Ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімшесі



бет1/6
Дата11.07.2023
өлшемі1.5 Mb.
#475631
  1   2   3   4   5   6
Өтеш Қырғызбаев





«Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ақпараттық – библиографиялық
қамтамасыз ету бөлімшесі




«Туған жермен тағдыры тамырласқан»
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы, журналист Өтеш Өтеуліұлы Қырғызбаев 70 жасқа


Шолаққорған - 2023


Қырғызбаев, Өтеш.
Сатыбалды соқпағы [Кинорежиссер, жазушы С. Нарымбетовтің шығармашылығы туралы] / Ө. Қырғызбаев // ANA TILI (Ана тілі). – 2022. - 30 маусым - 6 шілде (№ 26). - 10 б.


Қырғызбаев, Өтеш.
"Тарих әлі айтқан жоқ, Созақта не болғанын..." [1930 жылы болған "Созақ" көтерілісі туралы] / Ө.Қырғызбаев // Егемен Қазақстан. – 2023. - 10 ақпан (№ 28). - 11 б.


Оның шығармашылығы туралы


1. Оразалы, Суханберді
Әдебиеттегі тұсауымды Тәкен аға кесті [Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, журналистер Өтеш Қырғызбаевпен сұхбат] / С.Оразалыұлы // Оңтүстік Қазақстан. – 2013. – 25 мамыр. – 10 б.


2. Қырғызбаев Өтеш: өмірбаяндық анықтама // Есенбек Кенжеқараев. Созақ энциклопедиясы. – Шымкент: «Шың» баспаханасы, - 2018. – 316 б.

Құрастырушыдан
Елу жылға жуық атқарып келе жатқан журналистика қызметінде елінің қоғамдық өміріне белсене араласып, әртүрлі әлеуметтік мәселелерді көтерген сараптамалық, талдау мақалалары мен тілі құнарлы, қаламы қарымды жазушы ретінде де танылып, оқырамндардың жоғары бағасын алып жүрген Теріскейдің тағы бір түлегі – Өтеш Өтеуліұлы Қырғызбаев 70 жасқа толуына орай Созақ аудандық орталық кітапханасының ақпараттық - библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі «Туған жермен тағдыры тамырласқан» атты биобиблиографиялық көрсеткіш құрастырып отыр.
Көрсеткішке Өтеш Қырғызбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәлімет, басылым беттерінде жарық көрген шығармалары мен ол туралы жарияланымдардың библиографиялық тізімі, жазушы туралы пікірлер мен арнау өлеңдер енгізілді.
Шығармаларының библиографиялық тізімі кері хронологиялық ретпен берілген.
Мақсаты - жазушының еңбектерін кеңінен таныстыру және насихаттау.



Өмірдерек

Өтеш Қырғызбаев 1953 жылы 10 наурызда Созақ ауданы Шолаққорған ауылында туған. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.


Әдебиетке мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап әуес болған қаламгер 1978 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, 1985-89 жылдары Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетінде жауапты хатшы, (1990-1995) аудандық радио редакциясында жауапты редактор қызметтерін атқарып, талай тұщымды мақалалары жарық көрген.
Республикалық (1978-1983) «Лениншіл жас» газетінде және «Жалын» баспасында еңбек еткен ол қаламгерлік, журналистік қызметін әбден шыңдайды.
Алматы қалалық әкімдігінің «Алматы ақшамы» газетіне бөлім меңгерушісі қызметін атқарып, құрметті еңбек демалысына шығады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет