Қарабұлақ ауылдық округінде 2011 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы



Дата24.02.2016
өлшемі45 Kb.
#12125
Қарабұлақ ауылдық округінде 2011 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы.
Ауыл әкімі аумағында 2409 адам тұрады. 567 жанұя тіркелген.

Жер көлемі – 99 493 га

Оның ішінде

Егіндік – 4467 га.

Шаппалық –3689 га.

Жайылымдық - 90951.

Ауыл әкімі аумағында 110 шаруа қожалығы тіркелген.
Білім саласы бойынша:

Оқушы саны – 436. Биыл мектепті 42 оқушы бітіріп, 2010-2011 ж.ж. оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 91 балды көрсетті.

2010-2011 ж.ж. оқу жылында 204 бала тегін тамақпен, 107 бала тегін киіммен қамтылған. Оның ішінде 125 бала аз қамтылған жанұядан.

Мектеп жанынан құрылған «Балбөбек» шағын балабақшада 50 бала тәрбие алуда.Балабақша жаңа жиһазбен жабдықталған.


Денсаулық саласы бойынша:

2011 жылдың 1-жарты жылдығында ауылдық дәрігерлік емханасына диспансерлік есептегі науқастарға 910 025 теңгенің тегін дәрі-дәрмектері бөлінді.50 пайыздық жеңілдікпен 107972 теңгенің дәрілері таратылып берілді. 1471 адам емделіп, оның күндізгі ем алу бөлімінде 40 адам ем қабылдады. 271 балаға егілу жоспарланып,ол толық егілді.Жоспардан тыс сал (полимелит) ауруына қарсы 327 бала егілді.


Көпшілік мәдени шаралары бойынша:

Мәдениет үйінде – 5 адам еңбек етеді. Оның ішінде 2-жастар ұйымының қызметкерлері. Жоспарлы түрде жұмыстар атқарып отыр. Мысалы: «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай» жастар би алаңы салынып, және жастардың демалыс орны ашылды. Мерекелер мен даталы күндер атап өтілді. 1-маусым балаларды қорғау күніне орай «Еркетай» атты жас бүлдіршіндердің концерті болды. «Астана айшықтары» атты үлкен стенд шығарылып, жастармен дөңгелек үстел өткізілді. «Екі жұлдыз» атты жұлдызды жұптардың концерті болды.

Кітапханада жиыны – 510 тұрақты кітап оқырмандары бар.
Спорт саласы бойынша:

Ауылда теннис, бильярд кружоктары мен күрес секциясы жұмыс істейді. Ауылдаға стадион жөнеліп онда футбол, мини футбол, волейбол, баскетбол т.б. спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп тұрады. Жастар ұйымы жоспарлы түрде жастар арасында кездесулер мен тақырыптық дөңгелек столдар өткізіп тұрады.




Байланыс саласы бойынша:

Сандық телефон - 285

Жиыны - 285 телефон жұмыс істейді.
Қоғамдық ұйымдар.

Ауыл тұрғындар, жастар арасындағы атқарылатын көпшілік жұмыстарға, тәртіпсіздікті болдырмау, отан сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуде қоғамдық ұйымдар жұмыс істеп, дөңгелек столдар ұйымдастырады.

Ақсақалдар алқасы (жетекшісі Қ.Оспанов)

Ардагерлер кеңесі (жетекшісі А.Хамитов)

Әйелдер кеңесі (жетекшісі Г.Қоқышева)

Көше комиттеттері

Мұсылмандар қоғамы

Мүгедектер қоғамы



Оралмандардың орналасуы туралы

Ауылда жалпы 458( төрт жүз елу сегіз ) оралман тұрады. 103 жанұяны құрайды. Ауылшаруашылық жерлерімен қамтамасыз етілген. Меншіктерінде малдың барлық түрлері бар.

Оралмандарды қолдау мақсатында 18 жанұя бір шаруа қожалығын біріктіріп, қарамақтарына 250 га егіндік жер беріліп, қазіргі уақытта пайдалануда.
Ауыл бойынша көрсетілген қайырымдылық түрлері

Бизнестің әлеуметттік жауапкершілігін арттыру мақсатында Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 2011 жылы 2 шаруа қожалығы, 4 дүкен, 1 наубайхана және «Балық Продукт Восток» ЖШС қарасты балық зауыты, «Тарабағатай-Мұнай» кәсіпорындарымен меморондумдар жасалды:

2011 жылдың 1 қаңтар 20 шілде аралығында жасалған қайырымдылық шаралары:

«Балық Продукт Восток» ЖШС зауыты тарапынан – 12 мүмкіндігі шектеулі балаларға заттай сыйлықтар берілді. Жаңа-жыл және 22-наурыз күніне орай 13 мүмкіндігі шектеулі балаларға жеміс-жидектер,тәтті тағамдардан тартулар жасалды.

«Балық Продукт Восток

» ЖШС-мен 9 мамыр Жеңіс күніне соғыс ардагерлеріне ескерткіш сыйлықтар тарту етті.

Мектеп бітіргендердің 20 жыл толған түлектер тарапынан:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға азаматша Әукебаева Гүлмира 8 балаға ұялы телефон, Ж.Оспанов және А.Доспаевалар әртүрлі сыйлықтар табыстады.

2. Мәдениет үйіне 10 стол мен 90 орындықтарды табыс етті.

3. Абай орта мектебінің бір кабинетін толық жиһаздармен жабдықтады.

4. Ауыл тұрғындары арасында спорттық ұйымдар ұйымдастырып, оған демеушілік көрсетіп, бағалы сыйлықтартабыстады.
Салық болжамы туралы

Болжам Орындалды Пайыз

Мүлік - 9000 - 14663 - 163

Жер - 49000 - 62074 - 127

Транспорт - 300000 - 480400 - 160

Талон - 9000 - 10800 - 120




Қылмысқа қарсы күреспен қоғамдық тәртіпті сақтау саласы бойынша:

Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексін 63 адам бұзып, тәртіп бұзушыларға 12765 теңгенің айыппұлы салынды.


Ауыл шаруашылығы бойынша:

01.07.2011 ж. есеп бойынша:

Мал саны:

Ірі қара – 6478.

Қой-ешкі – 11 000.

Жылқы – 1303.

Түйе – 26.

Құс – 3092.

6 айда ауыл тұрғындарының малдары:

1. Сібір жарасына егілді.

1.1. Ірі қара – 5000 бас;

1.2. Қой-ешкі – 8000 бас;

1.3. Жылқы – 800 бас;

1.4. Түйе – 30 бас мал егілді.

2. Туберкулезге тексерілді.

2.1. Ірі қара – 7000 бас;

2.2. Түйе – 10 бас мал тексерілді.

3. Бурцуллезге тексерілді.

3.1. Ірі қара – 4045 бас;

3.2. Қой-ешкі – 8209 бас;

3.3. Ит – 30 бас;

3.4. Жылқы – 10 бас тексерілді.

4. Пастереллезге егілді.

4.1. Ірі қара – 200 бас;

4.2. Қой – 200 бас егілді.

5. Құс тұмауы – 1500 құс егілді.

6. Эхинококоз – 200 ит тексерілді.

7. Түйе обасына – 10 бас түйе тексерілді.

8. Эктима– 1000 бас қозы, лақ тексерілді.

9. Маллейнизация – 300 бас жылқы тексерілді.


Ауылды көркейту, көгалдандыру, абаттандыру саласы бойынша:

2011 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында 2500 түп тоғай егілді.


Ауылдық округ бойынша «Жиырма жарқын іс» шаралары

бойынша атқарылғандары:

  1. Абай орта мектебінде ботаникалық бақ салынды.

  2. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған» кітапқа енгізу үшін 20 адамның өмірбаяны жинақталып өткізілді.

  3. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған» баннер жасатылып, орналастырылды.

  4. Әлеуметтік дәріхана ұйымдастырылды.

  5. Жетіген көшесіне құм тас төселіп, көпір салынды.

  6. Ж.Малдыбаев көшесі тегістеліп, көпір салынды.

  7. Мәдениет үйінің жанына жастардың би алаңы салынды.

  8. Тазалықтың 2 айлығына ауыл тұрғындары қатыстырылды.

Тазалықтың қорытындысы бойынша:

«Үлгілі үй» номинациясы бойынша 10 тұрғын үй;

«Үлгілі көше» номинациясы бойынша 2 көше;

«Үлгілі мекеме» номинациясы бойынша 4 мекеме ұсынылды.



  1. Ауыл орталығына демалыс бағының қоршауы жасалып, орнатылды.

  2. Ауылдың кіре берісіндегі бақ тазаланып, ағаштары әктелді.

  3. «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС базасында 58орындық жұмысшылар жататын, 11 орындық және 18 ВИП нөмірлі 3 жатақхана салынды.

  4. Ауылдың кіре берісіне қақпа орнатылды.

  5. Сатбай әскери аэродромындағы бұзылған нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет