Анар Бекмырзақызы Салқынбай Қазақ тілінің тарихи грамматикасы оқу-әдістемелік кешен



бет14/21
Дата18.10.2023
өлшемі0.71 Mb.
#480980
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
истрграмматика-кешен-1 (1)

2. ТАРИХИ МОРФОЛОГИЯ

1.5. Тарихи морфология. Зерттеу нысаны, мақсаты, зерттелу тарихы. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның тарихи қарым-қатынасы, даму сипаты. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері………………..........................................................……1 сағат


1.6. Морфемалар тарихы. Түбір морфема және қосымша морфема. Этимон-түбірлердің сипаты. Буын дамуы – сөз мағыналарының дамуы. Түбірлер дамуының кезеңі. Ішкі флексия мәселелері. Түбірдің тектік бірлігі мен жақындығы. Түбірлердің грамматикалық тұлғалары мен олардың түрленуі. Сөздердің грамматикалық таптарға жіктелуі туралы пікірлер. Грамматикалық категориялардың қалыптасу тарихы. Ескерткіштердегі сөз таптарының жалпы сипаты…....................................................................1 сағат
1.7. Зат есімнің даму тарихы мен грамматикалық тұлғалары. Зат есім мен етістіктің мағыналық тектестігі. Э.В.Севортянның этимологиялық сөздігі, етістік, зат есім туғызушы аффикстердің тарихы туралы. Зат есімнің тәуелдік, септік, көптік жалғауы туралы. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі зат есім мен оның жалғаулары. Көне түркі мұраларындағы зат есімнің сипаты....................................…. 1 сағат
1.8. Сын есімнің мағыналық дамуы. Сын есім тудырушы жұрнақтар, сын есімдердің қазіргі қазақ тіліндегі мағыналық сипаты. Сын есім туғызушы жұрнақтар. Сандардың шығуы туралы пікірлер, зерттелуі. Сан есімдердің этимологиясы туралы көзқарастар. Қасиетті сандар тарихы – 1, 3, 7, 9, 40 деген сандар. Көне ескерткіштерде сан есімнің көрінісі, санау үлгілері, грамматикалық тұлғалануы. Есімдіктің даму тарихы мен қалыптасу жолдары. Сілтеу, жіктеу есімдіктерінің тектестігі. Сұрау, белгісіздік, топтау есімдіктерінің тарихи дамуы…….............................................................…. 1 сағат
1.9. Етістіктің сөз табы ретіндегі даму жүйесі. Етістік пен зат есімнің байланысы туралы көзқарастар. Етістіктің қалыптасуындағы қимыл есімнің қызметі мен маңызы. Етістіктің грамматикалық формалары. Тұлғалық және мағыналық күрделілігі. Орхон-Енисей жазба ескеткіштеріндегі салт және сабақты етістік. Болымды және болымсыз етістік. Есімшенің даму тарихы. Есімшенің тұлғалық, мағыналық сипаты. “Дивани луғат ит түрк” еңбегіндегі көсемше тұлғалардың көрінісі. Қөсемше тұлғаларының тұлғалық сипаты. Көсемше тұлғаларының мағыналық сипаты. Рай тұлғаларының дамуы…1 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет