Іс жүзіндегі жұмыс барысында жүзеге асырылатын негізгі әрекеттер
Баршаға арналған, бірақ, қарқындылығы жағынан баланың немесе отбасының қажеттіліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін әмбебап озық қызметтер ұсынудың бір бөлігі ретінде патроныж қызметкері жүзеге асыратын бірқатар негізгі қарекеттер (әрекеттер) түрлері бар. Олар – суретте тізімделген және әмбебап деңгейде ақпарат пен ұсыным беруден басталып, кейін қиындықтарды анықтау және артынша, күрделік қажеттіліктер болып жатса, өзге қызметтерді тарту арқылы шара қолдануға ұласады.
Төменде келтірілген 2-ші нақты жағдайдың (кейс стади) сипаттамасын оқып шығыңыз:
Патронаж қызметкері сәбиіне 2 апта толған анамен кездесу туралы келісіп алу үшін оған қоңырау шалды. Телефон арқылы сөйлесу кезінде патронаж қызметкері үйге барып қарауға қосымша оны аптасына 3 рет таңертең жергілікті қоғамдағы орталықтан көруге болатынын түсіндірді, сол орталықта ол сәбилерге күтім көрсету бойынша кеңестер береді және ата- аналарға орталық арқылы қол жеткізуге болатын басқа да жергілікті қызметтер туралы айтып береді. Бірақ, ана үйге келіп қараудың қажеті жоқ екенін, себебі, «өздері-ақ бар істі тындыратынын және көмектесетін достары көп екенін» айтты. Келес аптада осы ана патронаж қызметкерімен кездесу үшін жергілікті орталыққа келді, оған баланы «жылағанын тоқтатып, қалай ұйықтатуға» болатыны туралы кеңес керек екен. Патронаж қызметкері анадан жағдайы қалай екенін сұрады, сол сәтте ол жылап қоя берді. Патронаж қызметкері ананың жанында байсалды кейіппен отырып, өте сыпайы түрде баласына анасының құшағында болған ұнайтынын айтты, ал анасына баласын қайта-қайта емізе бергендіктен, әл-дәрмені қалмай қалатынын топшылады. Содан соң, ол үйге барып қарауды ұсынды, сол кезде оңашада анасы баласын қалай емізетінін бақылауға жеткілікті уақыты болады. Ана ұсынысты қабылдады, осылайша, кездесу келесі күнге жоспарланды.
Өзін-өзі бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |