Орал қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі
ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ
Қаңтар-қыркүйек
2014 жыл
Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП
Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі
млрд. теңге
Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің құрылымы
Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП
2014 жылдың 3 тоқсанына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 74,8 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 94,5% құрайды. Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес (68,7%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, өндіріс көлемі 51,4 млрд. теңге, нақты көлем индексі 96,1% құрайды.
Аталған саладағы өндіріс көлемінің кемуі, өнім өндіру көлемінің азаюымен байланысты:
тамақ өнімдерін өндіру 4,8% (соның ішінде ет және тағамдық қосымша өнімдері 65,9%, консервіленген балық 51,5%, сары май 66%);
сусындар 12,9% (сыра 38,8%, алкогольсіз ішімдіктер 39,4%);
ағаш және тығын бұйымдар 5,2% (ағаш терезе және оның жақтаулары 2,9%);
жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту 71,1%;
резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру 40,4% (тұрбалар, пластмассадан жасалған тұрбалар 49%);
химия өнеркәсібі 29,9% есе (стерол полимері бастапқы формада 29,9%);
металл бұйымдар өндіру, машина және жабдықтардан басқа 14,4%).
Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібінің қалған бағыттары бойынша өндіріс көлемінің өсімі байқалады:
тоқыма бұйымдарын өндіру 32,7% (соның ішінде төсек-жайма бұйымдарын өндірудің 42,5%, дайын тоқыма бұйымдары 36% өсу есебінен);
металлургия өнеркәсібінде 6,1%;
машина жасау 5,1% (жылу алмастырғыш, тоңазытқыш жабдықтар 5,6%);
өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 21,1%( бетоннан жасалынған бұйымдар 34,4%);
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 3,3 млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жыл деңгейінен 19,7% төмен болып отыр. Су өндіру көлемінің 8,9% кемуінің негізгі себебі суды тұтыну көлемінің кемуі болып табылады. Осы дерек суды жеткізу бойынша қызметтер бағасының өсуіне себепші болып отыр.
Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 19,9 млрд.теңге немесе 26,7%, ол өткен жыл деңгейінен 2,1%-ға төмен. Өндірістің кемуінің негізгі себебі электр энергиясын тұтынуды үнемдеу мен кәсіпорындарда энергия үнемдеу технологияларын енгізумен байланысты.
Аталған деректер жалпы өнеркәсіп өнімінің өсу қарқынына әсер етіп отыр.
Қала бойынша 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында тауарлы бетон өндірісі бойынша «СВ-Плюс» ЖШС және дайын металл бұйымдарын жөндеу бойынша қуатты «Азотный завод» ЖШС, жүгері таяқшасын өндіру бойынша «ЗКПК Ерка» ЖШС-нің цехы, «ЗККСМ» АҚ-ның құрылыс бұйымдарын өндіру цехы іске қосылды.
Орал қаласының экономикасы
Сонымен бірге, Индустрияландыру картасы шеңберінде Орал қаласы бойынша 2014 жылға 4,2 млрд.теңге сомасында 2 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, ол 360 жұмыс орынын ашуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, «Бизнестің Жол Картасы 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің өтініштерін қарау жөнінде Аймақтық үйлестіру кеңесінің 14 отырысы өткізіліп, Орал қаласы бойынша 3,2 млрд.теңгеге 74 жұмыс орнын ашуға 37 жобасы мақұлданды. Оның 603 млн. теңгеге 5 жобасы өнеркәсіпке қарасты, олардың жалпы бағасы 1180 млн.теңгені құрайды.
А
Орал қаласының экономикасы
УЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
бас
Орал қаласының экономикасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық аграрлық секторында 34 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде - 1 мемлекеттік кәсіпорын, 7 –жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 26 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады және соның 20,6%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімдері жалпы көлемі 3216,3 млн.теңге, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 104%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру -1835,6 млн.теңге, өсу қарқыны 102,9%, мал шаруашылығы – 1239,9 млн.теңге өсу қарқыны 106,2%.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі ауылшаруашылық тауар өндірушілерді субсидиялау ретінде мемлекеттік қолдау шарасы аясында мүмкін болып отыр. Сонымен «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы 177,9 млн.теңге субсидия беріліп, оның мал шаруашылығы саласы бойынша 138,3 млн.теңге, өсімдік шаруашылығы саласы бойынша 39,6 млн.теңге.
Бүгінгі күні өсімдік шаруашылғы бойынша субсидия бөлу тоқтатылған.
Жеке -қосалқы шаруашылықтардың ірі қара малының аналығын қолдан ұрықтандыру, асылдандыру және жаңа тұқым алу, қоғамдық табынды қалпына келтіру үшін асыл тұқымды етті бұқаларды сатып алу, бойынша қызметтерді атқаратын жеткізушілерге субсидия бөлу жұмыстары жалғастырылуда.
Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылы ірі қара малын сату 69,3%, сүт өнімдерін өндіру 98,4% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің (95,7%) негізгі үлесті «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.
Ағымдағы жылы кредит қаражаты есебінен: қуаты сағатына 10 тонна мал азығын дайындайтын «Орал құс фабрикасы» ЖШС-нің жем цехы және «ОралАгросервис» ЖШС-нің қуаты жылына 1600 тонна көкөніс сақтайтын қойманы іске қосу 2014 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланып отыр.
2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында былтырғы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда тауық жұмыртқаларын өндіру 15,7% өсіп (58051,8 мың дана), ет өнімдері 13,5%-ға (637 тонна) кеміді, сонымен бірге сүт өнімдері 2013 жылдың деңгейінде (4658,9 тонна) қалып отыр.
Ірі қара мал басы 2,2% кеміп, 3613 басты құрады, оның ішінде сиыр 1812 бас, жылқы 2,6% (221бас), құс 2,4% (376,2 мың бас ).
Орал қаласының экономикасы
Сонымен бірге, қой 2,7%-ға (2792 бас), ешкі 1,1%-ға (1042 бас), шошқа 0,2%-ға (1351 бас) өсті. Бүгінгі күні дәнді дақылдарды, картоп, көкөніс пен бақша өнімдерін жинау толық аяқталды, дәнді дақылдардың орташа түсімі 5,2 ц/га, жалпы өнім 5,7 тонна немесе былтырғы жыл деңгейінен 14%-ға өсіп (2013 ж.-5,1 ц/га, жалпы өнім 5016 тонна), картоп 160 ц/га, жалпы өнім 18,4 тонна немесе 9%-ға артты (2013 ж.-156 ц/га, жалпы өнім 16,4 мың тонна), көкөніс және бақша өнімдері 178 ц/га, жалпы өнім 14,5 мың тонна немесе 111% (2013 ж.-172 ц/га, жалпы өнім 13066 тонна), күзгі дақылдар 8,7ц/га, жалпы өнім 2,7 мың тонна, ол 141% -ға (2013ж.-5,5 ц/га, жалпы өнім 1110 тонна) өсіп отыр.
Алдағы жыл өнімі үшін қала аграрлықтарымен 1088 гектарға күзгі дақылдар егілді. Соның ішінде ақ бидай - 822 гектарға, қара бидай - 266 гектарға.
Қалада барлығы 165 бау-бақша серіктестіктері бар, оларда 18 мың адам мүшелікке тіркелген. Ағымдағы жылы олар 745 гектарға көкөніс пен бақша өнімдерін егіп, 178 ц/га орташа түсімімен жалпы өнім 13,3 мың тонна немесе 117% (2013ж.-715га, 158 ц/га, жалпы өнім 11297 тонна) алды.
Тұрғындарды қыс мезгілінде көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 10,0 мың шаршы метр 5 жылы-жай шаруашылығы жұмыс істейді.
2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында Орал қаласының 10 тұрғыны мал шаруашылығын жүргізуге жалпы сомаға 26,7 млн.теңге жеңілдетілген кредит алды.
К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК
Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.
Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаланың барлық көлік түрлерімен тасымалданған жүк барлығы 2,8%-ға өсіп (19,7 млн.тонна), жүк айналымы 4,7% (1596,7 млн.т/км) құрады.
Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 36 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 315 автобус және 188 шағын автобус шығады.
Жолаушы тасымалдау көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 0,7%-ға (313,3 млн.адам) өсіп, 242 млн адам, жолаушы айналымы 3,6%-ға өсіп, (4904,9 адам/ш) құрады.
Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК
2014 жылдың 1 қазанына қаладағы есепті деректер бойынша 30 221 шағын бизнес субъектісі тіркелген, (соның ішінде 6 573 заңды тұлға, 23 648 жеке кәсіпкерлер), олардың 27 210 (5 433 заңды тұлға, 21 777 жеке кәсіпкер) қолданыста (90,0%), еңбек ететіндер саны 42 003 адамды (11 694 заңды тұлға, 30 309 жеке тұлға) құрайды.
Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны 4,9%-ға өскен.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 44,7 млрд. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.
Салық комитетінің нақтыланған деректері бойынша 2014 жылдың қаңтар –қыркүйек айларында 2 138 куәлік берілді, тіркеу салымы 5 834,6 мың теңгені құрады.
Аталған кезеңге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 12 111,0 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 5 140,3 млн.теңге.
2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 224(110,82 га) жер учаскелері бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 36 (2,96га).
Сонымен қатар, 181 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сондай-ақ 85 нысан қайта жоспарланып іске қосылды, сонын ішінде: 40 дүкен, 4 дәріхана, 17 кеңсе, 1 тіс оңдайтын бөлме, 9 кафе, 4 шаштараз, 2 сауда кешені, 4 авто шеберхана, 1 сауна, 1 сұлулық салоны, 1 наубайхана және 1 асхана бар.
2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын бизнес субъектілеріне 13 324,7 млн. теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 6 049,4 млн. теңге, ұзақ мерзімге – 7 275,3 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімге берілген несиелер 31,4 пайызға төмендеді, ұзақ мерзімге берілген несиелер 30 пайызға өсті.
Орал қаласының экономикасы
м лн.теңге
Орал қаласының экономикасы
САУДА
млн. теңге
Орал қаласының экономикасы
САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ
2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 116 036,4 млн. теңгені құрады, келесі кезеңге сәйкес былтырғы жылдан 21,5% өскен.
Нарық айналымының тауар айналымы жалпы көлеміндегі бөлшек салмағы 41,5% немесе 48 205,3 млн. теңгені құрап отыр. Нарықсыз тауар айналымы көлемі 58,5% өсіп, 67 831,2 млн. теңгені құрап отыр.
Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 181 502,9 млн. теңгені құрап, 12,6%-ға өскен.
Нарықтың тауар массасы жылдан жылға көбейіп жатыр, тауар ассортименті тұтынушыларға үлкеюін белгілеу керек. 2014 жылдың 1 қазанына тауар қалдықтарының көлемі: көтерме саудада – 12 130,8 млн. теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 8 259,4 млн. теңге құрап отыр.
Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.
2014 жылдың 1 қазанына қалада 45 ірі сауда үйлері, 1521 дүкендер мен дүңгіршектер, 33 базар жұмыс істейді.
Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 410 объект, 246 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 65 ателье, 220 авто шеберхана, 145 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 37 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.
Орал қаласының экономикасы
Тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері
Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР
Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2014 жылдың өткен айымен салыстарғанда 100,2%, өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 104,8% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 100,2% сәйкесінше 105,2% құрап отыр.
2014 жылдың қыркүйек айында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 4,8%-ға өсті.
Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде азық–түлік тауарларының баға индексі 100,2% құрады, бұл ет пен тауық еті бағасы - 2,2%-ға, шай – 2,5%-ға, жұмыртқа – 4,3%-ға өсуімен белгіленген. Қант бағасы – 3,1%-ға, қарақұмық жармасы – 5,4%-ға, жемістер 2,2%-ға арзандады. Картоп бағасы– 17,9%-ға төмендеді.
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында азық-түлік емес тауарларының бағасы – 0,3%-ға өсті, сонымен бірге киім мен аяқ киім бағасы - 0,6%-ға, газет, кітап және кеңсе тауарлары – 1,2%-ға, өзге де жеке күтім заттары - 1,1%-ға өсті. Бензин -0,4%-ға қымбаттады.
2014 жылғы қыркүйекте халыққа көрсетілген ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 100% деңгейінде қалды, сонымен қатар білім беру – 1,2%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер - 2,6%-ға қымбаттады. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметі 7,6%-ға төмендеді.
Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ
млн. теңге
И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ
Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 35543,2 млн. теңгені (алдыңғы жылға 152% құрады), соның ішінде: республикалық бюджет қаражаты есебінен– 11617 млн.теңге, жергілікті бюджет -4179,2 млн теңге, ұйымдар мен кәсіпорындардың – 19747,3 млн.теңге.
Қала экономикасына есепті кезеңде инвестиция көлемінің өсімі республикалық бюджет есебінен 3728 млн. теңгеге артық, жергілікті бюджет есебінен 3520 млн.теңгеге, сонымен қатар, жеке қаражаты есебінен 4959,6 млн.теңгеге артық жұмсалды.
Республикалық бюджет арқылы коммуналдық шаруашылық және сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, коммуналдық және несиелік үйлердің құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Одан басқа, 300 төсектік қалалық көп бейінді аурухана құрылысы жалғасуда, Зашаган кентінде 7,5 мың ш.м жалпы көлемі 90 пәтерлік және 130 пәтерлік тұрғын үйлер іске қосылды.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 447,4 млн. теңгеге әлеуметтік саланың үш объектісі күрделі жөндеуден өткізілді: Круглоозерное ЖББМ, №7 ЖББМ, №6 «Шолпан» балабақшасы.
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жалпы сомаға 573,4 млн.теңгеге көше жолдарын Алмазов (Меңдалиев-Құрманғазы) мен Еуразия даңғылы (Елизаров- Чаган-Набережный) көшесін қайта жаңғырту және Карев көшесін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді.
Бұдан басқа, жалпы сомасы 1563,3 млн теңгеге жаңа қалалық алаңмен 5-7 шағынаудан аралығында рекреациялық демалыс аймағының құрылысы басталды.
Жергілікті бюджет арқылы Деркөлде дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда, Зашаған ауылы №20 ауданында гүлзарды абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді.
Жеке қаражаты есебінен нақты құны 1327,5 млн. теңгені құрайтын 41 нысан іске қосылды, соның ішінде: жалпы алаңы 0,291 мың шаршы метр болатын 5 сауда дүкендері, 6,2 мың шаршы метр 5 қоймалар, кондитерлік цех, 200 орындық асхана, 3 сауда үйілері, 20 орындық монша, 8 кеңсе, 4 автосервис, автокешен,спортзал, 3 көлікжуғыш, жабық базар, 9 шағынмаркет,2 цех және 3 қуаттар пайдалануға берілді.
Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі -20759,6 млн. теңге құрады, былтырғы жылға 146,7% құрап отыр.
Орал қаласының экономикасы
Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 104492 шаршы метр 953 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға-93,2%. Оның ішінде: жұртшылық есебінен-602 пәтер немесе 67340 шаршы метр, былтырғы жылға 91,7% құрап отыр.
Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 7510,7 млн. теңге бағытталды(107,9% былтырғы жылға салыстырғанда).
Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 66 мың теңге құрады(былтырғы жылға 104%).Соның ішінде: жұртшылық есебінен-62,8 мың теңге немесе былтырғы жылдан 9,4% артады.
Орал қаласының экономикасы
БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге
Орал қаласының экономикасы
БЮДЖЕТ
2014 жылдың 9 айының есебі бойынша қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 53325,2 млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені – 12037,1 млн.теңге, ол жалпы салық базасының 22,6% құрайды.
Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 8495,3 млн.теңгені құрап немесе 19% өскен. Ол республикалық салықтар өсімі есебінен 6150,1 млн.теңгеге және реттейтін салықтар есебінен 1223,7 млн.теңгеге қамтамасыз етіліп отыр.
2014 жылдың 9 айының есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 107,9% орындалып, немесе жоспардағы – 20008,2 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені – 21589,7 млн.теңге соның ішінде 7727,6 млн.теңге - бөлінген трансферттер және 2446,6 млн.теңге республикалық бюджетке қайтарылуға жататын ипотекалық кредит аясында пәтер сатудан түскен қаражат.
Меншікті салықтар мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 103,7%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 9262,5 млн.теңге қала қазынасына нақты түскені – 9601,2 млн.теңге.
Реттейтін салықтар бойынша жоспар 100,1% орындалды, немесе жоспардағы – 6883,7 млн.теңгенің қалалық бюджетке нақты түскені – 6891,6 млн.теңге соның ішінде жеке табыс салығы бойынша жоспар 99,9%, әлеуметтік салық бойынша -100,4% құрады.
Қорытындысында қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары 1157,1 млн.теңгеге асыра орындалды, соның ішінде – 1157,4 млн.теңге пәтер сатудан түскен, 0,8 млн.теңге реттейтін салықтар және 303,9 млн.теңге жергілікті салықтар бойынша.
Аударымдарда ағымдағы жылы былтырғы 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда реттейтін салықтар – 33,5%, 1729,6 млн.теңгеге өсіп, немесе 50,3% дан 2013 жылы қолданыстағы 60% дейін, 2014 жылға бекітілген, сонымен бірге салық базасының өсімімен байланысты болып отыр.
Сонымен бірге, жергілікті салықтар мен алымдардың өсу қарқыны өткен жылдар деңгейіне қарағанда – 18% құрады, немесе өсім – 353,4 млн.теңгені құрайды.
2014 жылғы 1 қазаңдағы жағдай бойынша толық алынбаған салықтың жалпы сомасы контингентте – 3 млрд. теңге, соның ішінде қалалық бюджет бойынша толық алынбаған салықтың сомасы- 398 млн. теңгені құрады.
Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Орал қаласының экономикасы
БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 99,6% орындалды немесе жоспарланған 20 008 242 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 19 935 919,5 мың теңге құрады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 238 504 мың теңге жоспарланса, одан 237 858 мың теңге немесе 99,7% игерілді;
- қорғаныс саласына 21 415 мың теңге жоспарланып, 99,7% немесе 21 345,2 мың теңге орындалды;
- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 107 755 мың теңге жоспарланып, 100% орындалды;
- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 6 618 833 мың теңге сомадан 99,5% немесе 6 587 300,3 мың теңге игерілді;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 828 541 мың теңге жоспарланып, одан 99,3% немесе 822 355,7 мың теңге атқарылды;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған
8 779 845 мың теңгеден 8 761 684,2 мың теңге орындалды немесе 99,8%;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған
643 123 мың теңгеден 633 193,8 мың теңге орындалды немесе 98,5%;
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 48 218 мың теңге жоспарланып, оның 99,9%-ы игеріліп, 48 157,1 мың теңге құрады;
- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 44 205 мың теңгеден 99,8% игеріліп, атқарылған сома 44 125,4 мың теңге құрады;
- көлiк және коммуникация бойынша 835 272 мың теңге жоспарланып, 100% орындалды;
- басқалар бойынша 1 095 668 мың теңгеден 99,5% игеріліп, атқарылған сома 1 090 009,8 мың теңге құрады.
- трансферттер бойынша 38 933 мың теңге жоспарланып, барлық сома немесе 100% орындалды;
- қарыздарды өтеу бойынша 707 930 мың теңге жоспарланып, барлық сома немесе 100% орындалды;
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны жылдық жоспарланған
26 023 887 мың теңге сомадан нақты шығын 19 935 919,5 мың теңге құрады немесе 76,6% орындалды.
Алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджет шығынының құрылымында айтарлықтай өзгеріс болмады.
Орал қаласының экономикасы
ДЕМОГРАФИЯ
Қала халқының саны 281839 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 44,8% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,1% өскені байқалады.
Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады, тек 2003 жылдан 2013 жылға дейін Орал қаласының халық саны 24% өсті.
Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.
Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Теректі.
Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Есепті кезеңге АХАЖ органдарында 4177 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 1,1% азайып отыр.
Өлгендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1% азайып, 1875 адамды құрап отыр, ал бір жасқа дейін өлгендер балалар саны былтырғы жылдың деңгейіне жетіп, 35 адамды құрап отыр.
Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып отыр.
Есепті кезеңге халықтың табиғи өсімі 2302 адамды құрады, 2013 жылдың деңгейінен 1,3% кем.
Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ
адам
Орал қаласының экономикасы
ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 5941 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,3% азайды.
Тіркелген жұмыссыздар саны 955 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7% азайып отыр.
Есепті мерзімде1085 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 12% артып отыр.
Қоғамдық жұмысқа 1011 жұмыссыз тартылды және қайта оқуға 344 адам жіберілді.
Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 5152 жаңа жұмыс орындары құрылды (жоспар – 5122 орын), былтырғы жылға 107% құрады.Оның ішінде: өнеркәсіп саласында – 297, ауыл шаруашылығында – 159, көлік және байланыс саласында - 71, білім саласында - 88, саудада - 183, деңсаулық саласында - 118, коммуналдық шаруашылық саласында - 360, басқа салаларда – 269, уақытша маусымдық жұмыстарда – 2448.
Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 91556 теңге құрады, былтырғы жылға 107,5%.
Есепті кезеңде жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының өсуі барлық салада байқалады.
Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы 17560 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 2% өскені байқалады.
Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |