педагогикалық университеті »
СӨЖ
Орындаған:Бекасыл М.Р
Алматы қаласы, 2022-2023 оқу жылы
М. Әуезовтің «Көксерек» повесі – өзінің проблемалық өзектілігі жағынан, тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек шығарма. Әңгіме сол дәуірде үлкен бағыт алған адам-табиғат тақырыбына құрыла білген. Бұл, расымен де ұзын сонар тақырып екені белгілі. Және де дәл сол шығармаларды оқу арқылы да жазушы шабыт алғанын көреміз. Дж. Лондонның «Ақ азу» романындағы көптеген детальдың «Көксеректе» де кездесуі кездейсоқтық емес. Қасқырдың «өзінше ойлауы, өзіндік менінің» болуы да дәл сол «Ақ азудан» алынған бөліктер еді. Шығарманың көркемдік деңгейі аса жоғары болмаса да, типтік образ жасау, қазақтың қарапайым қойшы баласын – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал табиғаттың рөліне көшкен Көксерек ше? Көксерек десе кез келген қазақтың тітіренетінін, қозатынын жақсы білеміз. Мұндай ірі образ жасаудың өзі – шеберлік. Шығарма тақырыбы мен тематикалық проблематикасы және оның қазақы таным-ұғымға ыңғайлана құрылуы үлкен жетістік деп білеміз.
Шығармада тек табиғат-адам қатынасын ғана емес, сонымен бірге әке мен баланың арасындағы текетірестің де, қас пен дұшпан арасындағы араздық та көрсетілген. Бұл – үлкен адамзаттық мәселелер екенін белгілі. Қасқырлардың өз ішінде бір-бірін жеп жатқанда, қасқырдың адамға шаппауы мүмкін емес. Құрмаш өзінің хас жауы қасқырды аяғаны үшін де құрбан болып кетті. Дұшпанға аяушылық білдіру керектігі де байқалады бұл жерде. Әкенің, яғни Құрмаштың ағасы – Қасеннің де, әжесінің де ескертпелері еш әсер етпейді. Үлкендер қауымы мұның жаман іс екенін жақсы білді, себебі шынайы өмірдің қандай екенін түсінген жандар. Ал Құрмаштың барлық адамға, көпшікке, қарсы келуінің өзі ажалға қарсы келу болатын. Соңында ажал құшады, мұны шығарманы басыннан бастап аңғаруға болады.
Шығармада, сонымен қатар, Шығыстағы Шыңғыстаудың табиғаты жақсы суреттелген. Әсіресе, қасқыр мінезді бұл табиғаттың тылсым сипаты шығарманың көркемдік көрінісін одан әрі аша, айшықтай түсті. Шығармада шындық та жазушы Мұхтардың өз өмірінен алған, ал жазушының өмірдегі шындығы да дәл осы Шыңғыстауда болған оқиға болатын.
Жазушының «Көксерек» шығармасын ерекше шығармалар қатарына қоса отырып, іргелі, классикалық туынды ретінде қарастыруға болады.
Шығармада қасқыр да, ит те адамзатпен қатар өз әлемімен сипатталады. Автор оларды адамның теңемесі сияқты алып, адамның мәнін хайуанаттар бойына жасырған. Адам баласы айта алмайтындарды олар айтады. Апанынан өз еркінен тыс жат ортаға әкелінген Көксерек жаңа ортадан бостандық пен мейірбандық дәметті. Жаратылысына өзгеден бір табан жақын ауыл иттері де бұған үдірейе, сақтана, жаулық пейілмен қарады, оны жатсынды. «Бірде–бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабытын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді»[4.9].
Көксерек тағдыры аянышты, еркіндігіне тұзақ салынған. Оған айналасындағылардың қылығы шаншудай қадалады, ол өзіне жат тағдырға ызалана тұншығады. Көксерек ауыл иттері сияқты болмауға барын салады. Көксеректің жат ортаны жатсынуы, еркін әрекеті – оның ішкі бостандығының көрінісі. Өздерін тағылыққа ізгілік үйретуші санаған көпшілік үні Көксерек қылығын қара ниетті жауыздықтың тұрғысы санайды. «Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды» деп өз өлшемдерін айтысады.
Өзі де, өзге де бола алмаған Көксерек ауыл иттерімен ара кідік қақтығысып қалғаны болмаса, айналасымен жанасуға салғырттық танытады. Табиғаты алыс-жұлысқа бейім қасқыр «Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап, ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз - ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса ғана келеді. Онда да жүгіріп келмей, құйрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Әйтпесе көбінесе анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап жатып алады. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң ғана үйге жүреді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді»[4. 11].
Көксерек адамдардың одан да тілейтінін түсінуге тырысты, бірақ түсінбеді. Қасқыр иттің күйіне түсті, ал ит ешқашан қасқыр бола алмайды. Өмірдің тепе-теңдігін жоғалтқан Көксерек маңайын жатсына бастады. Есейе келе ауылдан екі рет кетіп, екі рет қайта оралған Көксеректің үшінші кетісі «бұл жолғысы шын болды». Бәрібір қашты. Даладағы аштық пен суық Көксеректі тағылар салтына икемдеді. «Алғашқы рет амалсыздан көкке қарап, аузын ашып ышқығанда ішінен зор дауыс шықты». Бірінші рет ұлыды. Көксерек үшін күтпеген жағдай, тегінің үнін жатсынғандай күй кешті. Мұның толассыз ұлуын естіп келген қаншық қасқырды да Көксерек маңына дарытқысы жоқ. Соңынан «екеуін иістері табыстырды». Аңсаған еркіндік Көксеректі ширатты, жыртқыштық инстингін оятты. Ақ қасқырмен жұптасы, қайтадан табиғатына сіңді. Бірақ бәрібір өз қандастарынан бөлектігін байқатты.
Әуезов әрбір қимыл қозғалыс арқылы астарлы ойын сабақтай түседі. Қуғыншылар ақ қасқырды соғып әкеткеннен кейін Көксерек «тағы да жалғыз жортуылға түсті...». Жалғыз қалған Көксерек қандастарын іздемейді де, аштық азабын басып, қарны тойса болды. Бұл да өз ортасынан жат жерде тәрбиеленген ұрпақтың болмысын ақтарудың бір парасы. Тағы да аштықтан жер тарпып, қар боратып, көп ұлыған кезде топ қасқыр қасына келді.Өткенде ақ қасқырды да ұлыған кезде тапқан, ол да қасына өзі келген. Көксерек өзі оларды іздеп жүрген жоқ, қайта топ қасқырдан жалтармақшы болды. Өз ортасынан бөлінген Көксерек оларды жатсынады, топ қасқыр да Көксеректі бөтенсиді. Тек оларды бір-біріне жақындастырған – ұлу, яғни тіл. Автор кеңестік жағдайда тікелей, тура айту мүмкін емес ойдың есесін қайтарып, тіл арқылы ғана бауырлас, қандастарыңды табасың деген пайымдауын санаға сығалатады.
Көксерек пен тоғыз қасқырдың топ бастары Көкшолақ кездескен сәттен-ақ сызданысты. Кезекті жемтікті бөлісе алмаған Көксерек Көк шолаққа тап беріп, «құлақ шекеден ала түсті. Жасынан ауыл иттерінен үйренген әдісі еді». Ауыл иттерінен үйренген әдісінің арқасында Көксерек Көкшолақты мерт етті. Қандастары кешегі топ бастарына аштық өзекке түскен соң лап қойды. Сөйтіп, Көксерек өз қандасына да қастық істеуден, өз ішін талаудан да бас тартпайтынын байқатты. Бұл—қасқыр атаулының соры емес, өзімшілдіктің соры. Қырқыс қай ортада да бар әрекет. Көксерек басқа қасқырларды өзім деп қабылдамайды. «Ырқына көнбеген күшіктерді, жүріске ере алмаған қартаң қаншықтарды кейде бас салып талап та тастайды». Көксерек бастаған топтың «атышулы тоғыз қасқыр деген аты шықты». Қу тамақтың тесігі жеңбейтін үрей жоқ. Көксерек тобы жалғыз атты шаналы жүргіншіні қамады. «Есі шыққан керуен, аты жүре алмай қалған соң, айқай салып қашып еді. Атты топтарымен жығып салып талқандап, өлтіріп, талап жесе бастады. Топ осыған араласып жатқанда, Көксерек мұны тастай беріп, қасына бір-екі қаншықты ертіп алып, кісінің артынан қар боратып, бұрқыратып салып еді, жақындап қалғанда, кісі шошып жығылды. Бірақ алдарынан айқайлап, сатырлап шапқан аттылар шығып қалып, айырып алды» [4. 23]. Осыдан соң қатты долы, ызалы болып, сызданып алған Көксеректен қандай қатыгез қаскөйлікті күтуге болатын еді. Жат қолдың мәжбүрлеуімен адамдар арасында өмір сүрген Көксерек олардан сескенбейді. Түйелі адамды да айналсоқтайды. Түйенің жанына жақындап келгенде : «түйе үстінен бір ұзын нәрсе шошайып созылды да күрс етті. Өлгенше қатты ащы дауыс даланы сілкіндіріп шошытып жіберді. Бар қасқыр қар боратып ытқып, қашып жөнелді.
Күрс етіп жөтелген көк түтінмен қатар Көксеректің артқы бір саны шыж ете түсті. Әрі ыстық, әрі суық бір нәрсе қадалып шаншып қалды. Санын «арс» етіп қауып қалып, түйенің үсті тағы да сыртылдап қамданып жатқанда, бұ да ытқып қашып жөнелді. Тоқталған жоқ, көп қашты. Бірнеше қырқадан, бір екі жазықтан құлаш ұрып шауып өтті. Өзге қасқырлар бір бөлек, бұл жалғыз – бір бөлек»[4.25].
Көксерек тағы да жалғыз, қандастары тастап кетті. Тәні де, жаны да жаралы Көксерек психологиясы қылмыстың қай түрінен болсын аянбасы анық еді. Автор Көксеректің сезім құбылыстарын шеберлікпен жеткізеді. «Қойшы үлкен емес, бала дауысы шошытпайды» деген оймен Көксерек қойға жақындады, қойшы бала да бұдан сескенбейді» айғайды салып, бұған қарсы шапты, Құрмаш Көксеректі танымаса да, бөлтірікті қойнында баққан бала көңілмен өзімсіне қаскөйлікке қарсы ұмтылды.
Бірдеңені жұлып түспек болып долданған Көксеректің арандай ашылған аузының ыңғайына бала тонының өңірі ілінді. «Туғаннан бергі барлық көресі осыдан-екі аяқтыдан дегендей, жығылып, домалап жатқан балаға тап берді. Оқыс секіргенде, санының жарасы ашылып, тыз етіп ашып қалып еді. Ол бұрынғыдан жаман ызаландырып, құтыртқандай. Боз ұзап қашып кетті. Қой да жоқ. Екпіндеп секіріп, ырылдап кеп баланы бас салды» [4.26]. Құрмаштың өлімі кездейсоқтық. Автор Көксеректің екі аяқтыларға шабуы табиғат теңдігін бұзғандарға жауап дегенді санаға үйіреді. Екі аяқтылар ол жауыздыққа асыра қарымта қайтаруға ұйысуда. Қасқырға салатын ит Аққасқаның түр-тұлғасы, әрекет-қылығы Көксеректі еске салады. «Аққасқаның бойы қасқырдан кіші емес. Аяқтарының жуандық сомдығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түс.
Аққасқа өте қабаған. Сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. Кісі айырмаса, астына түскен итті өлтірмей шықпайды.Өзі жүрген жерде өзге иттің еркелігін көтермейді. Күзден бері Қасен ауылының екі-үш сақ төбетін өлтіріп салды. Қатты ашуланып, ашқарақтанып кеткенде, иесін де қауып жібереді» [4.29].
Автор повестің соңғы тарауындағы Көксерек пен Аққасқаның айқасын әсерлі суреттеген. Екеуі де өліспей беріспеуге дайын. «Екеуі шапшысып тұрған бетте бір-бірін құлақ шекеден де, алқымынан да алғызбайтын болды. Алдыңғы аяқтарымен ұстасып тіресіп тұрып, сол сәтті аңдығанда екеуі де тез іс бітпейтінін ұққандай болды. Аққасқа қарсы алдында арандай ашылып тұрған ауызға сақ еткізіп тістерін салып жіберді. Бұл қасқырдың төменгі тістері мен тілін қоса шайнағанда, қасқырдың жоғары азулары Аққасқаның тұмсығының екі жағынан жоғары ұрттарына келіп, кірш-кірш кірді» [4. 33].
Автор үшін Көксерек аяулы образ. Егер Аққасқа өр жақта тұрмағанда, адамдар келіп, шайнасу үстінде желімдей қайнасып қатып қалған Көксеректің көмейіне қамшы тығып, өкпесіне пышақ салмағанда, қайсысының алдырарын кім білсін. Екі аяқтылар қарумен келіп Көксеректі жайратты. Қанша алпарыс, бәрібір жеңіс солар жағында екенін дәлелдеді. Әр тіршілік иесі, қазақ та, өзінің тегіне, жаратылысына адал болуын автор астармен меңзегендей. Шығарманың он бойында жаратылысты күштеп өзгертуге деген қарсы күйінген мұңлы шер жатыр.
Әуезов төңкерістен кейінгі жылдары ұлтын шексіз сүйген, онымен қоса, оны басқаша тәрбиелеуге ұмтылған сыртқы «ұлы жұртты» сүюге міндетті болып саналған, сөйтіп қарама–қарсы қасиеттер бойына сіңе бастаған ұлт бойындағы көріністі шығарма астарына көмкерген.
Достарыңызбен бөлісу: |