Алмалы ауылдық кітапханасы
Алмалы ауылдыќ округі Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылынан 127 шақырым жерде, Жайық өзенінің оң жақ жағалауында орналасќан елді мекен. Халық саны 1,8 мың адам.
Ауылдық округіне карасты Атамекен, Жантемір елді мекендері бар.
Алмалы ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратында орналасқан.
Ауылдық орталық кітапханасының ірге тасы 1963 жылы Котельников совхоз жанынан кұрылған. Бастапқыда кітап қоры 1100 дана.
Алғашқы кітапханашылардың бірі Қадыргалиев Машан кітапхананың жандануына зор үлесін қосты. Ол еңбек еткен жылдары кітапханаға көптеген оқырмандарды тарта білді. 1963-1976 жж. дейін еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты.
1976 жылдан бастап Камиева Роза кітапхана жұмысына белсене кірісті, өзін жас кәсіби маман ретінде таныта білді. В.И.Лениндік рухани мұраны, партиямыздың түрлі қаулы-қарарларын насихаттап көпшілк арасында таратып түсіндіру арқылы еңбекшілерді Коммунистік сенімге тәрбиелеуде Роза апайдың жинақтаған тәжірибесі аз емес.
1983 жылдан кітапхананың жас маманы, жоғары білімді Хамитова Алуа жалғастырады. Ол кызмет еткен жылдардан кітапхана жұмысы ерекше жанданып көпшілік оқырмандарға барынша мүмкіндігін жасады. Хамитова Алуа өз ісінің шебері деп айтсак жаңылмайтын шығармыз. Себебі 1984 жылы кітапханаға ауылдыќ мәдениет үйінің жанынан салынып халыққа жаңадан қызмет жасауына мүмкіндік туғызылды. Өз жұмысын жақсы меңгерген. А.Хамитова әрбір кітапханада өткізілетін іс-шараларға зейін салып, көпшілік оқырмандармен жақсы қарым-қатынас орната отырып, әрбір оқырманның кітапханаға қызығушылығын арттырып кітапхананың жұмысын жақсы деңгейге жеткізді. Аудан бойынша өткізілген байқауларға белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздармен, алғыс хаттармен марапатталды. 1996 жылы өткізілген Тайпақ ауылдық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде аудан бойынша "үздік кітапханашы" байқауында І орынға ие болды.
1996 жылы күз айынан бастап Алмалы ауылдык кітапхана жұмысын Тапалов Жоламан Қыдырашұлы жалғастырды.
2006 жылдың наурыз айынан Алмалы ауылдыќ кітапханасына жас маман Кубашев Мереке Талғатұлы кітапхана жұмысын жалғастырды. Кітапхана 2007 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп жаңа заман талабына сай жићаздармен және жаңа әдебиеттермен толықтырылып, қазірігі заманға сай кітапхана жұмысын жандардыруа. Кітапхана - касиетті шаңырақ болғандықтан кітапханашының басты мақсаты - оқырмандарды кітапханаға тарту, оқырманың сұранысын канағаттандыру бағытында ауылдық кітапханада әр сала бойынша әдебиеттер және 16 атау санымен мерзімді басылымдар жинақталған.
Кітапханада көптеген шаралар көрмелер ұйымдастырылып келеді. Елбасының Жолдауын насихаттауға «Елбасы Жолдауы - халық қолдауы», «Жолдауды тыңдағанда», «Жолдау жол сілтейді» т.б жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында «Ауыл азаматымен ажарлы», «Мен Қазақстан азаматы», т.б шаралардың дәстүрлі түрлерін жаңаша өңдеп оқырмандарын жалықтырып алмауда өзіндік ізденістермен кітапханалық шараларын өткізіп келеді.
2007 жылы «Кітапханаларды модернизациялау: кітапхана ісіндегі жаңашылдықты дамыту» облыстық зерделі кеңес аясында ОКЖ бойынша «Құқықтық ақпарат орталығы» ашылған болатын, соған орай барлық ауылдық кітапханаларда құқықтық мәдениет қалыптастыруда ақпаратпен қамтып кітапхана жаңа серпіліспен жұмыстануда.
Кітапханашы Кубашев Мерекенің нәтижелі жұмысы бағалана отырып, 2008 жылдың І тоқсанында Ақжайық аудандық ОКЖ жүйесімен біріге отырып, "Қазіргі таңдағы кітапхана және кітапханашының заман талабына сай үндестігі «Жаңа бастама» атты зерделі кеңес өткізілді. Зерделі кеңесте көптеген айшықты мәселелер қаралып, кітапханашылар жақсы деңгейде кеңестің өтуіне атсалысты. Сонымен қатар өз мамандықтарының шебері деген иегерлерді алғыс хаттармен марапатталды. Қазіргі таңда кітапхананың алар ролі өте зор. Себебі білімді ұрпақ, ұлтымыздың әдет-ғұрыптарын, жастарды отаншылдыққа, ұлттық тәрбие беруде кітапхананың алар орны ерекше айтарлыктай болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |