Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ӘОЖ 37.01:347.167:78:329.78
АЛИБЕКОВ ДАРХАН НУРМАНОВИЧ
Дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастарудың педагогикалық шарттары
6М010300 - педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент Р.Т.Игенбаева
Қызылорда, 2012 ж.
М А З М Ұ Н Ы
|
КІРІСІПЕ......................................................................................
|
3
|
1.
|
ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТ-ЖАСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................
|
8
|
1.1.
|
Ұлттық дүниетаным ұғымының сипаттамасы ..............................
|
8
|
1.2.
|
Дәстүрлі музыкалық өнердің ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы маңызы...............................................................
|
27
|
1.3.
|
Дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студенттердің ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық
шарттар жүйесі .................................................................................
|
51
|
2.
|
ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТ-ЖАСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ .............................................
|
62
|
2.1.
|
Дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдары
|
62
|
3.
|
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................
|
77
|
4.
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................
|
79
|
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда қоғамдағы өзгерістер, үздіксіз білім беру жүйесінің ұлттық моделін жасауға деген ұмтылыс ұлттық құндылықтарды терең зерттеуге мүмкіндік жасауда. Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік-саяси ахуал өткенімізге оң баға беруге, тарих шежіресінде қордаланып жатқан ізгіліктерді, халық зердесін жас ұрпаққа жеткізуді міндеттейді. Осындай игілікті міндетті шешу, тарих беттерінде ашылмай қалған құндылықтарды қаймағын бұзбай жеткіншектерге жеткізу - адами борыш. Ұрпақ алдындағы аталмыш борышты өтеу әсіресе тәлім-тәрбиенің кілтін қолға алып жүрген педагогтарға тікелей қатысты.
Тәуелсіз елімізде жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне пайдаланудың маңызы зор.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» деп атап көрсетті [1]. Осыған орай, қазіргі студент-жастардың бойында ұлттық құндылықтарды, студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Ұлттық дүниетанымды игеру - қазақтың өзіне ғана тән мінезі, жүріс-тұрысы, салт-санасы, дәстүрі ұлттың тәрбие нысандарын игеру болып табылады. Қазақтың қадір-қасиеттері, дүниетанымы оның рухани тұтастығының, ұлттық болмысының негізгі қайнар көзі болып саналады. Жалпы, ұлттық дүниетанымның қалыптасуында тарих пен әлеуметтік тәжірибенің ықпалы зор. Ұлттық мәдениет пен ұлттық философия ұлттық дүниетанымның рухани және әлеуметтік негізі. Әрбір халық тарихи даму кезеңінде өз болмысын ойлау жүйесі мен дүниетанымы арқылы зерделейді. Ұлттық дүниетаным сіресіп қатып қалған ұғым емес, ол халықтың өмір салтының бағдаршамы. Адамдардың нақты қоғамдық қатынаста қалыптасатын ойлау жүйесі, ойлау салтының рухани жемісі, әдет-ғұрыптары мен діни көзқарастары, әсіресе, олардың санасында берік орын алған ақпараттық өріс ұлттық дүниетанымның қалыптасуы мен дамуына әрі өзгеруіне айрықша зор ықпал етеді. Рухы биік, күшті елдердің қашан да бағы сөнбеген, ұлттың рухын сақтап қалған ел ғана өз ерлерін қорлатпайды, қорламайды, қорғайды және олардың ұлттық қадір-қасиеттері шыңдалған үстіне шыңдала береді. Қазіргі таңда жаћандану үдерісінің жастар тәрбиесіне тигізіп жатқан кереғар әсері ұлттық рух, ұлттық дүниетаным мәселесіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені, адамның руханилығынан туындаған жеке тұлғалық болмысының толыққандылығы және саналанып, саралағандығы адамгершіліктің, тәрбиеліктің көзі, іске асырушысы болып табылады. Осындай жағдайда кешегі замандағы тоталитаризм жүйесі кезеңінде адамның жеке қасиеті мен шығармашылық қасиеттері арасындағы байланыстың үзіліп, адамның жеке тұлға ретіндегі кісілік қасиеттері қарастырылмай кеткендігін атап өтуіміз қажет. Себебі, адам, шамасы келгенше, өткен кезеңдер тәжірибесін жинақтап, сұрыптап, оның рухын өз бойына сіңіруге тырысады. Сол себептен де адам бойында, оның кісілік болмысында, сана сезімінде қазіргі рухани мәдениетіміздің кейбір формалары мен өткен кезең мәдениетінің көріністері, бейнелері ұшырасады. Кей жағдайларда олардың арасында қайшылықтар болып қалуы мүмкін, мұндай кездерде ол кедергілерді адамның дүниетанымдық мүмкіндігіне, мұраттарына, кісілік қасиеттеріне байланысты жеңуге болады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу адамды рухани байытады. Өткен кезең мәдениетінің інжу-маржанын өз бойына сіңіре алмаған, одан рухани нәр ала алмаған жас буын бүгінгі заман ағымына ілесіп, өзіне сай ерекшелік дәрежесіне еркін жете алмайды.
Бүгінгі таңда ұлттық дүниетанымды толық зерттемей және жастар тәрбиесінде жан-жақты әрі толыққанды пайдаланбай рухани үйлесімде жетілген ұлтжанды заманауи жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отырып, өз халқының ұлттық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Мұндай жағдай негізге алынған жағдайда ғана адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан парасатты тұлғаны тәрбиелеу мүмкін болады.
Әр халықтың ұлттық мәдениеті халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін, оның ішінде ұлттық мәдениетіміздің түбірі - дәстүрлі музыкалық өнер жайлы құндылықтарды жинақтап зерделеудің, оны жастар тәрбиесінде пайдаланудың маңызы зор.
Жастар тәрбиесінде дәстүрлі музыкалық өнерді пайдалану, оны ұлттық мәдени тұрғыда, дүниетанымдық мазмұнында пайдалану, студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру ғылыми-педагогикалық жүйелілікті талап етеді.
Философия ғылымында «дүниетаным», «таным» ұғымдары көптеген ғалымдардың зерттеулеріне арқау болған (Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков А. Қасабеков, М. Орынбеков, т.б.).
Танымдық іс-әрекет, оның студент-жастардың шығармашылығын арттырудағы ролі бірқатар психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде жан-жақты сипатталады (Ю.К. Бабанский, С.Л. Выготский, В.В. Давыдов, Л.В. Занков И.Я. Лернер, М.И. Махмудов, А.М.Матюшкин, П.И.Пидкасистый, М.Н. Скаткин, С.Т.Шацкий, т.б.).
Біздің зерттеу жұмысымызға тікелей негіз болған іргелі зерттеулер жүргізген қазақстандық ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Қ, Қожахметова, Р. Дүйсенбінова, Ж.Асанов, Қ. Бөлеев, К.Қ.Құнантаева, Н.Ә. Мыңжанов, Г.Меңлібекова, Ж.Ж. Наурызбай, Ә.Қ. Нұрғалиева, Ә. Табылдиев Д.Қ. Пошаевтардың еңбектерінің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |