-
Барлық Банктік операциялар Банк пен Клиент арасында жасалған шарттардың (егер шарт жасауды талап етсе) негізінде Банктің ішкі құжаттары мен ҚР заңнамасы белгілеген тәртіпте жүзеге асады.
-
Банк операцияларды жүргізгені үшін Клиенттерден Банктің өкілетті органы бекіткен қолданыстағы Тарифтерге сәйкес комиссияны алады (толығырақ. Осы Ереженің «Банктік операцияларды жүргізуге арналған тарифтері мен мөлшерлемелері» 19 тарауын қара). Банк орталық кеңседе және филиалдарда, танысу мен шолуға арналған қол жетімді орында, өзінің ғаламтор-ресурсында қолданыстағы тарифтер мен мөлшерлемелерге өзгерту енгізу мен бекіту мерзімі туралы нұсқамасы бар банктік қызметтерге арналған тарифтер мен мөлшерлемелер туралы өзекті ақпаратты және ішкі құжаттардың нөмірлері мен оларды бекіткен (қабылдаған) органды енгізеді.
-
Банкке банктік қызметтерді ұсынғанда:
- Клиентке банктік қызметтерді ұсыну туралы шартты жасағанға дейін төменгілерді ұсынады:
- банктік қызметтерді ұсыну (өтінішті беру қажеттілігінде) туралы өтініш бойынша шешімді қабылдау мерзімі, тарифтер мен мөлшерлемелер туралы ақпаратты;
- банктік қызметтерді ұсыну туралы шарт жасағаны үшін қажетті құжаттардың тізімі мен банктік қызметтің ұсыну талаптары туралы ақпарат;
- банктік қызметтерді ұсыну туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Клиенттің тәуекелді мүмкіндігі мен жауапкершілігі туралы ақпаратты;
- Клиенттің пайда болған мәселелері бойынша кеңес беру;
- Клиенттің қалауы бойынша - банктік қызметтерді ұсыну туралы шартқа сәйкес үлгілік формасының көшірмесі;
- Ереже белгілеген мерзімдерде банктік қызметтерді ұсыну туралы Клиенттің өтініші қаралады (өтінішті беру қажеттілігінде);
- банктік қызметтерді ұсыну туралы шартқа қол қойғанға дейін, Клиентке оның
талаптарымен танысуға қажетті уақыт береді;
- банктік омбудсманға (ипотекалық қарыз бойынша), өкілетті органға немесе сотқа;
- Банкте алатын банк қызметтері бойынша туындаған даулы жағдайларда оның айту
құқығы туралы Клиентке хабарлайды. Осы мақсатта Клиентке банктік омбудсман және
Өкілетті органы, Банк ғаламтор-ресурстары мен элетронды мекен-жайлары, пошта,
тұратын мекенжайы туралы ақпараттар ұсынылады;
- қаржы есебінің көзін енгізу туралы және басқа Банктің ақпараттарын сауал бойынша
Клиентке хабарлайды;
- Клиентке ұсынылған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
3.4. Егер басқалары осы Ережеде айтылмаса, Банк жеке тұлғалар 18 (Он сегiз) жасқа толған кезде банктік операцияларды жүзеге асыра алады.
3.5. Банкпен ерекше қарым-қатынастарымен байланысты тұлғалардың мәмілелері «Альфа-Банк» ЕБ АҚ ерекше қарым-қатынастарымен байланысты тұлғалармен мәмілені бақылау және жасау бойынша Ережелер» және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
4.1. Банк келесі банктік шоттарды ашады және жүргізеді:
-
Банктік операциялардың жеке түрін жүзеге асыратын мекемелер мен банктердің корреспонденттік шоттары;
-
Жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары (сонымен қатар, төлем карточкаларын қолданумен жүзеге асатын операциялар);
-
Жеке және заңды тұлғалардың жинақ шоттары (салымдары);
4.2. Жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу Банктің ішкі қалыпты құжаттарына сәйкес бекітілген Қалыпты үлгі шарттарының негізінде жүзеге асады.
4.3. Клиент шотты ашқан кезде Банкке Банктің ішкі нормативтік құжаттары мен ҚР заңнамасы белгілеген құжаттардың пакетін ұсынады.
-
14 жасқа толған жеке тұлғаларға Банктік шоттар ашылады.
4.5. Банк салық органдарына ҚР салық заңнамасының талаптарына сәйкес заңды тұлғаға, оған қоса бейрезидент, оның құрылымдық бөлімшелерінің, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұратын жеке тұлғаға, жеке нотриус, жеке сот орындаушысы, адвокат, азаматтығы жоқ тұлғаға банктік шоттың ашылғаны туралы ескертеді, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарудың қамтамасыз етілуі болып табылатын активтер, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін және инвестициялық қор активтерін сақтауға арналған банктік шоттардан, заңды тұлға-бейрезиденттердің, шет елдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақтаушы шоттары және (немесе) шет ел респондеттерінің, корреспонденттерінің шоттарынан басқа.
4.6. Банктік шоттарының болуы мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
-
ақшаны қолма-қолсыз ақшасыз айырбастау;
-
қолма-қол ақшаны алу мен есептеу бойынша кассалық операциялар;
-
шет ел және ұлттық валютадағы аударымдар мен төлемдер;
-
расталған құжаттарды алумен банктік шоттағы ақша қалдығының жеткілікті Банктің комиссиясын акцептсіз тәртіпте қолма-қол ақшасыз алу мүмкіндігі.
4.7. Клиенттің таңдауы бойынша жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттары ұлттық валюта сияқты, шетел валютасында ашылуы мүмкін (АҚШ доллары, евро және Банк келісімі бойынша басқа валюталар).
4.8. Жеке кәсіпкерлер заңды тұлғалардың шот тәртібімен банктік шоттарды ала алады.
4.9. Банктегі жеке және заңды тұлғалардың ашатын банктік шоттарының мөлшері, сондай-ақ Кленттердің ағымдағы шот бойынша ең жоғарғы қалдық шектелмейді, егер АПБК басқаларын белгілемесе, жинақ шоты бойынша 100 000 000 (Жүз миллион) теңге сомасындағы баламамен шектеледі.
4.10. Жинақ шоты оларға салым салу үшін арналған (депозиттер). Салым бойынша өнімдер үш негізгі топқа бөлінеді:
-
Банкке салым салуға уақытша еркін қаражаттары бар заңды тұлғаларға ұсынылатын өнімдер;
-
Олардың ҚР заңнамасын орындау мақсатымен, қызметтері ҚР аумағында арнайы салымдарды салуды болжайтын Клиенттерге ұсынатын өнімдер;
-
Жеке тұлғаларға ұсынылатын өнімдер.
4.11. Жеке тұлғалардың Банкке егізген салымдары, ҚР заңнамасы белгілеген талаптар мен тәртіпте жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) нысаны болып табылады.
4.12. Банктік шоттарды ашу мен жүргізу, банктік шоттар бойынша операцияларды жүргізу үшін, Банк Клиенттен осы Ереженің № 3,4,5,11 Қосымшаларында белгіленген Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссияны алады.
Достарыңызбен бөлісу: |