Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Басқа қызметшілердің (техникалық орындаушылардың) лауазымдары



бет91/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126

3. Басқа қызметшілердің (техникалық орындаушылардың) лауазымдары




Агент



Лауазымдық міндеттері. Жүк құжаттары, тапсырыстар және басқа құжаттар бойынша тауар-материалдық құндылықтарды (шикізатты, материалдарды, жабдықты, қосалқы бұйымдарды, аспапты, кеңсе құралдарын және т.б.) алады. Алынатын және жөнелтілетін жүктерге құжаттамаларды ресімдейді, оларды жеткізіп беру үшін контейнерлерге және көлік құралдарына тапсырыс береді. Белгіленген тәртіпке сәйкес тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша жұмысты орындайды. Кәсіпорындардың мекен-жайына жүктерді жібереді немесе оларды жолда алып жүреді, сақтылығын қамтамасыз етеді және олардың уақытылы жеткізілуіне жәрдемдеседі. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылайды. Материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін жоғарлату, оларды сатып алумен, жеткізумен және сақтаумен байланысты шығындарды кеміту бойынша шараларды қабылдайды.

Білуге тиіс: материалдық ресурстарды пайдалану мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер, ережелер, нұсқаулар, басқа басшылық материалдар мен құжаттар; материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың және тиеу-түсіру жұмыстарының негіздері; жүктерді қабылдау жөнелту, контейнерлерге және көлік құралдарына тапсырыс беру, алынатын және жөнелтілетін жүктерге құжаттарды ресімдеу ережелері мен тәртібі; шикізаттың, материалдардың және басқа тауар-материалдық құндылықтардың номенклатурасы және шығын нормалары, оларды сақтау және тасымалдау шарттары; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды.


Коммерциялық агент



Лауазымдық міндеттері. Техникалық және басқа өнімді (жабдық, шикізат, жартылай шикізаттар және басқалары) қоса алғанда, тауар сатып алушылар мен сатушылар арасында қажетті іскерлік келісім-шарттарды орнату жұмысына, сондай-ақ түрлі коммерциялық қызмет көрсетуге қатысады. Тауарлар тобын (көтерме), сондай-ақ шығармашылық өнімнің (қойылымдар қою, әртістердің, спортшылардың орындаулары, кітаптар шығару, музыкалық туындылар жазу және басқалары) театр, музыка және басқа түрлерін сатып алуға және сатуға көмектеседі. Жасалатын шарттардың және келісім-шарттардың, басқа қажетті құжаттардың, оның ішінде сақтандыру және экспорттық лицензиялардың ойдағыдай ресімделуін қамтамасыз етеді. Келісімдер, шарттар және келісім-шарттар жасау, жарнамаларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру кезінде қажетті техникалық жұмысты орындайды. Көлік құралдарын беруді және жасалынған келісімдерде, шарттарда және келісім-шарттарда көзделген басқа шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады, тауарларды жеткізуге көмек көрсетеді.

Білуге тиіс: бизнес жүргізуге қатысты нормативтік құқықтық актілер, ережелер, нұсқаулықтар, басқа басқару материалдары және құжаттар; нарықтық экономика негіздері; іскерлік байланыстарды белгілеу әдістері; тауарды сатып алу-сатумен және қызмет көрсетуге арналған шарттар, келісімдер мен келісім-шарттарын жасаумен байланысты құжаттар ресімдеу тәртібі; еңбек, қаржы, шаруашылық және салық заңнамасының негіздері; қолданылып жүрген есеп және есеп беру нысандары; тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру; тауарларды сақтау және тасымалдау шарттары; ішкі еңбек тәртібі ережесі; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.


Сауда-саттық агенті

Лауазымдық міндеттері. Жеткізу сипаты мен көлемін, сондай-ақ олардың ақысын айқындайтын шарттарға сәйкес халықтан өздері өндіретін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы аудандарына барады, өнімдер өндіретін әлеуетті өнім берушілерді (сатушыларды) белгілейді, сатып алу-сату шарттарын жасайды. Халық арасында екі жаққа бірдей пайдалы талаптармен сатып алу-сату шарттарын жасау тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, ауыл шаруашылығын өндіретін өндірушілермен ұзақ мерзімді байланысты белгілеу бойынша шаралар қабылдайды. Сатып алынатын өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асырады. Сатып алынатын өнімге белгіленген тәртіппен құжаттама рәсімдейді, оны тасымалдау үшін контейнерлер мен көлік құралдарына тапсырыс береді. Қажетті құралдардың болуын және тасымалдауға арналған көлік құралдарының санитарлық жағдайын, тиеу-түсіру жұмыстарының дұрыс жүргізілуін және өнімдердің оңтайлы орналастырылуын бақылайды. Сатып алынған өнімді тапсырушының мекенжайына жібереді, тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды және өнімді сақтау қағидасын сақтай отырып, жүкті жеткізеді, олардың уақытында жетуіне ықпал жасайды. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізген кезде еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қадағалайды. Жеткізілген өнімді тапсырады, белгіленген қабылдау-тапсыру құжаттамасын рәсімдейді.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалары және өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және өнім берушілермен шарт жасау тәртібіне қатысты басқа да материалдар; нарықтық экономика негіздері; бизнесті жүргізу; ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; сатып алынатын өнімнің сапасын айқындау әдістері мен тәсілдері; тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру; сатып алынатын өнімдерді сақтау және тасымалдау талаптары; іскерлік байланыстар белгілеу әдістері; қабылдау-тапсыру құжаттарының нысанын және рәсімдеу тәртібі; қаржылық, шаруашылық және салық заңнамасының негіздері; еңбек туралы заңнаманың негіздері; есеп жүргізу және есеп берудің қолданыстағы нысандары; ішкі еңбек тәртібінің қағидасы; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет