Ақпараттық құзырлықты қалыптастырудағы дидактикалық мүмкіндіктер Аңдатпа



Дата26.06.2016
өлшемі57 Kb.
#159347
Ақпараттық құзырлықты қалыптастырудағы дидактикалық мүмкіндіктер
Аңдатпа

В работе представлена классификация программных средств информационных технологий обучения с позиций дидактики. Рассмотрены принципы и возможные пути интеграции информационных технологий обучения в учебно-воспитательный процесс. 

Кілт сөздері: ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технология, жаһандық мәселе
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарлары жасақталған. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасалды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Қоғам ғылыми-техникалық тұрғыдан ілгерілеген сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары, білімге, тілді үйренуге деген құлшыныстары күннен-күнге арта түсуде. Бүгінгі заман талабына сай нарықтық экономика өркендеп отырған кезеңде студенттердің, яғни болашақ мамандардың ой-өрісінің жан-жақтылығы экономикасы мен мәдениеті дамыған елдің асыл мұрасындай болуы тиіс. Кез-келген жағдайларда қоғам үшін пайдалы іс жасауда болашақ маман өз мамандығын игеріп, халқының тілін, тарихын, мәдениетін бойына сіңіріп, оны жалғастырушы ретінде халыққа танылуы қажет.

Бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты дамып келеді. Атап айтсақ, Интернет желісінің, электронды поштаның өсуі, күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі студенттердің ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қолдануына өз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан оқытушы студенттермен тығыз қатынас орната атырып, шығармашылық байланыста болғаны жөн. Соңғы жылдары жоғары оқу орнындарында шетел тілін мамандыққа байланыстыра оқыту - тілдің қолданыс аясын кеңейте түсуде.

Шетел тілін оқытуда студенттер қауымының ауызекі тілімен қатар, мамандығына байланысты бағытталған лексиканы жазбаша әрекеті арқылы меңгертудің орны ерекше. Оқытушының басты міндеті – болашақ маман иелерінің сөздік қорын мамандыққа сәйкес лексикамен молайту, жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асыру болып отыр.

Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтардың жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана іске асады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін жасалған қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуына байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сонымен бірге білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі жұмыстар жүруде. Білім беру жүйесінде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мамандардың болуы қуанарлық жайт. Ол бір уақытта педагог- психолог және сонымен бірге оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуіде қажет-ақ. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.

Жоғарғы оқу орнында ағылшын тілінің жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Ағылшын тілінің қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктерге сүйене отырып білім беруді кажет етеді. Ендеше шетел тілін үйрену, әрі меңгеру қазіргі таңдағы кезек күттірмес мәселенің дәлелі іспеттес.

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып кетпей, оқыту бағдарламасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне де көп көңіл бөлген жөн. Компьютердің мүмкіндігінің молдығы дәріске қажетті материалдарды бояулы суреттермен, кестелермен байыта түсері сөзсіз.

Сабақ барысында компьютер қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Оқытушы араласпай-ақ, студенттерге өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын тіл үйрену барысында пайдалану, студенттің шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізері сөзсіз. Студенттердің ақпараттық технологиямен жұмыс жасауына мүмкіндіктер туғызу олардың дүниетанымын қалыптастырады, өз әрекетін саналы түрде жоспарлауға жол ашады, логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді және жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруына да ықпал етері анық. Оның мақсаттары негізінен төмендегіше сатыланады:

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;

- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру;

- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;

- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу;

- педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуіне байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.

Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi білім беру қызметкерлерінің ақпараттық технологиялық біліктілігін көтеру талпынысына әкелмек.

Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.

Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген оқытушы мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану білім алушының жекелеген пәндердi игеруіне қызығушылықтарын арттырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға ықпал етеді:



  • студенттің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

  • оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк ойындар және т.б.) қолдану;

  • аналитикалық әдiстi қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы шетел тілін үйренуде оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Білімнің əлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу процесі қоғамның тіршілік əрекеттерінен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Дегенмен, мəдениетке мұралық ету əлеуметтану мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тəсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек əрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін тауып келеді.

Жоғары оқу орындары білім беру қызметі барысында, жаһандану талаптарына жауап бере алатын, халықаралық деңгейде танылуға қол жеткізу үшін барынша талпынатын шығармашылық тұлғалардың өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін әлемдік өркениет үрдісінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтауға негізделген.

Сапаны көтерудің жаһандық мәселесі мемлекеттің, қоғамның, жоғары оқу орнының бір мақсатқа үйлесімді жұмылуын, қоғамның жарқын болашағын қамтуды талап етеді.

Білікті маман оқу процесiнде шетел тілін үйретумен қатар ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мүмкiндiктерiн болжай алмақ, яғни бұл деген сөз ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiмді мамандардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу, оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату болмақ.

Жоғары білікті мамандар даярлау мәселесін шешуге араласа отырып, университет жетекшілігі жоғары кәсіби білімді сақтаудың сапасын арттыруға, қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, инновациялық технологияны енгізуге баса назар аударады. Алға қойылған міндеттерге сәйкес білім ордасының білім сапасы саласындағы саясаты жетілдіріліп, мақсаты нақтыланған болатын. Мұнда білім қызметін тұтынушылардың талап-тілектері және басқа да мүдделері ескеріліп отырады.

Студенттерді оқуға ынталандырудың бір жолы оның болашақ мамандығы туралы нақты мәліметтер беру екенін атап өткен орынды. Осыған орай, түрлі кәсіби салаларға бейімделген әрі нәтижелі жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандардың пайдасына шешілетін, қазіргі және алда күтіліп отырған еңбек нарығындағы сұраныстарға талдаулар жүйесі орнатылған.

Білім – дәл қазір еліміздегі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ол адамның тұлғалық қасиеттерін толықтай дамытуға, қоғам, мемлекет мүддесіне қызмет етіп келеді.

Білім жүйесі халықаралық білімдік кеңістікте тұрақты әрі орнықты дамытуды мақсат етіп отыр. Елімізде білім жүйесінің ұлттық дәстүрін сақтай отырып, жаңаша дамыту жолдары да қарастырылған. Атап айтар болсақ, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың көп деңгейлі жүйесі белсенді түрде енгізілуде, жоғары кірісті экономикалық қызметте жаңа білім мен технология трансформациясы үшін жағдайлар жасалуда, білім беру мен ғылымның байланысы нығайып, әрі кеңейе түсуде, шетелдік әріптестермен үздіксіз білім алуға байланысты тәжірибе алмасулар жалғасын табуда.

Отандық білім қызметінің мақсаты жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және жас буын өкілдерін кәсіпке баулу, яғни бұл азаматтардың біліми әлеуетінің нығаюына әкелмек.
Пайдаланылған әдебиеттертізімі: 


1. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

2. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб, заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2003. – С.192.

3. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі / Б. Кенжебеков.-Бастауыш мектеп. 2004.-№7.- 3-7б.б.

4. Мұхамеджанова Ә. Оқытушы  мен  студенттің  өзара  қарым-қатынасын басқару //Білім. №10 - 2006. 18 бет.



5. Жантлеуова Ш.К. Профессиональная компетентность будущего учителя в условиях педагогической практики / - Вестник КазНУ, серия «Педагогические науки», 2000. №12. С.25-29.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет