Алкалоидтар µсімдік организмінде т‰зілетін, жоѓары биологиялыќ, к‰рделі табиѓи органикалыќ азот ќ±рамды ќосылыстар


ҚҰРАМЫНДА ЖҮРЕК ГЛИКОЗИДТЕРІ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР



бет16/52
Дата07.09.2022
өлшемі6.72 Mb.
#460403
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Фармакогнозия лекциялар

ҚҰРАМЫНДА ЖҮРЕК ГЛИКОЗИДТЕРІ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР
Жүрек /стероидты/ гликозидтер-табиғи күрделі органикалық қосылыстар. Олар циклопентанпергидрофенантрен туындылары болып табылады.

Лактонның кұрылысына қарай жүрек гликозидтер кардинолидтер және буфадиенолидтер деген екі топқа бөлінеді. Карденолидтердің молекула кұрылысында 17 көміртек атомының, қанықпаған бес мүшелі лактон сақинасы орналасқан.

Ал буфадиенолидтерде екі рет канықпаған алты мүшелі лактон шығыршығы болады.

Карденолидтердің стероидты ядросында орынбасарлары ретінде окси топшалар, ацил қалдық-тары, кето альдегид және карбоксил топтары, олар 10-шы көміртек атомы арқылы байланысады.
Қарапайым карденолидтердің молекуласында, мысалы канаригенин, ксизмалогенин, дигитоксигенин және узаригенинде 3-ші және 14-ші көміртек атомында кем болғанда екі гидроксил тобы орналасады. 3-ші көміртек атомында орналасқан окси топшасы көбінесе В-конфигурацияда сирек альфа-бағытталуында болады, ал С-14-ші ОН тобы әр уақытты В - жағдайда ол С - Д сақиналардың цис-орнына байланысты болып келеді.
Табиғи карденолидтердің гликозидтерінде қышқыл қалдықтары да болуы мүмкін. Мәселен, гиталоксигенин де құмырсқа, адигелинде изовалериан, олеандрогенинде сірке қышқылдардың бөліктері кездеседі.
Эпоксид топшалары тангиногенин, сарверогенин, инертогенин, лептогенин, адинеригенин, цербергенинде ұшырасады.
Өсімдіктерде карденолид қатарына жататын гликозидтердің құрамында қант компоненттері 3-ші көміртектің атомына гидроксил тобы арқылы жалғасады. Ең көп қанттар бестен аса болмайды, олар бір қатарда болып орналасады. Жүрек гликозидтердің бойында көбінесе ерекше көмірсулар кездеседі: 2-дезокси, -6-дезокси, 2,6-дидезокси қанттар және олардың метил туындылары. Олар дигитоксоза, бойвиноза, т.б.
Қазіргі кезде карденолидтердің құрамына кіретін 40-тан астам моносахаридтер белгілі.
Карденолидтер мен буфадиенолидтер кейбір өсімдіктерде кездеседі. 434 тұқымдасқа жататын гүлді өсімдіктерден жүрек гликозидтері 14-15 тұқымдастарында, 84 туысында және 300 түрлерінде табылған. Еліміздің 160 тұқымдастарында тек қана 9 тұқымдасында және 120 туысында табылып отыр. Өсімдіктерде көбінесе карденолидтер қатарына жататын қосындылар, ал буфанолидтер болса тек қана лалагүлдер (Jiliuceal), (теңіз пияз, бовиэм т.б. туыстарыңда), құрқашаштар (Jriduceal) тұқымдастарында ұшырасады.
Жануарларда буфадиенолидтер тобына жататын стероидты лактондар кездеседі. Құр-бақаны ерекше тері бездерінен шығатын сілекей сияқты сұйықтық медицинада ерте заманнан бері қолданылып келе жатыр. Оның құрамына буфадиенолидтер мен карденолидтер кіреді.
Стероидты лактоңдардың түрлі қасиеттері агликон химиялық құрылыс табиғатына байланысты: 1,17 көміртек атомындағы лактон сақинасының арнайы құрылысына және оның кеңістіктің бағытталуына, 2. стероидты ядросының құрылысына, 3. стероидты қанқасының орынбасарлар орналасуына және олардың кеңістіктің бағытталуына, 4. қант компоненттің табиғатына қарай.
Ресми медицинада қолданатын жүрек гликозидтердің 12 агликондары белгілі (адонитоксигенин, гитоксигенин, дигитоксигенин, дигоксигенин, дигинатигенин, олеандрогенин, периплогенин, строфантидин, канногенин, уабагенин, строфантидол, геллебригенин).
Алты агликонның құрылысында (гитоксигенин, дигитоксигенин, дигоксегенин, дигинатигенин, олеандрогенин, периплогенин), оныншы көміртегінде (С-10) метил радикалы болады, ал екі агликонда (строфантидол, уабагенин) С-10-да спиртті тобы орналасады, төрт агликонда (адонитоксигенин, строфантидин, канногенин, геллебригенин) С-10-да альдегид топшасы кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет