Патронаж қызметкері ретінде ретінде сіз отбасылармен бірге ұзақ сапар шегесіз. Бұл – сізге басқа адамдардың өмірі туралы бірегей білім беретін және олардың ауыртпалықтарын азайтуға және сіз болмасаңыз, жүзеге аспай қалуы ықтимал мүмкіндіктерді тудыруға шынайы мүмкіншілік беретін керемет және мәртебелі
рөл.
Кішкентай балалар, олардың отбасылары және қоғам үшін жасап жатқан бар еңбегіңізге алғыс білдіреміз!
|
Балалар арасындағы өлім-жітімді азайтуда айтарлықтай жетістіктер бар. Алайда, балаларға толық даму әлеуетіне жетуге, кейінгі өмірінде созылмалы сырқаттардан аулақ болуға және орнықты даму мен әлеуметтік әділдікке жол тартуға көмектесу үшін балалардың тіршілік етуіне және дамуғына бағытталған бағдарламалар өзара байланысты болуы қажетi.
Әйел жүктілігі кезінде және баланың ерте балалық шағында үйге барып қарау балалар әлеуетін толығымен іске асыра алуы үшін теңсіздікті азайтудың, балалардың денсаулығын жақсартудың және оларға көмектесудің маңызды стратегиясы болып табылады. Үйге барып қарау арқылы сіз:
оқу-үйренуге және ұсыныс-кеңес алуға мүмкіндік бересіз;
барлық отбасылардағы нәрестелерге көрсетілетін қамқорлық пен күтімді арттыра және олардың өміршеңдігіне септесе аласыз;
қажеттіліктерді анықтай аласыз және анықталған қауіп-қатерлер және ұрымталдыққа сәйкес шара қолдана аласыз;
көрінбейтінді көрінетін ете аласыз.
Бірақ, бұл патронаж қызметкерлерінің біліктілігі және кәсібилігі өте жоғары болуын талап етедіii.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі патронаж мейірбикелері кішкентай балалары бар отбасыларда денсаулықты нығайтуға және адами әлеуетті дамытуға септесуге бағытталған қызметтер көрсетеді. Алайда, олардың білім деңгейі, нақты міндеттері және мамандықтарының атауының өзі әр елде әртүрлі болып келеді. Мысалы, жұмысы балалар айналасында шоғырландырылған денсаулық сақтау қызметкерлері келесідей аталуы мүмкін:
Ұлыбританияда, Даниядаiii және Норвегиядаiv медициналық патронаж қызметкерлері
(health visitors);
Солтүстік Америка елдерінде, Ирландиядаv және Жапониядаvi мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің мейірбикелері (public health nurses) (PHN);
Австралиядаvii және Швецияда балалар мейірбикелері (child health nurses);
Бельгиядаviii әлеуметтік мейірбикелер (social health nurses);
Бұрынғы Югославияның кейбір елдеріндеix патронаж мейірбикелері (patronage nurses).
Халықтың өзгермелі қажеттіліктерін x ескеру үшін қазіргі уақытта Еуропада отбасылық мейірбике (family health nurse - FHN) мамандығы сынама жоба ретінде іске қосылды. Оның міндеттері барлық отбасы мүшелері және барлық жас топтары айналасына шоғырландырылған, сондықтан, оның рөлі бар міндеті кіші жастағы балалардың денсаулығын бақылаумен шектелетін патронаж мейірбикелерінің рөліне қарағанда, әлдеқайда жалпы міндеттермен сипатталады.
Патронаж мейірбикелерінің мамандықтарының атауларындағы және атқаратын міндеттеріндегі айырмашылықтар елдер арасында да айырмашылықтар сөзсіз болатынын білдіреді. Сондықтан, осы модульде ұсынылатын қазіргі міндеттер (рөлдер) және жаңа рөл арасындағы айырмашылықтар әртүрлі елдерде сан түрлі болады. Бірақ, біз барлығынан ортақ
айырмашылықты көретін боламыз, ол – жаңа патронаж қызметкерлерінің жұмысын атқару барысында белсенді және бастамашыл болатыны және кәсіби шешімдер қабылдайтыны. Жаңа рөлдерінде патронаж қызметкерлеріне басым міндеттерін, күнделікті кестесін, сонымен қатар, отбасыларға өзекті және қажетті көмек көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қашан және кіммен кездесетінін жоспарлау үшін көбірек дербестік қажет болуы мүмкін. Төменде осы рөл ауқымының қаншалықты кең екенінің сипаттамасы келтірілген және сіз патронаж қызметкерінің осы жаңа рөлінен қазір не күтетініңіз туралы ойлана аласыз.
Патронаж қызмектерінің жан-жақты рөлі
Жалпы кәсіби рөл (міндеттер) өте кең ауқымды, себебі, ол патронаж қызметкерлерінің бала өміріне әсер ететін барлық факторлар туралы ойлауын, соынмен қатар, патронаж қызметкерлерінің өздеріне не әсер ететіні туралы ойлауын талап етеді. Осы рөлді жалпылау үшін оны кәсіби рөлдің өлшемдері тұрғысынан қарастыру пайдалы болады, аталмыш өлшемдер: жекелеген адамдар, отбасылар, жергілікті қоғам және мекемелер. Төмендегі диаграмманы қараңыз (2-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |