Баланы тамақтандыруға арналған ыдысты
тазалау және сақтау (үй жағдайында).
Мақсаты: инфекцияның алдын алу.
Керекті кұралдар: баланы тамақтандыруға арналған ыдыс, щетка, ершик, эмальды ыдыс (кастрюль), ас содасы, таза су.
Алгоритм іс-әрекеті:
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу.
Сүт қалдықтарын төгіп тастау (тамақтандырып болған соң бірден ыдысты сумен шаю керек, сүт қалмас үшін)
Қолданылған қасық және ыдысты 2 сағатқа 1% ас содасы ерітіндісіне батырып қою керек. (10,0-ді 1 л суда)
Ерштың көмегімен пайдаланған ыдыстарды дұрыстап жуып, ағынды судың астында шайыңыз.
Кастрюльге таза су құйып, оған ыдыстарды салып 10-15 мин қайнатыңыз.
Суды төгіп тастап, таза ыдысты аузы жабық кастрюльде сақтайды.
Қажет жағдайда ыдысты таза пинцетпен алыңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |