"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі81.58 Kb.
#10710
"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 1402 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 6, 78-құжат

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған «Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министр                            К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1402 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Байланыс және


ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттандыру және байланыс комитетi
(бұдан әрi - Комитет), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй,
«Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А 739 кабинет
мекенжайы бойынша көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 25-бабы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және депозитарийдi жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы, «Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң үлгi стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-құқықтық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - стандарт)  www.mci.gov. kz, www.reginfo. kz интернет-ресурстарында орналастырылған, телефон: (87172) 51-81-08.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi бағдарламалық өнiмдердi, ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы Депозитке берiлген бағдарламалық өнiмдердiң тiзiлiмiне (бұдан әрi — Тiзiлiм) Депозитке беру және ұсынылған депозитке беру объектiлерiне депозитарлық нөмiрлерiн меншiктеп беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иеленушiлерi болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) тексеру нәтижесi оң болған жағдайда, тұтынушы Тiзiлiмге енгiзу үшiн осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма алты жұмыс күнiн құрайды;
      Депозитке беруге өтiнiм тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда тұтынушы Тiзiлiмге енгiзу үшiн осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма бiр жұмыс күйiн құрайды;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру үшiн кезекте күту үшiн (рұқсат етiлген ең көп уақыт) - отыз минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет алу үшiн тұтынушы өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсету (рұқсат етiлген ең көп уақыт) он бес минуттай аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау Комитеттiн үй-жайында жүзеге асырылады. Үй-жай пандустармен, күту залымен жабдықталған, физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар мыналарды:


      1) ақпараттық  жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беруге арналған өтiнiмдi;
      2) авторлық құқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенiң бастапқы бағдарламалық кодтарын;
      3) мыналарды:
      депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмдi орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттерiн, депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмнiң құрастырылған модульдерiн (құрауыштарын) қамтитын ақпараттық жүйелердiң инсталляциялық пакетiн;
      4) қажет болған жағдайда тұтынушы айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз етудi;
      5) ақпараттық жүйенiң аннотациялық немесе жарнамалық сипаттамасын;
      6) нормативтiк-техникалық құжаттама - ақпараттық жүйенiң ерекшелiгiн, сипаттамасын, сынақ бағдарламасы мен әдiстемесiн, мыналарды:
      депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмнiң ерекшелiгiн;
      техникалық тапсырманы (бағдарламалық өнiмдi дамытудың барлық кезеңдерiн);
      формулярды (негiзi сипаттамалары, жинақтылық және депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмдi пайдалану туралы мәлiметтер);
      бағдарламалық өнiмнiң сипаттамасы (жұмыстың және өзара iс-қимылдың схемасы мен диаграммасын қоса алғанда, бағдарламалық өнiмнiң қисынды құрылымы мен жұмыс iстеуi туралы мәлiметтер);
      түсiндiрме жазбаны (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнiмнiң алгоритмiнiң және (немесе) жұмыс iстеуiнiң жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешiмдердiң негiздемесi);
      қолданылу сипаттамасын (бағдарламалық өнiмнiң мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдiстер, шешiлетiн мiндеттердiң сыныбы, қолдану үшiн шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгi конфигурациясы туралы мәлiметтер);
      орнату жөнiндегi нұсқаулықты;
      әкiмшiнiң нұсқаулығын;
      пайдаланушының нұсқаулығын;
      техникалық тапсырма бойынша талап етiлетiн басқа құжаттарды қамтитын пайдалану құжаттамасын;
      7) тұтынушының қалауы бойынша баска да бағдарламалық құралдар мен құжаттарды ұсынады.
      Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнiмдер және бағдарламалық кодтар екi данада (нұсқасы мен көшiрмесi) компакт-дискiлерде ұсынылады. нормативтiк-техникалық құжаттама қағаз түрiнде екi нұсқада (түпнұсқасы мен көшiрмесi), сондай-ақ электронды түрде компакт-дискiлерде (түпнұсқасы мен көшiрмесi) екi нұсқада ұсынылады.
      Депозитарийге депозитке беру үшiн ұсынылатын нормативтiк-техникалық құжаттама тығыз қағаздан жасалған конверттерде (пакеттерде) алдын ала түптелген және оралған болуы тиiс. Электрондық тасығыштағы материалдар (компакт-дискiлерде) iлеспе құжаттардан бөлек оралады және бiр конвертке (пакетке) салынады.
      Депозитарийге депозитке беру үшiн ұсынылаған нормативтiк-техникалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      12. Қызметi алу үшiн депозитке салуға арналған өтiнiмнiң нысаны  www.mci.gov.kz, www.reginfo. kz интернет-ресурстарында орналастырылады.
      13. Құжаттарды қабылдауды: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс № А 781 кабинет, телефон: (87172) 74-03-64, мекенжайы бойынша Комитеттiң кеңсесi жүзеге асырады.
      14. Комитет кеңсесiнде тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлген iлеспе хатты тiркеу тұтынушының мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн қажеттi барлық құжаттарды тапсырғанын растайды.
      15. Депозитке салу туралы хабарлама электрондық пошта немесе курьер қызметi арқылы ресми хатпен жүзеге асырылады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын бермеу Комитеттiң тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуына негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде Комитеттiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, жүктелген функциялардың орындалу заңдылығының сақталуына негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Комитеттiң мемлекеттiк қызмет көрсетуiнiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiне шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты № А 787 кабинет, (87172) 74-03-24 телефоны бойынша Комитеттiң лауазымды адамынан алуға болады.


      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiне: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А 739 кабинет, телефон (87172) 74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.
      Жұмыс кестесi: сағат 9.00-ден 18.30-га дейiн, оның iшiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымды тұтынушы Комитетке: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А 739 кабинет, телефон (87172) 74-03-24 мекенжайы бойынша жолдайды.
      Жұмыс кестесi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, оның iшiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
      22-1. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      23. Шағым ерiктi түрде, екi данада ресiмделедi, оның бiреуi жасалған шағымға жауап алатын мерзiм мен орын, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлiп, тұтынушыға берiледi.
      24. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген тәртiппен қаралады.
      Қабылданған шағым заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi. Шағымның екiншi данасы не көшiрмесi шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдап алған адам жасалған шағымға жауап алатын мерзiм мен орынды және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерiн көрсетедi.
      25. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mci.gov.  kz немесе www.reginfo. kz иитернет-ресурстарынан және (87172) 74-03-54 телефоны арқылы алуға болады.

«Ақпараттық жүйелердi,


бағдарламалык өнiмдердi,
бағдарламалық кодтарды және
нормативтiк-техникалық құжаттаманы
депозитарийге депозитке салу»
мемлекеттiк қызмет стандартына
қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет