АҚПАРАТ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!!!
Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің Бостандық аудандық қазынашылық басқармасы (ары қарай – Басқарма) соңғы кездері азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеуге арналған өтінімдері және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарын, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақыларын төлеу бойынша қайтарулар көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі №385 қаулысымен «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» (ары қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысының 175, 197 тармақтарына өзгерістермен толықтырулар енгізілгені туралы ақпаратты Сіздің назарыңызға жолдайды.
Сіз Ереженің келесі тармақтарына ерекше көңіл аударуыңыз керек:
175 тармақ.
Шарттарды ресімдеу кезінде егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, шарт талаптарында сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын міндетті түрде көрсетудің болуы, егер ақша алушы ҚҚС төлеуші болмаған жағдайда ҚҚС болмауы. Тағы да шарттың, оны аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркегеннен кейін күшіне ену талаптарының шартта болуы.
197 тармақ.
Ұсынылған МТ102 форматтағы электрондық хабарлама деректері төлеуге берілетін шоттың мынадай – деректеріне сәйкес болуын тексеру:
-
Атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы. Мысалы: РМКМ Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығының қысқаша атауы РМКМ ҚРХЖҚжӘҚМЗТБМО болып табылады. Қаражат алушының ҚРХЖҚжӘҚМЗТБМО деген толық атауының орнына қаржы қызметкерлері көбінесе МТ102 форматтағы электрондық хабарламаларында банк атауын РМКМ ЗТБМО деп көрсетеді. «Қазақстан Халық Банкі» деген дұрыс сөздердің орнына «Алматы қаласы Қазақстан Халық Банкі» деп қате көрсетілуде, яғни «Алматы қаласы» деген сөздер алынып тасталуы қажет. Зейнетақы жарналарына және әлеуметтік аударымдарына SWIFT-файлын қалыптастыру кезінде қаражат алушының атауы 60 символдан аспауы керек, егер 60 символдан асып кеткен жағдайда Автоматтық жүйе «Банкте аударымдарды қабылдау» бағдарламасында SWIFT-файлын тексеру барысында қате айқындалып, Сіздің төлем шоттарыңыз қайтадан қайтарылады.
-
Төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ102 хабарламасының жалпы сомасы.
-
Төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты.
-
Төлеуге берілетін шоттағы төлеу кезеңі мен МТ102 хабарламасындағы «PERIOD» түйін сөзінде көрсетілген кезең (зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар үшін).
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келешекте жұмыс барысында жоғарыда келтірілген қателерді болдырмау мақсатында шаралар қабылдасаңыз қаржы құжаттарының қайтарулары қысқартылуына себеп болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерге жедел көмек көрсету мақсатында WWW.KAZNACHEISTVO-ALMATY.KZ мекенжайы бойынша Департаментте сайт ашылған, ол жерде бюджеттің орындалу процессін айқындайтын анықтамалық және нұсқаулық материалдар орналасқан.
Басқарма басшысы А. Тамаев
Орындаушы: Мұхамади Ә.Н.
Тел:392-70-42
Достарыңызбен бөлісу: |