Қарағанды қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 33/15
«Қарағанды қаласының жер қатынастары
бөлімі» ММ-нің 2007 жылға арналған
бюджеттік бағдарламалар паспорттарын
бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 «Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу Ережелерін бекіту туралы» қаулысына, Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезектен тыс ХLVII сессиясының «Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті ХLII сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 3 шешіміне сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 33/15 қаулысына толықтыру енгізілсін:
3-ші қосымшамен 5618 (бес миллион алты жүз он сегіз) мың теңге сомаға толықтырылсын.
2. Бюджеттік бағдарламаның орындалуына жауапкершілік «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Бауыржан Қоңырбайұлы Асановқа жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Сергей Алексеевич Грибенщиковқа жүктелсін.
Қала әкімі И. Тоғайбаев
Орынд. Б. Асанов
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2007 жылғы «18» сәуірдегі№ 20/11
қаулысына № 3 қосымша
«Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
Бюджеттік бағдарламаның әкімгері
«Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің
2007 жылға арналған
П А С П О Р Т Ы
Аудандық маңыздағы қалалардың, қаладағы аудандардың, поселкелердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің шекараларын белгілеу кезінде жүргізілген жерге орналастыру жұмыстары
бюджеттік бағдарламаның атауы
1.Құны: 5618 (бес миллион алты жүз он сегіз) мың теңге.
2.Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53-бабы, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 18-бабы.
Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезектен тыс ХLVII сессиясының «Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті ХLII сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 3 шешімі.
-
Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.
4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Аудандық маңыздағы қалалардың, қаладағы аудандардың, поселкелердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің шекараларын белгілеу кезінде жүргізілген жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қарағанды қаласының елді мекендерінің жер-шаруашылық құрылымын әзірлеу жұмыстарын орындау, Қарағанды қаласының аудандар қиылысындағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыс түрлерін жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар жоспары:
Бағдар
лама
коды
|
Шағын бағдар
лама
коды
|
Бағдарламалар атауы
(шағын бағдарламалар)
|
Бағдарламаларды (шағын бағдарламаларды) іске асыру шаралары
|
Жүзеге асыру мерзімі
|
Жауапты орындаушы
лар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
006
|
000
|
Аудандық маңыздағы қалалардың, қаладағы аудандардың, поселкелердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің шекараларын белгілеу кезінде жүргізілген жерге орналастыру жұмыстары.
«Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
|
Аудандық маңыздағы қалалардың, қаладағы аудандардың, поселкелердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің шекараларын белгілеу кезінде жүргізілген жерге орналастыру жұмыстары.
|
2007 жылғы мамыр
|
«Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
|
-
Бюджеттік бағдарламаның орындалысынан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Қаланың келесі бас жоспарын әзірлеу барысында Қарағанды қаласының тиісті елді мекендерді осы шешімнің әлеуметтік-экономикалық негізімен қамтуы болжамданады. Шектес жер пайдаланушылармен шекараларды келісу бойынша жұмыстар жүргізу талап етіледі.
Соңғы нәтиже:
Қала шекараларын кеңейту үшін қала жерлерін басқа әкімшілік-аумақтық құрылымдардан шектеу, тұрғын үй құрылысын және жеке құрылыстар мен өндіріс объектілері құрылыстарын оларды тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ бар жер пайдалануларды, ауызжайларды және басқа да қолайсыздықтарды жоя отырып, ретке келтіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
Жоба шешімінің нәтижесінде Қарағанды қаласына, келешекте бас жоспармен кезең-кезең бойынша құрылыс салынатын, құрылыс салынбаған таза 7627 га аумақ беріледі.
2030 жылға дейінгі болжау бойынша жер учаскелерін сатудан жергілікті бюджетке түсетін түсімдер мынадай соманы құрайды:
150 га х 190 (баз.мөлшер) = 285,0 мың. теңге.
Егер базалық мөлшерге 1660 (190-ның орнына) өсімді есепке ала отырып енгізілген түзету ескерілсе, онда жергілікті бюджеттің жыл сайынғы түсімі төмендегіні құрайды:
150 га х 1660 (баз. мөлшер) = 2490,0 млн. теңге.
Дер кезінде орындалуы:
Жоспарланған шаралардың жүзеге асыру мерзіміне сәйкес орындалуы.
Сапасы:
Сәулеттік-жоспарлау концепциясына және Қарағанды қаласының дамуына («Сәулет» ЖШС, 2004 ж.) сәйкес шекараларды өзгерту және оларды жаңа түрде бекіту үшін келесі негіздемелер келтіріледі:
- негіздер мен фундаменттердің, ғимараттар мен құрылыстардың отыруы салдарынан Жаңа қала, Большая Михайловка аумағының болашақсыз екендігі түсінікті;
-– Алматы және Қызылорда бағыттарын осы аудандағы ескерусіз қалған теміржол тармағын қалпына келтіру арқылы байланыстыратын оңтүстік айналма жол бойындағы оңтүстік аумақ тиімді бағыт болып табылады;
- шығыс бағытты дамыту неғұрлым қысқа байланыстарға негізделген;
- солтүстік бағыттағы аумақты меңгеру Теміртаумен және Астанамен байланысты және Майқұдық пен Пришахтинскінің өндіріс аймақтарының дамуын қиындатады;
- жерді тұрақты және тиімді пайдалану тұрақты жер пайдалануды, яғни әр жер пайдалануды өзгермейтін шекараларда ұзақ уақытқа орналастыруды талап етеді;
-шекараларды белгілеу шектес жер пайдаланушылармен арада дау-дамайдың туындамауына және жер қатынастары мәселелерін шешудегі кемшіліктерді жоюға мүмкіншілік береді.
Мемлекеттік мекеменің
бағдарлама әкімгерінің басшысы
Бухгалтер (ҚШБ бастығы)
Достарыңызбен бөлісу: |