ҚҰРАМЫНДА АЛКАЛОИДТАРЫ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР
Алкалоидтар өсімдіктердің организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азотты қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сол сілтілік қасиетіне байланысты арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас деген сөзден аталған. Бұл атауды 1819 жылы Меньер алғашқы рет XVIII ғасырдың аяғында француз фармацевттері анықтаған. 1892 жылы Функруа Цинхона қабығынан алкалоидтар жинағын алған, ал Боме 1797 жылы құрамында наркотин бар опииден «кристалды тұзды» бөліп алған. 1802 жылы Дерон наркотин мен морфиннен тұратын алкалоидтар қоспасын алды. 1804 жылы Сесьюмен опииден морфин алып, оның физикалық қасиеттерін зерттеген. Тек қана герман аптекарі Сертьюрнер 1806 жылы апиын құрамындағы алкалоид морфинді бөліп алып, оның ұйықтатқыш әсерін байқады. Ол 1810 жылы морфиннің табиғи негізін және оның қышқылдармен тұз түзетін қасиетін дәлелдеді.
Алкалоидтардың ашылуымен медицинада және химияда жаңа дәуір басталды. XIX ғасырдың басында барлық елдердің фармацевтері мен химиктері маңызды алкалоидтардың қатарын ашты.
Алкалоидтардың өсімдіктердегі сапалық және сандық анықтауын XIX ғасырда Юрьев университетінің профессоры Г. Драгендорф қызметкерлерімен өндеді. Елімізде алкалоидтар химиясының негізін академик А.П.Ореховтың басқаруымен алкалоид институты үлкен үлесін қосты. Ол өзінің шәкірттерімен бірге 1500-ден астам өсімдіктерді зерттеп, олардан 400-ден астам жаңа алкалоидтар тапты, оның ішінде белгілі құрылысты 120.
Құрамында азотты қарапайым қосылыстар мысалы: метиламин, үшметиламин және басқа қарапайым аминдер, сондай-ақ аминқышқылдары және олардың өнімдері, сілтілік қасиеті болса да алкалоид қатарына жатпайды.
Алкалоидтардың құрамына көміртегі, сутегі, азот, оттегі атомдары да кіреді. Қарапайым алкалоидтардың құрамында 10-ға дейін, ал күрделі алкалоидтардың құрамында 50-ден астам көміртегі атомдары болады.
Медицинада алкалоидтардың маңызы өте зор. Өткен ғасырдың белгілі фармакохимигі Е.А. Шацкий былай деген: «Темірдің ашылуы дүние жүзінің мәдениетіне қандай болса, осы жүз жылдықта алкалоидтардың ашылуы медицина үшін маңызы сондай». Мемлекеттік фармакопеяда 738 мақалалардың ішінде 83 мақала 11% алкалоидтарға арналған.
Қазіргі кезде өндірістік көлемде 100-ден астам алкалоидтар өндіріледі. Кейбір алкалоидтар синтез арқылы алынады: атропин, кофеин, эфедрин, теобромин, сальсолин т.б. Гликоалкалоидтардың негізінде жартылай синтезбен гормональды препараттар: прогестерон, преднизолон, кортизон, дигидрокортизон, үшамицинолон, деперзолон, флуметазон, синафлан, бетаметазон, дексаметазон т.б. шығарылады
Қазіргі уақытта 5000-нан астам алкалоидтардың қосылыстары белгілі.
Жіктелуі. Көп санды алкалоидтардың ішінен бір бөлігі ғана оқып танылғандықтан, бөлініп алынған заттар ғалымдарға жіктелуді дәлелдеуге мүмкіндік бермейді. Американдық ғалым Манске Р.Г. фармакологиялық жіктелуді ұсынды. Мысалы: спазмолитикалық, қабынуға, қатерлі ісікке, гипертонияға қарсы т.б. Басқа ғалымдар алкалоидтарды тұқымдасына, туысына қарай мәселен, амаралис немесе кейбір ерекше құрылысы бойынша тропан, стрихнин т.б. бөледі.
Көп авторлар алкалоидтарды негізінен гетероциклдің табиғатына қарай қояды. А.П. Ореховтың ұсынысы бойынша алкалоидтар көміртегі-азот қаңқасының құрылысына қарай, уақытта байланысты қосылған өзгерістер мен классификациясы пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |