Қалыптастырушы бағалауда дағдыларға басымдық беру функционалдық сауаттылық негізі Кулжанбекова Майя Байзаковна



бет1/5
Дата29.03.2024
өлшемі24.7 Kb.
#496890
түріСабақ
  1   2   3   4   5
20 НОМ Кулжанбекова Майя (8)


Қалыптастырушы бағалауда дағдыларға басымдық беру функционалдық сауаттылық негізі
Кулжанбекова Майя Байзаковна
20 негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазіргі таңда елдің ұлттық байлығының негізгі үлесін құрайтын адами әлеуеттің даму сапасын арттыру және тұлғаның нақты жағдайда әрекет етуге байланысты ұстанымдары зор маңызға ие. Сабақ барысында қолданылатын бағалау критерийлері оқушыға баға беруге; ұлттық құндылықты танытатын маңызды детальді анықтап, автордың көзқарасын айқындайтын идея туындата алуға; кейіпкерлердің көзқарастарындағы кереғарлық пен ұқсастықты ажыратып, өмірмен байланыстырып, сыни пікір айта алуға; креативтілікке төселдіреді. Бағалаудың тиімділігі бағалау рәсімдерін жан-жақты жоспарлау – бейімделген тапсырмалар құрастыру, жүйелі кері байланыс беру, оқушыларды ынталандырып, оқуға жұмылдыру болып табылады [1.4-б] Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс жасай отырып, мәселені тиімді шеше алу дағдыларын дамытады. Осыған орай, жұмыста оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі тану тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді қамтамасыз ететін критериалды бағалау жүйесінің бірі – қалыптастырушы бағалау жұмыстарының функционалдық сауаттылықта алатын орны қарастырылмақшы.
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшелігі оқу тапсырмаларының сипаттамасы ретіндегі дескриптормен ұсынылып, оқушылардың оқудағы жетістікке жету жолдарын қамтамасыз етеді. Критерийлер оқушының нені оқу керек екенін анықтайтын болса, дескрипторлар тапсырманы оқушылардың қалай орындау керек екенін қадам-қадаммен нақты көрсетеді. Сондай-ақ, дескрипторларда оқушы орындайтын жұмыстың қадамдары ғана емес, нақты мөлшері көрсетілетіндіктен, оны өлшем ретінде қарастырамыз. Мысалы, «Мәтіннен 1 негізгі ақпаратты, 2 қосымша ақпаратты анықтайды» десек, онда сандық көрсеткіштер оқушыға қойылатын талапқа нақтылық сипат береді.
Қалыптастырушы бағалау қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асады. Мысалы, төмендегі кестеде 7 –сыныптың қазақ тілі пәнінен тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру үшін қолданылатын жұмыс түрі ұсынылған. Сабақта қарастырылатын оқу мақсатына сай ойлау дағдыларының деңгейлеріне қарай бағалау критерийлері айқындалып, оны тиімді жүзеге асыру үшін дескрипторлар әзірленеді. Ол төмендегідей сипатта жүзеге асады:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет