Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекіту туралы



Дата26.02.2016
өлшемі211.39 Kb.
#26495
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының Қаулысы

Алматы қаласы 2001 жылғы 15 мамырдағы № 828



Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру

нөмiрлерiн беру қағидаларын бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1. ҚРҰББ 06.04.2003ж. № 114;

2. ҚҚА 25.10.2004 ж. № 301;

3. ҚҚА 26.03.2005 ж. № 104;

4. ҚҚА 22.08.2008ж..№ 139.
Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру әдiстемесiн жетiлдiру мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).

2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелгеннен кейiн 15 күннен соң қолданысқа енетiндiгі белгіленсiн.

3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар департаментi:

1) басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн;

2) осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасасын.

4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1998 жылғы 11 ақпанда 458-нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы № 161 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

Ұлттық комиссияның Төрағасы А.Жолдасбеков

 

Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық біріздендіру



нөмірлерін беру қағидалары
Осы Қағидалар бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру және мемлекеттiк бағалы қағаздарға берiлген ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiне есеп жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.


1-тарау. Жалпы шарттар
1. Осы Қағидаларда пайдаланылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi:

1) ҚР ҰБ Басқармасының 16.04.03 ж. № 114 қаулысымен алып тасталды;

2) ҚР ҰБ Басқармасының 16.04.03 ж. № 114 қаулысымен алып тасталды;

3) «ҰБН» - ұлттық бiрiздендiру нөмiрi немесе егер бұл контекстке негiзделсе ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерi;

4) «Жауапты қызметкер»- уәкiлеттi органның ҰБН-iн беруге жауапты қызметкерi;

5) «эмитент» - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.

2. ҰБН бағалы қағаздарға оны біріздендіру, әртүрлі шығарылымдардың бағалы қағаздарын белгілеуді бірегейлендіру және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберілген бағалы қағаздарға есеп жүргізуді жүйелендіру мақсатында уәкілетті орган беретін бірегей әріптік-сандық код болып табылады.


2-тарау. Ұбн беру
3. Шығарылымы жобаланып отырған мемлекеттiк бағалы қағаздарға ҰБН берудi эмитенттiң еркiн нысанда жазған және мазмұнында осы шығарылым туралы мынадай мәлiметтер бар сұрауының (бұдан әрi «Сұрау» деп аталады) негiзiнде уәкілетті орган жүргізеді:

1) мемлекеттiк бағалы қағаздардың түрi - олардың толық атауы немесе жалпы қолданылатын белгiсi (қысқаша атауы, аббревиатурасы);

2) шығарылымының валютасы;

3) айналыс мерзiмi;

4) эмитент пайдаланатын нөмiрлеуге сәйкес шығарылымының реттiк нөмiрi;

5) орналастыру жобаланған күн;

6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң осы Қағидалардың 1-қосымшасының 1-таблицасында көрсетiлмеген мемлекеттiк бағалы қағаздары үшiн - осы бағалы қағаздардың мынадай белгiлерi бойынша сипаттамасы:

осы бағалы қағаздар құжаттандырылған немесе құжатсыздандырылған болып табыла ма әлде жоқ па;

осы бағалы қағаздар дисконттық (олар бойынша сыйақы дисконт - атаулы құны мен орналастыру бағасының арасындағы он айырмасы түрiнде төленедi) бiр мезгiлде осы бағалы қағаздарды өтеумен және олардың атаулы құны шегiнде) немесе купондық (олар бойынша сыйақылар купон - осы бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына сәйкес атаулы құнынан жоғары мерзiмдiк (бiр немесе бiрнеше дүркiн) төлеуге жататын сома түрiнде төленедi) болып табыла ма әлде жоқ па;

осы бағалы қағаздар шығарылымының шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды қандай да болмасын көрсеткiш бойынша индекстеудi көзделе ме әлде жоқ па;

егер осы бағалы қағаздар купондық болып табылса, олардың шығарылым шарттарында осы бағалы қағаздардың атаулы құнынан өзгеше (дисконтпен немесе сыйлықпен) баға бойынша орналастыру көзделе ме, яғни осы бағалы қағаздар дисконттық - купондық болып табыла ма әлде жоқ па.

6-1) республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздары үшін осы бағалы қағаздардың мынадай түрлері бойынша сипаттамасы:

1) орта мерзімді;

2) ұзақ мерзімді;

3) индекстелген орта мерзімді;

4) индекстелген ұзақ мерзімді;

7) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 301 қаулысымен алып тасталды

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жобаланып отырған бiрнеше, оның iшiнде белгiлi бiр кезеңге алға, шығарылымның мемлекеттік бағалы қағаздарына ҰБН беруге сұрау жасауға жол беріледі.

5. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. № 114 қаулысымен алып тасталды

6. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. № 114 қаулысымен алып тасталды

7. Жауапты қызметкер сұрауды алғаннан кейiн оның мына бөлiктерде жасалуының дұрыстығын тексередi:

1) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес сұрауда көрсетiлуге тиiстi мәлiметтердiң толықтығын;

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздардың түрiн көрсетудің дұрыстығын;

3) мемлекеттiк бағалы қағаздар түрiнiң олардың жобаланып отырған шығарылымдарының осы Қағидалардың 3-тармағының 2)-6-1) тармақшаларында көрсетiлген өлшемдерiне сәйкес келуiн;

4) мемлекеттiк бағалы қағаздардың жобаланып отырған шығарылымының реттiк нөмiрiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздардың осы түрiнiң алдыңғы шығарылымы туралы уәкілетті органда бар ақпаратқа сәйкес келуiн;

5) шығарылымы жобаланып отырған мемлекеттiк бағалы қағаздарға ҰБН беру үшiн қажеттi өзге де ықтимал шарттардың сақталысын.

8. Сұрату бойынша ескертпелер жоқ болған кезде Жауапты қызметкер осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтiрiлген әдiстемеге сәйкес ҰБН жасайды, бағалы қағаздардың айналыста жүрген шығарылымдарының осындай ҰБН бар жоқ екенiн тексередi, ҰБН беру жөнiнде эмитентке беретiн хат дайындайды және негiзiнде ҰБН құрылған сұратуды қоса бере отырып оны келесi бұрыштаманы қою үшiн бередi.

9. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. № 114 қаулысымен алып тасталды

10. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. № 114 қаулысымен алып тасталды

11. Сұратуда қате және/немесе толық емес мәлiметтер анықталған кезде уәкiлеттi орган эмитентке бас тарту себебiн көрсете отырып ҰБН беруден жазбаша бас тарту жiбередi.

12. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. № 114 қаулысымен алып тасталды

13. Сұрауды қарау (ҰБН беру туралы немесе ҰБН беруден бас тарту туралы эмитентке жазылған хатты жөнелту (беру) мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде аяқталу керек, бiрақ уәкілетті орган сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей (осы тармақтың екiншi азатжолында белгiленген ерекшелiктi қоспағанда).

Егер эмитент алты және одан да көп шығарылымдары жобаланған мемлекеттiк бағалы қағаздарға ҰБН берудi сұраған жағдайда, сұрауды уәкілетті орган алған күннен бастап үш жұмыс күнiне дейiн, ҰБН беру туралы эмитентке жазылған хатты жөнелтудiң (берудiң) мерзiмiн ұзартуға жол берiледi.

14. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 114 қаулысымен алып тасталды




3-тарау. Берілген ҰБН-не есеп жүргізу
15. Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ҰБН-не есеп жүргізу:

1) қағаз тасымалдағыштағы «Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ұлттық біріздендіру нөмірлерін тіркеу журналы» тізілім-журналын (бұдан әрі «Журнал» деп аталады);

2) «Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ұлттық біріздендіру нөмірлерін тіркеудің электрондық журналы» электрондық мәліметтер базасын (бұдан әрі «Электрондық журнал» деп аталады);

3) мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰБН беру мәселелері бойынша алмасу файлдарын (бұдан әрі "Алмасу файлдары" деп аталады) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

16. Журналдың мазмұны мен Электрондық журналдың мазмұны бір-бірімен ұқсас және мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) ҰБН беру туралы жазбаның реттік нөмірі;

2) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі;

3) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

4) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың валютасы;

5) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірін эмитент қолданатын нөмірлеуге сәйкес сандық белгілеу;

6) ҰБН беру күні;

7) берілген ҰБН;

8) ҰБН беруге арналған негіз (сұраудың күні және нөмірі);

9) Жауапты қызметкердің тегі және аты-жөні.

17. Журналды (Электрондық журналды) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі туралы мәліметтер бөлігінде толтыру кезінде мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметінің немесе Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген не жалпы қолданылатын белгілеулер қолданылады, мысалы, «НСО», «МЕККАМ-6», «теңгелік ноттар». Бұл ретте айналыс мерзімдері бірдей мемлекеттік бағалы қағаздардың бірнеше түріне әртүрлі белгілеулерді қолдануға жол берілмейді.

18. Журналды (Электрондық журналды) ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің атауы туралы мәліметтер бөлігінде толтыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде қатысты "Қаржымині" қысқаша атауын немесе "ҚМ" аббревиатурасын қолдануға жол беріледі;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты "Ұлттық Банк" қысқаша атауын немесе "ҰБ" аббревиатурасын қолдануға жол беріледі;

3) егер мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі туралы мәліметтерге сүйене отырып біржақты түрде эмитент тек қана Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе тек қана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын жағдайда Журналдың тиісті бағанасы (Электрондық журналдың тиісті жолы) толтырылмайды;

3-1) жергілікті атқарушы органдарына қатысты қысқартылған атауды қолдануға жол берілмейді;

4) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

19. Журналды (Электрондық журналды) мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының валютасы туралы мәліметтер бөлігінде толтыру кезінде, егер мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі туралы мәліметтерге сүйене отырып бір жақты түрде олар тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе тек қандай болсын шетелдік валютада шығарылуы мүмкін болады делінсе, тиісті бағана (тиісті жол) толтырылмайды.

20. ҰБН беру туралы жазбалар Журналға және Электрондық журналға ҰБН берілген күні енгізілуге жатады.

21. Журнал беттері бойынша нөмірленуі, тігілуі және уәкілетті органның мөр таңбасымен (жартылай тігістің түйініне жапсырылған жазба қағазға жартылай параққа) бекітілуі керек.

Журналдағы ҰБН беру туралы әрбір жазба Жауапты қызметкердің қолымен расталуы керек.

Журнал аяқталғаннан кейін оның сыртқы парағына "Журналда ҰБН беру туралы барлығы (ҰБН туралы соңғы жазбаның реттік нөмірі) жазбалар бар" деген жазба енгізіледі, еркін нысандағы форматта Журналдың аяқтау күні көрсетіледі, Жауапты қызметкердің қолы қойылады.

Жаңадан ашылатын Журнал бұрынғы Журналдағы соңғы жазбаның реттік нөмірінен бір бірлікке асатын ҰБН беру туралы жазбаның реттік нөмірінен басталады.

ҰБН туралы аяқталмаған жазбаны бір Журналдан екіншісіне ауыстыруға тыйым салынады. Бұндай жазба әрбір бағанада "Z" белгісімен сызып тастау арқылы жойылуы керек.

22. Уәкілетті орган орталық аппаратының Электрондық журналды жүргізуді жүзеге асыратын қызметкерлері оған рұқсат етілмеген өзгерістерді енгізуден қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.

23. ҰБН беру үшiн ұсынылған құжаттар жазысқан хаттар файлдарына хронологиялық тәртiппен тiгiледi.

24. Алмасу файлдарына енгізілген құжаттардың барлық парақтары төменгі оң жақ бұрышына нөмірленеді. Алмасу файлдары аяқталғаннан кейін оған бірінші парағында "Осы файлда ("кк.аа.жж" форматтағы күн)-нен бастап ("кк.аа.жж" форматтағы күн)-ге дейінгі құжаттардың барлығы (соңғы құжаттың соңғы (жоғарғы) парағының реттік нөмірі) парағы бар" деген жазба жасалатын құжаттардың тізбесі енгізіледі және Жауапты қызметкердің қолы қойылады.

25. Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ҰБН туралы мәліметтер уәкілетті орган тиісті сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кез келген мүдделі тұлғаға беріледі.


Қазақстан Республикасы Бағалы

қағаздар жөніндегі ұлттық

комиссиясы Директоратының

2001 жылғы 15 мамырдағы

N 828 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік бағалы қағаздарға

ұлттық біріздендіру нөмірлерін

беру қағидаларына

1-қосымша

 

Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық

біріздендіру нөмірін құру әдістемесі
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының ұлттық біріздендіру нөмірін (бұдан әрі "ҰБН" деп аталады) құру үшін араб сандары және латын әліпбиінің жазба (бас) әріптері ("І" және "О" әріптерінен басқа) пайдалынылады.

2. ҰБН-не қандай да болмасын тыныс белгісімен бөлінбеген, тізбектелген он екі рәміздер (солдан оңға санаумен) кіреді және үш бөліктен тұрады:

1) бірінші және екінші позицияларда орналасқан рәміздер эмитент елінің екі әріпті кодын білдіреді (Қазақстан Республикасы үшін "KZ" коды пайдаланылады);

2) үшінші-он бірінші позицияларда орналасқан рәміздер осы Әдістеменің 3-9-тармақтарына сәйкес жасалған негізгі нөмірлер болып табылады;

3) он екінші позицияда орналасқан рәміз осы Әдістеменің 10-тармағына сәйкес есептелген бақылау саны болып табылады.

3. ҰБН үшінші позициясында орналасқан рәміз мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентін білдіреді:

1) «К» рәмізі - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

2) «W» рәмізі - Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі;

2-1) «А» - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы;

2-2) «Z» - Астана қаласының жергілікті атқарушы органы.

3) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

4) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

5) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

6) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

7) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

8) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

9) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

10) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

11) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

12) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

13) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

14) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

15) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

16) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

17) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

18) ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. N 301 қаулысымен алып тасталды

4. ҰБН төртінші позициясында орналасқан рәміз мемлекеттік бағалы қағаздардың кодын білдіреді:

1) "1" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

2) "2" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;

3) "3" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

4) "4" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;

5) "5" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

6) "6" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;

7) "7" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

8) "8" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;

9) "9" символы - Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтемақы төлеу мақсатында шығарылған, номиналдық құнын индекстеу және сыйақы ставкаларын айқындау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;

10) "А" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;

11) "В" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;

12) "С" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;

13) «D» символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалатын, купон деп аталатын сыйақы төленеді;

14) «Е» рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді бағалы қағаздары;

15) «F» рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді бағалы қағаздары;

16) «G» рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздары;

17) «Н» рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздары.

5. Мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің ҰБН төртінші позициясын толтыру кезінде пайдаланылатын кодтары осы Әдістеменің 1-таблицасында келтірілген.

6. ҰБН бесінші позициясында орналасқан рәміз шығарылымның валютасын білдіреді:

1) "К" рәмізі - қазақстан теңгесі;

2) "U" рәмізі - АҚШ доллары;

3) "Е" рәмізі - евро.

7. ҰБН алтыншы позициясында орналасқан рәміз мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің өлшем бірлігін білдіреді:

1) "Y" рәмізі - жылдар;

2) "M" рәмізі - айлар;

3) "W" рәмізі - апталар;

4) "D" рәмізі - күндер.

8. ҰБН жетінші және сегізінші позицияларында орналасқан рәміздер мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті өлшем бірлігіндегі айналыс мерзімін білдіреді.

Егер айналыс мерзімі 10-нан төмен тиісті өлшем бірлігін құраған жағдайда, жетінші позицияда "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі.

9. ҰБН тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан рәміздер мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының олардың эмитенттері пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес реттік нөмірін білдіреді.

Егер шығарылымның реттік нөмірі 100-ден төмен болып құралған жағдайда, тоғызыншы позицияда "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі.

Егер шығарылымның реттік нөмірі 10-нан төмен болып құралған жағдайда, оныншы позицияда (тоғызыншы позициядағы "0" рәмізіне қосымша) "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі.

Егер шығарылымның реттік нөмірі 999 асып кеткен жағдайда, оның бірінші саны көрсетілмейді.

10. Бақылау саны мынадай түрде есептеледі:

1) 1-қадам: осы Әдістеменің 2-тармағының 1) тармақшасына және 3-9-тармақтарына сәйкес бастапқы он бір позициялар толтырылады;

2) 2-қадам: позицияларда орналасқан әріптік рәміздер осы Әдістеменің 2-таблицасына сәйкес сандармен ауыстырылады;

3) 3-қадам: сандық қатарда (оның оң жақ шетінен бастап) алынған әрбір сан коэффициентке көбейтіледі: "2" - тақ позицияларда орналасқан сандар үшін немесе "1" - жұп позицияларда орналасқан сандар үшін;

4) 4-қадам: 3-қадамды орындаудың нәтижесінде алынған сандар қатары қосылады;

5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталса, онда бақылау саны "0" болып табылады. Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және он еседен төмен болып табылатын саннан алып тастау нәтижесі бақылау саны болып табылады.

 

                                                          1-кесте



 

Мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген

түрлері кодтарының кестесі

 


Бағалы қағаздың түрі                

Коды

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелері (МЕККАМ)   

1

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелері (МЕОКАМ)

2

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелері (МЕУКАМ)

D

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді

индекстелген қазыналық міндеттемелері (МОИКАМ)   


С

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді

индекстелген қазыналық міндеттемелері (МУИКАМ)   


В

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазыналық міндеттемелері (МЕУЖКАМ)   



А

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді

қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕКАВМ)   


3

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді

қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕОКАВМ)    



4

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелген

қазыналық міндеттемелері (МЕИКАМ)


4

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі займның ұлттық жинақ облигациялары (НСО)



2

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгеде номинацияланған қысқа мерзімді ноттары 

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік валютада номинацияланған қысқа мерзімді ноттары

3

Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигациялар (МАОКО)» 

9

 
2-таблица

Әріптік рәміздерді сандарға ауыстыру

ТАБЛИЦАСЫ

     


 А   10      F   15      L   20       R   25      W   30

 B   11      G   16      M   21       S   26      X   31

 C   12      H   17      N   22       T   27      Y   32

 D   13      J   18      P   23       U   28      Z   33

 T   14      K   19      Q   24       V   29            


 

 

Қазақстан Республикасы Бағалы



қағаздар жөніндегі ұлттық

комиссиясы Директоратының

2001 жылғы 15 мамырдағы

N 828 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік бағалы қағаздарға

ұлттық біріздендіру нөмірлерін

беру қағидаларына

2-қосымша



Мемлекеттік бағалы қағаздардың

ұлттық біріздендіру нөмірін

құрудың мысалы
     Берілді (мысалдың шарттары):

     Қазақстан    Республикасының    Қаржы    министрлігі       Қазақстан

Республикасының  айналыс  мерзімі  алты  ай  мемлекеттік  қысқа  мерзімді

қазыналық  міндеттемелерін  (бұдан  әрі  -  МЕККАМ)  айналысқа  шығарады;

шығарылымның реттік нөмірі - 123

                                 1-қадам:

───────────────────────────────────────────────

Позицияның нөмірі      Рәміздер                      Түсіндірме

───────────────────────────────────────────────

   1-2          КZ       Эмитенттің елін белгілеу (Қағидаларға

                         1-қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы)

    3           К        Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентін белгілеу:

                         Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті

                         ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы

                         министрлігіне "К" рәмізі сәйкес келеді

                         (Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тармағы және

                         мысалдың шарттары)

   4            I        Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрін

                         белгілеу:

                         МЕККАМ "І" рәмізіне  сәйкес келеді

                         (Қағидаларға 1-қосымшаның 4-тармағы және

                         1-таблица)

   5            К        Шығарылымның валютасын белгілеу: МЕККАМ-ның

                         атаулы құны "К" рәмізіне сәйкес келетін

                         Қазақстан теңгесімен көрсетіледі

                         (Қағидаларға 1-қосымшаның 6-тармағы)

   6            М        Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс

                         мерзімінің өлшем бірлігін белгілеу:

                         МЕККАМ-ның айналыс мерзімі "М" рәмізі

                         сәйкес келетін айлармен өлшенеді

                         (Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағы)

  7-8          06        Бағалы қағаздардың айналыс мерзімін

                         айлармен белгілеу: МЕККАМ-ның осы

                         шығарылымының айналыс мерзімі 10 айдан төмен

                         болғандықтан, жетінші позицияда "0" (нөл)

                         рәмізі көрсетіледі (Қағидаларға

                         1-қосымшаның 8-тармағы және мысалдың

                         шарттары)

  9-11        123        Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының

                         реттік нөмірін белгілеу (Қағидаларға

                         1-қосымшаның 8-тармағы және мысалдың

                         шарттары)

───────────────────────────────────────────────

     Нәтижесінде МЕККАМ-ның осы шығарылымының ұлттық  біріздендіру  нөмірі (оны екінші позициядағы бақылау санынсыз) былайша көрінеді:





         K    Z    K    1    K    M    0    6    1    2    3 

 

                                2-қадам:

     Қағидалардың 1-қосымшасындағы 2-таблицаға сәйкес  әріпті  рәміздерді

сандарға ауыстыру:





           1 9 3 3 1 9 1 1 9 2 1 0 6 1 2 3                    

 

                                 3-қадам:

     Сандық  қатарда  (оның  оң  жақ  шетінен  бастап)  алынған  сандарды

коэффициентке көбейту: "2" -  тақ  позицияларда  орналасқан  сандар  үшін

немесе "1" - жұп позицияларда орналасқан сандар үшін:

     сандық қатар (3-қадамды орындау нәтижесі):





           1 9 3 3 1 9    1    1 9 2 1   0   6   1   2   3   

                      көбейту коэффициенттері:

     


     1 2 1 2 1 2    1    2 1 2 1   2   1  2  1  2      

                          көбейту нәтижесі:

     


    1 1 8 3 6 1 1 8 1 2 9 4 1 0   6   2   2   6        

 
                                 4-қадам:

      3-қадамды орындаудың нәтижесінде алынған қатардың сандарын қосу:

                1+1+8+3+6+1+1+8+1+2+9+4+1+0+6+2+2+6=62

                                 5-қадам:

     4-қадамды    орындау    нәтижесінде    алынған    сома       "0-мен"

аяқталмағандықтан, осы сомадан асатын және он еседен  төмен  болатын  сан

анықталады. 62 сомасы  үшін  осындай  сан  70  болып  табылады.  Тиісінше

бақылау саны 8-ге тең (70-62).

     Осы  шығарылымдағы  мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  толық     ұлттық

біріздендіру нөмірі мынаған тең:



      

K    Z    K    2    K    M    0    6    1    2    3   8

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет