Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет49/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

коммуникативтік сана категориясын анықтау жəне зерттеу өзекті болып отыр. 
Тілді тұтынушының менталды лексиконында жаңа сөздердің тұрақталуын 
көрсету үшін аса маңызды категория ретінде коммуникативтік сана – адамның 
коммуникативтік 
қызметінің 
барлық 
кешенін 
қамтамасыз 
ететін 
коммуникативтік білімдер мен коммуникативтік тетіктер жиынтығы. Бұл – 
сананың 
коммуникативтік 
ұстанымдары, 
менталды 
коммуникативтік 
категориялардың 
жиынтығы, 
сондай-ақ, 
қоғамда 
қабылданған 
коммуникацияның нормалары мен ережелерінің жинағы. 
Тілдік жəне коммуникативтік саналардың аражігін ажыратып көрелік
мысалы: 
- тілдік сана белгілі бір салаға қатысты жаңа сөздерді немесе олардың 
бірнеше тілдегі баламалары туралы, сондай-ақ олардың жіктелген мағыналары 
туралы ақпаратты (яғни кей концептілерді беруде қолданылатын тілдік 
бірліктер туралы) қамтиды: тӛлемақы, ӛсімақы, кепілдеме т.б.немесе диета –
емдәм, маскировка – алдамша жəне т.б. Бұл ретте жалпы қатысымдық 
бірліктерге қатысты ұлттық ерекшеліктер де көрініс беруі мүмкін;
- коммуникативтік санада қай сөзді қолдану туралы ақпарат қамтылады. 
Бұл ретте қарым-қатынас қолданысқа енетін жаңа сөздер танымдық 
санадан тілдік санаға өтіп, коммуникативтік санада сүзіледі. Демек, жаңа 
сөздердің индивидтің менталды лексиконында орнығып, тұрақталуы, оның 
сөйлеу тілінде жұмсалуы танымдық, тілдік, коммуникативтік саналардың 
қызметімен тікелей байланысты.
Демек, кез келген таным арқылы қабылданған білім, соның ішінде жаңа 
сөздер когнитивтік санада «материал» түрінде сақталып, тілдік санада тілдік 
бірліктер арқылы кодталады жəне тілдік білімнің жиынтығы ретінде орнығады, 
тілдік санада кодталған бірліктер коммуникативтік санада сараланып, 
қатысымда жұмсалады (Сурет 6). Мысалы, тілге енген жаңа сөзді таныту, тілдік 


98 
санада орнықтыру, коммуникативтік санада дұрыс сүзгіден өтуді қалыптастыру 
осының айқын дəлелі. Бұл психолингвистикалық үдеріс сатылары мектептегі 
білім беруде жаңа сөздерді меңгерту үшін өзекті болып саналады. 
Сурет 6 – Жаңа сөздердің менталды лексиконында репрезентациялану 
сатылары 
Осы үдерістер тікелей оқушы психологиясының негізгі категорияларымен 
сабақтасып 
жатыр. 
Зерттеу 
нысанына 
сəйкес 
ескерілетін 
оқушы 
психологиясына тəн ерекшеліктерді сипаттауда жоғары сынып сатысы алынды. 
Жоғары сынып сатысында жаңа сөздерді меңгерту үдерісінде мектеп 
оқушысының тұлғасына жасалған психологиялық талдау үш бағытты қамтиды 
(Сурет 7). 
Сурет 7 – Жаңа сөздерді меңгерту үдерісіндегі оқушы тұлғасын 
психологиялық талдаудың бағыттары 
Тұлға мəселесі – психология ғылымының орталығындағы өте күрделі əрі 
көпқырлы мəселелердің бірі. Бүгінгі күнге дейін əлемдік жəне отандық 
Қоршаған 
орта туралы 
білім (жаңа 
сөз)
Жеке 
адам
Таным 
немесе 
когнитивтік 
сана 
Тілдік 
сана
Қатысым
Коммуникативтік 
сана
Жаңа сөздерді 
меңгерту 
үдерісіндегі 
оқушы тұлғасын 
психологиялық 
талдаудың 
бағыттары
Биологиялық
- жас ерекшелігі;
- таным;
- зейін;
- қабылдау;
-ойлау
Тұлғалық
тұлға бағыттылығы:
- тұрақты уəждер:
а) қажеттілік;
ə) қызығушылық;
б) белсенділік;
в) мақсат
Əлеуметтік
- дүниетаным:
а) философиялық;
ə) ғылыми;
- құндылықтар жүйесі:
а) жалпыадамзаттық;
ə) ұлттық;
б) жеке


99 
психологияда тұлға ұғымына берілетін ортақ анықтама жоқ болғанымен, оны 
зерттеудің əдіснамалық тұжырымдары өте көп. Соның ішінде тұлға əлеуметтік 
мəнге жəне санаға ие адам ретінде қарастырылып, оны тұтас психологиялық 
құрылым ретінде зерттеу өзектілікке ие.
Ана тілінің сөздік қорының белгілі бір бөлігін құрайтын жаңа сөздерді 
«тілдік 
капитал» 
ретінде 
жəне 
интеллектуалдық 
əлеуеттің 
басты 
көрсеткіштерінің бірі ретінде меңгерту, сол арқылы өз ұлтының тілінде таза 
сөйлеуді саналы түрде өзінің өмір сүру қағидасына айналдыру, тілдің өз 
мүмкіндігі арқылы жасалған жаңа сөздерге тіл келешегінің кепілі ретінде 
мүдделілік танытуына ықпал жасау жəне ұлтжанды, рухты тұлғаны 
қалыптастыру жоғары мектеп сатысында оң нəтиже береді. Бұл олардың ең 
алдымен жас ерекшелігімен байланысты дəйектеледі.
Жас ерекшелігі «адам психикасының жас ерекшелік динамикасын, дамып 
келе жатқан адамның психикалық үдерістері мен психологиялық қасиеттерінің 
онтогенезін» зерттейді [158, 3]. Жас ерекшелігі психологиясы «жалпы 
педагогикалық заңдылықтарды ашып көрсететін, қалыптасып қойған адам 
тұлғасының психикалық үдерістерін, психикалық күйлерін жəне даралық 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
зерттейтін» 
жалпы 
психологияның 
тұжырымдарына сүйенеді [159, 7].
Білім берудің сатылары, жалпыға мəлім, адам өміріндегі белгілі бір 
кезеңдермен сəйкестендіріледі. Білім беру жүйесінде жас мөлшерінің 
ерекшеліктерін белгілеу арқылы оқушының «психологиялық кескінін» жасауда 
психолог ғалым Д.Б. Эльконин жалпы дамуға жəне жас ерекшеліктеріне тəн 
негізгі факторлар ретінде: а) оқушының қарым-қатынас формасы; ə) іс-
əрекеттің жетекші түрі; б) негізгі психикалық жаңа құралымдарды атайды [160, 
42].
Психолог ғалым Қ. Сейталиев жеке тұлғаға тəн үш ерекшелікті атайды, 
олар: тұрақтылық, бірлік жəне белсенділік [161, 91]. Жоғары сынып 
сатысындағы оқушыға жеке тұлға ретінде баға беруде осы аталған сипаттар 
басшылыққа алынады. Себебі жоғары сынып оқушысында «психикалық 
көріністердің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің 
салыстырмалы тұрақтылығы байқалады» жəне олар «тұтас, бірлікте 
қалыптасады, тəрбиеленеді», сондай-ақ жеткіншектің белсенділігі «қоршаған 
дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген жəне жан-жақты іс-
əрекеттерді» қамтиды. Сондықтан да жаңа сөздерді менталды санада 
тұрақтандыру, 
сөйлеу 
тілінде 
нормаға 
айналдыру 
жеткіншектер 
психикасындағы жаңа құрылымдардың жəне психикалық қасиеттері мен 
сапаларының тұрақтала бастауымен байланысты осы кезеңде жоғары нəтиже 
береді.
Оқыту үдерісінде жеке тұлғаның псхологиялық келбетін жасаудағы 
биологиялық ерекшеліктердің бірқатары – оқушылардағы психикалық 
үдерістерге, соның ішінде таным, зейін, қабылдау, ойлауға тəн белгілер.
Жеткіншектерде танымдық үдерістердің дамуы айтарлықтай жоғары 
деңгейге жетеді жəне балалар ересектермен теңдей ақыл-ой жұмыстарын 


100 
орындай алады. Ойлау теориялық деңгейге жетіп, сапасы жағынан өзгере 
бастайды. Олар түрлі теорияларды, көзқарастарды салғастыруға, яғни 
«ақиқатқа жетуге» ұмтылады. 
Жоғары мектеп сатысындағы оқушының танымы сапалық жағынан 
айтарлықтай жетістікке жететінін жəне таным зияткерлік сапаға ие болатынын 
ескерсек, жаңа сөздерге қатысты жан-жақты білім осы кезеңде берілуі керек. 
Осымен байланысты оларға берілетін білім мазмұны жаңа сөздерге қатысты 
ғылыми ұғымдар жүйесін қамтиды. Осындай сипаттағы ақпараттар мен 
тапсырмалар кешені олардың ғылыми логикасының қалыптасуына ықпал етеді.
Ақпараттар көзіне толы əлемде, бүгінгі қоғам жағдайында жалпы мектеп 
оқушыларының зейінін дамыту өзекті мəселеге айналды, себебі ақпараттар 
ағынында оқушы үшін қажеттісін таңдап, оған зейінін аудара білу 
(шоғырландыру) де маңызды. Шоғырландыру – зейінге тəн негізгі қасиеттердің 
бірі, оқу əрекетінің тиімділігі мен табыстылығы түсіндіруге, сіңіруге 
байланысты. Мамандардың көрсетуінше, оқуға шоғырлануға қабілетсіз жəне 
оған қызығушылығы жоқ балалардың саны артып келеді, бұл айтарлықтай 
күрделі мəселе. Осымен байланысты қазір оқушылардың қызығушылығы мен 
уəждемесін арттыруға бағытталған жаңа оқыту əдістемелерін даярлау қолға 
алынған. Бұл мəселеде зейін маңызды рөл атқарады. 
Жаңа сөздерді меңгерту үдерісінде оқушылардың зейінін шоғырландыру 
ұсынылып отырған оқу материалымен тікелей байланысты. Жеткіншек кезеңде 
оқушылар үшін шынайылыққа негізделген ақпараттар қызықты. Мəселен, жаңа 
сөздердің баспасөздегі көрінісі, мектеп оқулықтарындағы сипаты немесе 
күнделікті сөйлеу тіліндегі жаңа атаулардың қаншалықты деңгейде қолданыста 
жүргендігі жеткіншектер үшін шын мəнінде қызығушылық тудырып, олардың 
зейінін үнемі осы үдерістің қалай жүріп жатқандығына аударуға болады. Олар 
осы мəселенің қаншалықты маңызды екенін ұққанда, бар зейінін саналы түрде 
осыған аударады. Бұл бастапқыда саналы түрде, кейін бейсаналы түрде 
сөйлеуде жаңа сөздерді қолдана бастауына ықпал етеді.
Жеткіншектердің зейінін шоғырландыруда жаңа сөздерді меңгертуге 
бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар кешенінің құрылымы да үлкен мəнге 
ие. Осы мақсатта ұйымдастырылған тапсырмалар интербелсенді əдістерге 
негізделіп берілді. Айталық, жобалау əдісі бойынша оқушыларға берілген 
тапсырмалар негізінде оқушылардың зейінін адамдардың күнделікті қарым-
қатынас тіліне, БАҚ тіліне аудару мүмкін болады.
Қабылдау – қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың сезім 
мүшелеріне əсер етуінің нəтижесінде пайда болған сол заттар мен 
құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. Жоғары мектеп 
жасында қабылдау перцептивті əрекеттерді меңгеруде, белгілі бір нысанды 
мақсатты түрде бақылауда, заттың, оқиғалар мен құбылыстардың елеулі 
белгісін бөліп алуда ауыспалы формада көрініс табады. Бұл əсіресе күрделі 
материалдарды қабылдауға тəн. Осы кезеңде жоғары мектеп оқушыларына тəн 
қабылдаудың тұтастық, тиянақтылық, заттық, талғамдылық сияқты 
қасиеттері, соның ішінде қабылдаудың апперцепциясы дами түседі. 


101 
Осымен байланысты жеткіншектер жаңа сөздерді жəне оларға қатысты 
ғылыми сипаттағы мəселелердің өзекті тұстарын саналы түрде қабылдай 
бастайды. 
Олар 
алдыңғы 
кезеңдермен 
салыстырғанда 
көрнекілік 
материалдармен 
ғана 
емес, 
түрлі 
нысандардың 
себеп-салдарлық 
байланыстарына қатысты материалдармен жұмыс істеуге бейім болады. Жаңа 
сөздермен байланысты ақпараттарды мақсатты түрде меңгеруге апаратын жол – 
ағымдағы тақырыпта қамтылатын мəселенің бір сабақ көлемімен шектелмеуі. 
Бүгін естіген жаңа сөздің немесе сонымен байланысты ақпараттың бір тақырып 
шеңберінде ғана емес, кейінгі сабақтарда да белсенділігін жоғалтпауды ескеру 
керек. Тапсырмалар əр сабақта алдыңғы айтылған жаңа сөздерді қайталату 
мақсатында ұйымдастырылса немесе оқушы жаңа жағдаяттарда бұрынғы 
білімді пайдалана алатындай болса, бұл олардың білімді тұтас қабылдауына 
алып келеді.
Жоғары сынып оқушыларының ойлауы олардың ғылыми білімді игеруін 
қамтамасыз ететін күрделі оқу қызметі жағдайында дамиды, бұл олардың 
тұлғалық дүниетанымының негізін қалыптастырады. Жоғары сынып 
оқушылары өзін-өзі қалыптастыруға бейім келеді. Ойлау жоғары сынып 
оқушысы игерген білім арқылы жүзеге асады. Бұл ретте логикалық пайымдау 
мен дұрыс ой қорытындысын алудың рөлі арта түседі. Жадының дамуы да 
жеткіншектердің зияткерлік қабілетімен байланысты, айталық, төменгі 
сыныптарда оқушылар жады арқылы ойланса, жеткіншектердің жады ойлау 
арқылы қалыптасады.
Осы жас кезеңіне тəн ойлау үдерісі теориялық бағытта дамитындығын 
ескерсек, жеткіншек жаңа сөздердің мəні, тіл жүйесіндегі орны, оны 
меңгерудің, қолданысқа түсірудің маңызы туралы теориялық тұрғыдан ойлап, 
соның нəтижесін практика жүзінде пайдаға асырады. Осымен байланысты 
біздің тарапымыздан ұсынылған оқу бағдарламасында жаңа сөздерге қатысты 
теориялық білім мен практикалық жаттығулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Жоғары мектеп сатысында жеткіншектерге жаңа сөздерді меңгертуде 
олардың тұлғалық дамуындағы ерекшеліктерді ескеру керек. Оқушы – жеке 
тұлға. Психологияда оқушы тұлғасының кескінін жасау бағыттылық 
мəселесімен байланысты. Бағыттылық мəселесінің жаңа сөздерді меңгертудегі 
өзектілігі мынада: кез келген оқу үдерісінің нəтижелілігі бағыттың жəне 
бағыттаудың дұрыс болуымен байланысты. Бағыттау тұлға бағыттылығының 
нəтижесіне алып келеді жəне оқытудың дұрыс бағытын анықтау əр жас 
кезеңіндегі тұлғаның бағыттылығына қатысты мəселені нақтылаумен 
байланысты. Жеткіншек жасқа сəйкес тұлға бағыттылығы осы кезеңдегі 
адамның уəждер жүйесі, қажеттілігі, қызығушылығы, ұмтылысы сияқты 
категорияларды қамтиды.
Ғалымдардың көпшілігі тұлға мəселесінің өзегін оның бағыттылығымен 
байланыстырады. Тұлғаның бағыттылығы деген ұғымның өзіне əлі күнге дейін 
бірізді анықтама берілген жоқ. Соның ішінде кейбір ғалымдар бағыттылықтың 
негізі ретінде адамның өзара байланысты ұмтылысы мен түрткілер жүйесінен 
тұратын уəждемелік-қажеттілігін таниды.


102 
Мəселен, Л.С. Выготский: «Психологияда жас ерекшелігін түсіндіретін 
кілт бағыттылық мəселесінде, яғни адамның мінез-құлқын анықтайтын негізгі 
кезеңдердегі əуестігі мен ұмытылысында жатыр» деп жазады [162, 6]. 
С.Л. Рубинштейн тұлғаның бағыттылығын адам əрекетін анықтайтын 
динамикалық басым үрдістер (уəждер) жүйесі ретінде қарастырады. Оның 
пайымдауынша, жан-жақты іс-əрекетке түрткі болатын уəждер оның мақсаты 
арқылы анықталады жəне іс-əрекет үдерісінде жаңа мазмұнмен толығып, 
өзгеріп отырады [163].
Өткен ғасырдың орта тұсында ғалым В.С. Мерлин бағыттылық тұлғаның 
əлеуметтік жəне адамгершілік құндылықтарын құрайды деп көрсеткен болатын. 
Сондай-ақ ол бағыттылықты өмірлік түрлі нақты жағдаяттардағы адам 
əрекетінің жалпы бағытын анықтайтын психикалық қасиеттер деп түсіндіреді. 
Белгілі психолог А.Н. Леонтьев тұлғаның уəждемелік өрісін қарастыра отырып: 
«Тұлға құрылымы – басты, өз ішінде иерархияланған уəждемелік сызықтың 
тұрақты кескіндемесі» – дейді [164, 24].
Жеткіншек тұлғасының бағыттылық мəселесін зерделеуге айтарлықтай 
үлес қосқан Л.И. Божовичтің пікірі де осыған келіп саяды. Ғалымның 
пікірінше, бағыттылық жеткіншек тұлғасының тұтас құрылымын анықтайды 
жəне бағыттылықтың негізінде жеткіншектің өмір сүру барысында жəне 
тəрбиеленуінде пайда болатын тұрақты басым уəждер жүйесі жатыр. Бұл ретте 
негізгі, жетекші уəждер қалғандарын өзіне бағындыра отырып, жеткіншектің 
уəждемелік өрісін сипаттайды. Уəждердің осындай иерархиялық жүйесі 
жеткіншек тұлғасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Адамның тұлғалық 
бағыттылығының көпжақты сипаты өмірдің түрлі салаларында жəне дамудың 
түрлі сатыларындағы іс-əрекетінен көрініс тауып отырады. Л.И. Божович 
жеткіншек кезеңде сана-сезімнің күрделі формалары мен өзін-өзі таныту жəне 
өзін-өзі тəрбиелеу қажеттілігі туындайды деп көрсетеді [165].
Қазақ ғалымы Қ. Сейталиев жеке тұлғаның негізгі сипаты оның 
бағыттылығымен байланысты екенін айта отырып, бағыттылық ұмтылыстан
уəждерден, қызығушылықтан, қажеттіліктен тұрады дейді [161, 96-98]. 
Демек, жеткіншек тұлғасы – психикалық дамудың белгілі бір деңгейіне 
жеткен адам, бұл ретте ол өзінің мінез-құлқы мен іс-əрекетін жəне белгілі бір 
деңгейде өзінің психикалық дамуын басқаруға қабілетті болады. Тұлға ретінде 
танылатын жеткіншекте психикалық үдерістер мен қасиеттер белгілі 
құрылымды иеленеді, ал ол құрылымның орталығы тұрақты басым уəждер 
жиынтығы ретіндегі тұлғаның бағыттылығы болып табылады. Уəждің 
тұрақтылығын қамтамасыз ететін қажеттіліктер мен қызығушылықтар, мақсат 
пен белсенділік.
Жоғарыда 
келтірілген 
ғылыми 
тұжырымдардың 
негізінде 
осы 
категориялардың жаңа сөздерді меңгертудегі ерекшеліктеріне тоқталайық. 
Жаңа сөздерді меңгерту үдерісін жүзеге асыру үшін жеткіншек кезеңнің 
таңдалу 
себептерінің 
бірі 
– 
тұлға 
бағыттылығының 
көрсетілген 
компоненттеріне тəн тұрақтылық белгісі. Жаңа сөздердің тұлға бағыттылығын 
қалыптастырудағы рөлі бағыттылыққа тəн компоненттердің сипатына тəуелді.


103 
Ең алдымен қажеттілік, бұл – адамның бір нəрсеге мұқтаждығы, адамға 
материалдық немесе рухани бір нəрсенің жетіспеуінен, оның белгілі бір нəрсеге 
қанағаттанбауынан қажеттілік туындайды. Рухани қажеттілік – өзін-өзі 
дамытудағы, өзін-өзі құрметтеудегі, дүниені танудағы адамның мұқтаждығы. 
Адам өмірінің түрлі салаларындағы даму оның сөйлеу тіліне жаңа ұғымдарды, 
соған сəйкес жаңа атауларды əкеледі. Қандай да бір нəрсе ойлап табылса 
немесе құрастырылса, басқаша айтқанда адам өміріне тыңнан бір нəрсе 
қосылса, оған атау беріледі. Тіпті əр адамның дүниеге келген сəтінде иемденген 
есімі бар. Бұл – адам үшін басты қажеттіліктердің бірі. Дəл сол сияқты дамудың 
көрінісі ретінде тілде де жаңа атаулар қажеттіліктен туындайды. Ал сол тілді 
тұтынушылар тарапынан тілдегі жаңа сөздерді меңгеру, сөйлеу тілінде 
тұрақтандыру қарым-қатынас қажеттілігін өтейді. Бұл ретте жоғары мектеп 
сатысындағы оқушы жаңа сөздің тұтас тілдік қауымдастық үшін жəне ұлт тілі 
үшін қажеттілігі мен қарым-қатынастағы қажеттілігі арасындағы байланысты 
түсінуге қабілетті. Сондай-ақ жеткіншек кезеңде оқушы өзінің тұтас тілдік 
тұлғасын қалыптастырудың маңызды тетігі ретінде жəне өз тілінің болашағы 
үшін жауапты қоғам мүшесі ретінде жаңа сөздерді меңгерудің қажет екенін 
саналы түрде түсінеді. Бұл қазір елімізде жүргізіліп отырған тіл саясатының 
маңызды 
тармақтарының 
бірі 
болуымен, 
қазақыландыру 
үрдісінің 
басымдығымен, тілдік білімнің тұтас білім жүйесінде алатын орнымен 
байланысты. Бұның ғылыми дəлелі жаңа сөздерді меңгертуге бағыттылған 
таңдау пəнінің оқу бағдарламасындағы білім мазмұнында қамтылған 
тақырыптардың барлығында дерлік қарастырылады. Мəселен, «Қазақ тілінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет