«Ана тілінің білгірі» сайысы Мақсаты



бет1/4
Дата11.03.2023
өлшемі198.19 Kb.
#470640
  1   2   3   4
Қызықты қазақ тілі сайыс сабақ



« Ана тілінің білгірі» сайысы


Мақсаты: оқушыларға ана тілінің білудің маңызын түсіндіру; тіл
жайлы білімдерін айқындау және толықтыру; ойлау, жүйелеу қабі
леттерін шыңдау; оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» сынып оқушылары
Қажетті жабдықталуы: интербелсенді тақта,шарлар,слайдтар.
Пәнаралық байланыс; математика, халықтық педагогика
Сайыс барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Құрметті,оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі күні сіздер 5 сынып
тар арасында өткелі отырған «Ана тілінің білгірі» атты
сайысына келіп отырсыздар! Қадамдарыңыз құтты болсын!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,бақ, ардың.
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, баба тілі,сен қалдың!-
деп М.Жұмабаев жырлағандай, тіліміз өз мәртебесін жоғалтпай
күннен-күнге өркендей берсін!
Ана тіліміз қадамын нық басып, ғұмыры ұзақ болу үшін
атсалысайық, халайық!
Осы сайысымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен
таныс болайық.
Сайыс алты кезеңнен тұрады.
1 кезең-«Бәйге» сұрақ-жауап сайысы
2 кезең- «Қазақ тіліне тән дыбыстар» мақал-әтелдерді толықтыру.
3 кезең- « Кейіпкер елінде» бұл кезеңде әдебиет пәні бойынша сұрақ
тар беріледі.
4 кезең - «Көп сөз - бір мағына» бұл кезеңде тұрақты тіркестердің
мағынасын шешу керек.
5 кезең - « Ұшқыр ой» кезеңі бұл кезеңде оқушылар логикалық сұрақ-
тарға жауап береді.
1 кезең- «Бәйге»
«Сұрақты таңда» деңгейлік тапсырмалар. Топтар кестеде көрсетілген
ұяшықтарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап беруі керек.Топ үшінші
тапсырманың сұрағына жауап берсе, үш ұпай, бірінші тапсырманың
сұрағына жауап берсе, бір ұпай беріледі.
1/3. Басқа тілден енген сөздер қалай аталады ? (кірме сөздер)
2/1. Дисфемизм сөздер дегеніміз не? (дөрекі айтылатын сөздер)
3/2 Тек салдардан тұратын дауыссыздар (қатаң дауыссыздар)
4/1 Лексика саласы нені қарастырады? ( сөздің құрамын,мағынасын)
5/1 «Құдағай» қандай сөз? ( диалект)
6/3 Тарихи және архаизм сөздер деп қандай сөздерді айтады? (көнерген)
7/2 Синоним сөздерге мысал келтіріңдер. (батыр,күшті,қаһарман)
8/2 Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?(жуан,жіңішке)
9/3 Буынның неше трі бар? (үш түрі бар.)
10/1 Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? ( тоғыз дыбыс бар)
11/3 Фонетика саласы нені зерттейді? ( тіл дыбыстарын зерттейді )
12/2 «Ою» деген сөзде неше әріп, неше дыбыс бар? (екі әріп, үш дыбыс )
2-кезең - «Қазақ тіліне тән дыбыстар» тақырыбына мақал - мәтелдер табу.
«Ә» - Әдепті бала-арлы бала.
«Ө» - Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.
«І»- Іздеп алған аурудың емі табылмас.
«Ұ»- Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің.
«Һ»-Қаһарлы сөз,қамал бұзар
«Ғ»-Ағасы бардың жағасы бар.
«Ү»-Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды.
«Ң»-Ең жақсы тіл - ана тілі.
«Қ»- Қызға қырық үйден тыйым.
3-кезең- «Кейіпкерлер елінде» тақырыбындағы кезеңде әдебиет пәні бойынша
сұрақтар беріледі.Топ мүшелері сандықта нөмірленген асықтарды таңдап,
кеспе-қағаздарда жазылған сұрақтарға жауап береді.
1.Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап, үйіп береді, ол жолға
шығады. (Төстік)
2.Сондай күшті болыпты. Алысқанын жығыпты, аң аулап әкесіне
жәрдемдеседі. (Кендебай)
3.Ол шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен
желіп өтіп, Ұлытаудың бас жағына кеп дүние салыпты. (Асан қайғы)
4.Бізді осы араға тастасаң, ит-құсқа же болаыз ғой, бізге кім пана болады?
Ащы күннің аптабына қалай шыдайсыз? (Ажар)
5. Ал, балам,әжең екеуімізді қажай беруші едің ғой, әңгіме – жырдың дүкені.
Міне, жаңа келді. (Ұлжан)
6. Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой, енді аман бол!
(Шоқан)
4 кезең- «Көп сөз - бір мағына»
Бұл кезеңде топтар тұрақты тіркестердің мағынасын ашуы керек.
Топтар сағат тілінен берілген сандарды ашып, тұрақты тіркестерге жауап
беруі керек.

  1. Ит өлген жер. (Алыс,шалғай)

  2. Ат ізін салмау (Хабарласпау,жолықпау)

  3. Бармағын тістеу (Өкінді)

  4. Екі көзі төрт болу (Қорықты)

  5. Жұмған аузын ашпау (Сөйлемеу)

  6. Жүрегінің түгі бар. (Батыр)

  7. Ит терісін басына қаптау. (Ұрсу)

  8. Қас пен көздің арасында. (Тез,жылдам)

  9. Су жұқпас (Алаяқ)

  10. Кірерге тесік таппау. (Ұялу)

  11. Мұрнын көкке көтеру. (Менменсіну)

  12. Қой аузынан шөп алас. (Момын,жуас)

5-кезең - «Ұшқыр ой» бұл кезеңде логикалық сұрақтарға жауап береді.
Қоржындағы нөмірленген үлестірме қағаздардағы сұрақтарға жауап береді.

  1. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (Түс)

  2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атауға болады? (Мысық)

  3. 31 ақпанда қандай мейрам бар? ( 31 ақпан жоқ)

  4. Теңізден қандай тастар табылмайды ? (Құрғақ)

  5. Мұрныңа төніп тұр,бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (Иіс)

  6. Тамақ пісірер алдында қазанға не салады? (көз салады)

  7. Қандай бөшкеге су құюға болайды? (іші толған бөшкеге)

  8. Дүниеде ең шапшаң не? (ой,қиял)

  9. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі бар? (көз қорқақ,қол батыр)

  10. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын )

  11. Оттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық)

  12. Қар жана ма? (Қалауын тапса,қар жанады)

  13. Ең тәтті не? (Ананың тілі, баланың тілі тәтті)


Қорытынды:
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.
Топтарды марапаттау
Сонымен сыныптар арасындағы « Ана тілінің білгірі » сайысының
жеңімпаз тобы ---------------------------------------------------------------------------


Ана тілім жүрегісің анамның,
Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым,
Сағат сайын саулығыңды тілеймін
Сенсіз мынау керегі не ғаламның










Топтарды бағалау



Топтар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет