Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2014 жылдың жұмысының қорытындысы бойынша есеп



Дата23.02.2016
өлшемі119.94 Kb.
#4460
Алматы қалалық

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2014 жылдың жұмысының қорытындысы бойынша есеп.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылады.

Табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар төленеді.

18 жасқа дейінгі балалары бар, адам басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленеді (1954 теңге). Азық-түлік себетінің ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайды (3 тоқсандағы мөлшер-13226 теңге). 2014 жылдың басынан бастап балалар жәрдемақысы 17,0млн. теңге сомасында 698 отбасына (1599 балаға) төленді.

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды (4 тоқсандағы мөлшері 8817 теңге).

2014 жылдың басынан бастап атаулы әлеуметтік көмек 19,2 млн. теңгеге 162 отбасына (597 адамға) тағайындалды. АӘК –тің отбасының 1 мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 2470,4 теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмекті негізгі алушылар- балалар, жұмыссыздар, балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, студенттер, сондай-ақ мүгедектер мен басқа да азаматтар болып табылады.

Табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жыл басынан тұрғын үй көмегі 74,4 млн.теңге сомасында 3909 адамға тағайындалды.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнеткерлер, еңбек майданына қатысушылар, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруынан зардап шеккен бірінші топтағы мүгедектер, жасы бойынша мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалар ішінен 2013 жылдың желтоқсан айында арнайы қалалық жәрдемақы алмаған 21264 тұлғаларға қаңтар айында бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45173 мың теңге жалпы сомасында арнайы қалалық жәрдемақы төленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы шешімі қабылданды.

Осыған орай, 2014 жылдың қаңтар айынан бастап арнайы қалалық жәрдемақының орнына бір айлық есептік көмек көлемінде (2014 жылы-1852 теңге) айсайынғы әлеуметтік көмек төленеді. Осы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын (4 тоқсандағы мөлшер-22043 теңге) келесі азаматтарға тағайындалады:


  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;

  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.

Жыл басынан әлеуметтік көмек бір айлық есептік көмек көлемінде 281,2 млн. теңге сомасында 15570 адамға төленді.

Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі әлеуметтік көмектің түрлері көрсетілген:



  • өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үйінен айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін. Ағымдағы жылдың басынан әлеуметтік көмек 9,2 млн. теңге сомасында 57 адамға көрсетілді;

  • жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің бір жарым есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға біржолдық әлеуметтік көмек 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Жыл басынан әлеуметтік көмек 15,2 млн. теңге сомасында 1170 адамға көрсетілді.

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайына) жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің алты есе мөлшерінен аспайтын ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмек 46,4 млн. теңге сомасында 644 адамға көрсетілді.




  • ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде орташа табысы жан басына шаққанда күн көріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға көрсетіледі:

  1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтарға (жанұяларға);

  2. бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

  3. бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

  4. зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.

Әлеуметтік көмек 3,9 млн. теңге сомаға 495 адамға көрсетілді.
Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы V сайланған кезексіз XXIII сессиясысының «Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес мүгедек балаларды үй жағдайында оқытып тәрбиелейтін отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан тоқсан сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 12038 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. 2014 жылдың басынан жәрдемақы 20,8 млн. теңге сомасында, 690 адамға төленді.

Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін жеңілдетілген санаториялық-курорттық ем беріледі. Жыл басынан санаториялық-курорттық емді 386,4 млн. теңге сомасына 4678 адам алды.

ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте жүрулері үшін тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілуде. 2014 жылдың басынан 4,1 млн. теңге сомасына 303 ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне берілді.

Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 82 «Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және Ленинградты қорғағаны үшін медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешіміне сәйкес жыл сайын Санкт-Петербург қаласына әуе және/немесе теміржол көлігімен бару және қайта оралу үшін толық құны өтеледі. Есептік кезеңде Санкт-Петербург қаласына бару және қайта оралу үшін Ленинград қаласының қоршауында болған 6 адамға берілген шығын 499,3 мың теңгені құрады.

Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі V сайланған кезексіз XXV сессиясысының «Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы» шешіміне сәйкес және 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының 69-шы жеңіс жылдығына байланысты біржолдық материалдық көмек келесі адамдарға берілді:

Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне- 150 000 теңге көлемінде жалпы 150,0 млн. теңге сомасына 1000 адамға;

Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға- 30 000 теңге көлемінде жалпы 123,0 млн. теңге сомасына 4102 адамға;

Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне- 30 000 теңге көлемінде жалпы 660 мың теңге сомасына 22 адамға;

Ауғанстанда қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне және ата-аналарына - 30 000 теңге көлемінде жалпы 1,1 млн. теңге сомасына 38 адамға.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Алматы қаласының әкімдігіне жыл басынан бастап 92 көп балалы аналардың құжаттары жіберілген, оның ішінде жеті және одан да астам бала туып өсірген 19 адам «Алтын алқа» алқасымен, алты және одан да астам бала туып өсірген 73 адам «Күміс алқа» алқасымен марапаттау үшін.

Есептік кезеңде Әлеуметтік тұрғын үйінде 41 адам, Ардагерлер үйінде – 327 адам, Психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған Алматы интернат үйінде -628 адам, Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған Алматы интернат үйінде -158 адам, күндізгі уақытта болу орталығында 50 адам тұрады. Тұрақты орны жоқ адамдарға арналған Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының көмегін 815 адам пайдаланды.

Бұдан басқа, қаланың аудан әкімдерінің аппараты жанындағы үй жағдайында әлеуметтік көмек беру 28 бөлімшелерінде жеке басты 2392 жалғыз тұратын мүгедектерге және зейнеткерлерге қызмет көрсетілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының аясында, және ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттары» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік сектор арқылы АӘҚ жартылай стационар жағдайында және үй жағдайында 5 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 15 бөлімшеде, екі мүгедектерді оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) және күндізгі уақытта болу орталығында көрсетіледі. Сонымен, жартылай стационар жағдайында 100 адамға, үй жағдайында 1133 адамға, оның ішінде аудан бөлімшелерінде 626 адамға, оңалту орталықтарында 507 адамға қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында күндізгі уақытта болу бөлімшелерінде үкіметтік емес ұйымдар- «АРДИ» мүгедек балалар ата-аналарының Қауымдастығы, «Рух» ҚБ, «Мархабат» ҚҚ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, онда 1 қазанның жағдайы бойынша психоневрологиялық патологиясы бар 185 мүгедек балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға қызмет көрсетіледі.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1536 мүгедектер жеке көмекші қызметімен 479,5 млн. теңге сомасына, 1969 мүгедектер протездеу және ортездеу қызметтерімен 90,2 млн. теңге сомасына, 482 бірінші топтағы мүгедектер және жүрдекше-арбашамен жүріп тұратын мүгедек балалар «инватакси» көлік қызметімен 88,1 млн. теңге сомасына, 1507 мүгедектер санаториялық-курорттық еммен 162,9 млн. теңге сомасына, 779 мүгедек кресло-арбамен 45,9 млн. теңге сомасына, 832 мүгедектер сурдотехникалық құралдармен 26,2 млн. теңге сомасына, 989 мүгедектер тифлотехникалық құралдармен 28,3 млн. теңге сомасына, 178 мүгедек- ыммен сөйлесу тілінің аудармашысымен 16,6 млн. теңге сомасына, 290 мүгедек есту протездік көмегімен 3,7 млн. теңге сомасына, 2072 мүгедектер-арнайы гигиеналық құралдармен 107,4 млн. теңге сомасына қамтамасыз етілді.

Қалған қызметтерге және арнайы құралдарға мемлекеттік сатып алу іс-шаралары өткізілуде.

Негізгі салаларда мүгедектердің тіршілік әрекетіне кедергісіз ортаны жасау олардың өмірінің сапасын жақсарту үшін маңызды мәселе болып табылады. Осы мәселені шешу үшін барлық аудандарда жұмыс комиссиясы құрылған, олар мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, және әлеуметтік қорғау нысандарын қажетті талаптарға сәйкес келтіру үшін төлқұжаттауды жүргізеді. 2014 жылы 551 нысандарды паспорттау жоспарланған. Ағымдағы жылдың басынан 434 нысандар паспортталған.
Қаланың еңбек нарығындағы хал-ахуал тұрақты күйінде сақталуда, жұмыссыздар санының өсуі байқалмады. Статистиканың мәліметі бойынша 2014 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздардың саны 44,6 мың адамды, ал жұмыссыздықтың деңгейі 5,5 пайызды құрайды.

Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш білдіргендердің саны – 6369 адам. Соның ішінен 1453 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылары атанды.

Есепті кезеңнің соңында тіркеуде 960 жұмыссыз тұрды.

Ағымдағы жылы қалалық Даму бағдарламасы аясында жұмыспен қамту іс-шараларымен 7424 адам қамтамасыз етілді. Олардың ішінде 3422 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, соның ішінен 501 адам- әлеуметтік жұмыс орындарына. Қоғамдық жұмыстарға 3121 жұмыссыз қатысты, кәсіптік оқуға 881 адам жіберілді.

Желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша есепке алынған жұмыссыздардың деңгейі 0,1 пайызды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің деңгейінде қалды.

Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жұмыстары да жүргізілуде. Тіркеуде тұрған 564 мүгедектің 101,1% немесе 570 адам әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған, яғни тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, кәсіби даярлау курстарына жіберілді.

Ағымдағы жылдың 1 қантарында жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жұмыспен қамту көмегін алу үшін өтініш білдіргендердің саны 13561 адамды құрады, оның ішінен жұмыспен қамтылғандардың саны 226 адамды не болмаса 1,7 пайызды құрады.

Жұмыскерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 95,0 мың адам жұмыс істейтін 338 мекемеге сұрау салынды. Ондағы жұмыстан босатылғандардың саны – 924 адам. Мәжбүрлі еңбек демалысына жіберілгендердің саны – 47 адам.

Сауалнама сұранысының мәліметі бойынша жұмыс күшінің болжау қажеттілігі 5260 адамды құрады, оның ішінде мамандар-1479 және жұмысшы мамандықтары – 3781.

Қаланың Даму бағдарламасы аясында тоғыз айда 23317 не болмаса жоспардан 116,6 % жұмыс орындары құрылды, оның ішінде ең үлкен меншікті салмақ сату саласына- 37,0%, өнеркәсіпке-11,3% құрылысқа-9,4% келеді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Қалада бірінші және үшінші бағыттары іске асырылуда.

Бірінші бағыттың аясында сегіз инвестжоба білім нысандарын күрделі жөндеу және сейсмикалық тұрақтандыру және үш инвестжоба -медициналық әлеуметтік мекемелерді күрделі жөндеу үшін. Есептік кезеңде 494 жұмыс орындары құрылып, оған 251 бағдарламаға қатысушылар немесе 50,8% орналастырылған. Бөлінген қаржы толық ігерілді.

Бағдарламаның үшінші бағытына 2474 адам қатысты, оның ішінде 677 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген, 808 адам -жастар іс-тәжiрибесiне, 1257 адам- кәсіби оқуға жіберілгендер. Оқу орындарында бұрынғы жылдардан ауысқан контингенттен 762 адам кәсіби оқыту курстарынан өтті, оның ішінде 756 адам оқуды бітірді.

Бұдан басқа халықтың нысаналы топтарын, оның ішінде 50 жастан асқан тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жұмыспен қамтудың жеке агенттігі «Центр профессии Кредо» ЖШС-н 2,1 млн теңгеге келісімшарт жасалында. Есепті кезеңнің соңында 98 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 40 адам 50 жастан асқан тұлғалар.

Алматы қаласы әкімінің және ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің арасындағы қосымша келісімге сәйкес Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында 9541 адам (өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, аз қамтылғандар, жұмыссыздар) тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған.

Есепті кезеңінде 10 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкелерге 621 жұмыс берушілер қатысып, 4,4 мыңнан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. 6,0 мыңнан астам адам қатысты, олардың 363-не жұмысқа жолдама беріліп жұмысқа орналастырылды, 85-кәсіптік оқуға, 3,3 мың жұмыс берушілерге түйіндеме берді.

ЖҚжӘББ және УИС Департаментінің Басшылары бекіткен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету және жұмысқа орналасуларына жәрдемдесу жөніндегі 2014 жылға арнлаған іс-шаралар Жоспарына сәйкес Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ЛА-155/6, ЛА-155/1, ЛА-155/13 и ЛА-155/18 мекемелерінде еңбек заңнамасын түсіндіру, халықты жұмыспен қамту заңына сәйкес бостандыққа шыққан кезде жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау түрлерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді.

Әлеуметтік әріптестікті әрі қарай дамыту және нығайту жұмыстары жалғастырылуда.

Жыл басынан бастап әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу қалалық үш жақты комиссияның 4мәжілісі және оның жұмыс тобының 7 мәжілісі өткізілді.

Алматы қаласы бойынша 2014 жылы «Парыз» кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі туралы байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары және байқауға қатысушылардың сұранысын бағалау үшін эксперттік жұмыс тобының құрамы бекітілді. Байқауға қатысатын кәсіпорындардың сұраныстарын қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Байқауға қаланың 38 кәсіпорындары мен мекемелері қатысты.

25 желтоқсанда байқаудың қатысушыларын ресми марапаттау салтанаты өтті. Алматы қаласында ұсынылған мекемелердің ішінен «Еңбекті қорғау саласындағы ең жақсы мекеме» номинациясымен «БАСФ Центральная Азия» ЖШС марапатталды.

Жыл басынан бастап ТМД елдерінен түскен қаланың кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс істеген жұмыскерлердің жұмыс орындарын және орташа жалақысын дәлелдеу үшін 26 сұраныс қаралды.



Қалада жүзеге асырылатын жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік бағдарламалар туралы халыққа хабарлау мақсатында БАҚ-та 171 мақалалар жарияланған, телеарналарда 82 сұхбаттар ұйымдастырылып, сайттарда 14 ақпарат орналастырылды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауын хабарлау және насихаттау мақсатында жыл басынан қаланың еңбек ұжымдарында 97 кездесулер өткізілді, оған 3,0 мыңға жуық адам қатысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет