Анықтамалық-жол сілтегіш мамандық: 050509 Қаржы



Дата30.06.2016
өлшемі258.14 Kb.
#167085
түріАнықтамалық
Қызылорда «Болашақ» Университеті

Экономика, қаржы және бизнес кафедрасы



2013-2014 оқу жылына кредиттік жүйе

бойынша оқитын 1 курс студенттеріне арналған

АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛ СІЛТЕГІШ



МАМАНДЫҚ:

050509 – Қаржы
ҚЫЗЫЛОРДА, 2013

Студенттің анықтама-сілтегіші Болашақ университетінің Оқу-әдістемелік отырысында мақұлданған, №2 хаттама 27 тамыз 2013 ж.

Қҧрастырғандар: Абуов К.С.– «Экономика, қаржы және бизнес» кафедрасының доценті, э.ғ.к.

«Экономика, қаржы және бизнес»

кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Шураева С.Н.

«Құқық, бизнес және ақпараттық

технологиялар» факультетінің деканы, э.ғ.к. Нұрмухамедова Ш.С.

«Болашақ» университетінің ректоры,

х.ғ.к. Махмудов Б.Б.

КІРІСПЕ

Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа енуі халықаралық стандартқа сәйкес келетін жаңа білім беру үлгілерін ендіруді талап етеді. Дүниежүзілік тәжірибені пайдалануы, Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне енуіне жағдай жасайды, дипломның айналымдылығына қол жеткізеді, Лиссабон конвенциясы (1997) және Болон декларациясы (1999) талаптарына білім беру жүйесін бейімдеу.

Халықаралық тәжірибені меңгеру берілген білім беру жүйесінің ыңғайлы екендігіне, студенттерді жеке оқыту процесіне мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының 13.07.1997жылғы № 202-1 Конвенцияны бекіту туралы “Еуропалық аймақтағы жоғары білім беруге ендірілген біліктілікті білу туралы” Заңы бойынша және ҚР БжҒМ 30.04.2000жылғы № 380 бұйрығымен бекітілген ҚР №5.03.001-2004 “Бакалавриат жоғары кәсіптік білім беру” мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, Қызылорда «Болашақ» университетінің 2007 1 қыркүйегінен бастап кердиттік технологиялық білім беруге көшті.

050509- Қаржы мамандығы бойынша білім беру ҚР МЖМБС 6.08.008 -2008 негізінде жүзеге асырылады.

Оқу бітіруші түлекке «050509 – Қаржы мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес қаржы бакалаврлары мынадай лауазымдарды атқара алады: қаржы жөніндегі бас және жетекші маман, қаржы жөніндегі маман, қаржы директоры, коммерциялық менеджер, қаржы аналитигі,аудитор немесе ревизор, сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі маман; республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржы және сақтандыру компанияларда, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық банкісінде, мемлекеттік емес зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, түрлі деңгейдегі әкімшіліктер жанындағы қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметтерінде, яғни жоғары кәсіби білімді қажет ететін лауазымдарда жұмыс істей алады.

Болашақ кәсіптік қызметінің функциялары:



  • Ұйымдық-басқарушылық қызмет;

  • өндірістік –технологиялық қызмет;

  • есептік-жобалық қызмет;

  • эксперименттік-зерттеу қызмет;

  • білім беру (ұстаздық) қызмет;

  • экономикалық қызмет;

  • құқықтық қызмет;

  • талдау қызмет;

  • кеңес берушілік қызмет.


Студент міндетті:

1. Мемлекеттің жалпы міндетті білім беру стандарттарының білімін, іскерлігін және тәжірибиелік дағдысын игеруге, оқу және тәжірибиелік сабақтардың барлығына қатысуға;

2. Егер студент стационарлық емдеуге, төтенше жағдайға (стихиялы апат, авария және басқа) және басқа орынды себептерге байланысты сабаққа бармаған жағдайда студент немесе оның туған туыстары бір тәулік ішінде болған жағдайды қандай да бір тәсілмен (телефон, телеграя және т.б.) ЖОО-н хабардар етуі және үш күн ішінде осы жағдайды растайтын құжаттарды әкелуге;

3. Егер ішкі семестрлік, қорытынды бақылауды тапсырмаған жағдайда үш күн ішінде оның емтиханға қатыспағаны орынды себептерге байланысты екенін дәлелдейтін құжаттарды әкелуі тиіс. Академиялық қарызы бар студент ЖОО-ң ішкі құжаттарына сәйкес аталмыш қарызды қайтарымды негізде жазғы семестрде жабуға;

4. ЖОО басшылығының бұйрықтары және тапсырмаларын, Жарғының ережелерін, ЖОО басқа ішкі құжаттарын және келісім-шарттың талаптарын орындауға:

5. ЖОО-ң мүлігін ұқыпты және тиімді пайдалануы қажет, жатақханада оқып тұру үшін жағдай жасауға қатысуға;

6. Әскери есепке алудың ережелерін сақтауға;

7. ЖОО-ң мұғалімдеріне, жұмыскерлеріне және білім алушыларына құрметпен және сыпайылықпен қарауға;

8.Жанұялық жағдай, тұрғылықты мекен жай, телефон және басқа да мағлұматтар өзгерген жағдайда жағдайды ЖОО тиісті тұлғаларына (тәлімгерге) аталмыш жағдай іске асқаннан бастап 3 (үш) күн ішінде хабарлауға;

9. Оқуға байланысты көрсетілген қызметтің ақысын келісім-шартта көрсетілгендей толық және тәртіп бойынша төлеуге;

10. Себепсіз себептерге байланысты оның ішінде академиялық үлгере алмауға байланысты, оқу тәртібін бұзуға байланысты намесе өз талабы бойынша оқудан шыққан жағдайда ЖОО-ң көрсеткен Қызметтерін толық төлеуге және Шартты мезгілінен бұрын бұзуға байланысты шыққан шығынды оқудан шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлеуге;

11.Басқа ЖОО-н ауысып келген жағдайда емтихан сессиясы басталғанға дейін жеке іс парағын өткізуге;

12. Тәртіпті және таза киініп жүруге.

Студент құқылы:

1. Қолданыстағы заң негізінде оқудың бір түрінен екінші түріне, білім беру мекемесінің бірінен екіншісіне, бір мамандықтан екінші бір мамандыққа ауысуға;

2. Оқудан тыс кезде кітапхана және оқу залының базасындағы оқу және оқу-методологиялық әдебиет қорын ЖОО-ң ішкі құжаттары анықтайтын тәртіп және шарт бойынша пайдалануға;

3. Оқу кезінде студенттердің өзін өзі басқару огандарына ЖОО-ң ішкі құжаттары анықтайтын тәртіп және шарт бойынша қатысуға;

4.Жеке оқу жоспары және жылдамдатылған бағдарламалар бойынша оқуға;

5. Өз ойы мен пікірін еркін айтуға;

6. Өзінің адамдық құндылығын құрметтеуге.

7. ЖОО-ң мұғалімдеріне, жұмыскерлеріне және білім алушыларына құрметпен және сыпайылықпен қарауға.




Болашақ университет студентінің ар – намыс кодексі

Ар – намыс (ар – ождан) кодексі – ұқыпты адамның өз – өзін ұстау ережесі. Өз ісіне ұқыпты, тірбиелі, өркениетті адам осы кодексті ұстанады.



I. Жалпы ережелер
Біз, Болашақ университетінің студенттері:

ар – намыс кодексін ұстануға бел буа отырып, тәртіпсіздіктің кез – келген түрін болдырмауды мақсат етіп бекіттік;

ҚР – ң конституциясы мен заңдарына, университеттің жарғысын, ұжымдық келісім шарттарына, басшылықтың бұйрықтары мен қаулыларына, студенттер үйінде тұру ережесіне аса құрметпен қарап, ешкімге оны бұзуына жол бермейміз;

университетіміздің ұзақ жылдар бойы қалыптасқан дәстүріне құрметпен қарап, оның әрі қарай дамуы мен кеңеюіне ат салысамыз;

студентінің жұмыста, оқуда жауапсыздық танытуын, оқу жоспарын орындамауын, сабаққа кешігуі мен себепсіз оқуға қатыспауын дұрыс емес деп есептейміз;

дөрекілікке жол бермей, өзге адамдардың намысына тимей, оларға моральдық немесе зақым келтірмей, өзара қарым – қатынасты сыйластық арқылы орнатамыз;

адамдармен қарым – қатынаста толиранттылықты басты орынға қоя отырып, неше түрлі діни, нәсілдік, ұлттық кикілжіңдерге қарсы тұрамыз;

темекі түтіні, арақ - шарап, анаша сиякты зиянды заттарға қарсы тұра отырып, салауатты өмір салты үшін университетінің қоғамдық әрі спорттық өміріне белсенді түрде ат салысамыз;

университетінің мүлкіне өз мүлкімізге қарағандай қарап, оның сақталуына жауапкершілік артамыз, оқу аудиториялары мен басқа да бөлмелерінде, университет аймығында тазалық сақтаймыз;

университетінің ар-намыс кодексі ережелерін ұстану біздің адамдық борышымыз болып табылады. Бұл ережелерді бұзу, біздің абыройымызды түсіру болып есептеледі.


II. Өзін-өзі ұстау ережелері

Университетінің түлегі болу мен қоғамға қажет биік мәдениет пен кәсіби-этикалық міндеттерді жүзеге асырушы азаматтың арасында тікелей байланыс бар.


1.Кіру жүйесі Құқық бұзушылықты болдырмау, тәртәпті сақтау мақсатында университке кіру жүйесі жұмыс атқарады. Әр корпусқа кірер жерде тіркеу бөлімі мен қауіпсіздік қызметі орналасқан. Кіретін кез-келген адам қауіпсіздік қызметіне жеке куәлігін растайтын құжаты болуы керек.

2. Киім
Университте қатаң киім формасы болмаса да, біраз талаптар міндетті болып табылады:

ресми киім лайық болып есептелінеді, университетте шорты немесе спорт киімімен жүру әдепсіз болып табылады (дене шынықтыру пәні мен сенбіліктерден басқа күндері),

оқу орнына кірерде жігіттер кез-келген бас киімдерін шешулері керек;

сырт киімдерін гардеробқа немесе арнайы жасырын киім орындарына қоюы керек;

әкімшілікті кеңселерге сырт киімдерімен кіруге болмайды (ректордың қабылдау бөлмесі, деканаттар, кафедралар, бухгалтерия және т.б.);

студенттерге оқуға ұқыпты киініп, шаштарын сәндеп келуге кеңес беріледі;

оқытушы студентті сабақта тәртіпті бұзғаны үшін, ресми киім стилін бұзғаны үшін сабақтан шығаруға құқылы.
3. Телефон байланысы
Барлық оқытушыларда, студенттерде ұялы телефондары бар. Оқу барысында және кез-келген ресми іс-шараларда ұялы телефонның дыбысы өшірілген болуы тиіс. Осындай жағдайларда телефонмен сөйлесіп отыру, этика нормаларының өрескел бұзылуы болып саналады.


«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ туралы ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
РЕКТОРАТЫ: химия ғылымдарының кандидаты Махмудов Болат Бижанұлы (201В-кабинет, 2 қабат, тел. 23-45-15);
Экономика, қаржы және бизнес кафедрасы өз мамандықтарына сәйкес төмендегі дәрісханаларды қамтамасыз етеді: 306А,401А,406 А,407 А, 408 А (Экономика, қаржы және бизнес кафедрасы) кафедраға бекітілген дәрісханалар.

- Университеттің ғылыми жетекшісі Қазақстан Республикасы Парламент Cенатының депутаты, экономика ғылымдарының докторы, академик

Б.С. Досманбетовтің электрондық поштасы e-mail: Dosmanbetov_с@mail.ru

Пошталық мекен-жайы: 120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 31А, «Болашақ» университеті.

Экономика, қаржы және бизнес кафедрасы 2002 жылы 2 қыркүйекте құрылған. Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы:


  1. Шураев Ш.С. .- кафедра меңгерушісі, э.ғ.к, доцент

  2. Досманбетов Б.С. –э.ғ.д., академик

  3. Райымбекова А- э.ғ.к, доцент

  4. Абуов Қ. – э.ғ.к, доцент

  5. Ким И.Л. – э.ғ.д., профессор

  6. Нұрмухамедова Ш.С.. - декан, э.ғ.к.

  7. Шураева С.Н.-аға оқытушы, э.ғ.к.

  8. Муратбаева Г. –аға оқытушысы, э.ғ.к.

  9. Сейсекеев А.О..-аға оқытушысы, э.ғ.к.

  10. Ажмухамедова А.- э.ғ.к, доцент

  11. Сулейменова З.К. - магистр

  12. Байменова Г. – магистр

  13. Кушекбаева Ш. -магистр

  14. Омарова Г. -оқытушы

Университет басшылығының құрамына енеді:


Ректор

Махмудов Болат Бижанұлы, химия ғылымдарының кандидаты (201В-кабинет, 2 қабат, тел. 23-44-25);

Университетте екі деканат жұмыс істейді:




«Экономика, қаржы және бизнес» кафедрасы туралы жалпы мәліметтер
Экономика және құқық кафедрасы №208 Ж.бұйрығына сәйкес 2.09.2002 жылы, 29.08.2005 жылы №418 Ж. бұйрығы бойынша Экономика және жаратылыстану кафедрасы құрылды. 31.08.2007 жылы №432 Ж. бұйрығына сәйкес Экономика, қаржы және бизнес кафедрасымен аталды.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыты оқытушылар сабақтарда дәстүрлі әдістермен қоса студенттердің сөйлеу, ойлау және танымдық қабілеттерін арттыратын, оларды қажетті материалды өз бетінше іздестіру мен творчестволық талдай білуге бағыттайтын интерактивті әдістерді де пайдаланады. Мемлекеттік стандарт талабына сәйкес мамандықтардың оқу жұмыс жоспарын және оқу процесінің кестесін құрып, өзгеріс енгізіп, бекітуге және оның орындалуын бақылау. Тиісті ережелерге сәйкес студенттердің өзіндік жұмыстарын, аралық бақылауларын және сынақ-емтихан сессияларын бақылауды ұйымдастыру. Сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы бойынша студентті курстан курсқа көшіру, мемлекеттік емтиханға және диплом жұмысын қорғауға жіберу, үлгірімі нашар студенттерді оқудан шығару, академиялық демалысқа шығару туралы бұйрық жобалары мен танысу болып табылады.

ҒЗЖ келесі бағыты – «Ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін көтеру жолдары».

Кафедрада ғылыми бағыты жаңа әдістерге сәйкес дамып келеді, оған университет қызметкерлерінің бірі, кафедра меңгерушісі, доцент басшылық жасайды. Ол бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау мамандығын бітірген. Оқытушылық саласында Университет қабырғасында көптеген жылдар бойы қызмет атқаруда, 40-тан астам ғылыми еңбектері басылып шықты.

Кафедрада кафедра меңгерушісінен басқа бір экономика ғылымдарының докторы, алты экономика ғылымдарының кандидаты, екі магистр жұмыс істейді.

Кафедрадағы барлық іс қағаздар бойынша техникалық жұмысты кафедра лаборанты жүргізеді.

Кафедрада қаржы және есеп, макроэкономика және микроэкономика, 1С-Бухгалтерия, Мемлекеттік және жергілікті басқару дәрісханалары жұмыс істейді. Ол «Университет-технопарк» қазіргі үлгісін жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Қызмет бағыттары:



Берілген мамандық бакалаврлары меншік нысандарын және қызмет аясы әр түрлі кәсіпорындарда экономикалық, басқару, кәсіпкерлік және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕЗІНДЕ

ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР


Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы барысында демалыс күндерін (каникул және мейрамдар) көрсетілуімен оқу және бақылау шараларын өткізу күнтізбесі;

Оқушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша құрылатын, оқушының бағдарламалық материалдарды меңгеруде сандық деңгейінің көрсеткіші;

Академиялық дәреже (Degree) – мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарымен берілетін, жоғары кәсіптік білім беруде, оқушылардың сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын меңгеру дәрежелері;

Академиялық сағат дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтардың 1 байланыс сағатына (50 минутқа) немесе студиялық сабақтардың 1,5 байланыс сағатына (75 минутқа) немесе зертханалық сабақтардың және дене тәрбиесі сабақтарының 2 байланыс сағатына (100 минутқа) немесе кез- келген іс-тәжірибе түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 минутқа) тең.

Академиялық анықтама (Transcript) – оқудың сәйкес келетін кезеңіне, өтілген пәндер тізімінен тұратын, кредиттерді және бағаларды көрсету арқылы берілетін белгілі түрдегі құжат;

Белсенді таратылатын материалдар (БТМ) (Hand-outs) – оқу процесі барысында оқушының тақырыпты дұрыс меңгеруіне (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарилер, өздік жұмысқа тапсырмалар) қажетті белсенді көрнекі материалдар;

Ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) – жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының қызметтері;

Бакалавр, магистр, доктор (Bachallor, Master, Doctor) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәрежелер;

Екідипломдық білім беру– екі тең диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major-Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары бойынша, екі жерде оқу мүмкіндігі;

Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – оқушылардың оқу пәндеріне жазылуы алдын ала жазылу реті бойынша;

Оқушылардың мемлекеттік қорытынды аттестаттауы (Qualification Examination) – білім беру деңгейіне сәйкес келетін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты игеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін бақылау, нәтижесі бойынша білімі туралы құжат беріледі (диплом);

Қорытынды тексеріс (Final Examination) – академиялық кезеңді аяқтауы бойынша аралық аттестаттау кезеңінде, оқу пәндерін меңгергеннен кейін, оқушылардың оқу дәрежелерін тексеру; қорытынды тексеріс емтихан түрінде өткізіледі: ауызшы, жазбаша, тестлеу.

Білім берудің кредиттік жүйесі – жеке жұмыс істеу негізінде өздігінен білім алу және шығармашылық білімді игеру деңгейлерін жоғарылатуға бағытталған білім беру жүйесі, оқу процесі барысында білім беру бағытын таңдау және кредиттер түрінде білім көлемін есептеу.

Кредит (Credit, Credit-hour) – оқушы/оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеу бірлігін жүйеге келтіру. Бір кредит академиялық кезең кезіндегі оқушының бір аптадағы аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. Дәрістік, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтардың әр академиялық сағаты бакалавриатта студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) міндетті 2 байланыс сағатымен (100 минут) магистратурада магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ) 4 байланыс сағатымен (200 минут) сүйемелденеді.

Таңдау бойынша компоненттер (Electives) –кез-келген академиялық кезеңдегі оқушылардың таңдауы бойынша меңгерілетін элективті оқу пәндері;

Оқушылардың оқу жетістіктерін тексеру – нақты пән бойынша әртүрлі (жазбаша жұмыстар, тестер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сұрау және т.б.) бақылау тапсырмалары негізінде оқушылардың білім жетістіктерін тексеру; ол ағымды тексеріс, рубеждік тексеріс және қорытынды тексеріске бөлінеді.

Офис регистраторы (Office of Registrar) – оқушының барлық оқу жетістіктерін тіркеумен айналысатын қызмет;

Жалпы білім беру пәндері -ЖББП (General Education Requirament – GER) - әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер циклдары;

Міндетті компонент (Core Subjects) – оқу бағдарламасы бойынша міндетті түрде студенттермен меңгерілетін пәндер;

Оқудың күндізгі түрі (Full Time Education) – оқушының оқу жоспарында белгіленген барлық сабақтарға қатысуға міндетті оқу түрі;

Пререквизиттер, постреквизиттер (Prerequisite, Postrequisite) – меңгеруге міндетті пәндер, берілген пәнді игеруге дейінгі және кейінгі;

Студентке арналған пәндер бағдарламасы (Syllabus) – әр сабақтың тақырыбынан және ұзақтығынан тұратын, әр пән бойынша оқу бағдарламасы;

Өту балы (Grade Point Average - GPA) – таңдап алынған бағдарламалар бойынша оқитындардың оқу жетістіктер деңгейінің орташа бағасы;

Оқу үлгерімін рубеждік бақылау (Midterm Examination) – бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес, оқушылардың оқу жетістіктерін кезеңдік тексеру, оқу сабақтарын жүргізетін оқытушылармен жүргізіледі;

Оқушының өздік жұмысы (ОӨЖ) – өздік меңгеруге берілген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ұсыныстар мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, рефераттар, шығармалар және есептер түрінде бақыланады; оқушылардың категориясы бойынша олар: СӨЖ –студенттердің өздік жұмысы, МӨЖ – магистранттың өздік жұмысы және ДӨЖ – докторанттың өздік жұмысы болып бөлінеді:

Оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін оқушының өздік жұмысы (ОЖОӨЖ) (Office Hours) – кестеде көрсетілген, оқушының оқытушы жетекшілігімен дәрісханадан тыс жұмысы; оқушылардың категориясы бойынша олар: ОЖСӨЖ - оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы және ОЖМӨЖ - оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өздік жұмысы;

Тьютор (Tutor) – оқытушы, оқу сабақтарын жүргізетін;

Оқу үлгерімін ағымды тексеру – оқушылардың оқу пәндерінің бөлімдері немесе әр тақырып бойынша оқу жетістіктерін жүйелік тексеру, оқу сабақтарын жүргізетін оқытушымен жүргізіледі;

Оқушының оқу жетістіктері – оқушылардың оқу процесінде игерген және жеке адамдық қасиеттерінің даму жетістіктерін көрсететін білімдері, іскерліктері, дағдылары;

Оқу жоспары (Curriculum) – білім беру деңгейіне сәйкес, олардың меңгеруі ретін, оқу пәндерінің көлемі мен тізімін реттейтін негізгі құжат;

Эдвайзер (Advisor) – оқушыға, сәйкес мамандық бойынша оқу бағытын таңдауға және оқу кезінде білім беру бағдарламасын меңгеруге көмек көрсетететін жетекші қызметін, бітіруші кафедра оқытушысы жүзеге асырады.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ




Пәнді меңгеру барысында білімді әртүрлі ағымды бақылау түрлерімен тексеруге болады:


- ауызша сұрау – пәннің бір немесе бірнеше бөлімдерінің материалдарын меңгергеннен кейін жүргізіледі, алынған нәтижелерді талқылау;

- жазбаша сұрау – бақылау сұраққа жауап, есептерді шығару, алынған сандық нәтижелерін талдау, курстың жеке бөлімдері бойынша практикалық тапсырмаларын орындау;

- қиыстырылған сұрау – бір немесе бірнеше модуль бойынша білімдерді тексерудің ауызша және жазбаша түрі;

- зертханалық жұмыстарды және жеке тапсырмаларды қорғау – дұрыс және өз бетімен орындалуын тексеру мақсатында, жеке және топтық тапсырмалар бойынша білімдерін тексеру, өткен материалды жүйелеу және қайталау, көпшілік алдында ұсыну және қорғау;

- тесттер – пәннің кейбір бөлімдері бойынша бақылау сұрақтары түрінде жазбаша тексеру түрі.

Жазбаша бақылау және зертханалық жұмыстар, тестлеу, курстық жобаны орындау, немесе ауызша тыңдау – коллоквиум, конференцияда сөйлеу және т.б. рубеждік бақылауды өткізу түрлері болып табылады.

Әр тапсырманың бағалық өлшемі оқу-әдістемелік комиссиясының ұсыныстарымен, жеке оқытушының өзімен анықталады.

Жалпы баға, пән бойынша барлық орындалған тапсырмалардың барлық бағалар қосындысынан шығады.

Аралық бақылау/қорытынды тексеру – берілген академиялық кезең бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтайтын тексеріс. Пәнді меңгергеннен кейінгі алған білімдерін аралық аттестаттау/қорытынды тексеру шаралары емтихан болып табылады. Бірнеше пәндерді бір кешенді емтиханға біріктіруге болады. Бірақ та әр пән бойынша жеке баға қойылады.

Студенттің әр пәнді қалай меңгергенін тексеру рейтингтік жүйе (РЖ) бойынша жүзеге асырылады, ағымды тексеріс, аралық және қортынды аттестаттаудан тұрады.

Емтиханды өткізу түрлері: компьютерлік тестлеу, жазбаша тестлеу, жазбаша емтихан, ауызша емтихан. Қабылдау түрі университет және оқытушымен бекітіледі.

Қорытынды тексеруге жіберу рейтингі ағымды және аралық тексеру түрлерінен алынған баллардың қосындысынан шығарылады.

Қорытынды баға - емтиханда алынған балдан және семестр бойы бірінші және екінші рейтинг нәтижелері бойынша орташа балдан шығарылады.

Емтихан бойынша қорытынды бағада өлшемдік үлесі: 60%- үлгерім нәтижелерінен, 40% - емтиханда алынған нәтижелерден тұрады.

Қорытынды бағаны есептеп шығару формуласы:
Қорытынды баға = A1+A2+E
мұнда: А1, А2 – бірініші және екінші рейтинг бағаларының сандық эквиваленті;

Е – емтихандағы сандық эквиваленті.

Үшінші рейтинг (емтиханға тең) семестрдің соңғы аптасында өткізіледі.

Қорытынды әріптік жүйе және оның сандық эквиваленті балл түрінде кестеге сәйкес пайыздық мазмұнына байланысты анықталады.

Кесте - Қорытынды әріптік жүйе және оның сандық эквиваленті балл түрінде


Кредиттік технология бойынша оқитын студенттердің оқу жұмысын бағалау төмендегідей болып белгіленген


  1. Балдық жүйе бойынша білімді бағалау кестесі (Қорытынды баға)




Әріптік жүйе бойынша бағалар

Баллдар

%-дық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

A

4.0

95-100

өте жақсы

5

A-

3.67

90-94

B+

3.33

85-89

Жақсы

4


B

3.0

80-84

B-

2.67

75-79

C+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық



3


C

2.0

65-69

C-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

2


  1. Жоғары пайыздық бағалаудың бөлінуі. Жоғары пайыздық көрсеткіш – 100 %

Емтихан – 40 %

І аралық бақылау – 30 %

ІІ аралық бақылау – 30 %



+ + = 100 %




2.1. Аралық бақылаудағы бағалаудың бөлінуі. Жоғары пайыздық көрсеткіш – 30 %

Аудиториялық жұмыс – 15 %

СОӨЖ, СӨЖ – 5 %

Бақылау – 10 %



+ + = 30 %





2.2. Аудиториялық жұмысты пайыздық бағалаудың бөлінуі. Жоғары пайыздық көрсеткіш – 15%
1. Сабаққа қатысуы - 5%

2. Белсенділігі -5 %

3. Үлгерімі -5 %



  1. Пайыздық бағалаудың дәстүрлі бағалаумен сәйкестігі

    1. Аралық бақылау бойынша. Жоғары пайыздық көрсеткіш – 30 %

5 (өте жақсы) – 28-30%

4 (жақсы) – 21-27%

3 (қанағаттанарлық) – 15-20%

2 (қанағаттанарлықсыз) – 15 %-дан төмен болған жағдайда
Студент егерде қанағаттанарлықсыз баға алса, рубеждік және ағымды тексеруін қайта өтуге болмайды, құжатты түрде көрсетілген жағдайда (сырқаттану, немесе басқа дәлелді жағдайда) ғана өтуге болады.

Оқу жылы барысында студенттің қорытынды академиялық деңгейі таңдап алынған мамандық бойынша орташа балл түрінде бағаланады (GPI),

есептеп шығару формуласы:

.
Егерде оқушы берілген мөлшерден GPI төмен алса, ол курсты қайта оқуға қалтырылады, осы жағдайда студент алдында қабылданған жеке оқу жоспарын орындауды жалғастырады, немесе жаңа құрастырады.


2012-2013 ОҚУ ЖЫЛЫНА АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ
Күзгі семестр

Атаулар


өтетін уақыт

Ескертулер

1

Студенттерді оқу орнына қабылдау


10-25 тамыз



2

1 семестрге арналған жеке оқу жоспарларын құру мен тапсыру кезеңі


25 шілде – 31 шілде




3

Білім берудің кредиттік технологиясымен таныстыру және жеке оқу жоспарын құру

27-29 тамыз




4

ҚР Конституция Күні ( демалыс)


30 тамыз



5

Оқу жылының салтанатты түрде ашылуы сағат 1000


1 қыркүйек



6

Күзгі семестрдің теориялық курсының басталуы


2 қыркүйек




7

Келген кездегі білімін тексеру

Бірінші практикалық сабақтарда


8

Студенттер қатарына қабылдау

16 қазан


9

І –Аралық бақылау

20-25 қазан




10

Республика Күні

25 қазан

11

ІІ-Аралық бақылау


8 -13 қараша



12

Студенттер күні


17 қараша




13

ҚР Егемендік Күні

16 желтоқсан




14

Күзгі семестрдің теориялық курсының аяқталуы

13 желтоқсан




15

Қысқы сессия

15 желтоқсан -3 қаңтар




16

Жаңа жыл

1-2 қаңтар 2009 ж.




17

Қысқы каникулдар

5-19 қаңтар




18

Оқу танымдық, өндірістік, кәсіптік тәжірибелер

Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес



19

Барлық апта


Теориялық білім алу– 15 апта

Қысқы сессия – 3 апта



Қысқы каникулдар – 2 апта





Көктемгі семестр

1

Көктемгі семестрдің басталуы


19 қаңтар 2013 жыл




2

Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз




3

1- Аралық бақылау

9-14 наурыз



4

Наурыз мейрамы


22 наурыз



5

2012-2013 оқу жылының курсына тіркеу (жеке оқу жоспарына өзгерістер енгізу (таңдау бойынша), курстық жұмыстар жазу үшін пәндер таңдау)


10-30 Сәуір



6

2- Аралық бақылау


27 сәуір -2 мамыр




7

Көктемгі семестрдің теориялық курсының аяқталуы

2 мамыр



8

Қазақстан халқының ынтымақтастық күні


1 мамыр



9

Жеңіс күні


9 мамыр




10

Жазғы сессия

4-23 мамыр




11

Оқу танымдық, өндірістік, кәсіптік тәжірибелер

Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес




12

Жазғы каникулдар

5 шілде –31 тамыз




13

Барлық апта

Теориялық білім алу –15 апта

Жазғы сессия – 3 апта


Жазғы каникулдар – 14 апта






Ескертулер: академиялық күнтізбеде негізгі академиялық кезеңдердің даталары, мереке күндер және оқу процесінің кестесінде теориялық оқытуды өткізудің, емтихан сессиялардың, практикалардың, оқу курстарының барлық мерзімдері көрсетілген.
Офис тіркеушісі:____________________________________

УНИВЕРСИТЕТ КОРПУСТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖОСПАРЫ

Корпустардың атауы


Г

А – жаңа корпус;

В –................корпус;



Дәрісханалардың номері

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет