Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ


Бектурсунова Айнагул Гадиласкаровна



бет21/35
Дата18.11.2022
өлшемі3.95 Mb.
#465148
түріАнықтамалық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

Бектурсунова Айнагул Гадиласкаровна, е-mail: bektursunova83@inbox.ru,
Кажыкенова Рахат Канатовна, е-mail: r_kazikenova_79@mail.ru
телефон: 8(7212)35-64-16, № 325 дәрісхана.
Күндізгі және күндізгі-қашықтықтан оқыту бөлімінің бакалавриат мамандықтары:
6В04201 - Құқықтану;
6В04202 - Бизнесті заңгерлік қолдау;
6В04203 -Халықаралық құқық;
6В04204 – Сот және прокурорлық қызмет.
Қарағанды Бөкетов университетінің
ішкі тәртіп ережелерінің көшірмесі1


1. Жалпы ережелер
1.1. Іш­кі тәр­тіп­тің осы Ере­же­ле­рі (бұ­дан әрі — Ере­же) ҚР КЕАҚ «Қа­ра­ған­ды Бө­ке­тов уни­вер­си­те­тін­де­гі» (бұ­дан әрі — Уни­вер­си­тет) ең­бек жә­не оқу тәр­ті­бін реттейтін не­гіз­гі жер­гі­лік­ті нор­ма­тив­тік акт болып та­бы­ла­ды.
Уни­вер­си­тет қыз­мет­кер­ле­рі­не қа­тыс­ты бұл Ере­же­лер қызметкер­лер­ді жұ­мыс­қа қа­был­дау жә­не шы­ға­ру тәр­ті­бін, ең­бек шар­ты та­рап­та­ры­ның құ­қық­тық жағ­дай­ла­рын, жұ­мыс уақы­тын, де­ма­лыс уақы­тын, қыз­мет­кер­лер­ге ма­дақ­тау жә­не ша­ра қолдануды, со­ны­мен қо­са ең­бек қа­ты­нас­та­ры­ның бас­қа да мәселеле­рін анық­тай оты­рып, ұйым­ның іш­кі ең­бек тәр­ті­п ережелері бо­лып та­бы­ла­ды.
1.2. Ең­бек жә­не оқу тәр­ті­бі – бұл ең­бек/оқу үде­рі­сін­де­гі де, Уни­вер­си­тет аума­ғын­да, яғ­ни Уни­вер­си­тет­ке тие­сі­лі ғимараттарда, құ­ры­лыс­тар­да, бөл­ме­лер­де, жер те­лім­де­рін­де жә­не бас­қа да нысан­дар­да бол­ған ке­зең­де­гі де қыз­мет­кер­лер мен бі­лім алушылар­дың тәр­тіп ере­же­ле­рі.
1.3. Осы Ере­же­лер та­ра­ла­тын Уни­вер­си­тет қыз­мет­кер­ле­рі­нің қа­та­ры­на Уни­вер­си­тет­те ең­бек шар­ты бойын­ша жұ­мыс іс­тей­тін жә­не про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лар, әкім­ші­лік-бас­қар­ма, әкім­ші­лік-ша­руа­шы­лық, оқу-қо­сал­қы жә­не бе­кі­тіл­ген тәр­тіп­те тағайындалатын не­ме­се бел­гі­лі бір ма­ман­дық, кә­сіп бойын­ша жұмыс ат­қа­ра­тын не­ме­се бел­гі­лі бір жұ­мыс тү­рін іс­теу­ге жалданған штат­тық кес­те бойын­ша бас­қа да қыз­мет­кер­лер жа­та­ды.



Қа­ра­ған­ды Бө­ке­тов уни­вер­си­те­тінің ішкі тәртіп ережесі: ҚарУ баспасы, 2012. – 37б.


1.4. Осы Ере­же­лер та­ра­ла­тын бі­лім алу­шы­лар­ға Университеттің не­гіз­гі жә­не қо­сым­ша бі­лім бағ­дар­ла­ма­ла­ры бойын­ша оқу үшін Уни­вер­си­тет­ке бі­лім алу­шы­лар, сту­дент­тер, тың­дау­шы­лар, ма­гис­трант­тар, док­то­рант­тар жә­не із­де­ну­ші­лер ретін­де қа­был­дан­ған, со­ның ішін­де ақы­лы не­гіз­де бі­лім ала­тын­дар да жа­та­ды. Егер бас­қа­ла­ры заң­на­ма­да, Уни­вер­си­тет Жар­ғы­сын­да, бас­қа да жер­гі­лік­ті нор­ма­тив­тік ак­ті­лер­де қа­рас­ты­рыл­ма­ған бол­са, бі­лім алу­шы­лар­дың бар­лық топ­та­ры тең құ­қы­лы жә­не олар­ға тең мін­дет­тер жүк­те­ле­ді. Ақы­лы не­гіз­де бі­лім ала­тын тұл­ға­лар­дың қосым­ша құ­қық­та­ры мен мін­дет­те­рі ти­іс­ті оқу келісімшарттарымен бел­гі­ле­не­ді.
1.5. Уни­вер­си­тет әкім­ші­лі­гі рек­тор­дың не­ме­се ол бе­кіт­кен өкі­лет­ті тұл­ға­ның та­ра­пы­нан Уни­вер­си­тет қыз­мет­кер­ле­рі­не қатысты жұ­мыс­қа қа­был­дау­шы ре­тін­де, со­ны­мен қо­са оқу үде­рі­сін ұйым­дас­ты­ру­шы жә­не ба­қы­лау­шы тұл­ға ре­тін­де бо­ла­ды.
1.6. Уни­вер­си­тет қыз­мет­кер­ле­рі­нің ең­бек қыз­ме­ті Университет Жар­ғы­сын­да бе­кі­тіл­ген мақ­сат­тар­ға же­ту­ге жә­не міндет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ба­ғыт­тал­ған. Уни­вер­си­тет қызметкерле­рі мен әкім­ші­лі­гі­нің олар­дың оқу, ғы­лы­ми жә­не бас­қа да қыз­мет түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ру аясын­да­ғы құ­қық­та­ры мен міндет­те­рі ең­бек ту­ра­лы, бі­лім ту­ра­лы нор­ма­тив­тік ак­ті­лер­мен, Уни­вер­си­тет Жар­ғы­сы­мен, осы Ере­же­мен жә­не бас­қа да жер­гі­лік­ті нор­ма­тив­тік ак­ті­лер­мен, со­ны­мен қо­са жұ­мыс бе­ру­ші мен қызметкер­лер ұжы­мы жә­не бі­лім алу­шы­лар (бұ­дан әрі — Ұжымдық ке­лі­сім­шарт) ара­сын­да­ғы ке­лі­сім­шар­тпен жә­не әлеумет­тік-ең­бек қа­ты­нас­та­ры са­ла­сын­да­ғы ке­лі­сім­дер­мен анықтал­ған.
1.7. Уни­вер­си­тет­те­гі бі­лім бе­ру бі­лім алу­шы­лар­дың ти­іс­ті білім бағ­дар­ла­ма­сы­ның маз­мұ­ны бо­лып та­бы­ла­тын кә­сі­би дағдылар­ды жә­не кә­сі­би бі­лім­ді то­лық мең­ге­руі­не ба­ғыт­тал­ған. Уни­вер­си­тет­те­гі бі­лім алу­шы­ның құ­қық­тық мәр­те­бе­сі­нің не­гі­зін бі­лім ту­ра­лы заң­на­ма­да, Уни­вер­си­тет­тің Жар­ғы­сы мен Іш­кі тәр­тіп ере­же­ле­рін­де, Е.А.Бө­ке­тов атын­да­ғы Қар­У Эти­ка­лық нор­ма­лар ко­дек­сін­де бе­кі­тіл­ген оның құ­қық­та­ры мен мін­дет­те­рі құ­рай­ды.
1.8. Ең­бек жә­не оқу тәр­ті­бі Уни­вер­си­тет әкім­ші­лі­гі­нің қалыпты жо­ға­ры өн­ді­ріс­ті жұ­мыс, ең­бек жә­не оқу мін­дет­те­рін сана­лы орын­дау үшін дә­лел­деу, тәр­бие­леу әдіс­те­рі­мен, со­ны­мен қо­са адал ең­бе­гі жә­не оқуы үшін ма­дақ­тау­лар ар­қы­лы қа­жет­ті ұйым­дас­ты­ру­шы­лық жә­не эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­лар жа­сау­мен қам­та­ма­сыз еті­ле­ді. Тәр­тіп­ті бұ­зу­шы­лар­ға тәр­тіп­тік ша­ра­лар қолда­ны­ла­ды.
1.9. Іш­кі тәр­тіп ере­же­ле­рін, со­ны­мен қо­са оған ен­гі­зіл­ген барлық өз­гер­ту­лер мен то­лық­ты­ру­лар­ды рек­тор бе­кі­те­ді.
1.10. Бұл Ере­же­лер Уни­вер­си­тет құ­ра­мы­на кі­ре­тін бар­лық құры­лым­дық бө­лім­ше­лер үшін бі­рың­ғай жә­не мін­дет­ті бо­лып табы­ла­ды. Ең­бек заң­на­ма­сы­мен жә­не бас­қа да нор­ма­тив­тік-құқықтық ак­ті­лер­мен бел­гі­лен­ген жұ­мыс­кер­лер­дің же­ке топтарының жұ­мыс уақы­ты мен де­ма­лыс уақы­ты­ның жұ­мыс тәртіп ерек­ше­лік­те­рі­не бай­ла­ныс­ты Уни­вер­си­тет­тің же­ке­ле­ген құры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рін­де осы Ере­же­лер­ге қа­ра­ма-қай­шы болмай­тын іш­кі тәр­тіп ере­же­ле­рі әзір­ле­не ала­ды. Же­ке­ле­ген құрылым­дық бө­лім­ше­лер­дің атал­ған іш­кі тәр­тіп ере­же­ле­рін жұмыс­кер­лер мен бі­лім алу­шы­лар­дың өкі­лет­ті ор­ган­да­ры­ның пікірін есеп­ке ала оты­рып, Уни­вер­си­тет әкім­ші­лі­гі бе­кі­те­ді.
1.11. Уни­вер­си­тет­тің іш­кі тәр­тіп ере­же­ле­рі ең­бек жә­не оқу тәр­ті­бін ны­ғай­ту­ды, жұ­мыс жә­не оқу уақы­тын ти­ім­ді қол­да­ну­ды, оқу үде­рі­сі­нің са­па­сын арт­ты­ру­ды мақ­сат ете­ді.
1.12. Іш­кі тәр­тіп Ере­же­ле­рін қол­да­ну­ға бай­ла­ныс­ты бар­лық мә­се­ле­лер­ді Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әре­кет­те­гі заң­на­ма­сы­на сәй­кес бе­ріл­ген құ­қық­тар аясын­да Уни­вер­си­тет әкім­ші­лі­гі ше­ше­ді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет