тетіктерін құру;
- өмірлік маңызы бар материалды-техникалық, шикізаттық ресурстар, өндірістік-техникалық өнімдер бойынша мемлекеттік мақсатты сақтандыру қорын құру;
- өмірлік маңызы бар техникалық өнімдер, шикізаттар, материалдар және энергияның импортын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мақсатты
төтенше дағдарыстық жағдайларда барлық меншік түріндегі кәсіпорынның функциялық нормативті актілер блоктары бойынша ұсыныстар дайындау;
-
өмірлік маңызы бар энергия, шикізаттар, материалдар және техникалық өнімдер алуға кепілдік беретін ТМД-мен және шетелдермен келісім шарттар жасау және пролонгация бойынша ұсыныстар дайындау және оны жүзеге асыру.
II. Елдегі индустрияның мәжбүрлі автономды қызмет ету тұжырымдасын дайындау және оны жүзеге асыру (сурет 3).
Сурет 3 - Елдегі индустрияның мәжбүрлі автономды функциялық тұжырымдасын дайындау және оны жүзеге асыру
Мақсаттары: тиімсіз шаруашылық және сыртқы экономикалық байланыстар шарттарында елдегі индустрияның рационалды, автономды даму үшін республиканың объективті немесе субъективті байқалмаған әлеуетін қолдану.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер: бұрынғы Кеңес Одағының бағдарламаларындағы ел индустриясын дамыту тұжырымдамаларына сын көзбен талдау жасау және автономды өзін-өзі дамытудың конструктивті саясатын дайындау. Мұның негізінде төмендегілердің болуы шарт:
- күшті салалардың артықшылықпен дамуы;
- экспорттық өнім өндірісінің дамуы;
- қарапайым өнім импортын жою және оның елдегі өндірісін ұйымдастыру;
- жоғары сапалы өнім өндіру бойынша өндірістің радикалды дамуы;
- индустрияның құрылымдығының қайта құрылуы.
III. Индустрияның жұмыстарын тұрақтандыру бағдарламасын дайындау жэне оны жүзеге асыру (сурет 4):
Сурет 4 - Индустрияның жұмыстарын тұрақтандыру бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру
1. Индустриядағы шығынды өндіріс бойынша іс-шаралар жүйесіне дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттары: индустрияны материалды өндіріс салаларындағы айқын дағдарыстық құбылыстар мен тұрақсыздандыру кезеңінде бекітілген құлдырауды қолдана отырып, банкрот кәсіпорындар мен жағымсыз құрылымдардан босату. Өндірісті дамыту мен қайта құрудың жаңа идеологиясы үшін жағдай жасау.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- экономикалық банкроттық және өндірістік құлдыраудың нағыз себептерін анықтау және талдау жасау, болашағы жоқ шығынды кәсіпорындарды макро, микро деңгейлері бойынша топтастыру;
- банкрот кәсіпорындардың жабу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
- өндірісті әртараптандыру, акционерлеу және шетелдік серіктестердің қатысуымен кәсіпорындарды жекешелендіру негізінде экономикалық дағдарыс жағдайынан шығынды кәсіпорындарды шығару тетігін дайындау;
- елдегі халық шаруашылығы үшін өте қажетті өнімдері бар объективті шығынды кәсіпорындарға мемлекеттік көмек көрсету іс-шаралары мен шешімдерін дайындау.
2. Ішкі республикалық интеграциялық байланыстар бойынша іс-шаралар жүйесін дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттары: индустриялық шаруашылық, экономикалық, мүліктік және т.б. байланыстардың синергетикалық оңтайландыру негізінде салаларды, индустриалды кешендерді және холдингтерді дамытуда ең жоғарғы экономикалық нәтижеге жету.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- шикізат, материалдар, өнім және қаржы құралдарының қозғалысын ескере отырып, индустриялық және халық шаруашылық кешендердегі өзара байланыстың кестесін дайындау;
- индустриялық және халық шаруашылық кешендердегі өзара байланыс үрдістерін басқарудың синергетикалық оңтайландыру тетігін дайындау және оны жүзеге асыру;
- елдің инфрақұрылымы (энергетика, су және жер шаруашылығы, экология және т.б.) мен индустрияның тиімді реттелген өзара қарым-қатынасының механизмі туралы ұсыныс кешенін дайындау және оны жүзеге асыру, индустрия жұмыстарының рентабельділігін қамтамасыз ету.
3. Акционерлік және холдингтік өндірістік-шаруашылық құрылымдардың құрылымдық және функциялық үрдістерін басқару бойынша іс-шаралар жүйесін дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттары: экономикалық мақсаты мен даму болашағын ескере отырып, меншік формасын өзгерту үрдісінің негізінде қалыптасатын жаңа өндірістік-шаруашылық құрылымдардың әлеуетін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- құрылған акционерлік және холдингтік компаниялардың ішкі құрылымының оңтайлылығын қатысушылардың мүдделерінің консолидациялы дәрежесі, интеграциялық байланыстардың тұрақтылығы, біріккен дамудың болашағы мен синергетикалық тиімділігі үшін бағалау;
- қазіргі кезде халық шаруашылығының қажеттіліктері мен ел экономикасын дамытудың басты стратегиялық бағыттарын ескере отырып, акционерлік және холдингтік компаниялардың өндірістік-экономикалық және әлеуметтік қызмет ету бағдарламасына талдау жасау;
- акционерлік және холдингтік компаниялардың құрылымын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесіне жасалған талдау мен бағалау негізінде дайындау және оны жүзеге асыру;
- акционерлік және холдингтік компаниялардың қызметін мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру бойынша ұсыныс дайындау.
4. Ішкі қайнар көздер мен резервтер есебінен ресурстық қамсыздандыру бағдарламасын дайындау.
Мақсаттары: өте тапшы ресурстардағы индустриялық кешендердің қажеттіліктерінен қалыптасқан бос ресурстардың біріктірілуі, олардың шаруашылық есеп айырысу негізіндегі тиімді реттелген есебінен қайта бөлуді қамтамасыз етуді тұрақтандыру.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- қалыптасатын барлық ресурстардың түрлері туралы ақпараттық мәліметтердің орталықтандырылған банкісін құру;
- еркін ресурстар қорын шұғыл басқару механизмін дайындау және жүзеге асыру;
- қайтарымды негіздегі индустрияны тұрақтандырудың бюджеттен тыс қаржы қорын құру туралы ұсыныс дайындау және жүзеге асыру.
5. Индустрия жұмыстарын тұрақтандыру үшін шетелдік капиталды қолдау негізінде механизмдерді дайындау және жүзеге асыру.
Мақсаттары: шетелдік капиталды тарту есебінен индустрия жұмыстарын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мәселелерін шешуді жеделдету.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- капитал салымы үшін ұсынылатын объектілер бойынша ақпараттық мәліметтердің орталықтандырылған банкісін және индустриялық-қаржылық топтар мен шетелдік фирмалардың ұсыныс банкісін құру;
- кәсіпорындар мен шетелдік серіктестердің тікелей іс-шаралар мен ақпараттарды айырбастау схемасын ұйымдастыру;
- индустрияны тұрақтандыру үшін шетелдік капиталды қолдану бағдарламасын мемлекеттік деңгейде дайындау және жүзеге асыру.
6. Ірі кәсіпорындар мен индустриялық кешендердің шектеулі дағдарыстық жағдайлардан шығудың кейінге қалдыруға болмайтын іс-шаралар жөніндегі бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру.
Мақсаттары: дағдарыстан шығару, жұмысты тұрақтандыру, өмірлік маңызды нысандардың даму келешегін қамтамасыз ету, мысалы, республикада халық шаруашылығына арналған машина жасау.
Алға қойылған мақсаттарға жету бойынша стратегиялар және іс-әрекеттер:
- дағдарысты жағдай шегінде ірі өндіріс нысандарының жағдайына егжей-тегжейлі талдау жасау және баға беру;
- дағдарыстан шығу бағдарламасын жасау және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ұсыныстарын жасау:
- жеңілдетілген салықтар;
- баждар және салықтар, шикізат және материалдармен қамтамасыз ету;
- саудада ең қолайлы жағдай жасау рәсімдері.
7. Халық шаруашылығы үшін өте тапшы өнімдердің көлемін көбейтуді ынталандыру бойынша ұсыныстарды жасау және іске асыру.
Мақсаттары: индустрия жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның дамуы үшін сенімді келешекте база құру.
Алға қойылған мақсаттарға жету бойынша стратегиялар және іс-әрекеттер:
- 2006 жылға дейінгі кезеңге индустриялық кешендер мен кәсіпорындар үшін соңғы 2-3 жылдың жұмыс нәтижесі бойынша номиналды өндіріс көлеміне мемлекеттік деңгейде ұсыныс дайындау және бекіту;
- елдің халықшаруашылығы үшін өте маңызды өнімдердің номенклатуралық реестрін мемлекеттік деңгейде дайындау және бекіту;
- төмендегідей жағдайларды қамтитын өте дефицитті өнімдерді шығару және өндіру көлемін ынталандыру жүйесін мемлекеттік деңгейде дайындау және бекіту:
- номиналды жоғары өндіріс көлемін кіріс салығынан босату;
- өте маңызды өнім шығарудан түскен пайдаға дифференциалдық жеңілдетілген салық салу;
- экспорттық салықтардан босатумен бірге номиналды құнынан жоғары өнімдердің экспортына басты негізгі лицензия беру.
8. Артықшылығы бар «Индустрия өзегін» қарқынды тұрақтандыру бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттары: ел экономикасының «Валюталық локомативын», «Индустрия өзегін» тиімді тұрақтандыруға қол жеткізуді жеделдету.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- «Индустрия өзегін» анықтау үшін базалық салалардың, кәсіпорындарының болашақтарын бағалау және оның жағдайына егжей-тегжейлі талдау жасау;
- «Индустрия өзегін» тұрақтандырудың тездетілген бағдарламасын, яғни 1-2 жыл ішінде дайындау;
- ресурстық құралдардың тұжырымдамасын қарастыратын бағдарламаны, мемлекеттік реттеу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын мемлекеттік деңгейде дайындау және бекіту.
9. Материалды өндірістік индустрияны шұғыл реттеу, үйлестіру және басқару жөніндегі іс-шаралар жүйесін дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттары: республика өкіметін қазіргі кезде және қысқа мерзімді болашақтағы индустрияның нақты жағдайы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету; индустриялық өндіріс үрдістерін шұғыл реттеу, индустриялық кешендер мен салалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру және индустрияны басқаруға байланысты тиімді шешімдерді қабылдау мүмкіндігіне ие болу.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- жағдайдың ақпараттық-аналитикалық статистикасы жөніндегі мәліметтер базасын құру, қаржы, шикізат балансы, материалдық ағымдардың қозғалысын жүзеге асыру;
- индустриядағы жағдайдың мүмкіндігін талдау жүйесін, қысқа мерзімді болжамдарды дайындау жүйесін құру және оны жүзеге асыру;
- индустрияның барлық құрылымдарының қызметтерін шұғыл үйлестіру жүйесін құру және оны жүзеге асыру;
- ұсынылған басқару шешімдерінің және нәтижелерді талдаудың жүйесін құру және оны жүзеге асыру.
IV. Нарықтық экономика шартында индустрияны қарқынды дамыту үшін әлуетті жинау бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру (сурет 5).
Сурет 5 - Нарықтық экономика шартында индустрияны қарқынды дамыту үшін әлеуетті жинау бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру
1. Мемлекеттік басқару органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастың функционалды механизмінің және индустрияны мемлекеттік реттеудің бас схемасын жетілдіру.
Мақсаттары: индустриясы дамыған әлем елдеріндегі, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағындағы индустриялардың функционалды тәжірибесінің негізіне сүйене отырып, елдегі қазіргі жағдайдағы индустрияны дамыту және қызметтерін басқарудың бас кестесін дайындау.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- индустрияны дамыту және қызметін бекітудің ұтымды үлгісінің моделін дайындау;
- мемлекеттік басқару органдарын, энергетика және көлік, индустрия және сауда министрлігі, қаржы министрлігі, мүлік жөніндегі мемлекеттік комитет және т.б. арасындағы функционалды өзара қарым-қатынастық механизм моделіне негізделе отырып құру;
- экспортталатын барлық өнімдерге және ішкі тұтынуға деген квотаның көлемін бекіту;
- өнім экспортының номенклатурасын, көлемін және бағытын сәйкестендіру;
- индустрияның несие-инвестициялық саясатын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру және өкіметтік деңгейде бекіту.
2. Нарықтық экономика жағдайында индустрияны мемлекеттік басқарудың ең тиімді жүйесін құру тұжырымдамасын дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттар: құрылымы, меншік түрі және қызметі жағынан әркелкі ұйымдық-құрылымдығын ескере отырып, елдегі индустриялық кешендерді реттеудің тиімді жүйесін құру.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-шаралар:
- нарықтық экономика жағдайында индустриялық кешендерді мемлекеттік басқарудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау және таңдаудың әдістемелік базасын дайындау;
- нарықтық экономика жағдайында индустриялық кешендерді мемлекеттік басқару жүйесінің сатылап бейімделуін дайындау және оны жүзеге асыру;
- елдің экономикасын дамытудың стратегиялық мәселесін шешу үшін мемлекеттік капиталды барынша көп тиімді қолдану жөніндегі іс-шаралар жүйесінен құрылған акционерлік және холдингтік компаниялар дайындау және оны жүзеге асыру;
- орта және шағын бизнестің кәсіпорындары туралы ақпараттарды жүйелеу, орта және шағын бизнесті басқару механизмі мен ұйымдық құрылымын индустрияның шеңберінде құру, елдің экономикасына деген тиімді үлесін қамтамасыз ету;
- орта және шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шаралар жүйесін дайындау және оны жүзеге асыру.
3. Индустрияның инвестициялық саясат бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттары: инвестициялық қаржыны ең тиімді болашақтық жобаларға мақсатты түрде салу есебінен индустрияның жедел және тиімді дамуын қамтамасыз ету.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- инвестицияның жобаларды таңдаудың ғылыми негізделген әдістемелік базасын дайындау;
- барлық ұсынылған жобаларға әдістемелік базаны қолдана отырып, талдау жасау және инвестициялық жобалардың блоктарын анықтау;
- ел экономикасын қайта жаңғырту қорынан қаржыландырылатын инвестициялық жобалар үшін ең басты салымдардың салымы орындалатын жобалар бойынша іске қосу объектілерінің аяқталуымен және халық шаруашылығы мен өнімі үшін өте маңызды өкілдердің жаңа өндіріс орындарын қаржыландырумен байланысты болуы тиіс;
- инвестициялық жобалардың бағдарламасын, сондай-ақ шетелдік несиелер есебінен қаржыландырылатын артықшылықтары бойынша тізімін мемлекеттік деңгейде дайындау және бекіту;
- төмендегідей бағыттарға бағытталған инвестициялық жобаларда шетелдік несиелерді қолдану есебінен артықшылықтары бойынша ретпен жүзеге асыру;
- ірі индустриялық кешендердің түбегейлі құрылымдық өзгерілуі мен модернизациялануы;
- дефициттік шикізаттар мен ресурстардың күшті қайнар көзін қалыптастыруға;
- экспорттық өнімдер шығаратын жаңа кәсіпорындарды салуға;
- ғылыми жиынтықты және өте дефицитті өнімдердің өндірісін қалыптастыруға;
- конверсия мен әртараптандырылуға;
- шетелдік несиелер мен инвестицияларды тиімді қолдануды кардиналды түрде арттыру мақсатында шетелдік капиталдың қатысуымен индустриялық кешендердің дамыту және қайта өрлеу арнайы инвестициялық банкісін құру концепциясын мемлекеттік деңгейде дайындау және бекіту;
- Қазақстанның ұлттық валютасында қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруды кардиналды түрде арттыру мақсатында индустрияның инвестициялық жекешелендіру қорын құру концепциясын мемлекеттік деңгейде дайындау, бекіту, сондай-ақ, жүзеге асыру.
4. Индустрия мүддесі үшін нормалар, заңдылықтар, экспертиза, стандарттау және патент ісі сияқты салаларындағы жұмыстарды тиімді қолдану жөніндегі іс-шаралар жүйесін дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсаттары: Индустрияның тұрақтандырылуы мен дамуын қамтамасыз ету үрдісінің тиімділігін арттыру.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
- белгілі бір жұмыс түрлері бойынша барлық базалық ақпараттарды талдау, жүйелендіру және есептеу;
- индустрияның интеллектуалды меншік қоры туралы жарғысын дайындау;
- индустриялық өндіріс өнімдерін, әсіресе, жаңа түрлерін стандартизациялау және аттестациялау бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру. Нормалар мен заңдылықтар саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру.
V. Индустрияны жедел және интенсивті дамыту бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру (сурет 6).
Мақсаттары: 1-4 блоктардың мәселелеріне қатысты бағдарламасының қорытынды шешіміне негізделген индустрияны жедел және интенсивті дамыту стратегиясын қолдана отырып, оның тұрақты жұмыс істеуіне қол жеткізуге, технологиялық-экономикалық "ұмтылыс" үшін бастауыш әлеует құруға мүмкіндік береді.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін стратегиялар мен іс-әрекеттер:
• төмендегілерді қамтитын бастауыш әлеуетті тиімді қолданудың бағыттарын бағалау және егжей-тегжейлі талдау жасау;
• тұрақты жұмыс істейтін "индустрия өзегі";
• индустриялық кешендерді мемлекеттік реттеудің және басқарудың жетілдірілген схемасы;
• индустриялық кешендерді мемлекеттік реттеудің және басқарудың жетілдірілген схемасы;
• нарықтың тұрақты элементтерінің экономикалық инфрақұрылымы;
• салалардың сенімді интеграциясы және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарының көп түрлілігі;
• құрылған несиелі-инвестициялық база;
• нормалар мен заңдылықтардың жүйесі;
• ақпараттық-аналитикалық статистика;
• келесі бағдарламалық блоктардың құрамындағы индустрияны жедел және интенсивті дамыту бағдарламасының құрылымдық схемасын дайындау:
• мемлекеттік ұлттық бағдарлама;
• салаларды дамыту бағдарламалары;
• арнайы бағдарламалар;
• индустриялық дамытудың мақсатты артықшылығы бар бағдар-ламалары;
• мақсатты артықшылығы бар әрі барлық басқа да блоктардың ішіндегі ең басты артықшылығы бар бағдарламалық блоктарда тұжырымдама негізіндегі блоктардың функционалды өзара қарым-қатынастардың принциптерін дайындау.
Индустриядағы
энергетиканы,
қорларды
үнемдеу
|
|
Қазақстан
индустриясы
ТМД елдерінің
экономикасына
және әлемдік
экономикаға
интеграцияландыру
|
|
Жоғары
кәсіби
кадрлар
дайындау
|
|
Еңбектің
өнімділігін
түбегейлі
арттыру
|
|
Индустриялық
кешендерді
дамытудың
мақсатты
артықшылығы
бар
бағдарламаларды
дайындау және
жүзеге асыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сурет 6 - Индустрияны жедел және интенсивті дамыту бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру
Төменде көрсетілген, бұрыннан дайындалған бағдарламалардың жүзеге асырылуын белгіленген мерзімдерде қойылған мақсаттарға сай қамтамасыз ету:
1. 2005-2008 жылдарында Қазақстанның металлургиялық және химиялық кешендерінің салаларын дамытудың мемлекеттік ұлттық бағдарламасы.
2. Импортты алмастырушы өнім өндіретін өндіріс орындарын құрудың мемлекеттік ұлттық бағдарламасы.
3. Халық тұтыну өнімдерін өндірудің мемлекеттік ұлттық бағдарламасы.
4. Машина құрылысын дамыту.
5. Қауіпсіздік кешендік кәсіпорындар конверсиясының мемлекеттік бағдарламасы.
Төменде көрсетілген арнайы бағдарламалардың блоктарын дайындау және оны жүзеге асыру:
А. Индустриядағы энергетиканы және қорларды үнемдеу бағдарламасы.
Бағдарлама негізіне жаңа энергетика мен қорларды үнемдеуші технологиялар мен құрал-жабдықтарды ауқымды түрде ендіруді, физикалық және моральді түрде тозған құрал-жабдықтарды алмастыруды, энергия мен материалдардың шығындарын есептеу құрылғыларын өндіруді ұйымдастыруды нақты бақылау жүйесін қарастыру керек.
Б. Қазақстан индустриясын ТМД елдерінің экономикасына және әлемдік экономикаға интеграцияландыру бағдарламасы.
Бағдарлама шеңберінде нақты іс-әрекеттер, біріккен кәсіпорындар, халықаралық акционерлік компаниялар мен консорциумдар құру, даму синдикаттары типіндегі ірі техникалық корпорациялар құру, консолидациялық қаржы есебінен жобалардың инвестициялануымен бірге біріккен жобаларды жүзеге асыру бағыттарында жинақталады.
В. Индустрия үшін жоғары кәсіби мамандар даярлау бағдарламасы.
Бағдарламаның басты мақсаты - елдегі өндіріс дәстүрін, әсіресе, «индустрия өзегінен» кетіп жатқан жоғары кәсіби мамандадың орнын толтыру, сондай-ақ, Қазақстанда міндетті түрде жаңа өндіріс түрлеріне байланысты жаңа мамандықтар курсын құру. Бұл мәселені шешу индустрияны жедел және интенсивті дамыту мақсаттарын жүзеге асырудағы негіздерін анықтайды.
С. Индустриядағы еңбектің өнімділігін түбегейлі түрде арттыру бағдарламасы.
Бағдарлама ең басымдық мәселелердің бірі болып табылады. Себебі елдің нақты индустриализация деңгейін объективті түрде анықтайды. Салаларда, индустриялық кешендерде және жеке кәсіпорындарда осы мәселенің жағдайына егжейлі-тегжейлі талдау негізінде қойылған мақсаттарға жету жөніндегі түрлі жоспарлы іс-шаралар жүзеге асырылады.
Д. Индустриялық кешендерді дамытудың мақсатты артықшылығы бар бағдарламаларды дайындау және оны жүзеге асыру.
Мақсатты артықшылығы бар бағдарламалардың блоктарын құрудың принципиалды негізі мынада: оларды таңдау және жүзеге асыру бір жағынан индустрияны тиімді дамыту мәселелерін шешуге бағытталған, ал екінші жағынан, мемлекеттік ұлттық бағдарламалардың негізгі мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді.
Е. Индустриялық кешендерді дамытудың дайындалған және дайында-латын мақсатты артықшылығы бар бағдарламалары мынадай шешімдерге багытталған:
- индустрияның базалық салаларының кәсіпорындарын түгелдей техникалық қайта жабдықтау, түбегейлі қайта құру және модернизациялау;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үшін қажетті машиналар мен құрал-жабдықтарды өндіретін қазіргі заманға сай өндіріс базаларын құру және дамыту, машина құрылысын тез арада техникалық қайта жабдықтау;
- елдің валюталық әлеуетін қамтамасыз ететін индустрияның негізгі салаларын дамыту;
- өнімнің экспорты мен импорты арасындағы теңестірілген қатынасқа қол жеткізу;
- елдің экспорттық әлуетін арттыру;
- әлемдік деңгейде жоғары сапалы өнімдер өндіретін өндіріс орнын құру және дамыту, тұрақты экспортты мен валюталық кірістерін қамтамасыз ету;
- жоғары сапалы халық тұтыну өнімдерін, сондай-ақ, техникалық жағынан күрделі түрлерін де, өндіру көлемін де қарқынды түрде арттыру;
- импортты алмастырушы өнімдерді өндіретін өндіріс орындарын құру;
- базалық сала жұмыстарының тиімділігін анықтайтын өнімдерді, яғни елдің халық шаруашылығы үшін өте маңызды өнімдерді өндіретін өндіріс орындарын құру және дамыту;
- әскери индустриялдық кәсіпорындардың рационалды теңестірілген тиімді конверсиясын жүргізу;
- экономикалық тенденциясы теңестірілген материалды өндірістің барлық салаларын жүзеге асыру;
- прогрессивті, экологиялық таза және қалдықсыз технологиялар мен құрал-жабдықтар негізінде рудалық және минералды шикізаттарды толығымен өңдеу;
- индустриялдық кешендердің шикізат базасын тиімді дамыту үшін жағдай жасау;
- индустриялдық өндірісті максималды утилизация арқылы қалдықтарды масштабты түрде өңдеуге тарту;
- экологиялық апат аймақтарындағы жағдайларды тез арада және радикалды түрде жақсарту;
- шағын және орта бизнес салаларын дамыту және нығайту;
- сирек кездесетін және қымбат металл, алмаз, бағалы тастар қорын құру;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, жұмыспен қамту деңгейін көтеру және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету.
Артықшылығы бар бағдарламаларды табысты етіп жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау іс-шараларының нақты жүйесін құру керек:
- нормативті-құқықтық базамен қамтамасыз ету және дамыту;
- экономиканы қайта құру, шетелдік инвестициялық және несие қаржыларының мемлекеттік қорын барынша тиімді, мақсатты түрде қолдану;
- жеңілдік несие беру және салық салу үшін жағдай жасау;
- сыртқы экономикалық қызметтер, сондай-ақ негізгі лицензияларды беру және квоталарды белгілеу үшін жағдай жасау.
Көрсетілген тактикаларға талдау жасаудың нәтижесінде мынаны көруге болады: яғни, барлық нарық субъектілеріне тең бәсекелік жағдай жасалып, экономикада жеке меншік инициативалар басымдылық негізде орын алады (сурет 7).
Ғылымның жетістіктерін қолдану арқылы экономикалық бәсекелестік артады. Менеджменттік және маркетингтік зерттеулер күн талабына сәйкес жүргізіледі.
Инвестициялық және инновациялық жобалар транспоренттік және бағытталған негізде іріктеліп, мемлекеттік қаржы қорларымен қаржыландыруда басымдық негізде іске асырылатын болады. Салықтық және кедендік заңнамалар бәсекелесті қазақстандық өнімді экспорттауға және инвестицияларды елдің экономикасына тартуға ынталандырылады. Индустрия өндірісінің құрлымдық жылжуы негізінде жоғарғы технологиялық және ғылыми сыйымды, жоғарғы қосылған құны бар өнімдер өндіру көзделеді.
Осының негізінде экспорт әртараптандырылып, сыртқа шығарылатын Қазақстан өнімінің үлесі артады және Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикада дайын бұйымдар және индустриалды-инновациялық қызмет көрсетуі артады. Инновациялық бизнестің ерекшеліктерін қолдану арқылы кәсіпкерлікті дамытуға түбегейлі мүмкіншілік туады. Экономиканың нарықтық емес секторларының үлесі азаяды. Бұл ЖІӨ көлемін 2015 жылы 3,5-4,0 есеге дейін өсіруге және өңдеу индустриясының орташа көрсеткішін 7,5-8% жеткізуге, еңбектің өнімділігін 3 есе артуға, ЖІӨ энергосыйымдылығын 2 есеге кемітуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Халықтың әлеуметтік жағдайы, еңбекақы және зейнетақы деңгейі, ақшалай кірістер 2,0-2,5 есеге өседі. Егер тұжырымдаманы толығымен жүзеге асыратын болсақ, онда белгіленген мерзім ішінде тұжырымдаманың басты мақсаттарына жетуге болады. Бұл тұжырымдама Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі мен егемендігін нығайтуды қолдайтын жоғары индустриалды, рентабелді индустрия орындарын құруды қамтиды.
Әдебиеттер тізімі:
-
Акчурин А. Некоторые проблемы инновационного развития Республики Казахстан // Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана. – 2005 - №3. - С. 67-76.
-
Бутаков А. Инновационные процессы в интегрированных структурах // Экономист. - 2005 - №7. - С. 39-51.
-
Бабаев Ф.А., Борисов В.Н. Инновационный фактор оценивания результативности управления в промышленности // Проблемы прогнозирования. - 2005. - №4. - С. 136-142.
-
Панфилов В.С., Шураков А.Г., Стуков А.С. Инновационный тип экономического развития и ограничения финансирования // Проблемы прогнозирования. - 2005. - №2. - С. 3-18.
-
Бойко И. Перспективы инновационного развития восточно-европейских стран // Экономист. - 2005. - №2. С. 78-82.
-
Волкова Т. Условия инновационного обмена // Экономист. - 2005. - №3. - С. 54-60.
-
Управление инновационными процессами // Экономист. - 2005. - №5. - С. 46-53.
-
Муканов Д. Индустриально-инновационное развитие Казахстана: потенциал и механизм реализации. - Алматы: Дайк-Пресс, 2004. - 274 с.
-
Кокурин Д.И. Инновационная деятельность. – М.: Экзамен, 2001 - 576 с.
-
Исахметов Т. Механизмы совершенствования инновационной политики в современных условиях // Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана. - 2005. - №3. - С. 77-81.
-
Кажмухаметова А. Состав и структура инновационных затрат // Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана. - 2004. - №4. - С. 42-47.
-
Куатбаева Г., Раисов Д., Нургалиев К., Нуркиянва Т. Бюджетная поддержка инновационного развития // Промышленность Казахстана. - 2004. - №2(23). - С. 14-16.
-
Урузбаева Н. Основа индустриаль-инновационного развития страны // Промышленность Казахстана. - 2005. - №2(29). - С. 36-37.
-
Айтекенов К., Исекешев А., Орынбаев Е. Приоритеты индустриально-инновационного развития Казахстана и роль государственных институтов развития // Экономист. - 2003. - №11. - С. 25-29.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығы 2003 жылдың 17 мамыр №1096 «2003-2015 жылдарына арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы туралы»
Достарыңызбен бөлісу: |