Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Салалының даму жағдайына SWOT-талдау



бет9/19
Дата19.06.2016
өлшемі4.88 Mb.
#148132
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Салалының даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

    1. Тілдерді меңгеруге қызығушылық танытатын халық санының артуы;

    2. Тілдік саясаттың бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі.




Мүмкіндіктер (O)

    1. Тілдік саясатты дамытудың нақты келешегі және мемлекеттік тілді насихаттау;

    2. Тілдік саясатты оңтайлы пайдалану.

Әлсіз жақтар (W)

    1. Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық салаларында әрекет ету деңгейінің жеткіліксіздігі;

    2. Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтыың төмен үлесі;

    3. Үш тілді меңгерген (мемлекеттік, орыс және ағылшын) ересек халықтың төмен үлесі.




Қауіптер (T)

  1. Білікті мамандардың кетуі.


Негізгі мәселелер:

  • мемлекеттік тіл әлеуетін қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асыру деңгейі әлі де жеткіліксіз;

  • ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі төмен;

  • үш тілді меңгерген (мемлекеттік, орыс және ағылшын) ересек халықтың үлесі төмен.

Этникааралық келісімнің бірлігін қамтамасыз ету

Бүгінгі күні Алматы облысының Қазақстан халықтарының ассамблеясы 23 облыстық және 48 аудандық және қалалық этномәдени орталықтардан тұрады. Ол барлық этностардың мүдделерін біріктіре және елдің барлық азаматтарына өзін өзі жүзеге асыру мүмкіндігін бере отырып, Қазақстан халқының ғасырлар бойы жалғасып келетін әдет-ғұрыптарының сақталуына және дамуына зор үлес қосуда.

Этномәдени бірлестіктердің экономикалық, әлеуметтік-мәдени сипаттамалары оң серпінмен бағаланады, себебі олар өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді түрде қатысады. Этникалық шоғырлану деңгейі айтарлықтай жоғары, ұйымдастырылған түрде этникааралық келісім және толеранттық қасиеттерімен сипатталады.

Қазақстан халықтары ассамблеясының қызметіне тартылатын халық санының артуы облыста тұратын барлық этностарды шоғырландыру және біріктіру арқылы жалпы азаматтық жекелікті кеңейтуге ықпал етеді.

Этникааралық сұхбатта және қоғамдық дамудың өзекті мәселелерін шешуде Ассамблея рөлінің артуына қол жеткізілді.

Жүргізілетін әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде, түрлі этностар өкілдерінің арасында сындарлы сұхбатты қамтамасыз ету бағытындағы облыстың Қазақстан халықтары ассамблеясының қызметі оң бағаланды.

Ассамблеяның инфрақұрылымын нығайту, оның азаматтық қоғам және мемлекеттік билік жүйесіне ауысуы жүргізілді. Облыста «Алматы облысының Қазақстан халықтарының ассамблеясы» қоғамдық қоры, ғылыми-сараптамалық топ, «Бірлік» жастар ассоциациясы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі белсенді жұмыс жасайды, облыстық Достық Үйінің сайты әрекет етеді.

Ассамблея жүргізетін іс-шаралар Қазақстан халқының ұлттық бірлік доктринасында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ Президенттің Қазақстан халықтарының ассамлеясының сессияларында берген тапсрымаларына қол жеткізуге бағытталған. Ассамблея басшылығының тарапынан оның қызметін концерттік-көңіл көтеру бағытанан идеялық-саяси жобаларға қарай дамытуға нысаналы бағытталу үрдісі қолға алынуда.

Ассамблея жұмысының этникааралық саладағы негізгі бағыты қоғамды шоғырландырудың және қазақстандың ұлтты қалыптастырудың, бізді бөлетін және біздің тұтастылығымызды бұзатын кез келген әсерке белсенді түрде қарсы тұрудың негізі ретінде қоғамдық тұрақтылықты нығайту болып табылады. Этникаарылық саладағы мемлекеттік саясатты оңынан бағалаған халқтың үлесі 2014 жылы 85%-ті құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 83% болды.

Облыстағы қоғамдық-саяси жағдайдың және тілдік саясаттың жүзеге асырылуына үнемі мониторинг жүргізіледі.

Мемлекеттік этносаясатты түсіндіруге байланысты азаматтық бейбітшілік пен этникаарылқ келісім деңгейін әрі қарай арттыру үшін қазақстандық қоғамның бірлігін күшейтетін, этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіретін, жалпы ұлттық бірлікке қол жеткізетін саяси және азаматтық институт ретінде Қазақстан халықтарының ассамблеясының рөлін күшету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

    1. Алматы облысы сияқты полиэтникалық өңірде этникалық топтар арасында жеткілікті деңгейде гармониялық, теңгерімді қарым-қатынас қалыптасқан. Ұлттық тұтастылықты және қоғамдық келісімді күшейту жөніндегі нысаналы бағытталған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болып сақталуда.

2. Өңірдің полиэтникалық ерекшеліктерін ескерумен, этникалық топтардың жалпы қазақстандық әлеуметке қосылуы және оларды мемлекетті құрайтын ұлт айналасында біріктіру бойынша нысаналы бағыттағы саясат жүргізілуде;

3. 2008 жылдан бері облыста үш жақты жұмыс топтары жұмыс жасайды, 2013 жылы олардың құрамы кеңейтіліп, олардың атауы Қоғамдық келісім кеңесіне ауыстырылды. Мемлекеттік этносаясат негіздерін облыс халқына түсіндірудің тура тетігі және этникааралық және этносішілік келіспеушіліктер мен қақтығыстарға айналуы мүмкін, түрлі сипаттағы қауіптердің алдын алу жүйесі пысықталды.

4. Облыс әкімі этностардың тілді, әдет-ғұрыптар мен мәдениетті дамытуға құштарлығына нысаналы қолдау көрсетеді. Этномәдени орталықтар өткізетін шаралар облыс бюджетінен қаржыландырылады. Ұлттық костюмдер тігуге қосымша қаражат бөлінеді. Облыстық этномәдени орталықтардың мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған шараларын облыстық бюджеттен қаржыландыру 2005 жылдан басталды. Қазір қаржыландыру көлемі 12 еседен астам өсті.

Сондай-ақ этномәдени бірлестіктер ҮЕҰ сияқты облыстық ішкі саясат басқармасының, облыс аудандары мен қалаларының ішкі саясат бөлімдерінің, Бірінші Президен – ұлт Көшбасшысы қорының, «Бота» қорының және басқа да ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларына белсенді қатысады.




Мүмкіндіктер (O)

  1. Ғылыми-сарапшылар тобының, Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің, үздік журналистер клубының, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің әлеуеті пайдаланылады.



Әлсіз жақтар (W)

  1. Этномәдени бірлестіктердің барлық жұмыстары қоғамдық бастамаларда орындалады;

  2. Халықтың Ассамблея қызметі туралы қажетті деңгейде ақпараттанбауы.




Қауіптер (T)

  1. БАҚ-та этникааралық қатынастар мәселелерінің объективті емес тұрғыда жариялануы.





Негізгі мәселелер:


  • этномәдени бірлестіктердің барлық жұмыстары қоғамдық бастамаларды орындалады;

  • халықтың Ассамблея қызметі туралы қажетті деңгейде ақпараттанбауы.


2.1.3.Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Есептік кезеңде (2012-2014жж.) Алматы облысының ішкі істер органдары полиция қызметкерлерінің алдына қойылған негізгі мәндеттерге сәйкес, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмыстылықпен күреске бағытталған шаралар қабылдады.

2014 жылдың қорытындылары 2012 жылмен салыстырғанда қылмыстар тіркелуінің өсуіне қарамастан, жалпы облыстағы криминогендік азуал бақыланатын халде екенін көрсетеді.

24 880 қылмыс тіркелді, 10 мың адамға шаққанда қылмыстылық деңгейі – 125, республика бойынша - 192 (2012ж. – 19 405, 10 мың адамға шаққанда қылмыстылық деңгейі – 101, республика бойынша -164);

Жедел жағдайдың тұрақтылығын жалпы қылмыстың өсуіне қарамастан, ауыр және аса ауыр қылмыстардың түрлері азайғандығынан көруге болады (2012ж. – 3164, 2014ж. - 2180).

Қабылданған шаралар нәтижесінде тіркелген адам өлтіру (2012ж. – 171, 2014ж. - 107), ауыр дене жарақаттарын келтіру фактілері (2012 жылы – 214, 2014ж. - 127), қарақшылық шабуылдар (2012ж.– 233, 2014ж. - 97) және тонау (2012ж. – 1210, 2014ж. - 905) фактілері азайған.


Қылмыстардың көшілігі облыстың «оңтүстік өңірінде» жасалады. Қылмыстардың көп тіркелуінің себебі тұрғылықты халықтың тығыздылығына және көші-қон ағымының жоғары болуына байланысты.

2014 жылы Алматы қаласына жақын орналасқан аудандардың аумағында (Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары және Қапшағай қаласы) 16 306 қылмыс жасалды немесе жалпы тіркелген қылмыстардың санынан - 65,5%.

Қылмыс көзінің бірі болып халықтың жұмыссыздығы табылады. Талдау көрсеткендей, 2014 жылы жұмыссыздармен 9 822 қылмыс жасалған немесе тіркелген қылмыстардың жалпы санынан - 39,5%.

Соңғы 3 жылда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың өсуі байқалады (259-дан 302-ге дейін), сонымен қатар олардың үлестік салмағы өзгеріссіз қалды (2012ж. - 3,8, 2014ж. - 3,5).

2014 жылы қоғамдық жерлерде 6 115 қылмыс жасалды, бұл 2012 жылға қарағанда 2,4%-ке көп (5969), сондай-ақ көшелерде жасалған қылмыстардың саны 8,1%-ке азайды (4089-дан 3756-ға дейін).

Бөтеннің мүлкін ұрлау және бұзақылық келелі мәселелер болып табылады. 2014 жылдың қорытындылары бойынша ұрлық пен бұзақылық саны 2012 жылмен салыстырғанда, сәйкесінше 20,8%-ке және 67,1%-ке көбейді.

Сонымен қатар, 2014 жылдың қорытындылары бойынша бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу көрсеткіштері - 13,9%-ке (23,4%-тен 37,3%-ке дейін), бұзақылық 7,5%-ке көтерілді (49,0%-тен 56,5%-ке дейін).

Қылмыстардың жалпы ашылуы - 43,3%-ті (2012ж.–32,9%), ауыр, аса ауыр қылмыстарды ашу 49,5%-ке (2012ж. – 34,9) жақсарды.

Облыстың автожолдарында жол қауіпсіздігін қамтамамсыз ету шаралары қабылдануда.

2014 жылдың қорытындылары бойынша 1 834 жол-көлік оқиғалары тіркелген (2012ж. – 1519, өсім-20,7%), онда 468 адам қайтыс болып (2012ж. – 492, 4,8%-ке қысқарды), 2 300 зардап шекті (2012ж. – 1787, өсім - 28,7%).

ЖКО көбеюінің негізгі себептері болып жылдамдық тәртібін асыру және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу табылады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттарды азайту мақсатында тұрақты негізде жедел-алдын алу және рейдтік шаралар жүргізіледі.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2014 жылы 208 942 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды (2012ж. – 185 581), оның ішінде 3 040 (2012ж. – 3629) – көлік құралын алкогольдік мастану жағдайында жүргізуі салдарынан орын алды.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігінің салалық бағдарламасына» сәйкес Талдықорған қаласында Процессинг орталығы құрылып, 2014 жылдың маусымынан бері жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, «Крис-П» жылжымалы фоторадар кешендері тиімді пайдаланылуда.

2014 жылдың қорытындылары бойынша Алматы облысының аумағында жылдамдықты күшейту себебінен болған ЖКА-ның саны 2013 жылмен салыстырғанда -19,6%-ке (586-тен 471-ке), қаза тапқандар саны 28,1%-ке (185-тен 133-ке) төмендеді.

Қылмыстарды ашуда, тергеуде және алдын алуда ішкі істер органдарының жұмыс әдістері үнемі жетілдіріліп отыратындығын атап өту қажет. Тәжірибеде қылмыстылықпен күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа нысандары талқылануда.

Біздің алдымызға қойылған міндеттерді сәтті орындау мақсатында, жергілікті атқарушы органдардың қолдауы есебінен бірнеше жыл қатарынан сыртқы және жедел қызметтердің материалдық-техникалық жарақтандырылу мәселелері оңынан шешілуде.

Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының орталықтарындағы және Талдықорған қаласындағы қоғамдық орындарда шағын – ЖБО орнатылған.

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, Қапшағай (2016 жыл) және Текелі (2018 жыл) қалаларында шағын-ЖБО құру жоспарланған. Бұл мәселелер Алматы облысының бюджеттік инвестициялық жобаларының тізіміне қосылған.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында 99 бейне бақылау камералары орнатылған, оның ішінде Талдықорған қаласында – 46, Қапшағайда – 8, Еңбекшіқазақ ауданында – 8, Жамбылда – 8, Іледе – 5, Қарасайда – 19, Талғарда – 5.

«Қауіпсіз қала» бағдарламасының аясында Талдықорған қаласында тұрғын массивтер аулаларында, адамдардың жаппай жүру орындарында және автожолдар мен облыс орталығының көше қиылыстары бөліктерінле тағы 800 бейне камералар орнату жоспарлануда (557 – стационарлық және 243 – бұрылатын). Оларды орнату үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаражат облыстық бюджеттен бөлінді.

Атауы/жылдар

2012

2013

2014

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлестік салмағы, %

20,5

19,5

17,5

Көшеде жасалған тонау деңгейінің төмендеуі, %

65,0

60,0

55,0

Көшеде жасалған бұзақылық деңгейінің төмендеуі, %

80,0

75,0

65,0

Жол-көлік апаттарында қаза болғандар санының азаюы, %

3,0

3,5

4,0

Жол-көлік апаттарының саны (10 мың бірлік автокөлікке шаққанда), %

36,5

36,0

35,8

2014 жылы Алматы облысының аумағында есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке - 609 тұлға (2013ж. – 402, 2012ж. - 280), есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жазаға 143 тұлға тартылды (2013ж. – 150, 2012ж. - 147).

220 есірткі қылмыстары анықталды (+1,4%), оның ішінде 153 есірткі заттарын өткізумен байланысты қылмыстар (+3,4%).

Айналымнан 2071291,093 гр. есірткі тәркіленді (2013ж. – 625075,139 гр., 2012ж. – 588092,193гр.).
Саланың даму жағдайында SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Қылмыстылықпен күрес жөніндегі ведомстволық бағдарламаларды жүзеге асыру, ҚР ІІМ Алқасының шешімін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  2. Алматы облысының аумағында республикалық, сондай-ақ бастамашыл жедел-алдын алу шараларын жүргізу;

  3. Алматы облысының басқа құқық қорғау органдарымен қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзара әрекет етуі;

  4. Жеке құрамның кезекті аттестациясын өткізу, сонымен Алматы облысының ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін күшейту.

Мүмкіндіктер (O)

  1. Алматы облысының аумағында бейне бақылау жүйесін кеңейту;

  2. «Көршілер бақылауы – ұсақ құқық бұзушылықтарға нөлдік төзім» алдын алу бағдарламасын, сондай-ақ «WhatsApp» бағдарламасы бар арнаны енгізу;

  3. Облыстың ІІО сыртқы және жедел қызметтерінің қызметтік автокөліктерін көбейті.

Әлсіз жақтар (W)

  1. Ағымдағы жылы қозғалыс жылдамдығын арттыру себебінен болған жол-көлік апаттарының азаюына қол жеткізуге мүмкіндік берген «Крис-П» жылжымалы фоторадар кешендерінің саны жеткіліксіз.

  2. Облыс аумағында апаттық жағдайға әсер ететін «Алматы-Өскемен» автожолында жөндеу жұмыстарының аяқталмауы;

  3. Сыртқы қызмет (ПИБ, ППД) қызметкерлерінің штаттық санының жетіспеушілігі.

Қауіптер (T)

  1. Халық тығыздылығына және көші-қон ағымына байланысты «оңтүстік өңір» аудандарында қылмыстардың өсуі;

  2. Алматы облысының аумағында автокөлік құралдары санының өсуіне байланысты ЖКА санының көбеюі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет