Анасының іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?



Дата21.11.2023
өлшемі15.65 Kb.
#483895
2 жағдаят


1-жағдаят
Баласының бөлмесін жинап жүрген анасы қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы бөбекжайдан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттейтін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам өзі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.
Анасының іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?
Ата-ана баласының жас кезеңдеріне аса мән берген дұрыс. Егер бала мектеп жасындағы бала болса бұл жағдайды түсінері анық. Ал мектепке дейінгі бала ол нарсені анық түсіне қоймайды. Анасы осы нәрсені білуі қажет. Мысалы, анасына керек емес қажетсіз зат болып есептелетін нәрсе, баласы үшін соншалықты маңызды болуы мүмкін. Бұндай жағдайда анасы тек түсіністікпен қарап, баласына заттарының маңызды екендігін білмей қалғандығын, және сондай заттардың басқасын аперетіндігін айтып баланы жұбатуы тиіс. Себебі анасың бұндай әрекетін дұрыс түсінбеген балада анасына деген дұрыс емес пікір қалыптасып ғана қоймай ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсуі мүмкін.
Ойын баласы қандай затқа ренжіш білдіру керек, қандай затқа ренжудің қажеті жоқ екендігін нақты ажырата алмайды. Сондықтан анасында тек түсіністік танытудын басқа нұсқа жоқ. Енді ғана дамып, ой-пікірі қалыптасып келе жатқан баланы тәрбиелеу аса маңызды.
2-жағдаят
Мектептің 9-сыныбында оқитын оқушылар болашақ мамандықтары туралы әңгіме қозғады.Озат оқушылар жоғары оқу орнына баруды жоспарлап жатты. Тіпті ұлттық университеттерде оқып жүргені туралы армандады. Ал, биыл оқуын колледжде жалғап тезірек еңбекке араласып отбасына көмектескісі келетін балалар да өз ойларын айтып жатты.Олардың арасында тұрмысқа шығып, өз жағдайын жақсартуды мақсат еткен қыз бала үндемей қалды.Оның да арманы таудай, бірақ отбасында ақшаға байланысты күнде туатын айқайдан шаршап кеткені сонша, оқуды емес, ауқатты отбасынан шыққан, өзінен жасы үлкен балалармен достаса бастаған еді. Қалай ойлайсыздар? Қыз бала неліктен осындай әрекетке барады?

Баланың ойында болатын кез-келген нәрсе отбасындағы келеңсіздіктің нәтижесінде. Ақшаның үнемі жетіспеушілігінің әсерінен бақытсыздық ұрыс-керіс айқай бола берсе, бала санасында бақытты болу үшін тек ақша қажет деген пікір қалыптасады. Осының нәтижесінде бала тек ақшаны ғана ойлап, бақытқа жетелейтін өзінің армандары мен мақсаттары екендігін ұмытып кетеді. Сондықтан тек ақшасы мол жерде ғана бақытты боламын деп есептейді. Сонымен қатар ата-анасының тату болғандығын қалағандықтан, болашақта ақша үшін өз өмірінде ұрыс болмаса екен деп ауқатты отбасына тұрмысқа шыққысы келетіндігі белгілі.

Ата-ана қанша жерден ақшаның жетіспеушілігі болсада, қанша жерден үнемі ұрыс болсада балаға бақыт үшін ақшаны маңызды деп есептеу дұрыс емес екендігін айтып отыруы тиіс. Бала үнемі көріп жүрген нәрсені бойына сіңіріп өседі, сол себепті бақытты отбасының көрінісі қандай екендігін біліп өсуі маңызды. Сонымен қатар адамды бақытты ететін арман-мақсаты болуы керек. Сол мақсатқа жету үшін білім алып, алға ұмытлу өте маңызды екендігін білуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет