Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы



бет1/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#21583
  1   2   3   4   5   6   7
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 785 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 785 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 614 қаулысы.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1525 қаулысымен    
бекітілген       

Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) ұшуы, жерден көтерілуі мен қонуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ҰРТҚ және байланыс), әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі - ӘҚҚК) тәртібін, ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық пайдалану және жөндеудің негізгі қағидаттарын анықтайды.


      2. Осы Қағиданың талаптарын өзінің қызметінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және азаматтық авиация ұйымдарының (бұдан әрі - АА) өндірістік қызметін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарында радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану (бұдан әрі - РТЖБП) қызметінің басшылық және инженерлік-техникалық персоналы іске асырады  және қамтамасыз етеді.
      3. ӘК ұшуын, авиациялық электр байланысын және азаматтық авиация ұйымдарында өндірістік қызметті радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды РТЖБП қызметі, қызметі осы Қағидада регламенттелетін басқа да бөлімшелер жүзеге асырады.
      4. ӘК ұшуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы әуежайлардың, әуе жолдарының, жергілікті әуе желілерінің (бұдан әрі - ЖӘЖ), тірек қызметтерінің (пункттері) ҰРТҚ және байланыстың жердегі құралдарымен жабдықталуына, техникалық деңгейіне, осы құралдардың жұмыс істеуінің сенімділігі мен автоматтандырылу дәрежесіне және ҰРТҚ мен байланыстың жердегі құралдарын пайдаланушы және қолданушы мамандардың дайындық деңгейіне байланысты болады.
      5. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      1) AFTN станциясы - АFTN бөлігі болып табылатын және  мемлекеттің рұқсатымен немесе бақылауында жұмыс істейтін станция;
      2) АА ұйымы — азаматтық авиация саласында қызметін жүзеге асырушы заңды тұлға;
      3) абонент (желіні пайдаланушы) ҰРТҚ және байланыс — өзіне меншіктелген индексі бар және өзінің қызметінде электр байланысы желісін қолданатын ұйым, қызмет немесе лауазымды тұлға;
      4) авиациялық әуе электр байланысы - борттық және бекітілген авиациялық станциялардың арасындағы немесе борттық станциялардың арасындағы байланыс;
      5) авиациялық бекітілген станция - жердегі авиациялық электр байланысы станциясы;
      6) авиациялық радиобайланыс - негізінен аэронавигация қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге арналған, белгілі бір бекітілген пункттердің арасындағы авиациялық әуе электр байланысы және радиобайланыс;
      7) авиациялық электр байланысы - кез келген авиациялық мақсаттарға арналған электр байланысы;
      8) авиациялық электр байланысы станциясы - авиациялық электр байланысының жердегі және әуе станциясы;
      9) авиациялық электр байланысы арнасы (тарату арнасы) - ақпараттың жөнелтушіден алушыға берілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен электр сигналдарының және радиосигналдарының таралу ортасының жиынтығы;
      10) авиациялық электр байланысы органы - авиациялық электр байланысы станцияларының бір немесе бірнешеуін пайдалануға жауапты орган;
      11) авиациялық бекітілген электр байланысы желісі (бұдан әрі - AFTN) - авиациялық жердегі электр байланысының бөлігі болып табылатын және ұқсас немесе сәйкес келетін байланыс сипаттамалары бар бекітілген авиациялық станциялардың арасында хабарлармен және/немесе цифрлық деректермен алмасуды көздейтін бекітілген авиациялық тізбектердің әлемдік жүйесі;
      12) ағымдағы жөндеу - бұйымның жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерді ауыстыруды және (немесе) қалпына келтіруді қамтитын жөндеу;
      13) айырбастау қоры - тексеру мен жөнделуге жататын бұйымдар, тораптар, блоктар және қондырғыларға техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде объектілерге (бұйымдарға) орнатылатын, уақытында қызмет көрсетіліп, жөндеуден өткен, тексерілген бұйымдар, тораптар, блоктар және құрылғылардың тұрақты және жүйелі түрде жаңартылып отыратын қоры;
      14) анықтаушы параметр (белгі) - бақылау объектісінің техникалық жай-күйі түрін анықтауды бақылау үшін қолданылатын объектінің параметрі (белгісі) (бұйымдар, электр байланысы арнасы);
      15) апат - елеулі және/немесе тікелей қаупі бар және дереу көмек қажет болатын жағдай;
      16) аэронавигациялық ақпарат - әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
      17) байланыс тізбегі - екі станция арасындағы барлық тура арналарды қосатын байланыс жүйесі;
      18) байланыстың бұзылуы - пайдалану үшін маңызы бар уақыт ішінде байланыстың болмауы;
      19) басқа ведомстволар - азаматтық авиацияда ұшуды және әуе қозғалысын радиотехникалық қамтамасыз ету мен электр байланысын ұйымдастыруды өз құзыры шегінде жүзеге асырмайтын мекемелер;
      20) белгіленген ресурс - бұйымның жиынтық атқарымы, оған жеткен кезде мақсаты бойынша қолдану тоқтатылуы тиіс;
      21) біртіндеп істен шығу - бұйымның бір немесе бірнеше белгіленген параметрлері белгісінің біртіндеп өзгеруін сипаттайтын істен шығу;
      22) борттық станция - әуе кемесінің бортына орнатылған авиациялық әуе электр байланысының жылжымалы станциясы;
      23) бұзылу - жұмысқа қабілеттілік жай-күйі сақталған кезде бұйымның жарамды жай-күйі бұзылуына байланысты оқиға;
      24) бұйым - белгілі бір міндеттерді орындауға арналған топтап шығарылатын өнімнің бірлігі;
      25) бұйымның құрылымдық схемасы - бұйымның негізгі функционалдық бөліктерін, олардың міндеттері мен өзара байланысын анықтайтын сызба;
      26) бұйымның істен шығуы - бұйымның жұмыс істеу қабілеттілігінің бұзылуына байланысты оқиға;
      27) атқарым - бұйымның ұшу сағатымен, қонулар санымен, айналым, іске қосылу санымен, яғни ресурс шығысымен өлшенетін жұмыстың ұзақтығы немесе көлемі;
      28) резерв еселілігі - объектінің резервтік элементтері санының қысқартылмаған бөлшекте көрсетілген объектінің негізгі элементтерінің резервтелетін санына қатынасы;
      29) жалпы резервтеу - резервтеу элементі тұтастай объекті болып табылатын резервтеу;
      30) жарамсыз жай-күй (жарамсыздық) - бұйымның нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талаптарының біріне сәйкес келмеу жай-күйі;
      31) жедел техникалық қызмет көрсету - объектінің (бұйымдар, авиациялық электр байланысы арнасы) жұмысқа қабілеттілігін қолдау және бақылау жөніндегі техникалық қызмет көрсету нұсқаулығында (регламентінде) белгіленген күрделі емес техникалық операцияларды тез орындауды көздейтін мерзімді техникалық қызмет көрсету;
      32) жеке қорғаныш құралы - бір жұмыс істеушіні қорғауға арналған құрал;
      33) жүктемеленбеген резерв - негізгі элемент функцияларын орындау басталғанға дейін жүктемеленбеген резервтегі бір немесе бірнеше резервтік элементтерден тұратын резерв;
      34) жердегі радиосәулені таратушы құрал - радиожиіліктерді таратуға арналған және бір немесе бірнеше тарату құрылғыларынан немесе қосалқы жабдықты қоса алғанда, олардың құрамаларынан тұратын жердегі радиотехникалық құрал;
      35) жердегі авиациялық электр байланысы - негізінен аэронавигация қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығын, тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз етуге арналған, белгілі бір тіркелген пункттердің арасындағы электр байланысы;
      36) жоспарлы жөндеу - нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын жөндеу;
      37) жарамды жай-күй (жарамдылық) - бұйымның нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келген кездегі жай-күйі;
      38) жөндеуге жарамдылық - бұйымның техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу арқылы жұмысқа қабілеттілік жағдайын қалпында ұстау және қалпына келтіру, істен шығу, бұзылу себептерінің алдын алу  және анықтауға бейімделу болып табылатын қасиеті;
      39) өзгертпей жөндеу әдісі - бұйымның белгілі бір данасына, қалпына келтірілген құрамдас бөлшектердің тиістілігі сақталмаған кездегі жөндеу жүргізу әдісі;
      40) жұмысқа қабілетті жай-күйі (жұмысқа қабілеттілік) - бұйымның тапсырылған функциялық орындау қабілеттілігі сипатталатын барлық параметрлер мәні нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін кездегі жай-күйі;
      41) жұмысқа қабілетсіздік жай-күйі (жұмысқа қабілетсіздік) - бұйымның тапсырылған функцияны орындау қабілеттілігін сипаттайтын параметрінің біреуінің болсын нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген кездегі жай-күйі;
      42) индекс - телефон станциясының абонентіне тағайындалған нөмір, авиациялық тіркелген электр байланысының желісі станциясының индексі, радиожеліге шақыру белгісі;
      43) қауіпті өндірістік фактор - әсері белгілі бір жағдайда жұмыс істеушінің жарақаттануына немесе денсаулығының басқа да күрт нашарлауына әкеп соқтыратын өндірістік фактор;
      44) мерзімді бақылай отырып техникалық қызмет көрсету - техникалық жай-күйін бақылау нормативтік-техникалық құжаттамада (регламентте) белгіленген кезеңділікпен және көлеммен орындалатын, ал қалған операциялардың көлемі техникалық қызмет көрсетудің басталу сәтінен бұйымның техникалық жай-күйіне байланысты анықталатын кездегі техникалық қызмет көрсету;
      45) кенеттен істен шығу - бұйымның бір немесе бірнеше белгіленген параметрлері мәндерінің секіртпелі түрде өзгеруімен сипатталатын істен шығу;
      46) кепілдік берілген электр қоректендіру қалқаншасы - электр энергиясымен қоректендірудің бір көзі істен шыққанда, кепілдік уақыт өткен соң кернеу басқа көзден қалпына келтірілетін үлестіргіш құрылғы;
      47) жылжымалы жердегі станция - алдын ала көзделмеген пункттерде қозғалу немесе тоқтау кезінде пайдалануға, борттық станция болып табылмайтын, авиациялық электр байланысы станциясы;
      48) қосылу схемасы - бұйымның сыртқы қосылуларын көрсететін схема;
      49) конструкциялық істен шығу - белгіленген конструкциялау қағидаларының және (немесе) нормаларының жетілмегендігі немесе бұзылуы нәтижесінде туындаған істен шығу;
      50) қызмет ету мерзімі - бұйымды пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейін қалпына келтірілгеннен бастап шекті жай-күй басталғанға дейінгі оны пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы;
      51) қызметтің белгіленген мерзімі - бұйымды пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы, оған жеткен кезде мақсаты бойынша қолдану тоқтатылуы тиіс;
      52) құрылғы - бірыңғай конструкцияны (блок, тақша, шкаф, механизм) білдіретін элементтер жиынтығы;
      53) негізгі элемент - объекті, оның элементтерінің істен шығуы болмаған кезде талап етілетін функцияларды орындау үшін қажетті объект құрылымының элементі;
      54) НОТАМ - электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықтың, қызмет көрсету мен қағиданың қолданысқа енгізілгені, жай-күйі немесе өзгергені туралы ақпаратты немесе ұшуды орындауға байланысты уақтылы ескертілуі персонал үшін аса маңызды қатер туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
      55) объектінің істен шығуы (байланыстың бұзылуы) - жол берілгеннен артық уақыт ішінде объектінің (электр байланысы арнасының) белгілі бір функциясының (функцияларының) орындалуын қамтамасыз ету үшін пайдаланыла алмауына әкелетін объектінің (электр байланысы арнасының) жұмыс істеу қабілеттігінің бұзылуы болып табылатын оқиға;
      56) объектінің (бұйымның) техникалық жай-күйінің түрі - осы объектіге (бұйымға) техникалық құжаттамада белгіленген техникалық талаптарға объект (бұйым) сапасының сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуін сипаттайтын техникалық жай-күй. Техникалық жай-күйдің мынадай түрлері белгіленеді: жарамдылық және жарамсыздық, жұмысқа қабілеттілік және жұмысқа қабілетсіздік;
      57) объектінің (бұйымның, авиациялық электр байланысы арнасының) жұмысқа қабілеттілігін жедел бақылау - объектінің (бұйымның, авиациялық электр байланысы арнасының) жұмыс істеу процесінде жұмысқа қабілеттілігін технологиялық күрделі емес тексерулерді орындауды көздейтін бақылау;
      58) резервке қосылудың (өтудің) рұқсат етілетін уақыты - ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысқа толығымен қосылуын қоса алғанда, ҰРТҚ және байланыс құралдарының жабдықтың толық немесе жартылай жинағына қосылу кезеңінде өтетін бұйымға арналған пайдалану құжатында анықталған уақыт;
      59) оңайлатылған резерв - негізгі элементке қарағанда аздау жүктемеленген режимдегі бір немесе бірнеше резервтік элементтерден тұратын резерв;
      60) алмастыру арқылы резервтеу - негізгі элементтің функциясы резервтегіге негізгі элементтің істен шығуынан кейін ғана берілген кездегі серпінді резервтеу;
      61) орталықтандырылған электрмен жабдықтау - тұтынушыларды энергетикалық жүйеден электрмен жабдықтау;
      62) өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
      63) өлшем құралдарын салыстырып тексеру - өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккридиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
      64) өндірістегі қорғану құралы - қолданылуы бір немесе одан да көп жұмыс істеушілерге қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінің алдын алатын немесе азайтатын құрал;
      65) өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың берілген функцияларды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін сақтау қасиеті;
      66) өндірістік санитария - жұмыс істеушілерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінің алдын алатын немесе азайтатын ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдар жүйесі;
      67) өндірістік істен шығу - жөндеу зауытында орындалған бұйымды белгіленген дайындау немесе жөндеу процесінің жетілдірілмеуі немесе бұзылуы нәтижесінде туындаған істен шығу;
      68) пайдалану істен шығуы - бұйымды пайдаланудың белгіленген қағидаларының және (немесе) шарттарының бұзылу нәтижесінде туындаған істен шығу;
      69) пайдалану құжаттамасы - бұйымның техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдалану шектеулерін, рәсімдерді және ұсынымдарды қамтитын құжаттама;
      70) параметрдің алдын ала рұқсат етілуі - пайдалану немесе жөндеу құжаттамасына сәйкес бұйымның жұмысқа қабілеттілігін сақтау кезіндегі оның жарамдылығы бұзылған параметрі мәндерінің өзгеру диапазоны;
      71) параметрдің шекті рұқсат етілетін мәні - жұмысқа қабілетті бұйымда болуы тиіс параметрдің неғұрлым көп немесе неғұрлым аз мәні;
      72) параметрдің (жоғарғы, төменгі) рұқсат етілуі (бұдан әрі - пайдалану рұқсат етілуі) - параметрдің жоғарғы (төменгі) шекті рұқсат етілетін және номиналды мәндерінің арасындағы айырмашылық;
      73) ҰРТҚ және байланыс радиотелефондық желісі - біртектес жиілікте жұмыс істейтін және осы жиіліктерді тыңдайтын, сондай-ақ екі жақты байланыстың және «әуе-жер» трафигінің барынша сенімділігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне нақты көмек беретін радиотелефондық авиациялық станциялар тобы;
      74) регламенттік жұмыс (операция) - техникалық қызмет көрсету регламентінде көзделген жұмыс (операция);
      75) резервтеу - объектінің бір немесе бірнеше элементтері істен шыққан кезде оның жұмыс істеуге қабілетті күйін сақтау мақсатында қосымша құралдарды және (немесе) мүмкіндіктерді қолдану;
      76) резервтік элемент - негізі элемент істен шыққан жағдайда оның функцияларын орындауға арналған объект элементі;
      77) РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы - РТЖБП қызметінің кезекші ауысымдарының жұмысын ұйымдастыратын, ҰРТҚ автоматтандырылған  және автоматтандырылмаған объектілерін жедел бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ РТЖБП қызметінің сабақтас қызметтермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ауысымдық кесте бойынша жұмыс істейтін радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметінің жедел инженерлік-техникалық персоналы;
      78) сенімділік - бұйым талап етілетін функцияны берілген режимде және пайдалану жағдайында, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, сақтауды және тасымалдауды орындауға қабілетті болатын уақытқа байланысты бұйымның қасиеті;
      79) сенімділік көрсеткіші - бұйымның сенімділігін құрайтын қасиеттердің бір немесе бірнеше мөлшерлік сипаттамасы;
      80) схема элементі - бұйымның белгілі бір функциясын атқаратын  және дербес функционалдық мақсатқа ие болған бөлшектерге (резистор, трансформатор, сорғы, жалғастырғыш) бөлінбейтін схеманың құрамдас бөлшегі;
      81) техникалық жай-күй - белгілі бір уақыт аралығында осы бұйымға техникалық құжаттамада белгіленген параметрлермен (белгілермен) сипатталатын, пайдалану процесінде өзгеріске ұшыраған бұйым қасиетінің жиынтығы;
      82) техникалық жай-күйін бақылау - техникалық жай-күйін анықтау;
      83) техникалық жай-күйі бойынша жөндеу - техникалық жай-күйін бақылау нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген мерзімділікпен орындалатын, ал жөндеудің басталуы мен көлемі бұйымның техникалық жай-күйімен анықталатын кездегі жөндеу;
      84) техникалық қызмет көрсету регламенті - радиотехникалық бұйымға техникалық қызмет көрсету мерзімділігі мен көлемін белгілейтін құжат;
      85) техникалық қызмет көрсету (ТҚК) - бұйымды мақсаты бойынша пайдаланған, сақтаған және тасымалдаған кезде оның жұмыс істеу қабілеттілігін немесе жарамдылығын ұстап тұру жөніндегі операциялар кешені (немесе операция). Техникалық қызмет көрсету (жөндеу) түрі деп мынадай белгілердің біреуі: бар болу кезеңі, мерзімділігі, жұмыс көлемі, пайдалану шарттары, регламенттелуі бойынша бөлінетін қызмет көрсету (жөндеу) түсініледі;
      86) техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) мерзімділігі - техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) осы түрі мен одан кейінгі сондай түрі немесе аса күрделі басқасының арасындағы уақыт немесе атқарым аралығы;
      87) техникалық қызмет көрсетудің технологиялық картасы - регламенттік операцияларды орындау тәртібін, техникалық талаптарды, қолданылатын құралдарды және қажетті еңбек шығындарын қамтитын құжат;
      88) техникалық ресурс (ресурс) - белгілі бір түрді жөндеуден кейін бұйымды пайдаланудан немесе қалпына келтіруден бастап шекті жай-күйге өткенге дейінгі атқарым;
      89) тоқтаусыздық - бұйымның біршама уақыт немесе біршама атқарым ішінде жұмысқа қабілеттілігін үздіксіз сақтау қасиеті;
      90) трансформаторлық қосалқы станция - трансформатордың көмегімен электр энергиясын бір кернеуден екінші кернеу энергиясына айналдыруға арналған қосалқы электр станциясы;
      91) түбегейлі электр схемасы - элементтердің толық құрамы мен олардың арасындағы байланысты анықтайтын және бұйым (қондырғы) жұмысының қағидаттары туралы егжей-тегжейлі түсінік беретін схема;
      92) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      93) үздіксіз бақылаумен техникалық қызмет көрсету - нормативтік-техникалық құжаттамада көзделген және техникалық жай-күйін үздіксіз бақылау нәтижелері бойынша орындалатын техникалық қызмет көрсету;
      94) үнемі резервтеу - объектінің құрылымын оның элементі істен шыққанда қайта құрусыз резервтеу;
      95) ҰРТҚ және байланыс жұмысқа қабілеттілік қоры - бұйымның бекітілген техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінде шекті жай-күйге түскенге дейін жұмысқа қабілеттілігін сақтау қасиеті;
      96) ҰРТҚ және байланыс объектісі - ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы құралдарының, станционарлық немесе ұтқыр нұсқада орналастырылған, инженерлік-техникалық персонал қызмет көрсететін және әуе қозғалысына қызмет көрсетудің, сондай-ақ ұйымның өндірістік қызметінің бірыңғай жүйесінде белгілі бір міндетті атқаруға арналған қосалқы және технологиялық жабдықтардың (автономиялық электрлік қоректендіру құралдары, байланыс, басқарма желілері) жиынтығы;
      97) ҰРТҚ және байланыс объектісін электрмен жабдықтау жүйесі - электр энергиясы көздерінен және (немесе) түрлендіргіштерінен, электр желілерінен, тарату құрылғыларынан, олардың параметрлерін берілген шектер ұстап тұруды қамтамасыз ететін басқару, бақылау және қорғау құрылғыларынан тұратын электр энергиясын өндірудің және (немесе) түрлендірудің, берудің және таратудың жалпы үдерісімен біріктірілген жүйе;
      98) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (ҰРТҚ) - ӘҚ ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында РТЖБП қызметі мен АА басқа да қызметтері ұйымдары жүргізетін ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысының және ұйымдастырушы-техникалық іс-шаралардың кешенін білдіреді;
      99) ҰРТҚ және байланыс құралы - өндірушінің шарттарына сәйкес әзірленетін және жеткізілетін және әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесінде ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және (немесе) авиациялық электр байланысы жөніндегі белгілі бір міндетті және (немесе) азаматтық авиация ұйымының өндірістік қызметін қамтамасыз етуге арналған техникалық құрал (бұйым);
      100) функционалдық схема - бұйымның (қондырғы) жекелеген фунционалдық тізбектерінде немесе бүтін бұйымда болып жатқан белгілі бір процесті түсіндіретін схема;
      101) функционалдық тізбек - белгілі бір бағыттағы желі, арна, жол (дыбыс арнасы, бейнеарна, өте биік жиілік жолы);
      102) хабарлама - байланыс желісі арқылы өтетін және осы желі белгілеген форматы бар ақпарат;
      103) шамадан тыс артылған резерв - негізгі элемент режиміндегі бір немесе бірнеше резервтік элементтері бар резерв;
      104) шекті жағдай - бұйымның одан әрі оны бағыты бойынша қолдануға болмайтын немесе қолданылуы орынсыз, не оның жарамды немесе жұмыс істеуге қабілетті жай-күйін қалпына келтіру мүмкін емес немесе орынсыз жай-күйі;
      105) орташа жұмыс істеудің істен шығуы - осы жұмыс істеу кезінде бұйымның жұмыс істеу санына оның істен шығуының қатынасы;
      106) электр байланысы (электр байланысы) - белгілерді, дабылдарды дыбыс ақпаратын, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды өткізгіш, радио-, оптикалық және басқа да электрмагнитті жүйелер арқылы беру немесе қабылдау;
      107) электр беру желілері - электр станциясы немесе қосалқы станция аумағынан шығатын және қашықтықта электр энергиясын беруге арналған электр желісі;
      108) электр энергиясынан қуат алу көзі - тұтынушының немесе тұтынушылар тобының электр энергиясынан қуат алуы жүзеге асырылатын электр қондырғысы;
      109) электр энергиясымен тәуелсіз қуат алу көзі - басқа қуат көзінде немесе көздерінде жоғалуы кезінде кернеу тогы сақталатын электр энергиясынан қуат алу көзі;
      110) электр энергиясын қабылдаушы (электр қабылдағыш) - электр энергиясының энергияның басқа түріне өзгеруін жүргізетін қондырғы;
      111) электр энергиясынан резервтік қуат алу көзі - негізгі қуат көзінің ағытылуы кезінде қосылатын электр энергиясының қуат көзі;
      112) электрлі таратушы құрылғы (таратушы құрылғы) - бір кернеулі токты электр энергиясын қабылдау және таратуға арналған, сондай-ақ коммутациялық аппараттар, қосалқы құрылғылар және оларды қосушы элементтері бар электр қондырғысы;
      113) орталықтанбаған электрмен қамтамасыз ету (электр энергиясымен қоректендіру автономиялы көздерінен электрмен қамтамасыз ету) - энергетикалық жүйемен электрлі байланысы жоқ немесе байланысы бар, параллельді немесе біржолды жұмысы қаралмайтын электрмен қамтамасыз ету жүйесі.

2-тарау. ҰРТҚ және байланысты ұйымдастыру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет