Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2015 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтер
Халықты жұмыспен қамту бойынша:
2015 жылдың 4 айында бөлімге жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны - 1197 адам.
Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 385 адам.
Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 829 адам тартылды.
2015 жылдың 4 айында ауданда 271 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олардың ішінде, көлік және қоймалау саласы бойынша 17, өнеркәсіп саласы бойынша 82, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша 148 орын және уақытша және маусымдық жұмыстар бойынша 24 орын.
Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 2015 жылдың 4 айында 39 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған, олардың ішінен 9 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылып, 1 мүгедек әлеуметтік, 17 мүгедек қоғамдық жұмыс орындарына, 3 мүгедек жас жастар тәжірибиесіне жолданды.
Жыл басынан бөлімде 3-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізілді. Өткізілген жәрмеңкеде барлығы 27 адам тұрақты жұмыстарға жіберілді. Олар негізінен, «Аралтұз» АҚ-на, аудандық ветеринариялық стансаға және теміржол саласы мекемелеріне жұмысқа орналасты.
2015 жылдың 4 айында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайызды құрады.
Бюджеттен жүргізілетін төлемдер бойынша:
Аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 2015 жылға 843,0 мың.теңге, республикалық бюджеттен 743,0 мың теңге, барлығы 1586,0 қаржы қаралған.
2015 жылдың 4 айында атаулы әлеуметтік көмек 10 отбасының 44 отбасы мүшелеріне 484,0 мың. теңгесі тағайындалып, төленуде.
2015 жылға аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 25147,0 мың. теңге қаржы қаралған.
2015 жылдың 4 айында 810 отбасындағы 4483 адамға 20172,4 мың.теңге көмек тағайындалып, төленуде.
2015 жылға аудандық бюджеттен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге 107346,0 мың. теңге, республикалық бюджеттен 7088,0 мың тенге барлығы 114434,0 мың тенге қаражат қаралған.
2015 жылдың 4 айында 1808 отбасындағы 5813 балаға 42827,7 мың.теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленуде.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша:
2015 жылдың 4 айында 129 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне - 119 жеке көмекшілер қызмет жасады.
34 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге - 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2015 жылдың 4 айында мүгедектерге:
протездік-ортопедиялық көмек– 11 адамға,
тифлотехникалық құралдар– 18 адамға,
сурдотехникалық құралдар– 3 адамға,
кресло-арбалар – 1 адамға,
міндетті гигиеналық құралдар - 53 мүгедек азаматтарға таратылды.
2015 жылдың 4 айында Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 4 мүгедек азамат жолданды.
2015 жылдың 4 айында үйде тәрбиеленіп оқуға 67 мүгедек бала қамтылды. Бұл мақсатқа 2015 жылға жалпы 3863,0 мың теңге бөлініп, 2015 жылдың бірінші тоқсанында 1167,5 мың теңге қаржы игерілді.
Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2015 жылға 2073 мың теңге бөлініп, 4 айда 300,0 мың теңге игерілген.
Жекелеген санаттар бойынша атаулы және мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер:
2015 жылдың ақпан айында – «15 ақпан - Ауғаныстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне» орай 31 Ауғаныстан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1843,3 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізілді.
2015 жылы 26 сәуір – Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай 13 Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға 773,0 мың теңге әлеуметтік көмек есеп шоттарына аударылды.
2015 жылы көзі тірі 9 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне аудандық бюджеттен 713,5 мың теңге, облыстық бюджеттен 1350,0 мың теңге есеп-шоттарына аударылды.
2015 жылы тылдағы жанқиярлығы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған 11 адамға аудандық бюджеттен 654,06 мың теңге және облыстық бюджет есебінен 436,04 мың теңге есеп шоттарына аударылды.
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандарға 1033 адамға жергілікті бюджеттен – 61422,2 мың теңге төленді.
Сонымен қатар, Жеңістің 70 жылдығына орай республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен:
9 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 900,0 мың теңге;
2 қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 140,0 мың теңге;
11 Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамға - 275,0 мың теңге;
1026 адам 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандарға адамға – 25650,0 теңге;
5 қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне – 125,0 мың теңге есеп-шоттарына аударылды.
ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен мапапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 7 азаматқа 2015 жылға 317,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда 7 азаматқа 105,4 мың теңге төленді.
Достарыңызбен бөлісу: |