30-31-ФГЗ -3- 18 ПРАК . Құрамында алкалоидтар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Хинолизинді алкалоидтер.
Қалың жемісті софора шөбі – трава софоры толстоплодной – Herba
Sophorae pachycarpae
Қалың жемісті софора - Cофоры толстоплодная - Sophora pachycarpa
Бұршақтар тұқымдасы – семейство бобовые - Fabaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 60 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тармақты, жұпсыз қауырсында, 6-2 жұп ұзын-эллипс тәрізді, ұзындығы 15-20 мм жапырақшалардан тұрады. Гүлі өсімдіктің жоғары ұшында қалың шашақты гүл шоғырын құрайды. Жемістері қалың, түйреуіш тәрізді жоғары қарай орналасқан ашылмайтын бұршақтар, іскен кезінде қара түсті.
Таралуы. Орта Азия мен Қазақстанның шөлді және жартылай шөлейт аймағында өседі. Қазақстанда Қызыл-Орда, Батпақ- Дала Мойынқұм, Балхаш-Алакөл, Бытыс Тянь-Шань аймақтарында өседі. Таудың төменгі етектерінде құмды топырақтарда өседі.
Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba Sophorae pachycarpae) сабақтары мен жапырақтарын, софокарпин, матрин, пахкарпидин, софрамин, азософормин, габелин бөлініп алынған. Тамырларының фенолды қосылыстағы бояғыш заттар, ал тұқымдарынан 5,5% майлы майлар алынған.
Қолданылуы. Шөбінен алынған пахикарпин гидроиодид препараты (Pachycarpini hydroiodidum) акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде жатырдың тонусын көтеру арқылы оның бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтетін, эндертеринттерді, ганглиониттер мен миопатияны емдейді, бұл оның n- холинореактивті жүйелерді басып отыратын қасиетіне байланысты. Б тізімі.
Термопсис шөбі – трава термопсиса - Нerba Thermopsidis
Қандауыр термопсис - Термопсис ланцетный – Thermopsis lanceolata
Бұршақтар тұқымдасы – семейство бобовые - Fabaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 3,0 м көпжылдық шөптесін өсімдік. Тік өсетін сабағының сырты әжімді, ұзын ақ жабысыңқы түк басқан. Жапырағы кезекті, қысқа сағақты, сағанда үш жапырақтан орналасқан. Гүл тостағаншасы бұрыс, 5-тісті, жатаған түкті, гүл тәжі сары. Жемісі ұзындығы 5-6 см бұршақ, түк басқан, доғал пішіндес.
Таралуы. Қазақстан мен Сібірдің далалы және орманды далалы аймақтарында өседі. Қазақстанда Мұғалжар, Көкшетау, Ұлытау, Қарқаралы, Зайсан аудандарында кездеседі Далалы жерлерде, құмды жерлерде, өзен маңында, жол бойында егістіктерде өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |