«Арал ауданы әкімінің аппараты» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі419.5 Kb.
#4036
  1   2   3


«Арал ауданы әкімінің аппараты» ММ

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық даму жоспары

Арал қаласы

2011 жыл
Мазмұны


1.

Миссия және пайымдау ____________________________________

3 бет










2.

Ағымдағы жағдайды талдау_________________________________

4-6 бет










3.

Қызметтің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары мен міндеттері ________________________________________________

7-11 бет










4.

Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын қатерлер_____

12-13 бет










5.

Стратегиялық жоспарды әзірлуге негіз болған нормативтік-құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттардың тізбесі_______

14-15 бет


1. Миссия және пайымдау

Арал ауданы әкімі аппаратының ( әрі қарай аудан әкімінің аппараты) миссиясы- аудан әкімдігі мен аудан әкімінің тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты жүзеге асыруға байланысты қызметін қамтамасыз ету , электронды әкімдіктің инфрақұрылымының дамуына қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік электрондық қызметтерді дамыту

«Қазақстан - 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы » Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына және облыс әкімінің өңірдің бес бағыт бойынша дамуын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға жұмыстар атқару.



Аудан әкімі аппаратының пайымдауы:
- стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру,

- мемлекет басшысы, республика үкіметі, облыс және аудан әкімдерінің қойған міндеттерін жүзеге асыруға қажетті әлеуеті бар және қазіргі заманғы менеджмент талаптарына сай аудан әкімі аппаратының жоғарғы білікті мемлекеттік қызметшілерін даярлау,

- құжатпен жұмыс жасауда жаңа әдістерді енгізу: құжат айналымын қысқарту, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, «электрондық әкімдікті» дамыту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында жұмыс жүргізу, азаматтардың өтініштерімен жұмысты жақсарту, аудан тұрғындарымен тұрақты кездесулерді ұйымдастыру,

- азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге, заңды және жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік қызмет көрсетуге жағдай жасау, озық тәжірибе негізінде әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды реттеу,

- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару сапасын жақсарту мақсатында электрондық әкімдіктің инфрақұрылымын дамыту және қолжетімділігін қамтамасыз ету

2. Ағымдағы жағдайды талдау
Кадр саясаты
Кадр саясатының мақсаты- әлемдік озық тәжірибеге бағытталған және жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген кадрлар жүйесін қалыптастыру. Кадр саясаты мемлекеттік орган қызметкерлерінің нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жауапкершілігін күшейтеді. Соның арқасында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, айқындығы және нәтижелігі арттырылатын болады.

Қазіргі уақытта (01.01. 2011 ж жағдай бойынша) аудан әкімі аппаратының штаттық саны 20 бірлікті құрайды, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 18 адам, оның ішінде әйелдер саны 25 % құрайды. Аппарат қызметкерлерінің барлығы жоғары білімді.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 40 жас .

Мемлекеттік қызметтің орташа өтілі 14 жылды құрайды, атқарып отырған қызметінде 6 жыл.

2010 жылдың 12 айында аудан әкімі аппаратында бос әкімшілік лауазымға конкурс өткізілген жоқ, 1 әкімшілік мемлекеттік қызметші мансаптық өсумен қызметке қабылданды.

2010 жылы 7 әкімшілік мемлекеттік қызметші аттестациядан өтті. Аттестация қорытындысымен барлығы атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келеді.

Кадрлардың кәсібилігін арттыру, ақыл-ой деңгейін көтеру, және мемлекеттік қызмет заңдылықтары талаптарын орындау мақсатында 2010 жылы 11 аппарат қызметкері мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығында оқып келді.

Өткен жылы 1 әкімшілік мемлекеттік қызметші облыс әкімінің және аудан әімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен бірге аппараттың кадрлар жүйесін дамытуды жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізу, қызметкерлерді моральдық және материалдық ынталандыруға негізделген басқарудың жаңа түрлері мен тәсілдерін енгізу, жұмыс сапасын жақсарту мақсаты тұр.
Құжаттамалық қамтамасыз ету
Аудан әкімі аппаратында 2010 жылы барлық құжат айналым саны
7443 болып, оның ішінде кіріс құжаттары – 5029, ал шығыс құжаттар
–2414 құрады. 2009 жылмен салыстырғанда құжат айналымы – 1,4 % өскен. Атап айтқанда:

Жоғарғы органдардан келіп түскен құжаттар саны 4072 құрап, 1,18 % өскен;

Шығыс құжаттары - 1,12 % өскен;

Бақылауға алынғаны құжаттар –2100, 30 % өскен;

Қабылданған нормативтік құқықтық актілер саны 0,4 % кеміген.

Құқықтық қамтамасыз ету

Адам мен азаматтыѕ конституциялық, азаматтық және басқа да құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан халықтың құқықтық сауаты мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізуін талап етеді.

Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардарлығын арттыру мақсатында құрылған құқықтық білім беру мектептері жүзеге асырады.

ҚБМ-дағы жұмысты ұйымдастыруға, сабақтар өткізуге мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының мамандары, қоғамдық ұйымдар мен басқалар тартылады. Мерзімді баспасөз басылымдарында құқықтық тақырып бойынша тұрақты айдарлар ашу және ақпараттық материалдарды орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, азаматтық қоғамның түрлі институттарын ынтымақтастыққа тарта отырып, қоғаммен жұмысты жандандыру қажет.
Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардарлығын одан әрі арттыру үшін 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі тиісті шаралар әзірленіп қабылданды.

Қызмет көрсету сапасы кез келген орган қызметінің көрсеткіштерінің бірі болып табылатындықтан үнемі жақсартуды талап етеді. Көрсетілетін қызмет сапасына бақылау жүргізудің механизмдері мен әдістерін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін енгізу жөнінде жұмыс жалғастырылады.

Норма шығармашылық қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басты құралы болып табылады. Нормативтік құқықтық актілерді шығару саласында әзірленетін жобалардың сапасына басты назар аударылады. Бұл құқықтық қатынастардың құқықтық заңдылықтарын қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық қаржылық жағынан қамтамасыз етілуіне, статистикалық мәліметтердің зерттелуіне, құқық қолдану тәжірибесін талдауға, басқа өңірлердің оңды тәжірибесін қолдануға байланысты.

Осыған байланысты норма шығармашылық қызметінің сапасын жақсарту стратегиялық бағытпен айқындалған. Стратегиялық жоспарда сапаны жақсарту үшін әзірленген актілердің құқықтық заңдылығын қамтамасыз етуге және аудан әкімдігі мен әкімнің, кенттер мен ауылдық округтердің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу жөніндегі жоғарғы тұрған органдардың тапсырмаларын уақтылы орындауға қойылатын талаптар қарастырылған.

Құқықтық мәдениеттің негізгі қағидалары ретінде заңдылық, яғни Конституция және заң нормаларының, оларға негізделген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуы мен қолданылуы; адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, мемлекеттік аппарат қызметінің нәтижелілігін жақсарту және қабылданатын шешімдерге жауапкершілігін күшейту қағидалары бекітілуі қажет.
Электрондық әкімдік
«Электрондық әкімдік» бағдарламасын қалыптастыру аясында Арал ауданы бойынша 2010 жылы төмендегі жұмыстар атқарылды.

«Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жұмысын жақсарту мақсатында интернет желісінің жылдамдығы арттырылып үздіксіз жұмыс жасалуда. Аудан әкімдігінің жаңа үлгіге сай ресми веб-сайты (www.aralakimat.kz ) құрылды. Оның ішінде аудан әкіміне азаматтардың электронды түрде жүгінуіне, ауданда болып жатқан жаңалықтарды, құқықтық мектеп, әр түрлі саладағы жобалар тармақтары ашылып қызмет көрсетуде. Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік электрондық қызметке қолжетімділігін нығайту аясында аудан бойынша 5 жерде қоғамдық ақпаратқа қол жеткізу пункттері ашылып, азаматтар өздеріне қажетті электронды түрдегі ақпараттарын толық алуына мүмкіндіктер жасалған.

Электрондық құжат айналымы бойынша жергілікті желіге аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан мемлекеттік мекемелер қосылған Lotus Notes бағдарламасымен жұмыс жасалуда. Бұл жұмысты ары қарай нығайту мақсатында аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдермен мекемелердің жергілікте желіге, яғни локальдық жүйеге қосылуы қажет.

Электронды құжат айналымы бағдарламасының базасын нығайту мақсатында ескірген техникаларды ауыстырып, интернет желісіне қосылу, сондай-ақ компьютерлермен және қазіргі заманға сай операциялық бағдарламалармен қамтамасыз ету міндеті тұр.


Бюджеттік жоспарлау

2010 жылы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз етуге 108,0 млн. теңге қаралған. Атап айтқанда:

- аппаратты ұстауға 58,6 млн тенге;

- мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға – 1,9 млн тенге;

- аудан әкімі аппараты ғимараты күрделі жөндеуге және қызметтік автокөліктер алуға – 44,1 млн. тенге

-электронды әкімдіктің өңірлік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік органдардың Бірыңғай көлік ортасын қалыптастыруға – 0,18 млн тенге.

Барлық игерілгені 71,8 млн тенге, игерілуі жалпы бөлінген соманың 98,8 % құрайды.


Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары,

мақсаттары мен міндеттері


1-Стратегиялық бағыт . Мемлекеттік қызметшілердің персоналын одан әрі дамыту және жетілдіру

1.1- мақсат Қызметкерлердің жұмыс сапасы мен кәсібилігін арттыру

Мақсатты индикатор:

Жеке және заңды тұлғалардың аппарат жұмысының сапасына қанағаттану дәрежесін көтеру



1.1.1-міндет Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау механизмін жетілдіру, ынталандыру тәсілдері

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есепті мерзім

Жоспарлы мерзім

2009

жыл


(есеп)

2010 жыл

(жос-пар)



2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014

жыл


2015 жыл

1. Мемлекеттік қызметшілер жөніндегі электрондық базаны қалыптастыру және жаңарту, мониторинг жүргізу

саны

4

4

4

4

4

4

4

2. Аппарат қызметкерлерін іріктеу және мансаптық жылжытуды жүргізу, оларды мемлекеттік наградаларға және өзге де ынталандыруға ұсыну

Басшы-лыққа ұсыныс енгізу

3-қызметші мансаптық өсу, 1 қызметші конкурстық іріктеу

1- қызметші мансаптық өсу

-//-

-//-

-//-

-//-

-//-

3. Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру

адам/

мың. тг


61 адам/

1896 мың т.



62 адам/

2205,0


мың т

66 адам/ 3347,3 мың т

56 адам/ 3689 мың т

50 адам 3947 мың т

66 адам 4223 мың т

56 адам 4519 мың т

4. Қызметкерлердің жұмысын бағалауды жүргізу

саны

-

Қажет-тілікке қарай

Қажет-тілікке қарай

Қажет-тілікке қарай

Қажет-тілікке қарай

Қажет-тілікке қарай

Қажет-тілікке қарай

1.1.2-міндет Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру

1.Заңнамалық актілерді түсіндіру жұмысын жүргізу ( семинарлар, лекциялар), тәртіп бұзушылықтардың алдын алу

саны

12

Айына

1 реттен кем емес



Айына


1 реттен кем емес

Айына


1 реттен кем емес

Айына


1 реттен кем емес

Айына


1 реттен кем емес

Айына


1 реттен кем емес


2. Тәртіптік комиссиялардың отырыстарын өткізу

саны

3 отырыс өткізілді

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай

3. Заңнама талаптарын сақтау бойынша аналитикалық материал әзірлеу

саны

1

1

1

1

1

1

1

4. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер жайында ақпараттық хабарландырулар

саны

өзгерістер болған жоқ

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай

Қажеттілікке қарай



2-Стратегиялық бағыт . Құжат айналымын одан әрі дамыту және жетілдіру

2.1- мақсат. Құжаттармен жұмыс жүргізуде жаңа әдістерді енгізу және ҚР « Қазақстан Республикасындағы тіл туралы » Заңының талаптарын орындауды қамтамасыз ету

Мақсатты индикатор:

Құжат айналымын қысқарту



2.1.1-міндет. Кіріс және шығыс хат -хабарының жылжу механизмін жетілдіру, олардың орындау жеделдігін жақсарту

Көрсеткіштер:

1. Кіріс және шығыс хат-хабарларының жүру мерзімін қысқарту, екі қайтара тіркеуді болдырмау, қарарды дұрыс құрастыру.

2. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу

3. Құжат айналымының көлемін ай, тоқсан, жыл ішіндегі кіріс, шығыс ішкі құжаттардың жалпы мөлшерімен анықтау

4. Іс-қағаздарын жүргізу бойынша семинарлар өткізу


2.1.2.-міндет Құжаттардың орындау мерзімдеріне бақылау жүргізу

Көрсеткіштер:

1. Құжаттардың орындалу барысын қадағалау, орындалған құжатты бақылаудан алу, іске жіберу, есепке алу құжат барысын сараптау және құжаттың орындалу нәтижесі туралы басшылықты хабардар ету

2. Құжаттардың орындалуын бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу


2.2-мақсат Іс-құжаттар номенклатурасын қалыптастыру

Мақсатты индикатор: Іс-құжаттар номенклатурасын әзірлеу және үйлестіру

2.2.1-міндет Орындалған құжаттарды істерге топтастыру, жүйелеу мен есепке алу, олардың сақтау мерзімдерін анықтау, тұрақты және уақытша сақтаудағы істердің тізімдемесін құрастыру

Көрсеткіштер:

1. Іске орындалған, номенклатурасы бойынша іс-тақырыптарына сәйкес дұрыс рәсімделген құжаттарды салынуы . 2.Арнайы индекстермен бекітілген іс-құжаттардың жүйелілігін белгілеу

3. Сақтау мерзімдері тұрақты және уақытша құжаттар іске бөлек-бөлек топтастыру

4. Жедел пайдалану үшін қажетті құжаттардың тез табылуын қамтамасыз ету





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет