Амангелдиева Ақбөпе Аянқызы
|
Оқушыларға тән эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау
Диагностика и коррекция эмоциональной несовместимости студентов
Diagnosis and correction of students' emotional incompatibility
|
PhD, доцент м.а. Куралбаева А.А.
|
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................
1 ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
1.1 Жеткіншектерде кездесетін мінез ауытқулары және оның себептері…………………………………………………..........................
1.2 Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен.........…….......
1.3 Жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық
тұрақсыздықтың себептері...............................................................
2 ОҚУШЫЛАРҒА ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУКШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ
2.1 Эмоционалдық күй-жағдайдағы оқшаулану себептері және коррекциялау жолдары…………………………………………………
2.2. Эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайына байланысты
оқшауланған балаларға психологиялық қызмет көрсету……
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» арттыру қажет екендігі көрсетілген [1,2]. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» [3,4,5,6]. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.
Жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық үйлеспеушілікті зерттеушілер Р.Бэрон, В.К.Веккер, Л.С.Выготский, З.Фрейд, В.Франки, Қ.Жарықбаев [24,26,29,88,90,39]. т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық үйлеспеушіліктің табиғаты, пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктер түрлері мен көрініс беру ерекшеліктері талданған.
Жеткіншектер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінң кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Қазіргі кезде жеткіншектердің психоэмоционалдық үйлеспеушілігін болдырмау және осы жағдайдан шығару әдістемелерін тиімді пайдалану жолдары анықталған. Жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігі орын алғанда оларға нақты көмек көрсету жолдары мен құралдарын анықтау қажет болғандықтан біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» деп анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: |