Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы «___» _____ №___ қаулысына
2 қосымша
«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ 264
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
002 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының өзге де тілдерін дамыту
2009 жылға арналған
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
ПАСПОРТЫ
Толық құны
|
2007 жылы игерілген сома
|
Ағымдағы жылы жоспарланған қаржының сомасы
|
Болжам
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
36715
|
37 840
|
48 154
|
36715
|
57 120
|
61 416
|
1. Құны: 36715 мың теңге (отыз алты миллион жеті жүз он бес мың).
2.Бюджеттік бағдарламаның нормативті-құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8, 54 баптары, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 6, 23, 25-1 баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналғын мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы «Мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» № 769 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы бекіту туралы» №16 қаулысы, Қарағанды облыстық Мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы ХІІІ сессиясының «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 175 шешімі.
3.Бюджеттік бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету: облыстық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;
- орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;
- этникалық топтардың тілдерін дамыту.
5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- барлық мемлекеттік ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан мемлекеттіклігінің нығайюы факторы ретінде мемлекеттік тіл дәрежесінің өсуі, сол сияқты ағылшын және орыс тілдерінің де;
- мемлекеттік тілдің сараланған инновациялық технологиялық әдістерін пайдалана отырып оқыту тиімділігін көтеру;
- мемлекеттік тілді оқытуда қажетті ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау;
- «Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы» КМҚК аппараты мен оқытушыларын ұстау;
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:
Функ.
топ
|
Бағдарлама
коды
|
Кіші бағдар
лама
ның
коды
|
Бағдарламаның (кіші бағдарлама
ның) атауы
|
Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру бойынша өткізілетін іс шаралар
|
Орындау мер
зімі
|
Жауапты орындаушылар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
264
|
002
|
000
|
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының өзге тілдерін дамыту
|
Мемлекеттік қызметкелерді мемлекеттік тапсырыс шартымен мемлекеттік тілге оқыту -450 адам;
Ағылшын тіліне оқыту (100 адам); Қазақ тілі аудармашыларының біліктілігін арттыру (40 адам);
Мемлекеттік тілде іс жүргізу және мемлекеттік тілді басқару тілі ретінде дамыту бойынша 7 әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізу;
- ересектерді мемлекеттік тілге оқытушыларына арналған тәжірибе алмасу және тарату семинары;
-ономастика мәселелері бойынша облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар;
- мемлекеттік тілде іс жүргізу және мемлекеттік тілді басқару тілі ретінде дамыту мәселелері жөніндегі 4 семинар;
- «Атамекен» бағдарламасымен жұмыс істейтін
мұғалімдерге арналған семинар өткізу.
Мемлекеттік тілді насихаттау бағытында телебағдарламалар шығару;
Мемлекеттік тілді оқуын ниеттеу және білу деңгейін анықтау үшін әлеуметтік зерттеу жүргізу;
«Орталық Қазақстанның ономастикасы» ақпараттық анықтамалықты әзірлеп шығару;
Қаржы саласындағы құрылымдар үшін мемлекеттік тілде іс жүргізуіне арналған шаблондар мен клишелердің әдістемелік жинағын әзірлеп шығару;
«Казақ тілі. САРЫ-АРҚА» оқу-әдістемелік кешенінің 1 қарапайым деңгейінің электрондық оқулығын шығару.
Облыстық конкурстарды өткізу :
- О.Бөкей атындағы көркемсөз өнері шеберлерінің байқауы;
- М.Мақатаев атындағы әдеби-поэзиялық байқау;
- жастар арасында «Өнер алды қызыл тіл»;
- жыршылар арасында «Таза мінсіз асыл сөз…» атты конкурс;
- Ғ.Мұстафин атындағы жас прозаиктар конкурсы;
- Қ.Аманжолов атындағы жас ақындар байқауы,
- «Ана тілі сұлтаны» атты облыстық конкурсы;
- БАҚ-ы арасында мемлекеттік тілдегі теле, радио хабарлар мен мақалаларға облыстық конкурс;
-мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық конкурс;
- «Қазақ тілінің үздік оқытушысы»;
- «Үздік аудармашы»;
- «ҰМО жанындағы үздік жексенбілік мектеп».
Іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу:
-өзге ұлт өкілдері арасында Абай оқуларын өткізу;
- славян жазулары күндерін өткізу,
- «Мемлекеттік тілмен балалық шақтан болашаққа» облыстық фестивалі;
- Қазақстан халқы тілдерінің облыстық фестивалі;
- «Қазақша КВН»;
- қазақ тіліне оқыту әдістемесінің мәселелері бойынша мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған семинар;
- «Тілдердің үштұғыр-лығы» атты облыстық олимпиадасы;
- мемлекеттік қызмет-шілер арасындағы мемлекеттік тілді білуіне арналған интерактивтік конкурс;
|
2009 жыл бойы
|
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
|
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:
Тікелей нәтиже:
- мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту - 450 адам;
- ағылшын тіліне оқыту – 100 адам;
- мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған 27 облыстық іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, фестивальдар, конкурстар);
- аудармашылардың біліктілігін арттыру;
- қаржы саласындағы құрылымдар үшін мемлекеттік тілде іс жүргізуіне арналған шаблондар мен клишелердің әдістемелік жинағын әзірлеп шығару;
- тілдік ахуал туралы телехабарлар шығару;
- облыс бойынша тілдік ахуалға әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- «Қазақ тілі.Сары-Арқа» оқу-әдістемелік кешенінің оқылығын шығару (1 қарапайым деңгей);
- «Орталық Қазақстанның ономастикасы» ақпараттық, әдістемелік құралын әзірлеп, шығару.
Соңғы нәтиже:
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
- «Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы» КМҚК қызметі арқылы мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді қазақ тіліне оқыту;
- қоғамдағы ұлтаралық келісім және төзімділікті сақтауды нығайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
-
бір тыңдаушыны оқытудың орташа бағасы -33,6 мың теңге;
- мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізуге орташа шығындар (конференциялар, семинарлар, фестивальдар, конкурстар) – 444,4 мың теңге;
- әдістемелік құралдарды сатып алуға және таратудың орташа шығындар – 1,333 мың теңге;
- облыстық тілдік ахуалға әлеуметтік зерттеу жургізудің орташа шығыны – 600,0 мың теңге;
- мультимедиялық оқыту құралын әзірлеп шығарудың орташа шығыны – 4973,0 мың теңге.
Уақыттылығы:
- іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес өткізу.
Сапасы:
-іс-шараларды тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткізу.
Бағдарлама әкімшісінің жетекшісі Б. Мұсабеков
Бас бухгалтер А. Мұздыбаева
Достарыңызбен бөлісу: |