ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ
6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
KV VSRRPS 1201 – Мамандыққа кіріспе ( IT жобаларын басқару)
пәні бойынша
Дәрістер кешені
Алматы, 2020 ж.
Дәріс -1. Жүйе. Ақпараттық жүйелер.
Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.
Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған. Көптеген жағдайда ол техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар көптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін.
«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді.
«Жүйе» түсінігі – бұл абстрактілі ұғым, оның көптеген анықтамалары бар. Жүйе біздің миымызда, объективті өмірде бар. Олар сонымен қатар адамдармен құрылуы мүмкін. Мысалы, математика абстрактілі ғылыми жүйе болып табылады.
Жүйені бір-бірімен байланысқан және бір-біріне әсер ететін элементтер тобы ретінде анықтауға болады, олар бір бүтін немесе бір мақсатқа жету үшін құрылған компоненттер тобы ретінде құрылады.
Жүйеге келесі компоненттер кіреді:
Құрылым – жүйенің көптеген элементтері және олардың арасындағы байланыс. Құрылымның математикалық моделі граф болып табылады.
Кіріс және шығыс – жүйеге келіп түсетін және онымен шығатын материалды жиынтық немесе хабартар жиынтығы.
Жүйені жүргізу заңдылығы– жүйенің кіріс пен шығыс өзгерістерін байланыстыратын функция.
Мақсат және шектеу.
Достарыңызбен бөлісу: |