Білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтихан тапсырмасы



бет1/7
Дата30.09.2024
өлшемі49.24 Kb.
#504143
  1   2   3   4   5   6   7
БИО оқыту әдістеме- КАЗ


КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ»

СМЖ-нің 4 денгейдегі құжаты Документ СМК 4 уровня

Экзаменационное задание



Ф 042 – 1.46 - 2022

Кешенді емтиханның тапсырмасы /
Задание комплексного экзамена

№4 басылым «16»_10_2022 ж.
Редакция №4 от «16» 10 2022 г.




1 емтихан тапсырмасы




6В01510-Биология
мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтихан тапсырмасы
____________________________________________________________________
Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасы
Жаратылыстану-математика факультеті
Емтихан түрі / Форма экзамена кейс____Кейс____________________
кейс, эссе, шығармашылық тапсырма/творческое задание, жоба/проект

Мұғалім оқушыларға күнделікті сабақ жоспарымен жаңа тақырыпты түсіндіреді. Оқушылардың ақпаратты оңай қабылдауы үшін мұғалім интерактивті тақтада интернеттен презентациялар, бейнелер мен сызбаларды ұсына отырып, пән бойынша сабақтарды әртүрлі тәсілдермен өткізеді. Сабақ барысында пән бойынша оқушылар әр түрлі сілтемелер еңгізу арқылы тапсырмаларды орындайды және әркім сабаққа белсенді қатысады. Сабақ соңында мұғалім тақырыпты қорытындылайды және студенттерге олардың білімдерін тексеру үшін нұсқаулық парақтарын таратады. Мұғалім әр баланың қалай оқитынын білу үшін оқушылардың ұялы телефондарын жинайды. Нәтижесінде кейбір оқушылар тақырыпты игере алмайды және тапсырма нашар орындалады.


Оқыту мен оқуда АКТ қолдану оқушының сыни ойлауына қалай әсер етуі мүмкін?
Мұғалімнің ұялы телефонды жинақтауы оқушылардың ойлауы мен психологиясына әсер ете ала ма?
Неліктен критериалды бағалау принциптері әртүрлі?
2 емтихан тапсырмасы


6В01510-Биология
мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтихан тапсырмасы
____________________________________________________________________
Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасы
Жаратылыстану-математика факультеті
Емтихан түрі / Форма экзамена кейс____Кейс____________________
кейс, эссе, шығармашылық тапсырма/творческое задание, жоба/проект

Генетика сабағында «Моногибридтерді будандастыру» тақырыбы өтті. Оқушылар сабақты түсінді. Мұғалім бөлу заңы мен біртектілік заңының айырмашылығын жазып келуді тапсырғанда, оқушылардың көпшілігі бұл тапсырманы өз бетімен орындай алмады. Тек 5 оқушы тапсырманы орындады.


Бұл тапсырманы орындаған балалар қандай деңгейде?
Осы мәтінде қандай шеберлік туралы айтылған және авторды атаңыз, өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
Блум таксаномиясының мұғалім үшін және оқушы үшін маңызы туралы не айтасыз?

3 емтихан тапсырмасы




6В01510-Биология
мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтихан тапсырмасы
____________________________________________________________________
Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасы
Жаратылыстану-математика факультеті
Емтихан түрі / Форма экзамена кейс____Кейс____________________
кейс, эссе, шығармашылық тапсырма/творческое задание, жоба/проект


1.Іскерлік ойын әртүрлі басқарушылық және өндірістік жағдайларды педагогикалық модельдеуден тұрады. Модельдеу моделін және негізгі кейіпкерлерді көрсете отырып, 9-сыныпқа өзіңіз таңдаған тақырып бойынша іскерлік ойын тақырыбын ұсыныңыз.
2.Тоғызыншы сынып оқушылары биология пәнінен «Моногибридті және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығару» деген тақырып өтті. Мұғалім тақырыпты түсіндіріп,есептің шығарылу жолын көрсетті және оқушыларға тапсырма берді.Сыныпта биологиядан өте белсенді екі оқушы болды. Бірінші оқушы ол –Арман ,барлық сабақтан тек 5 ке оқиды. Екіншісі Мақсат ол тек биология пәнінен ғана жақсы оқитын. Әрқашанда екеуі тапсырмаларды бірдей орындап бітетін.Бірақ осы жолы Арман биологиялық есепті шешуге қиналды.Мұғалім тек Мақсатқа есебінің қате жерін жөндеп жол көрсетті,ал Арманға «Сен үздік оқушы емессің ба?
Барлық есепті шығара білу керексің» деп жауап қайтарды.
Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті дұрыс па?
Жақын даму саласындағы көмек тек баланың үлгеріміне байланысты ма?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет