Арқа ажары 2009 №29 3 наурыз Ақын жүрек тоқтаған күн Талғат сансызбай



Дата26.02.2016
өлшемі26.03 Kb.
#26325
Арқа ажары 2009 № 29 3 наурыз

Ақын жүрек тоқтаған күн



Талғат САНСЫЗБАЙ
Ел есінде сақталатын асыл бейнелер халық жадынан ұмытыла ма? Сәкен сынды сырбаз азаматтың рухы жерге көміле ме? Жоқ әрине!
Алаш баласы үшін 25 ақпан қарапы күн саналады. Кешегі халқымыздың қаймағы-зиялыларымыз-ды жалмаған 1938 жылдың 25 ақпанында қазақтың біртуар перзенті, дауылпаз ақын, сыршыл жазушы, мемлекет қайрат-кері Сәкен Сейфуллин жазықсыз жаланың құрбаны болды. Дәл осы ақпанның аязды, түнек түнінде жендеттер туралап атқан оқтан ақын жүрегі мәңгі тоқтады.

Жыл сайын Елордадағы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті ұжымы мен ақын мұражайының қызметкерлері бірлесіп, асыл азаматтың рухын еске алуға арналған шара өткізуді дәстүрге айналдырған. Биыл да осы үрдіс жалғасын тапты.

Сондықтан да болар, ақын рухын еске алуға арналған кеш «Рухтарды кембейді қара жерге» деген атпен өтті. Бұл жолғы шара мұражай үйіне күрделі жендеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан бірыңғай университет ғимаратында өтті. Кешке жиналған зиялы қауым, оқытушылар мен студенттер білім шаңырағы алдындағы ақынның ескерткіш мүсініне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Университет рекгоры Айтбай Бүлашев сөз сөйлеп, С.Сейфуллиннің өмірі мен қызметіне қысқаша шолу жасап, жиналған жамиғатқа алғыс сезімін білдірді. Сонан соң кешке арнайы келген қадірменді меймандар университеттің кең залынан орын алды. Залдың бір бұрышында «Бір жалт еткен ғүмырың...» деген атпен арнайы көрме ұйымдастырылыпты. Онда ақын қаламынан туған кітаптар мен басқа маңызды құжаттар, фотосуреттер қойылған.

Кеш өте әсерлі өтті деп айтсақ, қателеспеспіз, сірә?! Әсіресе, студент жастардың көптеп жина-

лып, Сәкен туралы айтылған тың мағлұматтар мен деректерді 3 сағат бойы тапжылмай отырып тыңдағандары сүйсіндірді. Олардың алдында белгілі жазушы Қойшығара Салғарин, көрнекті ақын-дар Кәкімбек Салықов пен Нұрғожа Ораз, мұражай директоры, арқалы ақын, Алаш сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы дауылпаз ақынның мол мұрасы, оның тәрбиелік маңызы жөнінде әңгімелеп, ақын өмірі мен қызметіне қатысты тың деректерді ортаға салды. Сәкеннің немере қарындасы Рымжан Мәжитқызы Сейфуллинаның айтқан естелік әңгімелерін жауқазын жастар асқан ыждаһаттылықпен тыңдады. Сері Сәкен, сырбаз Сәкен, ақын Сәкен. Оның жүрек қылын шертетін, құлақ қүрышын қандыратын әуезді әндері қаншама! Солардың дені осы кеште де шырқалды. Талантты әнші, дәстүрлі әндерді орындаудың шебері Серік Оспанов ақын Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған «Үш арыс» әнін шырқап, қазақтың ірілері, Абайдың інілері Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің асыл бейнелерін көз алдымызға әкелгендей болды. Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде», «Сыр сандықты ашып қара», «Сарыарқа» әндерін де жиналған жұртшылық жылы қабыл-дады. Осы бір әндерді тыңдағанда қырдың қырмызы табиғаты көз алдымызға келіп, бір сәт оның қоңыр салқын, саумал самалын көкірек кере жұтқандай әсерде боласың. Сәкен де ғүмыр бойы сол сайын Сарыарқасын, оның сүңғыла сұлулары мен сері жігіттерін жырлап өтті емес пе?

Қаламыздағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Бақыт Исабекова ақынның жары Гүлбаһрамның монологінен үзіндіні жұртшылық назарына ұсынса, университет студенті, жас ақын Баубек Бердіжар өзінің Сәкенге арнаған «Ұлы түлға» өлеңін оқып берді.



Бұл бір есте қаларлық, тағылымды кеш болды. Алаш аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп ағып өткен, өзі айтқандай 17 жасында ту ұстап, бар болғаны 44 жасында қапияда мерт болған ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин қысқа ғүмырында тек туған халқының қамымен күн кешті. Ендеше тау тұлғалы азаматты Алаш баласы естен шығармақ емес. Арқалы ақын Серік Түрғынбекұлының сөзімен айтсақ, Сәкен-әлі толық зерттеліп бітпеген тұғыр-лы тұлға. Оған қатысты тың деректер мен мазмұн-ды мәліметтер тарихтың жауһар сандығынан әлі де аңғарыла бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет