Ақпараттық-дидактикалық блок



бет1/3
Дата22.02.2024
өлшемі24.8 Kb.
#492807
  1   2   3
Үшнуклеотидтер қатарларының экспансия аурулары


Ақпараттық-дидактикалық блок
Адамда тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуіндегі келесі тобы ол; дәстүрлі емес типпен тұқым қуалайтын аурулар. Олар: импринтинг аурулары, митохондриялық аурулар, үшнуклеотидті қайталану экспанциялық аурулары және т. б.


Үшнуклеотидты қайталаулар экспансиясы аурулары (ҮҚЭА)


ҮҚЭА - «динамикалық мутациялардан» немесе геннің мағыналы немесе реттеуші бөлігінде тандемді үшнуклеотидті қайталаулар (ТНҚ) көшірмелерінің көбеюінен дамитын тұқым қуалайтын аурулардың ірі тобы. Кейбір гендерде қалыпты жағдайда үшнуклеотидті қайталаулардың белгілі бір саны болады, ол популяцияда бірнеше ондықтан бірнеше жүзге дейін болады. Генде үшнуклеотидті қайталаулар саны белгілі бір шектік деңгейден (шек) асқанда ауру пайда болады. «Динамикалық мутациялардың» пайда болу мен тұрақтану үдерісі екі сатылы сипатта болады. Бірінші сатысында ТНҚ санының популяциядағы қалыпты деңгейінен жоғарлауы болады. Кейбір ауруларға ТНҚ саны аналық жыныс жасушаларының мейоздық бөлінуі үдерісінде көбеюі тән (оогенез), ал енді біреулеріне– сперматогенез үдерісінде, үшіншісінде ондай тәуелділік болмайды. Мутациялық үдерістің бастапқы кезеңінде популяцияда аурудың белгілерінсіз ТНҚ саны қалыпты мөлшерден жоғары гендер пайда болады. Бұл күй «премутация» деп аталады. Премутациясы бар гендер тұрақсыз болады, бұл бірқатар жағдайдарда ТНҚ санының одан әрі ұлғаюына, толық мутацияға және ауру дамуына алып келуі мүмкін. «Динамикалық мутациялардың» пайда болуының бір механизмі митоз немесе мейозда ДНҚ репликациясы үдерісінде ДНҚ- полимеразалардың қызметінің бұзылуы болуы мүмкін.

ҮЭҚА клиникалық-генетикалық сипаттамасы:


1) антиципация немесе бір жанұяда ұрпақтан ұрпаққа аурудың ауырлығының артуы, ерте басталып, тез үдеп, зақымдалған ұрпақтарда өте ауырлай түсуі. Антиципация феномені мейоз не митоз үдерісінде ҮНҚ санының ұлғаюымен түсіндіріледі. Бір жағдайларда, мысалы, Гентингтон хореясында ауру балалардағы антиципация ауру әкесінен тұқым қуалағанда байқалады (ҮНҚ санының көбеюі сперматогенезде жүреді), ал басқасында – мысалы, миотониялық дистрофияда, ауру анадан тұқым қуалағанда (ҮНҚ саны көбеюі оогенезде жүреді) байқалады; 2) аурудың клиникалық белгілернің ауырлығын және ҮНҚ санын әртүрлі жанұяларда және бір жанұяда ауыратындардың арасында корреляция;
3) Шерман парадоксы – мутантты генді қай ата-ана беруіне орай келесі әрбір келесі ұрпақтарында ауру бала санының ұлғаю мүмкіндігі. Бұл феномен ҮНҚ экспансиясы шектік (ауру тудыратын) деңгейге жетпеген, дені сау «премутацияны» тасмалдаушылардың болуымен түсіндіріледі. ҮҚЭА аурудың себебі мен даму механизміне байланысты екі топқа бөлінеді.Бірінші топқа геннің кодтайтын бөлігінде глутаминді кодтайтын ЦАГ- қайталауларының экспансиясы нәтижесінде пайда болатын аурулар жатады. Қайталаулар саны 40 пен 80 арасында болады. Мутация нәтижесінде жартылай глутаминді қайталаулар есебінен синтезделетін ақуыз мөлшері ұлғаяды. Бұл топқа кеш басталатын, үздіксіз үдейтін тұқым қуалайтын нейродегенерациялар: Гентингтон хореясы және арқа церебральды атаксияның әртүрлі нұсқалары жатады. Екінші топқа геннің реттеуші бөлігіндегі ҮНҚ экспансиясынан дамитын аурулар жатады. Қайталаулар саны бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін жетеді, яғни бұл топ аурулары ҮНҚ саны көп болған жағдайда ғана дамиды.
ҮНҚ көп болуы жыныс және сомалық жасушаларда гендердің тұрақсыздығына және науқастардың шежіресінде антиципация феноменінің пайда болуына алып келеді. Бұл топқа миотониялық дистрофия, Мартин-Белл синдромы, Фридрейх атаксиясы Кеннеди атрофиясы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет