жүйелерді қорғау шаралары
1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық шараларына электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесінің немесе иеленушісінің ақпаратты пайдаланушылармен жасасқан шарттары жатады, оларда белгілі бір электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу шарттары және электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мен оларды пайдалану талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді.
2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастыру шараларына ақпаратқа (ақпаратты материалдық жеткізушілерге) қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (үй-жайға) кірудің ерекше режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді тұлғалар тобы мен ақпараттың сипаты бойынша шектеу жатады.
3. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына ақпараттық жүйелерді табиғи қорғау, ақпаратты қорғау құралдарын, оның ішінде криптографиялық құралдарды пайдалану, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді бақылау және қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйелерін табиғи қорғау жөніндегі шаралар жатады.
4. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірмеуге немесе қауіп төндірмеуге тиіс.
44-бап. Дербес сипаттағы электрондық ақпараттық
ресурстарды қорғау
1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері оларды жария етуден қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Мұндай міндет дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған кезден бастап және олардың жойылуына не мәнінің жойылуына дейін немесе осы деректер қатысты болатын тұлғадан оларды жариялауға келісім алғанға дейін туындайды.
2. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды одан әрі беруге оларға қатысты тұлғаның келісімімен ғана немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де негіздер бойынша рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |