«Алынбайтын протез дайындау техникасы»



бет4/4
Дата20.06.2016
өлшемі318.5 Kb.
#149223
түріСабақ
1   2   3   4

4.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды штампталған жасанды сауытты өңдеп, тегістеп, жылтырату, түрпілік материалдардың түрлері , қолдану көрсеткіштері және олардың маңыздылығын түсіндіру және оқыту.

  • тәрбиелік : Сауытты өңдеп,тегістеп, жылтырату. кезеңімен таныстыру, ағарту процесі кезінде ағартқыштармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, дұрыс, сауатты орындау керектігімен таныстыру.

  • дамыту : Сауыттар өңдеу процесі барысында қолданылатын түрпілік материалдардың қолдану көрсеткіштерін, қасиеттерін және өңдеу дағдыларын меңгеруді жетілдіру, дамыту , машықтану.

5.Оқыту әдісі: Пікірталас

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)



Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников»

(Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі 5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20мин(22%)

10.Жаңа сабақты түсіндіру. 40мин(44%)

Протездерді және аппараттарды ағартатын болған соң оның барлық бөліктерін жақсылап жонып жылтырату керек. Бұл өңдеудің мақсаты, тіс протездерінің сыртқы қабаттарын кедір-бұдырлардан тазартып тегістеу. Протез беті таза болса, материалдардың коррозияға тұрақтылығы артады. Ал егер тегіс болмаса, онда ол жерлерге тамақ қалдықтары мен микрооргонизмдердің жиналуына әкеледі, бұл-металдың коррозияға тұрақтылығын кемітедіжәне тістердің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Тіс протездерінің конструкциясы қаншалықты дұрыс болғанымен, егер ол нашар өңделген болса, онда аурудың протезге үйренуі қиындап, тамақ шайнауын ауырлатады. Протезді өңдеу және жылтырату үшін әр түрлі ұсақ түйіршікті қаттылығы жоғарғы заттар қолданылады, түрпілік немесе абразивті материалдар деп аталады.

Материалдарды түрпілермен өңдеу, оның құрамындағы әр түрлі орналасқан түйіршіктердің қарама-қарсы қозғалыс кезінде кесуіне байланысты. Түрпілік түйіршіктердің әрекеті олардың майдалылығына, орналасуына, құрамына және қасиетіне байланысты.

Өнеркәсіпте қолданыталын түрпілік материалдар табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді. Табиғи түрпілік материалдарға ұсақталған минералдар жатады. Олар алмас, корунд, зымпыра, гранат, бор және басқалар.

Әр түрлі ортопедтік аппараттар , осылардың ішіндегі тістердің, жақсүйектерінің және бет әлпетінің протездері олардың сыртқы беттерінің тегіс, жылтыр, жарқырап тұруы үшін, оладры ұқыпты түрде өңдеуі талап етеді. өңдеудің бұл түрі бұймның қолайлылығы және эстетикасымен қатар, аппаратың гигиенасын жақсартып, тіс протездерін тамақ қалдықтарымен тіс қақтарын жою жолын жеңілдетеді.



Электр моторларын қолданып өңдеп тегістеу. өңдеп тегістеуде қолданылатын моторлар үш топқа бөлінеді:

  1. Аспалы. Минутына 12000 айналымы және спираль атты ұзартқышы бар тіс техникалық лаборатория жиһазы. Спираль ұшына тағылған лаборатория ұщтықтарымен бірге қолданылады. әр түрлі жонатын материалдар ұштықтарға тағылады және өңдеп тегістеу іске асады. Аспалы моторларын іске қосу және ажырату аяқпен басатын педаль арқылы болады. Педальға түсетін аяқ күшінің шамасымен оның айналу жылдамдығын минутына 1000-нан 12000 дейін ауыстыруға болады.

Жонып-тегістеу ісі үшін ұштықтың ұшына тағылған материал «фрез» деп аталады. Жонылу қырларының өзгешелігіне қарай әр түрлі фрездер болады. Протез материалдарының қаттылығына қарай әр түрлі фрездер қолданылады.

  1. Микромоторлар. Микромоторлар айналым жылдамдықтары минутына 25000-40000 айналатын қондырғы. Микромотрдың құрамына ұштық кіреді. Микромоторлады қосатын тетіктер әртүрлі болып келеді. Жоғарғы жиіліктегі айналыста ұзақ уақыт жұмыс істегенде ысынбауы, ұштықтың ұшындағы фрездің айналуында дірілдемеуі оның артықщылығы болып табылады.

  2. Өңдегіш шлифмоторлар. Көпір тәрізді және доғалы протездерді дайындағанда, құю каналадарының кесуінде, металдарды жіңішкерткенде қолданылады. Айналым жылдамдығы 25000-40000 рет. Көп қолданылатын типтерде фрездің тағылған бөлігінде тұтқыш тағылып және мотордың жылдамдығы өзгерместен жұмыс істеуі керек.

Тіс технигінің көзіне немесе бетіне металл жаңқаларының шашырамауын қамтамасыз ететін қорғаныс орнатылмай жұмыс істеуге болмайды.

Протездерді жылтырату. Жылтырату дегеніміз, соңғы қалыңдыққа немесе протезді ең жіңішке деңгейге дейін жұқарту ісі болып табылады. Металл протездерді жылтырату пластмассадан жасалған протездерден өзгеше болады. Керамикадан жасалған тістерді жылтыратуға «зер (глазурь)» есімі берілген. Жылтырату ісіндегі негізгі мақсат протездің сыртқы беті тегістеліп жұқартылып, жылтырақ күйге келтіру. Протездерді өңдегенде ең қолайлысы – жылтырату шарық моторы.

Жылтырату ісіндегі қолданылатын жабдықтар.

  • Киіз, жүн немесе қылдан дайындаған, жұқартқышық әсері өте аз конус, цилиндр және диск түрінде болады. Тура ортасында моторға тағылатын тесігі болады.

  • Қара қыл щетка. Дөңгелек тақтайдың айналасында орналасады. әр түрлі диаметрде болады. Жалпақ беттерді жылтыратуға жалпақ щеткалар, ал енсіз болғанда конус түрінде болады.

  • Ақ қыл щетка. Қара щеткаға ұқсас, айырмашылығы жұмсақ. Жылтырату күші қара щеткаға салыстырған аз.

  • Мақта щетка. Жұмыр біліктің айналасында мақта жіптер бекітіледі. Жылтыратуда қолданылады.

  • Шүберектен жасалған щетка. Мақта жіптерінің орнына шүберек материал түрінде болады. Жалпақ беттерді жылтыратуға арналған.

11.Жаңа тақырыпты бекіту. 15мин(16%)

12.Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;

13.Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)

Н-1, бөлім -3,бет 126-127



Н-2, бөлім -5,бет 104-106

Қ-1, бөлім -7,бет 344-355

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет