Амангалиева Аяжан ПГС-31
15- практикалық жұмыс
Құрылыстың инженерлік – геологиялық жағдайы
Инженерлік геология – құрылыс салуға байланысты грунттардағы процестерді зерттейтін ғылым, геологияның саласы.
Инженерлік геолгия бүкіл құрылыс пен олардың жеке құралымдық бөліктері орналасатын орындарды зерттеп, Инженерлік геологиялық баға береді; белгілі ауданды шаруашылық мақсаттарда игеру, кен орындарындағы тау-кен жұмыстарын жүргізу, құрылыстың орнықтылығы мен оларды үздіксіз тиімді пайдалану шараларын белгілейді, салынған құрылыстарды пайдалану барысында оларға әсер ететін табиғи жағдайлардың келешекте өзгеру мүмкіндігін болжайды. Инженерлік геология Жер туралы ғылымдардың дербес саласы ретінде 20 ғасырдың басында қалыптасты.
Қазақстанның инженерлік геология жағдайларының өз ерекшеліктері бар. Республика аумағында жолкөлік, энергетика, тұрғын үйлер, т.б. құрылыстар үшін ерекше қауіпті болып саналатын сырғымалар, жиналмалар, қар көшкіндері, сел тасқындары, топырақтың тұздануы, күшті жер сілкінулер сияқты апатты құбылыстар кездеседі. Бұл құбылыстардың көбі ландшафттық-климаттық жағынан өте қолайлы таулы аймақтарға қауіп төндіреді.
Инженерлік-геологиялық ізденістер жобаланатын құрылыстағы ауданның (алаңның, телімнің, трассаның) инженерлік-геологиялық шарттарын, жер бедерін, геологиялық құрылымды, сейсмотектоникалық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық шарттарды, топырақтардың құрамын, күйін және қасиеттерін қосқанда, геологиялық және инженерлік-геологиялық үдерістерді; инженерлiк-геологиялық модельді, ғимараттар және имараттарды инженерлік қорғау, игерілген (салынған) аумақтардың шарттарының ӛзгерісі және жобаланатын нысанның геологиялық ортамен ӛзара әрекеті саласында инженерлік-геологиялық шарттарының мүмкін ӛзгерісі және нысандарды пайдалану және құрылысы, жобалауы үшін жеткілікті материалдарды кешенді зерттеуін қамтамасыз етуге тиісті.
Инженерлік-геологиялық ізденістерді орындауға техникалық тапсырма келесі мәліметтерден және ақпараттардан тұруы тиісті:
- нысанның аты және түрі;
- жобаланатын нысанды теңестіру (функционалдық тағайындау, жауапкершілік деңгейі, геотехникалық дәреже), А қосымшасына сәйкес;
- құрылыс түрі (жаңа құрылыс, қайта құру, консервация, жою);
- жұмыс кезеңі, жобалау мерзімі, нысан құрылысы және пайдалануы туралы мәліметтер;
- алаң (аудандар) шекаралар және тұрған орыны және (немесе) трассалар (трасса құрылыстары туралы мәліметтер;
- құрылыс нысандарының табиғи ортаға әсерінің күтілетін мінездемесі, осы әсердің кеңістік және уақыт бойынша шектеуін нұсқаумен (ерекше қауіпті нысандар үшін);
- ғимараттар және имараттардың габариттері, жобаланатын нысандар туралы мәлімет және берілгендер;
- атқарылатын инженерлік ізденіс түрлері;
- талаптарға сәйкес инженерлік ізденісті орындауға қажетті нормативтік құжаттардың тізімі;
- инженерлік ізденістерде алынатын дәлдікке, сенімділікке, ақиқаттыққа және берілгендермен және мінездемемен қамтамасыздандыру талаптар;
- инженерлік ізденістердің жеке түрлерін өндіруге қосымша талаптар, жобаланатын ғимараттардың салалық ерекшеліктерін қосқанда;
- табиғи және технотабиғи үдерістердің тәуекелін бағалауы және табиғи және техногенді шарттардың өзгерістерін болжауға талаптар;
- инженерлік ізденіс нәтижелері және материалдарға талаптар (құрам, мерзімдер, ізденіс өнімдерінің пішіні және тәртібі).
Достарыңызбен бөлісу: |