Жұмыс бағдарламасы «Қазақстанның Қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата02.01.2022
өлшемі346.91 Kb.
#454099
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
f7cee3386af5b3fd39c106a75a0d5a7c



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІ 

 

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ  

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік емтиханның жұмыс бағдарламасы 

 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ» 

 

 

Қазақстан Республикасы ЖОО-ның қоғамдық-гуманитарлық 

мамандықтарының студенттеріне арналған  

 

 

 

 

Құрастырушы: т.ғ.к., профессор Кәдірқұлова Г.Қ.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2018 


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ 

 

көлемі 3 кредит  

 

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 

Курстың мәні.  

Қазақстан  қазіргі  заман  әлеуметтік  кеңістікте  және  әлемдік  тарихтың 

уақыт  межесінде  өз  орнын  айқындауды  көздейді.  Қазақстандық  қоғамда 

тарихи  сананы  жаңғырту,  өзіндік  ұлттық  бірегейлік  пен мәдени  тұтастықты 

қалыптастыру,  болашақ  дамудың  рухани  бағдарын  анықтау  еліміздің  ішкі 

дамуындағы  маңызды  көрсеткіш.  Тәуелсіз  Қазақстанның  саяси  жүйесінің 

жаңаруын,    зияткерлік  қоғамның  жасампаз  тұлғасын  қалыптастыру  және 

ұлттық  тарихтың  жаңа  белестерін  зерттеуде  тарихи  сабақтастықтың  болуы 

заңдылық.  Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы  Қазақстан  Республикасы 

аумағында    өмір  сүрген,  қазірде  өмір  сүріп  жатқан  қазақ  және  басқа  да 

халықтардың  тарихы  және  бүкіл  адамзат  тарихының  құрамдас бір  бөлімі. 

Өйткені  ол  Еуразия    және  Орталық  Азия  елдері  тарихымен  тығыз 

байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заман тарихы – Ұлы Далада  

ХХ  ғасырдан  бастап    бүгінгі  күнге  дейін  орын  алған  тарихи  оқиғаларды, 

құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша 

отырып,    оларды  тығыз  байланыста  тұтас  қарастыратын  пән.  ХХ  ғасыр  қазақ 

халқының  тарихи  тағдырында  өте  маңызды  кезеңдердің  бірі.  Өйткені,  қазақ 

қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде 

пайда  болды.  ХХ  ғасыр  қайшылықтарға  толы  көптеген  саяси-әлеуметтік 

бетбұрыстар  мен  мәдени  төңкерістердің,    дүниежүзілік  соғыстардың,  

экономикалық  өзгерістердің  орын  алған  кезеңі  болғандықтан  және  бүгінгі 

күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу 

қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет