Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-4
|
109932
|
148242
| С-О-5 |
83282
|
112430
| С-R-4 |
73288
|
99105
|
I. Астана қаласының прокуратурасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31, 8 қабат, 809 кабинет, анықтама үшін телефондар: 71-24-07, 71-24-16, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Астана қаласы прокуратурасы Аппаратының бас маманы – баспасөз хатшысы (С-О-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: прокуратура органдарының қызметі туралы халыққа ақпарат беру мақсатында прокуратура органдарының БАҚ-пен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және үйлестіру, прокуратураның имидждік бағдарламасын іске асыру бойынша қызметін жоспарлау, медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру, прокуратураның оң имиджін қалыптастыруға ықпал ететін PR-акцияларды (баспасөз конференциялары, брифингтер т.б.) өткізу, БАҚ-қа талдау және мониторинг жүргізу (өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы республикалық және өңірлік БАҚ-тағы жарияланымдарды, сондай-ақ олардың сын-ескертулерін зерделейді), қала прокуратурасының және төмен тұрған прокуратуралардың ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру, құқық түсіндіру қызметінің жай-күйін, оның өңірдегі заңдылыққа әсер ету деңгейін талдау, жұмыс тиімділігін арттырудың жолдарын іздестіру, имидждік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша статистикалық есептілікті жүргізу, қала прокуратурасы басшылығының баяндамаларын, сөздерін, сұхбаттарын, сондай-ақ ақпараттық материалдарды дайындау жұмысын ұйымдастыру, қызметкерлердің БАҚ-та (баспа, теле-радио және электронды) сұхбат беруін, жариялануын ұйымдастыру, БАҚ-та және ведомстволық интернет-сайтта орналастыру үшін баспасөз ақпараты мен ақпараттық хабарламаларын жасау, прокуратураның жедел қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы дер кезінде хабарлап отыру, мемлекеттік және ресми тілдегі нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ведомстволық бұйрықтарын бақылау күйінде ұстау арқылы заңнаманы жүйелеп отыру, төмен тұрған прокуратураларда көрсетілген жұмыстың жай-күйін тексеру, кітапхана жұмысын қамтамасыз ету, қорда бар кітаптардың есебін жүргізу, кітапхананы жаңа заңгерлік әдебиетпен толықтыру бойынша шаралар қабылдау, заңгерлік әдебиетке, мерзімдік және ақпараттық басылымдарға, газеттер мен журналдарға жазылу үшін тапсырыстарды рәсімдеу, прокуратура қызметкерлеріне заң әдебиеттерін, нормативтік құқықтық актілерді беру, мерзімді басылымдармен библиографиялық жұмыс жүргізу; -Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында көзделген міндетті талаптарды сақтау, прокуратура органдарының қолданыстағы заңнаманы жүйелеу және құқықтық талдау жұмысының жай-күйін, сондай-ақ қала прокуратурасы органдары имидждік бағдарламасының (PR компанияның) іске асырылуының жай-күйін тексеру және талдау. Төмен тұрған прокуратураларға практикалық көмек көрсету, қала прокуратурасы органдарының көрсетілген мәселелер бойынша оң тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ тарату және енгізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта кәсіптік (заңгер, журналист, филолог) білім рұқсат етіледі, мемлекеттік тілді білуі. Тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа міндетті білімі. Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
2. Астана қаласы прокуратурасы Аппаратының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: барлық кіріс және шығыс хат-хабарды қабылдау, есепке алу, жүйелеу, бастапқы өңдеу, сұрыптау және белгіленуі бойынша жіберу, электронды деректер базасына белгіленген нысанда тіркеу-бақылау карточкаларының тиісті бөлімдерін қалыптастыру және толтыру, олардың сақталуын және мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік экономикалық, педагогикалық немесе техникалық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда заңгерлік, экономикалық, педагогикалық немесе техникалық ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер (Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 25 ақпандағы №11 бұйрығымен бекітілген және одан кейінгі 2005 жылғы 16 мамырдағы, 2006 жылғы 29 мамырдағы толықтырулар мен өзгерістерімен бірге Қазақстан Республикасы прокуратура органдары мен мекемелерінде іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық, Үкіметтің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1570 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары). Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
3. Астана қаласы «Алматы» ауданы прокуратурасының бас маманы (С-R-4 санаты, 2 бірлік) (1 бос орын - негізгі қызметкердің баланы бағып күтуге арналған демалыс кезеңіне).
Функционалды міндеттері: прокуратурадағы барлық кіріс және шығыс хат-хабарды қабылдау, есепке алу, жүйелеу, бастапқы өңдеу, сұрыптау және белгіленуі бойынша жіберу, электронды деректер базасына белгіленген нысанда тіркеу-бақылау карточкаларының тиісті бөлімдерін қалыптастыру және толтыру, олардың сақталуын және мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік, экономикалық, педагогикалық немесе техникалық білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер (Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 25 ақпандағы №11 бұйрығымен бекітілген және одан кейінгі 2005 жылғы 16 мамырдағы, 2006 жылғы 29 мамырдағы толықтырулар мен өзгерістерімен бірге Қазақстан Республикасы прокуратура органдары мен мекемелерінде іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық, Үкіметтің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1570 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары). Компьютердегі Word, Excel, e-mail, internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі жөн.
II. Көлік комитетінің «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы», 010000, Астана қаласы, Ақжол көшесі 28, телефон анықтама үшін телефоны: 8 (7172) 54-61-34, e-mail: ktk.ast@mid.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Бухгалтерлік есеп және қаржы жұмыс бөлімі басшысы «С-О-4» санаты 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды, оның жұмысын жоспарлайды. Бөлім құзыретіне кіретін міндеттердің орындаулына жеке жауап береді. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Инспекцияның қаржы-шаруашылық жұмысының қаржы және бухгалтерлік есебін жүргізіп, ұйымдастырады. Бюджеттік қаражаттың мақсат бойынша игерілуіне, сондай-ақ бюджеттік қаражаттың шығынның экономикалық классификациялық құрылымдық ерекшелігіне сейкес игерілуіне, штаттық, сметалық, қаржылық және кассалық тәртіптердің сақталуына, материалдық заттардың қозғалысына, негізгі құралдар мен есептерді түгендеуді жүргізуге, мөртаңбаның, мөрдің Инспекцияның бөлімдеріне берілуіне және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолданылуына бақылау жасайды. Өзінің жұмысын қолданыстағы заңнамалық, нормативтік актілерге сәйкес жасайды: қызмет, жұмыс, негізгі құралдар қозғалысын, АТЗ (МБП), жалпы материалдар жеткізушілерімен және есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебін жүргізеді, тауар-материалдық құндылықтарды түгендейді және есептен шығарады, статистикалық, салық және басқа да атқарылатын жұмыс бойынша есептерді әзірлейді, Инспекция қызметкерлеріне жалақыны есептеп жазады, қатаң есептегі бланктердің, міндетті зейнетақы жинақтаудың есебін жүргізеді, Бас кітапты жүргізеді, жылжыту бойынша ҚР ИДМ Көлік комитеті мен Қазынашылық органдарымен жұмыс жасайды. Бухгалтерлік және статистикалық есепті белгіленген мерзімде ұсынады, нақты бухгалтерлік есепті (балансты) әзірлеп, ұсынады. Инспекцияның құжаттарын жою мен мұрағатқа тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Инспекция мөртаңбасының, елтаңбалы мөрінің және қатаң есептегі бланктерінің сақталуына жауапты. Инспекция басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.
2. Құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімі бас маманы «С-О-5» санаты – 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Кадрлық жұмысты жүргізу – өндірістік, еңбек демалысы, іссапар туралы және жеке құрам бойынша бұйрықтарды әзірлейді, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді, сондай-ақ еңбек шарты бойынша жұмысшыларды қабылдау мен жұмыстан шығаруды ұйымдастырады, Т-2 нысандағы жеке карточкаларды жүргізеді, қызметкерлердің жеке істері мен еңбек кітапшаларын қалыптастырады және сақталуына жауапты, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жыл сайынғы жұмысын бағалау мен аттестациялаудан өткізудің мерзімдерін, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуын белгілейді және бақылайды, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жүргізу үшін материалдарды әзірлейді, жаңадан қабылданған қызметкерлерден ант қабылдауды ұйымдастырады, еңбек демалысы, кезекшілік кестелерін жасайды, кадрлардың құрамы мен ауысымы туралы тоқсандық, жылдық есептерді қалыптастырады, Инспекция қызметкерлерінің жұмыс уақытының есебін жүргізеді, әсекери есепке алу, салыстыру, әскери коммисариатқа тіркеу, жыл қорытындысы бойынша әскери міндеттілер бойынша есптілікті әзірлейді, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттуры, дайындау мен қайта даярлаудың жүргізілуіне, хаттамалық тапсырмалардың орындалуына, декларациялардың уақытылы тапсырылуына бақылау жасайды, хатшы ретінде тәртіптік, аттестациялық, сондай-ақ қызмет өтілін анықтау бойынша және құжаттарды жою бойынша комиссиялардың жұмысын жүргізеді, қызмтеттік тексеруді жүргізеді, мәжілістердің хаттамаларын әзірлейді.
Қызметтік куәліктердің дайындалуын, берілуін, қыбылдау мен жойылуын ұйымдастырады. Инспекцияның іс жүргізуін ұйымдастырып, бақылау жасайды, Инспекцияның істер номенклатурасын, іс жүргізу нұсқаулығын жұмыс регламентін, хат пен бұйрық блакілерін дайындайды және Астана қаласының мұрағатымен келіседі. Инспекция басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласындағы, құқық саласындағы жоғары білім.
3. Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маман «С-О-5» санаты 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының аумағындағы автомобиль жолдары желісінің сақталуын қатамасыз етілуне бақылау жасайды, Инспекцияның Ережесіне сәйкес автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының көлік, лицензиялау заңнамаларын, нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісімдердің жеке және заңды тұлғалармен сақталуына бақылау жасайды. Мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруге» транзиттік әлеуеттің қолданылуы туралы ақпаратты жинақтайды, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын есептейді, бекітілген нысанда есептілік құжаттар түріндегі жинақталған ақпараттың берілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады, Автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау жасайды, халықаралық қатынастағы тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын жылжымалы құрамға қойылған талаптарының тасымалдаушылар тарапынан сақталуына бақылау жасайды, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел тасымалдаушыларымен жасалынатын каботажды тасымалдауды анықтауды және алдын алуды жүзеге асырады, белгіленбеген өткізу бекеттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіру фактілерін анықтайды, рұқсат етілген салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн асырып, автоматтандырылған өлшеу жүйесі арқылы өткен автокөлік құралдарына бақылау жасайды, Кеден одағының сыртқы шекарасында берілген хабарландырулардың орындалуын тексереді, автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салады, ұстап, стационарлық көліктік бақылау бекеті жанындағы арнайы алаңдарда, тұрақтарда олардың уақытша сақталуы үшін жеткізеді, белгіленген тәртіппен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалын жасауға рұқсат куәлігін, автокөлік құралына рұқсат карточкаларының болуын тексереді. Көлік саласындағы (әуе көлігінен бөлек) шаруашылық субъектілерін тексереді, ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді.
Инспекция басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылым және технология саласындағы, құқық саласындағы, әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласындағы, қызмет саласындағы жоғары білім.
III. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» РММ 010000, Астана қаласы, Республика д-лы, 13, анықтама бойынша телефон/факс - 8 (7172) 21-19-50, электронды адрес: iic_astana@mail.ru «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы рұқсат беру құжаттары бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, 1- бірлік).
Функционалды міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, қызмет бабындағы нұсқаулыққа сәйкес бөлім қызметшілер арасында міндеттерді бөлу, бөлім қызметшілерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Бөлім туралы ережені әзірлеу, радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау, сондай-ақ оның тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы аймағында электронды құжат алмасу жүйесін құру және ақпараттандыруды дамыту мен ақпараттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен басқада мекемелік қарасты ұйымдарда қызметін жүзеге асыру мен жоғары жиілікті құрылғылар мен радиоэлектрондық құралдарды тіркеу және байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын беру және дайындау барысына қатысу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технология саласында (ақпараттық жүйе, автоматтандыру және басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникация) жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
IV. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есілдің оң жағалауы, Иманов көшесі 19, анықтама үшін телефондары 8 (7172) 78-74-65 78-74-63, электрондық пошта мекен-жайы: p.kkmfdastana@mzsr.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуғамемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.
Функциялы міндеттері: Жалпы басқару және бөлімнің медициналық қызметтер саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық қызмет көрсету бойынша жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Ұйымдастырушылық жұмыстарды және ақпараттық-техникалық қамтатамасыздандыруды бақылау. Денсаулық сақтау саласында аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау мәселелері бойынша қызмет көрсету. Құзіреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.Бөлім қызметшілерінің қызметін бақылау, қызметшілер атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз ету, мамандарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Бөлім қызметкерлерін мадақтау және оларға тәртіптік жауаптылыққа тарту, сондай-ақ оларды жылжыту туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім;денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, стоматология).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |