Алғыс айту күнін мерекелеу аясындағы «Ұстаз сізге мың алғыс!»



Дата22.02.2023
өлшемі28.45 Kb.
#469919
«Ұстаз сізге мың алғыс!» атты дөңгелек үстел


Алғыс айту күнін мерекелеу аясындағы
«Ұстаз сізге мың алғыс!» атты дөңгелек үстел
1.. Орманбетов Кіріспе Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімгерлер.
Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Осы алғыс айту күніне орай «Ұстаз сізге мың алғыс!» атты дөңгелек үстел
өткізіп отырмыз.
Мақсаты: Білімгерлерге Ұстаз Айтбай Жапарұлы Рақымбеков өмір, еңбек жолын негізінде Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.


Қонақтар М С. М. иии таныстыру

Білімгер:


«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілі, жүрегі ардагер ұстазымыз ортамызда Айтбай Жапарұлы Рақымбеков отыр.


Бейне ролик
Білімгер:
Рахымбеков Айтбай Жапарович Рахымбеков Айтбай Жапарұлы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Техникалық ғылымдар жоғарғы мектебінің ф-м.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессоры, Балтық Педагогикалық Академиясының мүше-корреспонденті.
Рахымбеков Айтбай Жапарұлы 1953 жылы 14 маусымда Алматы облысы, Гвардия ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Қаспан орта мектебін үздік бітіріп, Д.И.Менделеев атындағы Москва химия-технологиялық институтына түсіп, денсаулығына байланысты Қазақ химия-технологиялық институтына ауысып, оны 1977 жылы «Электрохимиялық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша тәмәмдап, «Инженер-химик» квалификациясы бойынша үздік бітіріп шықты. 1986 жылы Ленинград қаласындағы Ресей ғылым академиясының А.Ф.Иоффе атындағы физико-техникалық институтында 01.04.10 «Жартылай өткізгіштер және диэлектриктер физикасы» мамандығы бойынша «Жартылай өткізгіштердегі оттегі құрамын қатты тотықты супериондық өткізгіштермен басқару» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, Талдықорған педагогикалық институтының жалпы физика кафедрасының аға оқытушы қызметіне алынды.
А.Ж. Рахымбеков 1990–1995 жылдары жалпы физика кафедрасының меңгерушісі қызметіне сайланды, осы уақытта оның басшылығымен физика-математика факультетінде алғаш рет ғылыми-зерттеу зертханасы ұйымдастырылып, жаңа ғылыми «Қатты тотықты суперионды өткізгіштерді зерттеу», «Металл-жартылай өткізгіштегі фазалық алмасу құбылысын зерттеу» бағыттарында жұмыстарды тез дамытып, Республикалық мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын грантын жеңіп алды. Кафедраның халықаралық ғылыми байланыстары Ресейдегі Москва, Ленинград қалаларының әйгілі жоғарғы оқу орындарымен, А.Ф. Иоффе атындағы физико-техникалық институтымен тығыз дамып көтерілді, өзінің ғылыми жетекшісі Ресей ғылым академиясының академигі, Нобель сыйлығының лауреаты, Ж.И. Алферов, академик Б.П. Захарченя, профессорлар М.В.Ведерников, Ю.М. Гербштейн, Н.Е. Тимощенко сияқты ғалымдар шақырылып, біздің білімгерлерге арнап дәрістер оқылды. Жалпы физика кафедрасына А.Ж. Рахымбековтың ықпалымен «Молекулалық», «Электродинамика», ғылыми-зерттеу зертханаларына алғашқы рет электрондық зерттегіш құралдар, вакуумдық технология бойынша арнайы жартылай өткізгіш қабыршықтар алатын Беларусиядан күрделі тұрғылар ВУП-5 алынып, оқу үрдісіне енгізілді.
Айтбай Жапарұлы 1996–1997 жылдары физика – математика факультетінің деканы болып сайланды, осы уақытта факультеттегі шаруашылық келісім шарттар бойынша атқарылатын, өз-өзін қаржыландыратын ғылыми жұмыстар тез дамыды.
Рахымбеков Айтбай Жапарұлы қазіргі уақытта І.Жансүгүров атындағы ЖУ-нің Техникалық ғылымдар жоғарғы мектебінің доценті (қауымдастырылған профессоры), Ресей жаратылыстану академиясының құрметті ғылым докторы, профессоры, Балтық педагогикалық академиясының мүше-корреспонденті.

За заслуги в научно-образовательном процессе имеет достижения:



  • Нагрудной знак им.И.Алтынсарина, МОН РК, Астана, 2012г.

  • «Заслуженный деятель науки и техники», Россия, Москва, РАЕ, 2015г.

  • Медаль им.Вильгельма Лейбница, Россия, Москва, РАЕ, 2014г.

  • Медаль им.Ньютона, Россия, Москва , РАЕ , 2017г.

  • «Почетный гражданин» Кербулакского района, Алматинской области, 2016г.

Его научные труды составляют свыше двухста публикации, широко известны и опубликованы зарубежом, СНГ, РК, имеет авторское свидетельство за изобретение «Вакуум плотное соединение», которое внедрено в производство.
Образцовый семьянин, любящий муж, отец и дед своих внуков:
- жена Рахымбекова Назигуль, провизор, работает менеджером фармацевтической компании;
- старший сын Арнур, к.э.н., госслужащий, живет и работает в г.Астане, имеет троих детей Аружан, Асанали (оба учатся в школе на отлично увлекаются музыкой, играет как их Аташка на домбре и поют народные песни ,и маленький Алинур);
- младший сын Адиль тоже госслужащий, специалист по китайскому языку, семейный, живет и работает в г.Астане.
Ерең еңбегі үшін медаль 2022 жыл 14 қазан

Естелік Серік Муйірханұлы


Домбра ССМ домбра студент


МММ
Шәкіртері




Ответное слово напутствие АЖР


Болат Арнау


Қорытынды: 
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы. 
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың 
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын 
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, 
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын
Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбегіңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет