«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты



Дата01.07.2016
өлшемі57.84 Kb.
#169093
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы «___»______ №____ қаулысымен

бекітілген

«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер




  1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

  2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік)..

  3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі




  1. Мемлекет қызмет көрсету мерзімдері:

  1. көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні аралығында;

  2. құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан артық емес;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан артық емес.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

6.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - Депозитке салу объектісін депозитарийде тіркеу туралы анықтама.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жеткізу пошталық немесе курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.



Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі сенімхат бойынша) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қажет құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1- қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы депозитке салуға өтінімі;

2) депозитке салу объектілері:

электрондық түрде екі данада (түпнұсқа және көшірме) бір конвертте (пакетте) ілеспе хаттан бөлек буылған келесі жиынтықтағы компакт-дискілерде:

ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;

депозитке салынатын бағдарламалық өнімді орнату қалыптастырылған бағдарламалар пакеттерінен және депозитке салынатын бағдарламалық өнімнің құрастырылған модульдерінен (құрамдастар) тұратын инсталляциялық пакет;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар қажет болған жағдайда анықтайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;

қағаз түрінде екі данада (түпнұсқа және көшірме) алдын ала түптелген және қалың қағаздан жасалған конверттерге (пакеттерге) буылған, сонымен қатар электрондық түрде екі данада (түпнұсқа және көшірме) жеке конвертте (пакетте) буылған келесі жиынтықтағы компакт-дискілерде нормативтік-техникалық құжаттама:

сынақтардың бағдарламасы мен әдістемесі;

депозитке салынатын бағдарламалық өнімнің ерекшелігі;

техникалық тапсырма (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезеңдеріндегі);

формуляр (депозитке салынатын бағдарламалық өнімнің негізгі сипаттамалары, жиынтығы мен пайдалану туралы мәліметтер);

бағдарламалық өнімнің сипаттамасы;

түсіндірме жазба (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнім алгоритмінің және (немесе) жұмыс істеуінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдердің негіздемесі);

орнату жөніндегі басшылық;

әкімшіге арналған басшылық;

пайдаланушыға арналған басшылық;

техникалық тапсырмада талап етілген басқа құжаттар;

Иеленушінің және (немесе) иесінің қалауы бойынша басқа бағдарламалық құралдар мен құжаттар.

Қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде ілеспе хаттың көшірмесіне қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты, құжаттар пакетін қабылдаған мерзімі туралы белгі қою көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсырғанын растайды.



  1. Қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

10. Қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану: шағымдар көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 12 тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.

Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе электронды түрде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған тұлғаның тегін және аты-жөнінің бірінші әріптерін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсетіп, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу мерзімі) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жолдаған шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуді бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуді бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Жеке тұлғаның шағымында - оның тегі, аты, сонымен қатар қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен мерзімі көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.

11. Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

Министрліктің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған;

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен күйі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметерді көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі - 1414.



______________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет